Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері

Home » Рефераттар » Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістері
Рефераттар Комментариев нет

Қоғамдық қауіпсіздік деп әлеуметтік қауіпсіздіктің әртүрлілігі ретінде, тұлғаның қауіпсіздігін, қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбек етуге және демалуға қолайлы жағдайларын, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты қызметін қылмыстық және құқыққа қарсы басқа әрекеттерден, жоғарғы қауіптілік көздерін пайдалану тәртібін, азаматтық айналымнан тәркіленіп алынған заттарды пайдалану тәртібін бұзудан, техногендік және табиғи сипаттағы қолайсыз құбылыстардан, сондай-ақ басқа да ерекше жағдайлардан шығатын қауіптерден қамтамасыз ету мақсатындағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастардың жүйесін түсінеміз.

Сөйтіп, мемлекеттегі қоғамдық қауіпсіздік өз алдына құқықтық нормалардың сақталуы мен орындалуының нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік-құқықтық санатты, қол сұғылмаушылыққа мемлекетпен, қоғаммен кепілдік берілетін қоғамдық қатынастар жүйесін қояды. Осы мән мәтінде қоғамдық қауіпсіздіктің мәні мен оның элементтері жөнінде айтқанда, келесіні атап өту қажет. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні қауіпсіздікке тән біршама нық ішкі байланыс элементтерін құрайды. Қоғамдық қауіпсіздіктің мәні материалдық, зейіндік және құқықтық мазмұнымен сипатталатын элементтер жүйесі ретінде түсіндірілетін оның шынайы құрамы болып табылады[i].

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қауіпсіздік субъектісінің, оның қызметінің объектісіне мақсатты ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ықпал әдістермен аталуы тиіс түрлі тәсілдердің, құралдардың көмегімен өндіріледі. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік іске асыруға мүмкіндік береді. Әдістер қоғамдық қауіпсіздіктің мақсатына қандай тәсілмен жетуге болады деген сұраққа жауап береді. Демек, әдістер дегеніміз — бұл қауіпсіздіктің субъектілеріне жүктелген мақсаттарды, міндеттер мен қызметті іске асыру құралы. Басқа жағынан, мақсаттар, міндеттер мен атқаратын қызметтер әдістерді қолданудың ерекшелігіне себепші болады. Олардың таңдауы көбіне қойылған мақсаттарға жетудің шынайылығын анықтайды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің мазмұнын талдау оларға тән келесі ерекшеліктерді бөліп қарауға мүмкіндік береді:

  1. олар қауіпсіздік субъектісінің ықпал ететін объектімен байланысын білдіреді;
  2. әдістер — бұл субъектінің қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайына басқарушылық ықпал ету құралы;
  3. әдістер — бұл қауіпсіздік процестерінің субъектілері жүйесіндегі реттеу, ұйымдастыру тәсілдері, қауіпсіздік субъектілерінің бірлескен қызметінде жалпы мақсатқа қол жеткізу арқылы қабылдаулар;
  4. әдістер қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі неғұрлым жылдам және белсенді элемент болып табылады;
  5. нақты әдісті таңдау ықпал ету объектісінің (жеке, лауазымды немесе заңды тұлға, меншік нысандары) ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылатындықтан, оларды қолдану баламалы сипатта болады;
  6. әдістерде өздерінің нақты адресаттары болады;
  7. мемлекеттік және муниципиалды (жергілікті) қауіпсіздік субъектілері жүйесінде әдістер қауіпсіздік саласындағы мемлекеттің саяси құралы болып табылады. Оларға өзінің ашық мүддесін, мемлекеттің еркін білдіру тән;
  8. әдістерде қауіпсіздік субъектілеріне жататын өкілеттіктер білдіріледі;
  9. әдістерге оларды тікелей тәжірибелік білдірудің құқықтық және басқа да нысандары тән[ii];

