Қоғамның даму тарихындағы отбасы мен неке туралы тарихи-педагогикалық идеялар

Главная » Рефераттар » Қоғамның даму тарихындағы отбасы мен неке туралы тарихи-педагогикалық идеялар

Жалпыға мәлім, қандай білімге қаражат көбірек жаратылса, сол білімге байланысты кәсіптердің мәртебесі жоғары және орнықты болса, соғұрлым ғылымдағы, мәдениеттегі және экономикадағы жағдай тиімді болады. Қазіргі уақытта қазақстандық білім беру ж үйесі терең сипат алған дағдарысты бастан кешіріп отыр. Солай болғандықтан, әлеуметтік институтта уақытылы және әрдайым мәдени құндылықтарды сақтау және тапсырыс жөніндегі өзінің міндеттерін тиімді орындаудың, жағымды әлеуметтік өзгерістерге м үмкіндік туғызудың сәті т үсе бермейді. Көп мамандар білімнің қазіргі уақыттағы дағдарысының себебі, адамзаттың мәдени тәжірибесіндегі білімнің екі т үрінің ажыралуында жатыр деп есептейді. Білім алудың бірінші т үрі адам өркениетінің дами бастаған кезеңіне тән. Білім беру жеке бастың тәжірибесін беру сияқты жеке бастық сипат алды. Оның қасында “мұғалім” және “ақиқат” сөздері өзінің қасиетті мағынасына жақындады.

Жаңарған уақытта білімнің мазмұны ұтымды бола бастады: “білім — к ү ш” немесе “білім — билік” деген нақыл сөзді куәландыратын білім басқа сапаны иеленіп, өзгеруде. 10 Белгілі неміс антропологы М. Шелер өзінің “Білік және білім формалары” деген еңбегінде мынадай ой білдірді: Нақты технократтық білік қазіргі білім ж үйесінің іргетасын қалайды, онда мұндай білік приоритеті болады және осы приоритеттің арқасында білім үйренушіден жатсынады. Сөйтіп, Қазақстанд қазіргі жағдайда білім беруді дамытудың жалпы және жеке м үддені шешудегі бағытын а қайта өзгерту қажет. Білім ж үйесінде жеке бастың үйлесімді дамуына қызмет ететін білік нығаюы керек. Мұнда біз білімнің отбасы институтына әсері туралы еске алдық, бірақ отбасының да білімге әсер ететінін айтуымыз керек. Балаларды оқытуды мақсат етіп қоюдың, бәрінен бұрын отбасында қалыптасатыны ешкімге құпия емес. Бұл, көбінесе қазіргі жалпы білім беретін мектептің жағдайын анықтайды. Жалпы мемлекеттендіру жағдайында және жеке басты әлеуметтендіруде, Т. Парсонс ерекше көңіл аударғандай “протоәлеуметтенуде” отбасының рөлі арта т үседі. Білім беру ж үйесі айналысатын жас ұрпақ әлеуметтенуінің әрт үрлі үлгісінің қалыптасуы, дамуы және өшуі үнемі болып тұрады. Кез келген қоғамға тән бұл проблемаларға Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктері таңылады. Терең қайта құрулар ескі құндылықтардың қайта оралуына, патриархалдық отбасының дағдарысы және оның іс ж үзінде жайылуына, өмір бейнесінің мәдениеттік тұрғыдан өзгеруіне, оның көптеген элементтерінің бірі болған мінез-құлық үлгісі мен стилінің өзгеруіне әкеліп соқты. Білім беру ж үйесінің жаңа ережесі әлеуметтенудің басқа, жаңа үлгілері бар екенін болжайды.

