Қоғам және интернет

Home » Рефераттар » Қоғам және интернет
Рефераттар Комментариев нет

Ғылыми жаңалықтар әр он жыл сайын шамамен екі есе артады және әлбете мағлұматтар да олармен қоса, бірнеше есе артады. Бұл көп мағлұматтардың әлемде миллиондаған тұтынушыға жеткізілуі үшін жоғары жылдамдықты арнайы байланыс жүйелері қажет. Жер серіктері, интернет, радио, теледидар, басылымдар және кітап секілді құралдар әлемнің түкпір-түкпіріне бұл мағлұматтарды жеткізудің міндетін атқарады. Бірақ қазіргі әлемнің ғылыми және технологиялық дамуының жылдамдығы сонша артқан, бір ғылыми жаңалық және оны қолдану уақыты күннен күнге азаюда. Өткен шақта, бір үлкен жаңалықтың қоғамдық қолданысқа айналуына 150 жыл уақыт керек еді, бірақ XX ғасырдың соңғы жылдары бұл уақыт өте азайды. 40 жыл бұрын, UCLA университетінде компьютерлік жүйені сыннан өткізген кезде ол осынша тез толығып, қазіргі кездегі түріне жетеді деп ойламаған еді. Интернет — соңғы жылдары әлем халықтары байланысының ең ірі арнасына айналды және интернетті қолданушылар қоғамы 1,8 миллиард адамнан да асып отыр. 2009 жылы сауалдамалар нәтижесіне қарағанда, интернет адамның күнделікті тұрмысында үлкен өзгеріс енгізген. Осы ағымда Еуропада өткізілген сауалданамаға қатысушылардың 48 пайызы интернетті соңғы онжылдық белгісі деп біледі. Интернет, байланыс құралдарының ең маңызды орнына ие болу және әлемде ғылымның дамуы мен кеңеюін тездетумен қоса, әлемнің экономикасында да ерекше рөл атқарады. Соңғы жылдардағы әлемнің қаржы жүйесінің дағдарысы ақпарат және байланыс технологияларына да ықпалын тигізді. Ұялы телефон және теледидар компаниялары интернеттік шынайы қаушімен кезікті. Илинойз университетінің ұстазы және «Capitalism Digital» кітабының жазушысы Дэн Шиллер бір мақалада: «Интернет — капитализм жүйесінде әлеуметтік байланыстарды кеңейтетін жағдай жасаушы маңызды механизмдерге жатады. Осы себепті интернетті бақылауға алу Америка тарапынан сақталған. Құрама Штаттары бұл салада теңсіз орын мен рөлге ие. Әлемде ROUTING арнасының барлық жабдықтары Америка арқылы қамтамасыз етіледі және интернеттік және радиолық іздеулер де америка компаниялар ықтиярларында,» — деп жазды.
Дэн Шиллер мақаласының жалғасында Құрама Штаттары арқылы капиталдың көбеюіндегі интернет рөліне тоқталып, бұған қоса, оның экономикалық айналымдардағы маңызды рөліне де меңзеп, соның өзін экономикалық пайда беруде ерекше маңызды деп біледі. Осы орайда экономикалық тоқырау өршіген кезде 2009 жылы интернеттің әлемдік қозғалысы 74 пайызға дейін артты. Осылайша ірі байланыс арнасы интернет тіпті қазіргі қиын жағдайда да өз маңыздылығын сақтап қалды деген нәтижеге жетуге болады. Бұл мәселенің келесі бір себебі, мәдениеттің басқа бөлімдерін және жазбаша ақпараттардың таралуына интернет көмектеседі. Жаңадан өткізілген зерттеу нәтижесіне қарағанда, 2010 жылы электрондық кітап аппараттардың көбейеді және осыдай өнімдерді тұтыну артады. Сонымен қатар, интернет арқылы кітаптардың сатылуы — әлемде кітап оқушылардың жылы қарсы алуына тап болды. Бұл әдісте бұрынғыдай кітап сату әдісі өзгеріп, сатушы мен сатып алушы байланыстары мен уақытының аздығы және мамандықтарының кемдігі, және т.б. осындай мәселелер жоқ болды. Интернетте жарнама жасау және оның электрондық сатып алуы мүмкіндігі кітап нұсқаларының жылдамдықпен сатып алушылар қолына жетуше және кітап оқушылар санының артуына себеп болады.