Мазмұны мен бағытына қарамастан, әдістерге бірінші кезекте келесілер тән: объективті ұйымдастырушылық нысаны деп ықпал етудің түрі, яғни жеке ұйғарым (шешім, қаулы, бұйрық, өкім және т. б.) немесе мінез-құлық нормасы (ереже), яғни қауіпсіздік аясындағы қатынастарды құқықтық реттеу түсіндіріледі. Сол және басқалары реттеу құралдары болып табылады. Құқықтық рұқсаттар, тиымдар, ұйғарымдар рөлінде білдіріледі:

  1. әдістердің ықпал ету сипаты тікелей және жанама болуы мүмкін (ынталандырушылық және шектеушілік жағдайларды құру жолымен);
  2. әдістердің ықпал ету тәсілі жекеше, ұжымдық және алқалық болуы мүмкін;
  3. әдістердің тактикалық және стратегиялық сипаты;
  4. уақытша сипаты (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді). Осылайша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні қоғамның өмірлік іс-әрекетімен анықталады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күрделілігі мен көпқырлылығы көптеген әдістердің маңызды екендігін білдіреді. Әрбір әдіс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың өзіне тән тәсілімен сипатталатын болғандықтан, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзара үйлесімдіктегі жан-жақты екі әдісі бар. Ол — сендіру және мәжбүрлеу.

Сендіру әдіс ретінде қауіпсіздік субъектісінің еркіне, адамдардың санасын оятуға, бекемдеуге және дамытуға шақыратын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес мінез-құлқына моральдық, психологиялық, материалдық ықпал етуді, қоғамдық қауіпсіздік шеңберінде тиісті мінез-құлықты ынталандырушылықты білдіреді. Бұл — қате көзқарасты, мінез-құлықты өзгертетін, қоғамның құқықтық және моральдық талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғаның жаңа қасиетін қалыптастыратын ықпал ету[iii].

Қауіпсіздік саласында оның субъектілерімен құқықтық үйрету (тәрбие), түсіндіру, ұсынымдар, қоғамға қарсы әрекеттерге сын, марапаттау және сендірудің басқа да шаралары (түрлері) сияқты сендірудің шаралары пайдаланылады. Соңғы, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерді ескертудің, алдын-алудың маңызды құралы болып табылады.

Сендіру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі бола тұрса да, барлық уақытта ықпал етудің жеткілікті тиімді құралы болып табыла бермейді. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қажет болған жағдайда мәжбүрлеу шараларының жүйесі пайдаланылады. Оны қолдана отырып қауіпсіздіктің субъектілері қауіпсіздік аясында қоғамдық қатынастарға қажетті түзетуші ықпал көрсетеді.

Мәжбүрлеу қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдісі ретінде жеке тұлғаның санасы мен мінез-құлқына психикалық, материалдық ықпал етумен немесе күш көрсету әдісі арқылы жүргізілуі мүмкін. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отыра, сондай-ақ басқа да функцияларды жүзеге асыра отырып, оның субъектілері қатынастардың қатысушыларына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қауіпсіздік аясында орындалуы кепілденетін, ал қажет болған жағдайда мәжбүрлеуді қолдану қамтамасыз етілетін де талаптар қоюға өкілетті.

Психикалық мәжбүрлеу ерікке, эмоцияға, санаға, яғни адамның психикасына әсер етеді, оның еркін қалыптастырады. Оған тиімсіз зардап келтіретін (мәселен, қауіпсіздік субъектісінің жеке тұлғаның қоғамға жат қылықтарды жасауын қысқартуы жөнінде ресми талап қоюы) әсер ету шараларын қолдану арқылы талап қойылатын мінез-құлыққа бейімдеу болып табылады.