Мысалы, Қазақстан халқының экономикалық негізде болып жатқан әлеуметтік және мәдени ерекшелігі қазіргі жалпы білім беретін мектепті қиын жағдайдан құтқарудың бір жолы болып отыр. Одан басқа, мемлекет пен діни мекемелердің арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі жалпы білім беретін мектеп және діни мекемелердің арасындағы қарым-қатынасқа айқын қарауды талап етеді. И. В. Бестужев-Лада қазіргі кездегі білім беру ж үйесінің жаңаруын мынадан көреді: біріншіден, қазіргі білім беру ж үйесінің көп көңіл бөлінбей отырған бөлігі — мектепке дейінгі мекемені б үгінгі талаптарға сай келетін мекемеге айналдыру; екіншіден, бәріне біркелкі, “жалпыға бірдей білім беру” ұстаны11 мынан жеке бастың қабілеттілігі және қоғамдық қажеттілік бойынша білім беруге көшу; үшіншіден, балаларды тиімді өзгерістік бағыттау; төртіншіден, жастардың жалпы және кәсіптік білім алуын үйлесімді ұйымдастыру; бесіншіден, мектепті толық және дәйекті демократияландыру; алтыншыдан, үздіксіз мамандық көтерудің жүйесін қалыптастыру және білім беру жүйесінің мамандарын қайта даярлау; жетіншіден, мектепті атааналар қауымдастығымен бірлестіру; сегізіншіден, оқулық, кино мен теледидарды, оқытатын, емтихан алатын техниканы, автоматиканы, электрониканы және бәрінен бұрын білім беру саласының компьютерлендірілуін дамыту; тоғызыншыдан, мектепті ғылыммен бірлестіру, академиялық, жоғары оқу орындарының және салалық ғылымдардың арасындағы жасанды “Қытай қорғанын” қирату. Қоғамның отбасына және некеге деген ықыласы бұрынғыдан да маңызды болып отыр. Бұл ықылас отбасының адами тіршілік әрекетінің барлық аясымен байланысқан. Қоғамның орнықтылығы және оның ішкі байланыстарының басымдылығы отбасы институтының жағдайына тәуелді. Отбасы қазір қандай болса, бұрын да сондай маңызды болған және әр уақыттағы әлеуметтік қоғамда субъект те, объект те болып, өзінің табиғатын үнемі өзгертіп, адамзат тарихында әрқашан қандай да әлеуметтік міндеттерді шешудің алдында жүрді.

.

Отбасы мен неке институтының осы өзгерістерде қаншалықты жаңа сапа тауып, ескісін жоғалтатыны қоғамның және мемлекеттің бұл проблемаға қатынасына байланысты. Отбасы мемлекеттің орнықсыздық жағдайында өз табиғатының белгілі бір тұрақтылығын жоғалтты. Қазіргі қоғамда мәнділігі жағынан отбасының бірінші орында емес екенін біздің өміріміздің бар болмыстары айқындайды: отбасының болуы, оның мөлшері, таяуда отбасын құру және ата-ана болу адамзаттың барлық тұрмыс-тіршілігінде бейтарап. Жұмысқа жалданғанда, материалдық игіліктерді таратқанда, білімдік және кәсіптік өсуде, тұрмыстық, медициналық қызмет көрсеткенде, демалысты ұйымдастырғанда, мәдени құндылықтарға қатыстырғанда, зейнеткерлікті қамтамасыз еткенде және т.б. отбасының болуы тиімсіз. “Ұзақ уақыт бойы экономикалық 12 дамудың экстенсивтік факторларын пайдалану, отбасы тұрмыстіршілігінің проблемасын күшейтіп жіберді, оның жағымсыз үрдісінің көбею қарқынын үдетіп, көріну формасын шиеленістірді”.

