Оқу-тәрбие процесі — әлеуметтік құбылыс

Главная » Рефераттар » Оқу-тәрбие процесі — әлеуметтік құбылыс

Оқу-тәрбие процесі біртұтастықты құрайды және әлеуметтік құбылыс ретінде біртүтастықта қаралады. Егер оқуды және тәрбиені бөліп қарасақ, оның әрқайсысы өзінше біртүтастықтағы әлеуметтік қүбылыс. Мәселен, төрбие — әлеуметтік, өндірістік жөне мөдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп ңойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Ол — үйрету, оқыту арқылы әлеуметтік ортада жүреді. Сондықтан да ол — әлеуметтік құбылыс. Тәрбие қоғам пайда болған кезеңнен қалыптасып келеді. Адам баласы алғашқы қауымның өзінде жас ұрпақты өмірге бейімдеген. Қоғамда қандай өзгерістер болса, тәрбиеге де сол өзгерістер өсер етіп отырған.

Француз утопистері Ж. Ж. Руссо (1712-1778), Сен Симон (1760-1825), Д. Дидро (1713-1784) балаға жан-жақты білім, тәрбие беріп, сол қоғамды өзгертпекші болған. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпады. Себебі бүкіл адам баласының сана-сезімі қоғаммен, қоршаған ортамен бірге қалыптасады. Сондықтан жеке адам тек қоғамда, қоғамның тарихи, ұлттық, таптық және бүкіл адам баласына тән ерекшеліктеріне сәйкес дамиды. Қоғам адамды байытады, адам қоғамды байытады.

Жалпы тәрбиені әлеуметтік құбылыс ретінде жеті тұрғыдан алып қарауға болады. Біріншіден, тәрбие — мөңгілік ұғым. Ол тек адам бала-сына тән. Тәрбие жер бетінде адам баласымен бірге өмір сүреді. Әбу Насыр өл-Фарабидің айтуынша: «Адамды жануарлардан ерекше бөліп түрған қуат — оның ақыл-парасаты, яғни ойлай, сөйлей алу қабілеті» (Қ. Жарыңба-ев, С. Қалиев. Қазақ төлім-тәрбиесі. — Алматы: Санат, 1995. — 89 б.). Осы қабілет арқылы адам тәрбиесі саналы түрде жүргізіледі. Екіншіден, төрбие жас үрпақтардың өмірге бейімде-ліп, қарттардың орнын басып, өндірісті дамыту қажетті-лігінен туындайды. Сол үшін жас үрпақты тәрбиелейді, өміртөжірибесінеүйретеді, араластырады, қарым-қатынас, іс-әрекетті меңгертеді, тарихи кезеңдерге сай дамытады. Тәрбие мен өндіргіш күш тығыз байланысты. Тәрбие арқылы өндіргіш күшті дайындайды. Ал өндіргіш күш төрбиеге кері өсер етеді. Яғни тәрбиенің қоғамдық құбылыс ретіндегі негізгі мақсаты өндірісті дамыту үшін өн-діргіш күшті дайындау. Тәрбие мен экономикалық базис тығыз байланысты. Өндіргіш күштің дамуының нәтиже-сінде өндірістің жеке иелері пайда болады. Осы жерде өндіргіш күш пен өндіріс иелерінің арасында өндірістік қарым-қатынас туындайды. Осы қүбылыстың өзі жас ұрпақты өмірге бейімдеп тәрбиелейді, экономикалық базисті құрайды.
Жалпы тәрбиенің мазмүны, түрі, әдісі, құралы қоғаммен, қоғамның ондірістік қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Жоғырыда айтқандай төрбие қоғамды әнді-ріссіз озгерте алмайды. Ол өндірістік қарым-қатынасқа байланысты. Жеке адам тәрбие мен ондірістік қарым-қа-тынастың, ондіріс иелерімен арақатынаста экономикалық базиске әсерін тигізеді.

Үшіншіден, тәрбие қоғамдық қүбылыс ретінде қоғамдық сана-сезіммен де тығыз байланысты. Себебі жеке адамның сана-сезімі қоғамдық сана-сезім арқылы қалыптасады. Қоғамдық сана-сезімнің түрлері: а) Идеология — таптар мен топтардың мүдделерін білдіретін қоғамдың сана, саяси, ңұқыңтың, философиялың, моральдың, әстетикалың жөне діни көзқарастар мен теориялық идеялар жиынтығы. Әр топтың өзінің идеологиясы бар. Ол көп жағдайда мемлекеттік идеология төңірегінде топтасады.
б) Саясат — таптардың, үлттардың, өлеуметтік топтардың араларындагы ңарым-ңатынасты ңамтитын әрекет өрісі. Ол мемлекеттік өкіметті жеңіп алу, оны қорғау, пайдаланумен байланысты. Саясат — идеологияның құрамды бөлігі. Сондықтан саясат та жіктеледі.
в) Мораль — өлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, өділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғүрып, т.б.) бейнелейтін сананың бір түрі. Мораль дегеніміз — адамдардың бір-біріне және ңоғамға деген міндеттері мен қарым-ңатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, адамдардың мінез-құлықтары нормасының жиынтығы. Мораль өте құбылмалы, өзгеріп түрады. Оның негізгілері ғана үзақ өмір сүреді.
г) Құқық — адамдардың араңатынастарын мемлекеттік заң арқылы реттейтін заң ережелер жиынтығы. Ол адамның сана-сезімінің қалыптасуына әсер етеді. Құқық арқылы кейбір жағымсыз ңатынастарды реттейді.
д) Ғылым — объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге жөне алдын-ала болжауға арналған жүйелі түрде қүралған білімнің жоғары формасы, адамның сана-сезімінің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Ғылым да жиі өзгерістерге үшырап отырады, әсіресе ңоғамдық ғылымдар: саясаттану, тарих, педагогика.
е) Өнер — өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдың сана мен адам іс-әрекетінің өзіне төн ерекшелерімен дараланатын түрі. Өнер де қоғам талабына бейімделеді.
ж) Дін — жаратылыстағы ңүдіретті күшке сенуден пайда болып ңалыптасңан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы, сана-сезімге әсер ететін, қалыптастыратын қоғамдық қатынастардың бір саласы. Дін — қатып қалған қағидамен шектелмейді, жаңаша ойлауды қажет етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.