Материалдық мәжбүрлеу жеке, лауазымды немесе заңды тұлғаның мінез-құлқына оның ақша қаражатынан және мүлкінен, материалдық игіліктерінен айыру, материалдық шығын, материалдық сипаттағы айыппұл өндіру келтіретін оның иелігіндегі кәсіпкерлік қызметін шектеу немесе тоқтату және т. б. арқылы әсер ету. Күш көрсету арқылы мәжбүрлеуге — жеке тұлғаға оның бостандық әрекеттерін шектеу, қауіпсіздікке зиянды мінез-құлқының жолын кесу арқылы тікелей әсер ету жатады. Мұндай шараларға құқық бұзушыны әкелу және ұстау, қауіпсіздікке қауіп төндіретін құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында арнайы құралдарды, атыс қаруларын және т. б. қолдануды жатқызуға болады.

Мәжбүрлеу шаралары тек құқық бұзушылықтарға ғана байланысты қолданылып қоймайды. Олар жекелеп алғанда, қауіпсіздік саласында құқық бұзушылықтарды, төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық-саяси зардаптардың пайда болуын (табиғи апаттар, жұқпалы аурулар мен індеттерде, зілзалаларда және т. б.) ескерту мақсатында қолданылуы мүмкін. Ондай шараларға жекелеп алғанда мыналар жатады:

  1. авариялардың, апаттардың салдарын жою кезінде жергілікті учаскені қоршап тұру (оқшаулау);
  2. карантиндік (тиым салу) іс-шаралар өткізу;
  3. көлік құралдарын тексеріп қарау;
  4. психикалық аурулардан зардап шегетін тұлғаларды ұстау және оларды емдеу мекемелеріне мәжбүрлеп орналастыру және т. б.[iv]

Сендіру мен көндіру жан-жақты әдіс бола отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінің нақты түрлерін бөлуге негіз беретін әртүрлі нұсқаларда білдіріледі. Біршама әдістерді жеке бөлімдерге бөлу жөніндегі мәселе басқару және әкімшілік құқық бойынша әдебиетте бір мағыналы шешілмейді. Жіктелген нұсқалардың қатарынан әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік басқарудың кешенді әдістері бөлініп алынады. Басқарудың барлық жүйесіне жататын жалпы әдістер және оның жекелеген бөліктеріне тән жергілікті әдістер көрсетіледі.

Тікелей немесе жанамалай әсер ету әдістерінің сипаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін жіктеудің ерекше айқын белгісі болып табылады. Тікелей басқарушылық ықпал ету әдістері басқарылушылардың мінез-құлқына қауіпсіздік субъектісінің біржақты өктемдік ету әсерімен сипатталады. Қауіпсіздік субъектісі кімге бағытталса, соның міндетті түрде орындауы қажет болып табылатын өктемшілік шешім қабылдайды. Адресаттың шешімді орындамауы заңды немесе басқа да жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады. Тікелей басқарушылық ықпал ету әдістері, басқаша айтқанда, әкімшілік әдістер деп аталады.

Көптеген қауіпсіздік субъектілерінің ұйымдастырушылық-құқықтық мәртебелеріндегі өзгерістерге байланысты әкімшілік әдістердің мәселесі қазіргі уақытта ерекше маңызды. Оларды қолдануда шек қою жөнінде сұрақ қойылуда. Алайда, бұл мүлдем олардан толықтай бас тарту дегенді білдірмейді. Оның үстіне қоғамдық қауіпсіздік саласында көрсетілген өмірлік іс-әрекет шеңберінің қоғамдық қауіпсіздік саласында қалыптасқан қатынастарға үнемі тікелей басқарушылық ықпал етуді талап ету ерекшеліктерімен қамтылған бұл әдістер бұрыннан негізгі болған және негізгі болып қала береді.