Қоғамның бағалы мүшесінің мәртебесі қоғамдық пікірдің көз алдында қоғамдық өндіріске қатынасатын жеке адамның кәсіптік іс-әрекетімен көбірек байланысқа келеді және оған тәуелділік жалғасып отырады. Отбасындағы еңбек, балалар саны, негізінен бұл мәртебеге пайдалы әсерін тигізбейді, керісінше, кейде оған зиян келтіреді. Бұрын тұрақты қолданыста болған “тоғышарлық” кеңес әдебиетінің жеңіл қолымен, жеке адамның өзін-өзі іске асыруына кедергі жасағандай, оның мүддесін шектегендей және мәдени артта қалуға апарғандай болмысы отбасымен сөзсіз байланыстырылады. Осы қиял жоғарыда көрсетілген себептер бойынша мемлекет тарапынан бейресми қолданылып келді және ол еліміздегі отбасы жағдайына әсерін тигізді. Қазір отбасына деген қатынас қандай? “Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына әлеуметтік құлдырау қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28—30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады. Ата-аналардың көбісінің, басқасын айтпағанда, балалардың жатсынуынан, дарашылдық пиғылдың етек алуынан, бетімен кетудің өсуінен байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы түсінігі жоқ. Одан басқа, ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны көбейді. Елде нашақорлық артып барады, балалар маскүнемдігі азаймай отыр, СПИД ауруы үлкен қауіп-қатер төндіріп тұр. Отбасы тәрбиесіне елеулі үлес қосқан педагог-ғалым Қ. Бөлеев өз еңбегінде жастардың жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін отбасындағы тәрбиенің маңызын ерекше атап көрсетеді.

“Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау” атты еңбегінде: “Қазіргі қоғамдағы қайғылы қасіреттер: тастанды жетім балалар, отбасын құрмағандар және ажырасқан жастар, қарттар үйлеріндегі көздерінен 13 қанды жас ағып отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қаулаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық, мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, көргенсіз ұлдар мен қыздар, ата-ананы құрметтемеу, ата-ананың бала тәрбиесімен айналыспауы, өз тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы, экономиканың құлдырауы, жұмыссыздық, табиғат жағдайларының нашарлауы, т.б. ұлттық тәрбиенің болмауынан пайда болған құбылыстар деп санаймыз. Егер қазақ халқы отбасында және мектепте ұлттық тәрбие алған болса, бұл қайғы-қасіреттер болмас еді. Ендігі мақсат, еліміздегі тәрбиенің негізі — ұлттық тәрбие болуы тиіс. Сонда ғана жоғарыда аталған құбылыстарды болдырмауға және одан құтылуға болады”,— деп жазады. Бұл жағдайдың негізгі себебі — елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай. Алайда, отбасына тек қоғам әсерін тигізбейді, отбасы да қоғамға тигізеді. Сондықтан, жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындаудағы басты педагогикалық іс-әрекет олардың отбасы-некелік өмір туралы көзқарастарын қалыптастыру, отбасы-некелік өмір туралы толық білім беру және отбасы-некелік өмірдегі үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады. Көп жылдар бойы мектеп бағдарламасында тиісті пән тіпті қаралмаған.

