Қоғамдық жағдай мен әдебиет

Home » Рефераттар » Қоғамдық жағдай мен әдебиет
Рефераттар Комментариев нет

XV ғасырдың екінші жартысынан бастап Испанияда шексіз билік қалыптаса бастады. Бұл дәуірде мемлекет жерлерін қайта қолға алу әрекеті болған реконкиста қозғалысы толығымен аяқталды. Еуропаның басқа мемлекеттері сияқты Испанияда және осы уақытта оған бодан болған Португалияда да сауда мен өнеркәсіп дамып, капиталистік қатынастар туа бастады. Гуманистік дүниетанымның негізделуі нәтижесінде феодалдық қоғам мен оның салт-дәстүрлеріне қарсы күрес күшейеді. Бірақ Испания уәлаяттарында буржуазиялық қатынастардың болуы, сондай-ақ, реконкистаның үзаққасозылғандығы себепті шексіз билік бүкіл елді бір ұлттық мемлекет ай-наласына біріктіре алмады. Король өкіметі қалалармен одақтасып, феодалдық бытыраңқылыққа тосқауыл қоя алғанжоқ.
XV ғасыр да Еуропаның басқа мемлекеттерінде ірі мо-нархиялық биліктер пайдаболды. Олар «мәдениеттендіруші орталық» ретінде қызмет атқарған осы кезеңде Испанияда мүндай орталықтандырылған өкімет өлі жоқ болатын, феодалдық-ақсүйектік қоғам өзінің жарамсыз әдет-ғүрыптарын сақтай отырып, дағдарысқа үшырады. Қалалар болса жаңа заманға бейімделе алмай, өздерінің орта ғасырлардағы күш-қүдіретінен айырылды.
Сауда мен өнеркәсіп те қүлдырады. Америкадан әкелінген алтын мемлекет шаруашылығын жолдан шығарды. Шетелден тауар сатып алу пайдалырақ болды. Нәтижесінде диқандар шаруашылығы ойрандалды. Бүқара халықты тонау мен қанау күшейді, материалдың байлыңтарды өндіру шектен тыс қысқарды. Алтын қоры таусылған соң, әлеуметтік жағдайлар да шиеленісе түсті. Шексіз билік мемлекеттегі экономикалың күштің өсуі мен буржуазиялың ңатынастардың дамуына кедергі болды. Испаниядағы өкімет сырттай қарағанда Еуропа монархиясына үңсас болғанымен, шындығында одан едәуір артта қалған еді. Католик шіркеуі халықты ба-ғындыруда король өкіметіне жәрдем берді. Азаттықңа үмтылған түрлі талпыныс көптеген жандардың инквизиция жазасына ұшырауына себепші болды.
Бүл дәуірде лирика жанрындағы эпикалың поэзия кең түрде дамыды. Тарихи, дидактикалық, аңыздық, діни және басңа да түрлердегі поэмалар туды. Эрсилья-ның (1533-1594) «Араукана» атты көлемді эпопеясында үнді-араукан тайпасынан шыңңан чилилердің испан билігіне ңарсы көтерілістері суреттелді. Шығармада тай-па қаһарманы Каупаликаның ерлік күресі, әйелдердің махаббат сергелдеңдері бейнеленеді. Поэма осы дәуірдегі Испанияға тән белгі болған жаңа жерлерді отарлау, жергілікті халықңа «мәдениет» тарату сияңты үмтылыс-тарды баяндайды.
XVI ғасырда жасаған ірі португал жазушысы Луис де Камоэнс (1524-1580) шығармашылығында сол кезеңдегі дәуір рухы сәтті суреттелді. Камоэнс бірнеше комедия, көптеген өлеңдер, соның ішінде баңытсыз ғашықтықты жырлаған 350-ден артық сонет жазды. Біраң ол, не-гізінен «Лузиада» поэмасымен танымал болды. Шығар-мада Васко де Гамманың Африка арңылы Үндістанға жаңа кеме жолын табуы және португалдардың осы мем-лекетке баса-көктеп кіруі баяндалады. Аңын ңоғамдағы кемшіліктерді, сарай маңындағы аңсүйектердің аярлы-ғын, билеушілердің ауыр салыңтармен халықты аяусыз ңанап жатңандығын әшкерелейді. Поэмада әлеуметтік теңсіздіктер, серілік жорықтар, жаңа жерлерді басып алуға талпынулар сияңты сол дәуірдің өзіндік ерекше-ліктері жарңын көрініс тапқан. Шығарманың маңыздылығы сонда, ол адамның табиғат сырларын танып-білуге бағытталған әрекетін өте қызықты көріністерде бейнелеумен ңатар, поэзияда реалистік әдістің дамуына белгілі дәрежеде әсер етті.
Эрсилья мен Камоэнс шығармашылығына Гомер, Вергилий секілді аңындардың ыңпалы тиген еді. Бүл ыңпал олардың поэмаларында реалистік эпизодтармен бірге ңиялға бой үруларынан айңын сезіледі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.