Әкімшілік әдістер арқылы мыналар белгіленеді:

  1. қауіпсіздік саласындағы жалпыға міндетті немесе жеке сипаттағы мінез-құлық ережесі;
  2. белгілі бір әрекеттердің жасалғаны жөніндегі ұйғарым шығарылады;
  3. орындаушылар үшін нақты міндеттер бекітіледі;
  4. қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастар қатысушыларының заңды талаптарын қанағаттандыру, сол және басқа да әрекеттерді жасауға тиым салу өндіріледі;
  5. рұқсаттар (лицензиялар) беру, бақылау мен қадағалау жүзеге асырылады;
  6. фактілер, оқиғалар, әрекеттерді тіркеу жасалады;
  7. стандарттар мен нормалар белгіленеді;
  8. дау-дамайлар шешіледі;
  9. мемлекеттік тапсырыстар рәсімделеді;
  10. заңды тәртіпке материалдық және моральдық ынталандыру (марапаттау) жасалады;
  11. әкімшілік мәжбүрлеу және басқа шаралар қолданылады.

Қауіпсіздік саласында қолданылатын жанама ықпал ету әдістері олардың көмегімен қауіпсіздік субъектісінің қалаған мақсаттарына басқарылатындардың мүдделеріне ықпал ету арқылы жетуінен тұрады. Жоғарыда көрсетілген әдістер қауіпсіздік субъектілерінің тікелей нұсқамалары бойынша емес, тиісті құралдармен ынталандыратын мінез-құлықтың күшімен, тиісті жағдайда өздері мүдделі түрде әрекет етуі тиіс. Бұл құралдар бәрінен жиі материалдық сипатта болатындықтан, соған сәйкес экономикалық деп аталынады. Экономикалық әдістердің қатарына:

  1. салық салу (салық саясаты);
  2. жеңілдікті несие;
  3. қауіпсіздік функцияларына және т. б. материалдық-техникалық қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық және басқа да кәсіпкерлік қызметті экономикалық ынталандыру жатады.

Алайда, іс-тәжірибе, экономикалық әдістердің ынталандырушылық рөліне қарамастан, қауіпсіздік шеңберінде олардың көмегімен әрқашан алға қойылған мақсаттарға жете бермейтіндікті көрсетеді. Сондықтан оларды әкімшілік және басқа да әдістермен байланыстыру қажет. Әкімшілік және экономикалық әдістер бір-бірімен байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру өкілетті қауіпсіздік субъектілерінің басқарудың заң актілерін шығару арқылы рәсімделеді. Сол себепті әкімшілік және экономикалық әдістерді бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әкімшілік және экономикалық әдістерімен қатар қауіпсіздік аясында ықпал етудің әлеуметтік-психологиялық әдістері қолданылады. Олар әлеуметтік және психологиялық (ұжымның, қоғамдық пікірдің, топтық қатынастардың көңіл-күйі) дамудың объективті заңдарына сүйенеді. Бұл әдістер ұжымдық психологияны, түрлі әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қолданылады.

Әлеуметтік-психологиялық әдістер қоғамдық қауіпсіздік аясында адамдардың еңбек етуі мен демалуы, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер қызметінің, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты қызмет етулері үшін қолайлы және нық моральдық және психологиялық ахуал жасауға бағытталған. Төтенше немесе басқа да ерекше жағдайларда, қозу жағдайындағы, үрей үстіндегі топтың, ұжымның, жиын-топтың мінез-құлқына сендіру және қорқыту жолымен психикалық ықпал ету қажет болғанда әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдану ерекше маңызға ие.

Әлеуметтік әдістерге:

  1. әлеуметтік-көпшілік үрдістерді басқару әдістері;
  2. ұжымдарды, органдарды, топтарды, топтардың ішіндегі құбылыстар мен үрдістерді басқару әдістері;
  3. жеке адамның мінез-құлқын басқару әдістері жатады.

Психологиялық ықпал ету әдістеріне:

  1. психикалық шиеленісті алып тастауға бағытталған логикалық құралдардың көмегі арқылы адамның санасына ықпал ету;
  2. сендіру жолымен психикаға әсер ету;
  3. адамның қалыпты өмір сүру ырғағын қалпына келтіруге және төтенше жағдайлардың салдарын және т. б. жою үрдісіне еліктіру жатады[v].

