Оңтүстік славяндар эпосы

Home » Рефераттар » Оңтүстік славяндар эпосы
Рефераттар Комментариев нет

Оңтүстік славяндар (болгар, серб, хорват, македониялықтар, славяндар) эпосы да халық ауыз әдебиеті негізінде туған. Онда еңбекші халықтың арман-тілегі, тұрмысы, еңбек жолы мен әдет-ғұрпы кең түрде бейнеленген. Балқан түбегінде өмір сүрген славяндар өздерін құлдыққа салған түріктерге қарсы бірнеше ғасыр күресті. Косово шайқасы түрлі қасіреттермен бірге славяндарды ортақ жауға қарсы бірлесе күресуге рухтандырды, халық батырларының дүниеге келуіне еебепші болды. Олар туралы өте мол эпикалық шығармалардың тууына да жағдай жасады.
В.Г.Белинекий эпикалық поэзияның негізгі ерекшеліктерінің бірі оның халықшылдығы екендігін ерекше атап көрсетеді: «Илиада» гректердің қаһармандық дәуі-ріндегі өмірін толық көрсетеді, сол сияқты Дунай өзенінің бойында жасаған славяндардың да жырлары сол халықтың тұрмыс-тіршілігін айқын бейнелейді». Болгариядагы эпикалық поэзия. Орта ғасырларда Болгарияда көптеген қайғылы оқиғалар болды. Ол үзақ уақыт Византия мен Түркия-ның боданы болды. Азаттық сүйгіш халық ішкі қарама-қайшылықтар нәтижесінде біраз әлсіреп қалғанымен, дүшпанға қарсы күресін тоқтатқан жоқ. Өзінің жазба өдебиетін дамыту мүмкіндігінен айырылған болгар халқы мәдени жәдігерліктерді (юнактың, гайдуктік балла-даларды) ауызекі формада саңтап, байытын, оларды зүлымдың пен жауыздыңңа ңарсы маңызды ңару ретін-де пайдаланды.
Болгар эпикалың поэзиясы екіге бөлінеді: ірі эпикалық топтама — юнактың (батырлық) жырлар және кіші зпикалың топтама — гайдуктік жыр мен балладалар.,
Юнактың жырларда көне аңыздың сюжеттер де, одан едәуір кейін туған жырлар да ңамтылған. Юнактың жырлардың басым көпшілігі мемлекетті осман түріктері жаулап алғаннан кейін туған (XIV ғасырдың соңы, XV ғасыр-дың басы) және халыңтың азаттыңңа деген сенімі Кра-ли (Кралевич Марко) образы арңылы бейнеленген
В.Г.Белинскийдің сөзімен айтңанда, «әрбір халықтың өз батыры бар, олар туғызған эпопея мен жырларда сол батыр ғана суреттеледі. Мвселен, гректер Ахилді, испандар Дон Жуанды, немістер Фаусты дәріптейді. Ал болгарлардың қаһарманы — Марко Кралевич».
Болгар батыры Крали Марко мен тарихи тұлға Марко арасында ешңандай үңсастың жоң. Халың сүйікті кейіпкерінің образы арқылы өз арман-тілектерін білдіреді. Әділеттік пен ақиқат үшін күрескен Крали азап шеккендерге жәрдем береді, түріктер қолындағы түтңындарды құтқарады.
Крали Марко образымен қатар тұрған кейіпкерлер (Дойчин, Лютиңа, Богдан, т.б.) бар. Бүлар да Марко си-яңты дүшпанға ңарсы соғысып, жәбір көргендердің ауыр түрмысын жеңілдетуге үмтылады.
Болгар эпосының кіші топтамасы гайдуктік жырлар болса, гайдуктер ңозғалысының тууымен тығыз байланысты. XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың 60-70 жылдарына дейінгі дәуірлерді қамтитын алғашқы сатыда гайдуктер мемлекетті тонап жатқан түрік басқыншыларына ңарсы күресе бастайдьіо XVIII ғасырдың 60-70 жылдарынан XIX ғасырдың орталарына дейінгі оңиғаларды бейнелеген екінші сатыда ұлт-азаттық көтерілісі өршіп, тек сыртқы дұшпанға ғана емес, ішкі қанаушыларға да қарсы күрес басталады. Бұл қозғалыстың үшінші сатысында мемлекетті жаудан азат ңылу үшін үйымдасқан түрде күрес жүргізіп жатңан гайдукчетник қозғалысы бейнеленеді.
Гайдуктік жырлардағы негізгі таңырып — үлттың және әлеуметтік теңсіздікке ңарсы күрес. Оларда түріктер озбырлығымен ңатар жергілікті байлардың да залымдығы әшкереленеді. Юнактың жырлардың кейіп-кері жеке түлға болса, гайдуктік жырлардың кейіпкер-лері гайдуктер, яғни үжым. Бүл кіші топтамаға енген өлеңдер ңысңалығымен, ыңшамдылығымен ерекшеле-неді. «Страхил воевода», «Стоянвоевода», «Ильявоево-да», «Янка мен орман», «Науңас юнак және бүркіттер», «Богдан гайдуктерді жинап жатыр», «Богдан юнактың өсиеттері», «Донго воевода мен Мургаш» туралы жыр-лар өзінің терең лиризмі, көркемдігі, кейіпкерлер обра-зының айңындылығы, Отанға деген махаббаттың күштілігімен құнды.
Болгар лиро-эпикалың, өлең-баллада жанры тарихи оңиғаларды баяндайды. Оның көлемі ықшам, біраң Отан тақырыбының жарңын суреттелуі, дүшпан құрсауындағы халыңтың ауыр түрмысының аның, шынайы бей-неленуі шығарманың мазмүнын байыта түседі. Өлеңдерде жау сарбаздарының ңыздарды тартып алып кетуі, ғашың жандардың қайғы-мұңы, жазыңсыз жандардың өлімі өте әсерлі, терең лирикалың толғаныстармен жыр-ланады. «Жалшы әйел мен Иово туралы балладалар» жауға деген өшпенділік сезімнің өткірлігімен назарға лайың. Иово өзінің аяң-ңолдарын шауып тастағанына да риза, біраң ол ңарындасы Янаның жау зорлығына үшырауына мүлдем көнгісі келмейді.
XIX ғасырдың ортасында Болгарияда үлт-азаттың ңозғалысы жоғары даму сатысына көтерілген бір кезең-де гайдук және юнак батырларының образдары Ботев, Каравелов, Вазов сияңты жазушыларды шетел басңын-шыларына ңарсы үндейтін шығармалар жазуға шабыттандырды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.