«Отбасы өмірінің әдебі және психологиясы” арнаулы курсының өмірі он жылға да жетпеді. Қазіргі уақытта талқыланып жатқан оқушыларды отбасы өміріне даярлауға бағытталған бағдарламада үлкен проблеманың тек кейбір аспектілері сөз қозғалғандықтан, біздің ойымызша, тиімді болуы екіталай. Отбасы-некелік қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу көп факторлардың әсерімен болады. Қазіргі ғылымның міндеті олардың әсерінің сырын ашумен қатар оларды ғылыми басқарудың жолдары мен әдістерін табу болып табылады. Отбасын теориялық зерттеудегі жетістіктер туралы әртүрлі ғылыми пәндер аппаратының интеграциясы куәландыра алады. Отбасын зерттеудің негізгі бағыттары мыналар: отбасы және қоғам; отбасының әртүрлі әлеуметтік институттармен және ұйымдармен әрекеттестігі; отбасының саны, құрамы және 14 құрылымы (типология); отбасының негізгі қызметтері; отбасының жұмыс қалпы; отбасындағы туыстық-отбасылық қарымқатынас; отбасы-некелік қарым-қатынастың қалыптасу кезеңі; отбасы және жеке адам; отбасындағы жеке адамаралық қарымқатынас; отбасының ыдырауы. Бұдан басқа, отбасы мәселесін зерттеу педагогика, демография, әлеуметтік психология, құқық, экономика, социология, этнография ғылымдарымен байланысты дамуда. Отбасына байланысты отандық және шетелдік ғылымда қойылған негізгі проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар. Батыстық ғылымда білім жүйесіне қызметтік жақындауға көбірек таралған көзқарас мына қызметтерді қарайды: басқа әлеуметтік институттармен бірге қоғамда орнықтылықты қолдауға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік бақылау қызметі; білім сүзгіш құрылғы ретінде, яғни адамдарды олардың құндылықтарына сәйкес бөліп тарату жолы ретінде және “адам капиталы” қызметі, яғни білік тез пайдаланылатын нәрсе емес, болашаққа дұрыс қаражат жұмсау көзі түрінде танылады. Д. Дьюи ХІХ ғасырдың аяғында білімге қоғамды жетілдіру және, тіпті таптық және саяси проблемаларды шешу міндеті жүктелген деп есептеді. Білім жүйесіне қызметтік жақындаудың жақтаушылары көп нәрседе білім жүйесінің басқа әлеуметтік институттармен әрекеттестігі қоғамға өте жағымды әсер етеді деп есептейді. Ресей мамандарының ішінде білімнің қызметтерін зерттеуге Ф. Р. Филиппов белсенді қатысты. Білімнің әлеуметтік қызметі, оның ойынша, қоғамдық өмірдің әртүрлі аясынан шығады: білім және еңбек, білім және әлеуметтік құрылым, білім жүйесі және қоғамның рухани өмірі; сондай-ақ жеке адамның жан-жақты өсуінде білімнің рөліне ерекше көңіл аударылады. В. В. Панферова өзінің “Халыққа білім берудің әлеуметтік қызметтері” атты еңбегінде мына қызметтердің талдауын береді: гуманистік, кәсіптік-экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-тәрбиелік және отбасы өміріне даярлау қызметі.

.

