Қоғам мен адамның байланысы

Home » Рефераттар » Қоғам мен адамның байланысы
Рефераттар Комментариев нет

Қоғамдық қатынастар туралы адамның ой-пікірлері алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не? Ол қалай пайда болады? Қоғамның даму жолдары қандай? Қоғамдағы процестердің адамдармен өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың егізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс тіршіліктерін қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен байланыстырған. Сондықтан да қоғам дегеніміз адамдардың өзара бірлісі отырып, саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды зерттеуде философия тарихында материализм мен идеализм бағыттарының арасында үздіксіз күрес жүріп келе жатыр. Материалистер қоғамды және оның даму жолдарын объективті құбылыстарға байланыстырып түсіндірсе, ал идеалистер сана-сезімге рухани әлемге байланысты мәселелермен түсіндіреді. Бұл жолда материалистік қоғам өмірін ғылыми тәжірибелер айқындаса, идеалистік бағыттағы қоғам туралы ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің дамуына себеп болды, яғни қоғамдағы өдірістік қатынастарды дамыта отырып, қоғамның адамзат өміріндегі мәңгі құбылыс екедігі дәлелдеді. Қоғамның пайда болу жолында негізгі рөл адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат өзінің отбасынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын, жоғары рухани құдылығы басым тұлға болып отыр. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.

Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсіндірудің басты ерекшелігі, қоғамдық қатынастар мен байланыстар. Қоғамдық қатынастар негізінен екі түрге, яғни материалдық және идеалогиялық қатынастар болып бөлінеді. Материалдық қатынастарға табиғат және оың қазына байлықтарын адам арқылы өңдеп, қоғам өміріне пайдалану жолдары жатады. Ал идеалогиялық қатынастың негізгі мәселесі адамды адам арқылы тәрбиелеу, жетілдіру іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес идеалогиялық қатынастар өз ішінде саяси, құқықтық, моральдік, діни, этикалық және философиялық қатынастар болып бөлінеді. Қоғамның табиғаттан айырмашылығы бар екенін бәріміз білеміз. Қандай айырмашылығы бар? Қоғамның табиғат жүйесінен айырмашылығы ол идеядан, түсініктен, құндылықтардан, адамдардың түсініктемелерінен тұрмайды. Адамдардың әлеуметтік іс-әрекетінің мәні олардың құндылықтарымен анықталады. Табиғи нысандар бір нәрсе үшін емес, өзара әрекет етеді. Жануарлар қоректенеді, көбейеді, өз инстинктерімен жүреді, олардың санасы жоқ.

Тарихи тұрғыдан немесе философиялық тұрғыдан болсын қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің орны ерекше. Өйткені бұл мәселені зерттеу отырып, қоғамның дамуыа себеп болатын қозғаушы күштер анықталады. Ғылым мен философиялық ізденістерде қарапайым халық қоғамның бірден — бір қозғаушы күші болып табылады. Себебі бұқара халық қоғамның шикізат көздерін өндіруші материалдық және рухани игіліктерді жасаушы әлеуметтік процестерді тудырушы жалпы қоғамның дамуы мен өзгеруін қамтамасыз ететін күш болып саналады. Яғни қоғамның даму жолы қозғаушы күштер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда қарапайым халық өзінің ой белсенділігі және еңбек процесі арқылы қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Мысалы, қоғамдағы ғылыми жаңалыктар, экономикалық даму жолдары, мәдениет, спорт, қолөнер мен сауда-саттық жетістіктері, рухани әлем өмірі осы халыктың арқасында орындалады. Сонымен бірге қоғамның қозғаушы күші ретінде материалдық, экономикалық қажеттіліктер негізгі рөл атқарады. Бұл қажеттіліктер қоғамның өндіріс көздерінің дамуына, жумысшылар мен жеке кәсіпкерлердің белсенді іс-әрекеттер атқаруына, қоғамның әлеуметтік жағдайының түзелуіне себеп болады. Сонымен қатар қоғамның бірден-бір қозғаушы күші рухани қажеттіліктер болып табылады. Рухани қажеттіліктер қоғамның этикалық, мөдени, діни өмірлерінің қалыптасып, адам баласының үлылық деңгейлерге жетуіне жол ашады. Сондыктан да материалдық, экономикалық қажеттіліктер мен рухани қажеттіліктер бір-бірімен байланыса отырып қоғамныңдамуында негізгі рөл атқарады. Антикапық кезеңде қоғамды Платонның идеяларының не АристотельдІң формаларының негізінде түсінген. Платон қоғамды әділдік идеясын іске асыру арқыпы қарастырды. Аристотель де әділ қоғам қүру кажеттілігін айтып кетті. Платон мен Аристотельдің арасындағы айырмашылық — Платон әділдік идеясын адамдық бастау емес, ғарыштық идея дейді. Аристотель әділдікті адамгершілікпен үндестікте қарайды. Ол әділдік мүрат, не форма емес, адамға тән дейді.