Әлеуметтік-психологиялық әдістер әкімшілік және экономикалық әдістермен өзара байланысты. Аталған әдістердің әрқайсысы еріктік нұсқамаға, экономикалық мазмұнға ие бола алады және әлеуметтік-психологиялық әсер ете алады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінде әдістер бір-бірінен оқшауланып қолданылмайды. Барлық әдістер мазмұны, мақсаттылығы және ұйымдастыру нысаны бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуға тиіс.

Өмірлік іс-әрекеттің түрлі саласында сол және басқа да әдістерді пайдалану басым бола алады. Мәселен, қоғамдық қауіпсіздік саласында оны қамтамасыз ету бойынша қызметте айрықша маңызды рөл әкімшілік әдістерге жатады. Оларда қауіпсіздік субъектілері қызметін басқару табиғаты ерекше айқын білдіріледі. Әкімшілік әдістерді пайдаланбай, қауіпсіздік саласында қоғамдық қатынастардың тәртіптілігін, кейде күтпеген жерден туындаған барлық мәселелерді тез және тиімді шешуді қамтамасыз ету мүмкін емес. Әрекетсіздік, сасқалақтаушылық, әкімшілік шешімдерді қабылдаудағы баяулаушылық жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады және қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтіреді[vi].

Барлық әдістер құқықтық және құқықтық емес бола алатын тиісті нысандарда сыртқы көрініс табады. Оларға мемлекеттік емес, қоғамдық және басқа да ықпал ету әдістері арқылы білдірілетін нысандар жатады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін білдіретін ерекше тараған құқық нысандарына заңдар, жарлықтар, қаулылар, ережелер, жарғылар, нұсқаулықтар, шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, құжаттардағы қарарлар, қызметтік жазбалар мен басқа да нысандар, оның ішінде бағдарлы да (қимыл арқылы) әрекеттер жатады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметтің нақты әдістерін таңдау және оларды іс-тәжірибеде қолдану объективтік және субъективтік факторлар мен жағдайлардың қатарына байланысты болады. Әдістерді таңдау мен пайдаланудағы маңызды рөл субъективті факторға жатады. Айталық, қауіпсіздік субъектісінің әдістерді таңдау мен қолдануда өктемдік кәсіби емес тәсілі қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Тиісті әдістерді таңдау мен қабылдауда субъектінің біліктіліктің жоғарғы дәрежесіне, жауапкершілік сезімге ие болуы маңызды.

Әдістер қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің үрдісінде қолданылады. Осыған байланысты оларды пайдалануда қауіпсіздік субъектісінің алдында тұрған өзекті міндеттер, қауіпсіздік субъектісінің (орган) өзінің және қызмет объектісінің жағдайы, нақты өмірлік жағдайдың сипаты мен ерекшелігі, қауіпсіздік субъектісінің қарамағындағы бар құралдарды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктері ескерілуі қажет. Сонымен бірге қауіпсіздік субъектісінің өзінің кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық, ғылыми, құқықтық және басқа да қамтамасыз етілуінің дәрежесі ескерілуі қажет.

Әдістерді нәтижелі пайдалану ең ықпалды әдістерді немесе қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты міндеттерді шешуде оңтайлы тәсілді таңдауды болжалдайды. Әдістерді таңдау және пайдалану өнері — бұл субъектінің тарапынан қауіпсіздіктің жағдайын мұқият бақылау. Құралдарды бар объективтік жағдайлар мен қызметтегі болып жатқан өзгерістерді тіркеусіз қолдану олардың ықпалдылығын төмендетуге әкеліп соғады. Керісінше, егер олар қоғамдық қауіпсіздік саласында болып жатқан даму үрдістерін ескере отырып, жүзеге асырылған жағдайда, әдістерді пайдалану тиімді болып табылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.