Бірақ, соңғы қызмет оның еңбегінде тек аталған, ал оның талдауы берілмеген. Х. А. Арғынбаев “Қазақ халқындағы семья мен неке” еңбегінде отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын, қоғамдық 15 құрылыспен, ондағы өндірістік қатынаспен тығыз байланысты болады да, әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік өзгерістер отбасы мен неке сипатына да әсер етіп, өзгертіп, жаңартып отырады дейді. Бұл отбасы мен неке мәселесінің, оның даму тарихының үлкен қоғамдық проблема екендігін айқындай түседі. Оны зерттеу ісі ғылым алдындағы аса жауапты, өте қажетті, әлеуметтік мәні бар үлкен мәселенің бірі болып есептеледі. Ж. Қоянбаевтың “Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі” атты еңбегінде отбасы, оның құқықтық және адамгершілік негіздері, отбасы тәрбиесі, оның ерекшеліктері, отбасы тәрбиесі процесінде кездесетін қателіктер, оларды болдырмаудың жолдары, жастарды отбасы-некелік өмірге даярлау мәселелері баяндалады. Сонымен қатар, отбасылық тәрбиені жетілдірудің тағы да бір басты шарты — ата-аналарды оқыту жүйесін өрістету, мәдени дәрежесін көтеру, осыған орай атааналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің негізгі формалары мен мазмұнына үлкен мән берілді. Р. М. Қоянбаев: “Халық педагогикасында жастарды некелікүйелмендік өмірге дайындау ана мен әкенің басты міндеттерінің бірі болады. Ерлі-зайыптының бірлігі, ынтымақтастығы мен сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы қамқорлығы, олардың өзара адамгершілік қарым-қатынастарын байытты. Мұндай үйелмен балаларға өнеге көрсететін, қуанышқа бөлейтін ұстамды, берік, баянды, бақытты әлеуметтік жанұясына айналды. Қазіргі кезеңнің өзінде де балаларды болашақ үйелмендік өмірге даярлау — ана мен әкенің тікелей борышы. Жастарды некелік-үйелмендік өмірге даярлау кезеңінде жыныстық тәрбие үйелменде адамгершілік тәрбиесі жүйесінде іске асырылады”,— деп жазады. Л. Ибраимованың “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі” атты оқу-әдістемелік құралында: “Бүгінгі таңда қазақ мектептері алдындағы ең басты міндет — қазақ этнопедагогикасы материалдарын үздіксіз білім беру жүйесіне ендіру, әсіресе сынып жетекшілері мен ата-аналарды отбасылық тәрбие беруге даярлауда оны пайдалану ерекше көкейкесті мәселе болыр отыр. Осы мақсатта оларды сол проблеманы шешуге және оны жүзеге асыруға дайындау қажет. Ол үшін қазақ отбасылық тәрбиесі 16 бойынша бағдарлама құру мәселесін қарастыру керек”,— атап көрсетеді. “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі” атты арнайы курстың мақсаты — мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді отбасында ұлттық тәрбие беруге даярлау. Психологиялық-педагогикалық аспект жас ұрпақты отбасынекелік қарым-қатынасқа білім жүйесінің әлеуметтік қызметтері контексінде даярлау проблемасының ауқымдылығын толық көрсетпейтінін айту керек. Келешек жас ұрпақты отбасына және некеге даярлайтын, отбасылық өмірде қажет психологиялық, педагогикалық, құқықтық, экономикалық әзірлікті жүзеге асыратын пәнді білім беру жүйесіне енгізу әлеуметтік тұрғыдан қажет. Бұл пән жас ұрпаққа әлеуметтік жүйедегі адам өмірінің заңдылықтары мен принциптері туралы қажетті түсініктер береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәжілісінің бір баяндамасында төмендегідей пікір айтылған болатын:

.

“Елдердің үкіметтері қазіргі жағдайдағы жас ұрпақтың, ер балалар мен қыздардың, өздеріне лайықты білім алуын, бұған қоса отбасылық өмірге даярлықты және жыныстық тәрбиені, ата-ана рөлін атқаруға даярлықты, оларды, жеке және мәдени құндылықтардың өзгеруін ескере отырып, өздерінің құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруы қажет. Жастарға қоғамның талабына сай отбасын жоспарлау туралы мәлімет әр елдің өзіндік әлеуметтікмәдени ерекшеліктеріне сай берілуі қажет”. Біздің елде 1985 жылдан бастап “Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы” курсы енгізілген. Оның жоспарына төмендегі бөлімдер кірген болатын: жеке тұлға, қоғам, отбасы жас кездегі өзара қарым-қатынастардың ерекшелігі; неке және отбасы; отбасылық қарым-қатынастардың негізі; отбасы және балалар. Бұл бөлімдерде оқушыларды отбасылық өмірдің эстетикалық, этикалық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және экономикалық аспектілерімен таныстыру көзделген. Бірақ, отбасы-некелік өмірге дайындаудың теориялық негізін құрайтын мәселелер қарастырылмаған. Әр елде бұл мәселені шешудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы, Германияда отбасылық өмірге даярлау мәселесі қоғамды ойландырады және осы мәселені шешу үшін мектептен тыс жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Ондағы мақсат — тәрбиенің 17 негізгі факторы болып есептелетін отбасы мен некені нығайту. Сонымен қатар, жастардың адамгершілік тәрбие жүйесіне жыныстық тәрбиені және отбасы өмірінің негіздері мен жеке тұлғалардың өзара қарым-қатынасын енгізуді жоспарлайды. Мәдени және саяси-экономикалық жүйедегі айырмашылыққа қарамастан, әлемдегі көптеген елдер отбасылық өмірге даярлаудың мектеп жүйесінде жүргізілу қажеттігімен бір ауыздан келіседі. Ұлыбритания мектептерінде жыныстық тәрбие және отбасылық өмірге даярлау саласында кейбір принциптердің сақталуы міндетті: — баланың туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі өміріне құрмет көрсету оған отбасылық және жыныстық өмір туралы білім берудің алдындағы тамаша дайындық; — оқушылардың жыныстық қатынастарға байланысты алған мәліметтерінің барлығы отбасы мен неке туралы мәліметтермен бірге берілуі тиіс; — мұғалімдер оқушыларға жыныстық қарым-қатынас туралы заңсыз және табиғи заңдылықтардан тыс баспасөз материалдарын үйретуге, таныстыруға, олармен пікірталастыруға болмайды; — оқушылар қоғам алдында ұятсыз болып есептелінетін заттарды көрнекті құрал ретінде пайдаланбауы қажет; — сабақта көшедегі терминология қолданылмауы керек, мұғалімнің тілі ғылыми тілге сәйкес болуы қажет; — контрацептивтік заттарды қолдануды үйрету, талқылау отбасы мен неке туралы мәліметтермен бірге берілуі қажет; — барлық порнографиялық және ұятсыз кітаптар, баспасөз басылымдары, фильмдер, бейнекассеталар оқу жүйесінен шығарылуы қажет.