Адам мәселесіне өз философиялық көзкарастарын алғаш білдірген кене Шығыс философиясы болды. Кене Египетте философиялық дүниетаным жай білімнен ажыратылмаған кезде, Көне Индияда философия діни дүниетаныммен бірге дамыды. Ал Көне Қытайда қоғамдық сананың адамгершілік формасымен бірге сіңісіп кетті. Көне Шығыс философиясы адам мен табиғат жағдайларын теңдестіріп, біріктіреді. Әр адам ез бетімен емес, осы бірігудің бір бөлігі ретінде бағаланды. Өмірдің мақсаты мен мәні ұлылыктың ақиқатымен біріккен жоғары даналыққа жету болды. Сократ тек батыс европалық философияның ғана емес, этиканың да негізін салушы. Оны ең алдымен адамның ішкі алемі, оның жаны мен ізгілігі қыэыктырды. Сократ «іэгілік дегеніміз — білім», сондыктан адамға жақсылық пен өділдіктің мөнін гани білуі керек, сонда жаман қылықтар жасамайды деген қорытынды жасаған дейді Платон. Адам жаны, рухы және зерде турапы ғылым Сократ философиясында негіэгі орынды алады, ал адамның өзін-өзі тануы оның философиясының басты мақсаты. Сократтың шәкірті Платонға адам тек рух пен дененің бірлігі ғана емес, сол рух дегеніміздің өзі адамды адам ететін субстан-ция деген идея жатады. Адамның жалпы сипаты рухтың сапасына байланысты. Оның пікірі бойынша бірінші орында философтың рухы, соңында рақымсыз, жауыздың рухы жүретін «рухтардың бағыныштылығы» бар. Себебі, философтың рухы даналыққа жақын, білімге қүштар болып келеді, бұл адамның жануардан басты айырмашылығы. Аристотельдің адамды философиялық түсінуінің маңызды жетістігі оның әлеуметтік сипатын негіздеуімен байланысты. Ойшылдың «Адам мемлекетте өмір сүруге арналған тірі жаратылыс иесі» деген сөзі сақталған. Ол өз ақылын жақсылыққа да, жамандыққа да бағыттауға қабілетті, ол қоғамда өмір сүріп, заңдарды меңгереді. Адам қоғамда емір сүреді, ал қоғам дегеніміз бүкіл адамзат үшін де, жеке адам үшін де езі өмір сүріп отырған, онымен өндіріс-тік, қоғамдық, отбасылық қатынастар арқылы байланысқан ұжым. Қоғамдық өмірдің алға жылжуы сол адамның өзі тұракты өмірлік байланыста болған қоғамдық ұжымның өсуіне байланысты. Тарихтың алғашқы кезеңінде адам қоғамы ру-тайпалық болды. Жеке адамның, тулғаның және қоғамдық ұжымның өзара қатынас мәселесі адамдарды тарихтың барлық кезеңдерінде толғандырды. Себебі, тарихты адамдар жасаған. Адамзат тұлғалардан, на-ғыз қоғамдық біртұтастыктан кұрылған тығыз байланыстағы қауымдастық. Тарих әр адамның жекелеп алғандағы өмірлік іс-әрекетінің жиынтығы. Адамзат тарихы — тірі жандылардың сансыз ұрпақтарынан құрылған маржандьг арал тәрізді. Бірақ адам жеке тұлға. Ол қоғамнан өз орнын алғысы келеді, сонымен бірге ғылым тек тұтас қоғаммен ғана айналысып қоймай, жеке адаммен де айналысқанын қалайды. Бірақ ғылым тек жалпының көрініс беру негіэінде ғана жекені зерттейді. Ғылымнан жеке адам да өз орнын табуы керек. Себебі адамдар тек тарихты талдап қоймай, табиғат пен адамның тағдыры туралы да ойланады. Қоршаған өмірді ол өзінің таптық жағдайына, тәрбиесіне, жасына байланысты қабылдайды. Қоғам мен жеке адамның, тұлғаның қатынасы бүтіннің қосарлану формаларының