Кітапқа ертеден келе жатқан білім мен өркениет және ғылымды келесі нәсілдерге жеткізу құралы ретінде көңіл аударылғанымен, бүгінгі күні бұлар жаңа технологияларға тәуелді. Әлем жамағатының 20 пайызын кұрайтын америкалық және еуропалық елдер басылымдық технологиялар мен капитал ықтиярымен әлем кітаптарының шамамен 70 пайызын басып шығарады. Мамандар зерттеулері «қазіргі таңда кітап пен ғылым шығару — басты мәселелерге жатады, бірақ оларды басып шығару және оларға қол жеткізу жағдайларын жасау да ерекше маңыздылыққа ие» дегенді көрсетеді. Әлем мемлекеттері қай заманнан гөрі осы кезде жаңа технологияларға қол жеткізуге және баршаның ақпараттар мен ғылымды пайдалануына жағдай жасауға ерекше талпынады. Бұл елдер жаңа технологияларды пайдалану арқылы сауаттылар санын арттыруды жоспарларына енгізіп отыр. Осылайша кітап пен оны оқуды көбейтуге болады. Әлемнің кейбір аймақтарында кітаптың аз шығарылуына қатысты алаңдаушылық статистикалар кітапқа қол жеткізу және оқуды көбейтуге үкіметтердің ерекше көңіл бөлулеріне себеп болды. Бұл статистиканың бір бөлімінде келтірілгендей, Африка құрлығында әр млн. африкалыққа — тек 20 кітап басылып шығады. Еуропалық елдерде бұл сан әр 1 миллион адамға 800-ден астамға жетеді. Басымды мәселе, кітап оқушылардың санын көбейту және қандай да болмасын жағдайда кітапқа қол жеткізу жолдарын кеңейтуге талпыну. Мектептерде білім беру, жалпы қоғамдық байланыс құралдары және бос уақыттарға жоспар құру — кітап оқушалырдың санын арттыруда маңызды әдістерге жатады. Мұның үлгісін Иранда көруге болады. Ирандағы оқу деңгейін зерттеулеріне қарағанда, соңғы жылдары денсаулық, психология, Құдайтану және діни оқулар салаларында жұрттың қоғамдық мағлұматтары бірнеше есе артқан. Осы себепті қоғамның жалпы білім деңгейі жоғарылап, Иран халқының өзі және қоғам тағдырына тікелей байланысты әлеуметтік және қоғамдық тақырыптар жөнінде сезімтал болуларына әкелді. Сонымен қатар, Иранда өткен жылдармен салыстырғанда кітап шығару мен басылым санының көбеюі, бұл статистика жыл сайын өсіп, Иранда оқушылар санының артқанын түсіндіреді. Кітап оқудың артуы басқа байланыс құралдарының көбеюімен тікелей байланысты. Иранда да осындай жағдай. Таяу Шығыс елдері арасындағы интернет пайдаланушылардың жоғары деңгейінің бірі Иранға тиесілі. 2005 жылы Иран жамағатының 8 пайызы, яғни 5,5 млн. адам шамасында интернет паидаланды. Бұл сан 2000 жылымен салыстырғанда 2300 пайызға өскенін көрсетеді, соңғы мәліметтерге қарағанда, Иран қоғамында интернетті пайдаланушылардың басым бөлімін жастар құрайды. 18-28 жас аралығындағы жастар бұлардың алғашқы орында. Көптеген мамандар интернеттің кеңеюімен қоғамдарда кітап және кітап оқу шетке шығарылады деп болжайтын еді. Бірақ бұлай болмады. Соңғы онжылдықтар жетістіктерінің бірі болып саналатын интернет — жұрттың қоғамдық және мамандандырылған білім деңгейлерінің өсуіне және кітапқа деген құштарлықтың артуына ықпалын тигізді. Ақиқатында, қоғамда интернеттің кеңеюінің оң әсерлерінің бірі — кітап оқушылардың дамуы мен кітаптар тираждарының көбеюі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.