Польшада “Отбасылық өмірге даярлау” тақырыбы бойынша оқу сағаттары 1973 жылдан бастап енгізілген және ол 15—16 жастағы оқушыларға арналған. Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады және польяк ғалымы М. Козакевичтің баяндауынша төмендегідей: Бірінші бөлімде “Эротикалық өмір” мәселелері мынандай сұрақтар бойынша қарастырылды: психосексуалды даму жеке дара дамудың бір бөлігі ретінде; сексуалды сезімдердің даму 18 жағдайлары; махаббат пен сезімдер және олардың әлеуметтіктарихи маңызы; жастық эротикалық байланыстар және олардың моральдық статусы; жас кездегі психосексуалды жетілу (жыныстар арасындағы айырмашылықтар); махабаттың үлгілері мен идеалы, сүйкімділікті анықтау; жас кездегі сексуалды белсенділігі, жауапкершілігі; бала туудың психологиясы мен контрацептерді пайдалану әдістері; жасанды түсіктің психологиялық және моральдық зардаптары. Екінші бөлімде отбасына қатысты мынандай мәселелер қарастыру көзделген: жас кездегі отбасы мен некенің идеалдары; отбасы туралы заңдар мен кодекстер; кеңестер; аналық және әкелік; жүктілік және бала туу. Жапонияда “Отбасылық өмірге даярлау” пәні бастауыш мектепке енгізілген және оның міндеттері балалардың бойына күнделікті өмірде, отбасылық өмірде қажетті мағлұматтарды сіңіру болып табылады. Осы мақсатта балалар киімдерін, үйді күту және шаруашылықты жүргізуге байланысты мағлұматтар алады; күнделікті өмір мәселелерін шешу шеберлігі дамиды; бірқалыпты, жақсы көңіл-күйде өмір сүруге талабы мен қабілеті қалыптасады; қоғамдағы отбасының жағдайы, рөлі түсіндіріледі; отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасауға ынтасы артады. Швецияда жыныстық тәрбие мен отбасылық өмірге даярлау мәселесі төмендегідей шешіледі. Мұғалімдер оқушыларды анатомия, психология, физиология, этика білімдерімен таныстыруы қажет, себебі олардың арасындағы өзара байланыс құрмет пен жақындарының қамқорлығына құрылады.