бірі. Қоғам мен жеке адам ажырамасбірлікте. Жалпы мен жекенің қатынасы диалектикалық өзара байланыс сипатында болады. Әрбір жеке адам жалпының, ерекшенің және жекеліктің бірлігі болып табылады. «Жеке адамның ішкі өмірі — ішкі әлемінің көрінісі және ондағы жағдайларға қарсы жауабы. Адам өмірі мен іс-әрекеті оны қоршаған шындықтан бастау алады. Оның әрекеті санасында бар сыртқы әлем бейнесінде ұғыныкты бола-ды. Адамның ішкі өлемі бай болған сайын оның өмірі де мәнді бо-лады. Адамның шынайы байлығы оның бір заттарға ие болуында емес, оның ой байлығында, мәдениет байлыктарын иемденуінде. Сыртқы орта- қоғам-жеке адамның, оның санасының ішкі әлемін аныктап, қалыптастырады. Сыртқы әлем бейнесі, жеке адам са-насында пайда болған қоғам түсінігі өз кезегінде адам әрекетінің негізі болып табылады. Адамның ішкі әлемі сыртқы әлемнің -табиғат пен қоғам құбылыстарының санасында бейнеленуінің нәтижесі. Сондықган ішкі әлем объективтіліктің негізінде субъек-тивтілік пен объективтіліктің бірлігі ретінде жүреді». Объективті деп адамның еркі мен санасына байланысты емес нәрсені, ал субъективті деп сыртқы әлемге емес адамға тән, бұл сыртқы өлемге адам не береді дегенді атайды. Субъект термині философияда қасиеттер мен жағдайдың заттық таратушысы мәнін береді. Субъект ол әрбір жеке адам, адамдар қоғамдасқан күйінде тарихи-өлеуметтік дүниенің иесі, ал адам ез қызметінде нені өзгертеді, сол объект. Адам тарихты өз мақсаттарын іске асыру үшін жасайды.

Мысалы, менің өмірім мені қоршаған ортада — белгілі бір дәуірде, белгілі бір қоғамдық құрылымда өтіп жатыр. Бұл құрылымдар менен тәуелсіз, себебі оларды қүрған мен емес, сондыктан да мен табиғаттың емір сүру ақиқатына қалай сенсем, өз өмірімде олармен де санасуым керек. Менің алдымда бұл жағдайда өз орнымды табу, өз өмірімді қамтамасыз ету және мүмкіндігім болғанша, өз ортамды жақсы жағынан өзгерту қажеттілігі тұр. Сондықтан бұл менен тәуелсіз объективті қоғамдық жағдайлар кейде менің де қызметімді қажет етеді. ¥лы адамдар да, қарапайым халық та әркім шамасы келгенше қоғам дамуына өз үлестерін қосады. Міне, осы хандық кезеңдегі ұлы тұлғалар, хандар мен би-шешендер, жыраулар мен ақындар қоғамға пай-дасын тигізсе, қарапайым халық та бірі аз, бірі көп көлемде өз үлестерін қоса білді. Қоғам үздіксіз даму үстіндегі әлеуметтік тірі дене іспеттес. Оның өмірлік іс-әрекеті адамдардың рухани дамуын аныктайтын өндіріс төсілдерінің дамуымен белгіленеді. Адамдар басқалары-ның көмегі арқылы еңбек етеді, басқа адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болады. Адам өмір үшін еңбек етіп, сол үшін күреседі, егер осыны ұғына білсе қоғамға деген сенімі осы өлеуметтік ортаны, ұжымдық өмірді, адамның тек жеке басының қамын ғана емес, басқа адамдардың да өмірлік болмысын түсіндіреді. Жеке адам өліп, жоғалып кетеді, ал қоғам объективті заңдардың негізінде өз өмірін жалғастырады. Адам қоғамдық да-мудың жемісі, сондықтан қоғам дамуына өз үлесін қосуы керек. Жеке адамның дамуы, оның өмірінің толыктығы өзі өмір сүріп отырған әлеуметгік жүйеге байланысты.