Бұған бес компонент кіреді: а) отбасылық өмірге деген қабілеттіліктерінің дамуы. Бұл жерде жыныстық өмір бақыт көзі ретінде қаралады, бірақ сексуалдық өмір ашыналық қарым-қатынассыз да болуы мүмкін, бірақ тек сексуалдылықтың ашыналық қарым-қатынаспен қосылуы ғана адамның қажеттілігін толық қанағаттандыра алады; б) отбасылық өмірге даярлау. Оқушыны отбасы құрылысының әртүрлі нұсқасы болатындығына (олардың барлығы бірдей жақсы болуы мүмкін) үйрету керек және де кейде ажырасудың да қажет екендігін ескеру қажет; 19 в) жастық кезеңде әлеуметтік және сексуалдық байланысқа әзірлеу. Бұл жерде жастардың өзара қатынас кезінде туындайтын қиын жағдайда өзімен-өзі қалмауын қадағалау қажеттігі айтылады; г) жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды және жоспарланбаған жүктілікті болдырмау; д) өзара қатынастардың сапасына әлеуметтік және мәдени жағдайлардың ықпалы. Мектептерде жастардың демография, бала туу, жүктілік, жасанды түсік, жыныстық қатынастан жұғатын аурулар, гомосексуализм, отбасы, ата-аналық, бір-біріне қарама-қарсы жыныстардың сезімдері мен көңіл-күйлері туралы түсінік алу қажеттілігінде ата-ананың тілегенің зор екендігі соншалық, әр елдің үкіметі осы мәселені шешу үшін шара қолдануға мұқтаж болып отыр. Жастарды отбасылық өмірге даярлауға үлкен көңіл бөлген Германияны үлгі ретінде алуға болады. Онда кейбір жерлерде осы пәннің мектепте жүргізілуін қадағалайтын комиссия құрылған. Оның құрамы кең және оның мүшелері көптеген әлеуметтік институттардың өкілдері: ұстаз (төрағасы); католиктер шіркеуінің өкілі; протестант шіркеуінің үш өкілі; мұғалімдер кәсіподағының екі өкілі; отбасын жоспарлау ұйымының өкілі; ата-аналар кеңесінің өкілі; Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі; Мұғалімдердің білімін көтеру институтының өкілі; мектеп психологы; Мектеп бағдарламасы институтының өкілі; Денешынықтыру тәрбиесі институтының өкілі. Отбасы саласының маманы американдық Дж. Добсон жастарды отбасылық өмірге даярлау және мектептегі жыныстық тәрбие туралы көзқарасын айта келе, былай дейді: «Біріншіден, репродуктивті процестің анатомиясы мен физиологиясын оқып үйрену қажет; екіншіден, жауапкершілік пен мораль сұрақтарын талқылау қажет. Бұл екі компонент бір-бірінен моральдық мінез-құлық мәселесінің маңыздылығын барынша мойындамайынша ажырамауы қажет. Жауапкершілікті сезінбей еліктеу сексуалдық апатқа соқтырады. Жастардың бойынша өздерінің сексуалдық мінез-құлқын, жүріс-тұрысын бақылауды және дұрыс көзқарасты сіңірмей, репродуктивтік процестің механикасын түсіндіру балаға оқталған мылтық ұстатып, оны қалай 20 қолдануды үйретпегенмен тең. Дегенмен, сексуалдық білімнің екінші компоненті мемлекеттік мектептерде алынып тасталынады немесе өте аз мөлшерде беріледі. Ол оқушыны отбасылық өмірге даярлауда төменгі тақырыптармен таныстыру қажет: жұбайлық өмірдегі жыныстық актінің рөлі; ерлер мен әйелдердің анатомиясы мен физиологиясы; жүктілік және босану процесі; поллюциялар; мастурбация; сексуалдық қиялдар және кінәні сезіну; етеккір; жауапкершілік пен мораль сұрақтары; жыныстық қатынаста жұғатын аурулар».

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.