Адам екі әлемде: табиғат пен қоғам әлемінде өмір сүреді. Дегенмен оның табиғаты, мәні және өмірінің мазмұны онымен шектелмейді. Оған рухани жетілу сатылары қажет. Лев Толстой әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мылтыктың керегі жоқ, адамның адамгершіліктәрбиесін күшейтіп, өзін-өзі рухани жетілдіру жағына көңіл бөлу керектігін айтқан. Рухани кемелдену мәселесі қашанда адамның өзіне-өзі үңілуінен, өзімен-өзі күресуінен басталады, өйткені барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде. Мәселе — тек өмірлік үстанымда, дұрыс таңдау жасай білуінде. «Руханилыктың ең негізгі өлшемдерінің бірі — адамның жақсылыққа қарай тал-пынысы, — дейді С.Нұрмұратов. — Ал кез-келген мақсатқа қарай ұмтылыс жақсылыққа қарай барар жол емес. Өйткені, «мақсат -оған жетуге тиісті құралды актайды» деген қағида адами өлшем тұрғысынан теріс түсінік болып табылады. Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің зандылығына қайшы келетін іс-әрекеттер, Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамдылық пен мойын-сұнушылық арқылы барлық қайшылыкты жеңіп шыққанда ғана руханилыктың есігі ашыладьі». Адам табиғаттың да, қоғамның да жағдайларына бейімделе алады, текбейімделіп қоймайды, онда кездесетін қиындықтармен күресе де біледі. Адам табиғат заңына да, қоғамның даму заңына да бағынады. Ерте заманнан бастап халық мәдениетінің өзіндік ерекшелігінің негізі осы мәдениеттің мәні болып табылатын руханилыктың имманентті формасы болды. Қазактың өзіндік санасының ішкі логикасын іздеу жалпы мәселелерді шешуге, оларға танымдық көзқарас қалыптастыруға әкеледі. Қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсіну халықгың қауымдасуы мен өмірлік идеялары-ның өзгешелігіне негізделген қоғамның дербестігі мен сапалы нақтылығын білдіреді. Мұнда қоғамдық болмыстың түрлі жақтары, қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспекті-лері, тіршіліктің өтуге болмайтын белгілері мен дамудың ішкі қайнар көздері біте қайнасып кеткен. Өзіндік ерекшелік тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өмірлік көзі, қоғам дамуының өзегі және динамикалық принципі болып табылады. Қоғамның өзіндік ерекшелік ұғымы оның өзгешелігін, әртүрлілігін түсінумен, яғни салт-дәстүр нормалары, мінез-құлыктың формалары арқылы сипатталады. Мұнда тәуелсіз табиғатты, дамудың өзіндік кайнаркөздерін бейнелейтін адамдар өмірінің біртұтас-рухани аспектілері келтірілген. Бұл шығыс әмбебаптығының өркениеттік тұғырнамасына, қоғамның алыс және жақын шығу тегін зерттеуге, өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастықты бағалауға, әртұрлі уақыт пен кеңістіктегі мәдениеттер сұхбатына негізделген. Бұл жолда түрлі уакьптағы халық мәдениетіндегі тарихи және мәндік теңдіктер, шығармашылық пен патриотизм идеялары негізінде тұтас мөдениеттің жактаушыларының бірлесуі мүмкін болады.
Қазақ өркениеті материалдық және рухани аспектідегі жеке адам мен топтардың жалпы байланысына негізделген уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақгылыққа ие болған әлеуметтік өмір ұйымының ірі көлемді нысаны ретінде көрінеді. Жалпыға ортақ мәні бар және қажетті құрылымдық компонентте жүзеге асатын қоғамдық өзара байланыстың рухани нысандары ерекше мәнге ие болады. Бұл өркениеттің әлеуметтік таратушылары арқылы рухани құндылыктардың, идеялардың, білімнің, бағдарлардың, нышанның бірлігі ретінде көрінетін оның біртұтастығы қамтамасыз етіледі. Өркениет қоғам дамуындағы сабактастықты, оның бола-шақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды түрлі өсу, тоқырау сөкілді қалыптасу кезеңдеріне бағындырады.
Қазақ қоғамы тұлғааралық қатынастар тірегі, құндылықтар тұрактылығы мен сүбелі рухани реттеуге негізделген. Ол экономикалық қатынастардан асып түсетін тұлғалық қатынастар фундаментализмі арқылы сипаттапады. Бұл қоғамда халық үшін үлкен мәні бар жалпы құндылыктар бар. Ол ерекше табиғи рухани өзара байланыстар арқылы көрініс табады. Философиялық қатынаста мемлекет әлсіз болған сайын этникалық қауымдастыққа табиғат ортасының әсері көбірек болады. Табиғат қазақтар үшін абсолютті және мәңгі бастау, өзіндік іс атқаратын, тіршілік себептері мен факторлары, белсенділік пен даму негіздері бар жалғыз орта. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына бағынуына, табиғат апаттарынан қашып, оның себептерін ұғынып, өз болмысын құруына тура келді. Бұл жерде табиғат жеке адамдарға олардың болмысының формасы мен себептерін көрсететін, ез тіршілігінің таусылмас терең логикасы бар Әлем ретінде көрінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.