Оқушы тұлғасының эстетикалық тəрбие ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Оқушы тұлғасының эстетикалық тəрбие ерекшеліктері

Еліміздің болашағы-ұрпақ тəрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкі-сыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті — əдет-ғұрпымызды, салт-дəстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тəрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «…Əрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тəрбиеші баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті» деген. Жас ұрпаққа саналы тəрбие жəне сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс- тəжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тəрбие жайындағы белгілі мəліметтер адам баласының тəрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тəрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен,баланың сезімін оятып,əсершілдігін дамыту ,сезімді тəрбиелеу- баланы қоғамдық мəні бар,адамдарға жақсылық əкелетін қылық-қасиеттерден рахат,қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған. Мектептегі оқушыларға беріетін тəрбие саласының бірі-эстетикалық тəрбие. Эстетикалық тұрғыда тəрбиелеуде ұлттық өнерді үйретуде мына мақстаттарды алға қоюымыз керек: — халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеп алған озық тəрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым- қатынасын дүниетанымын, өмірге көзқарасын жəне оған сай мінез-құлқын қалыптасытыру; — жас ұрпаққа халқымыздың асыл дəстүрі мен салтынан мағлұмат бере отырып дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тəрбиелеу; — ұлттық қолөнері жəне рухани мəдени байлығымызды танып-білуге тəрбиелеу. Өз отанының жəне халқының қолөнер мұраларын танып, жетік меңгеру. Еліміздің өркениетті елдер қатарынан алдыңғы орындарды иеленуге ұмтылуы жағдайында жас ұрпақты жан-жақты дамыта тəрбиелеу қажеттігі арта түседі. Мұны жүзеге асырудың бір жолы олардың эстетикалық тəрбиесін жетілдіру болып табылады. Қазіргі уақытта эстетикалық тəрбие үлкен маңызға ие. Оның міндеттерінің бірі – жасөспірімдердің шынайы өмірге, өнерге эстетикалық қарым-қатынастарын қалыптастыру. Ал бұл шығармашылық тұрғыдан іздемпаз тұлғаны дамытудың факторы саналады. Адамның шындыққа, өнерге эстетикалық қарым-қатынасы эстетикалық қабылдаудан басталады жəне онсыз қалыптасуы мүмкін емес. Осыған байланысты балалардың эстетикалық тұрғыдан қабылдау жəне бақылау қабілеттерін дамытудың қажеттілігі артады. Осы қабілеттердің дамуы өмір мен өнердегі əсемділікті, ұлылықты, шынайылықты түсінуге жəне оларды талғамсыздықтан ажырата білуге мүмкіндіктер жасайды. Эстетикалық қарым- қатынастар эмоционалдық сипатқа ие болғандықтан өмір мен өнердің эстетикасын тану, эстетикалық күй кешу, сезіну арқылы жүзеге асырылады. Əсемдікті, ұлылықты қабылдау адамды алуан түрлі сезімге бөлеп, жағымды əсер қалдырады. Эстетикалық тəрбие беруде кескіндеме, музыка, бейнелеу өнерінің алғы шарттарын теориялық тұрғыдан қарастырумен шектеп қана қоюға болмайды. Өйткені, эстетикалық тəрбие өнермен айналысу, жалпы адамдардың қабілеттері мен мүдделеріне сəйкес келетін көлемдердегі шығармашылық əрекет. Адамның өнердегі, өмірдегі əсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып жəне оны ажыратып рухани əспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тəрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден – ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Олай болса, бүгінгі оқушыларға эстетикалық тəрбие берудің мақсаты- тұлғаның əсемдік жөніндегі қабілетін жетілдіріп, өмірдегі жəне өнердегі сұлулықты сезіне білуге қалыптастыру болып шығады. Эстетиалық тəрбие беруде мұғалім оқушы бойындағы көркем өнерге деген ынта ықыласын қолдай отырып, табиғи болмысындағы өмірге үйлесімді сыр – сипатын аша түсуге зейін аударуы керек. Айталық, тұлғаның дыбысты, үнді, əуенді, ырғақты дəл аңғара алуы, немесе түр, түс, бəден, реңді байқай білу ерекшеліктерін ажырату қабілетіне мəн беріп, үйлесімділікті ескерсе оның нəтижесі де тұлғаның санасын, танымын қалыптастыруға тиімді ықпал жасайды. Əрбір оқушының эстетикалық таным ерекшеліктерінде байқалған бейімділік көріністеріне назар аударып оған бағдар берумен қатар, ол салаға байланысты нақты тапсырмалар орындаттырып, олардың өздігінен ізденуіне жол нұсқау тұлғаның бойында əлі көрінбей жатқан мүмкіндіктерін ашуға жəрдем ететіндігін есте сақтау керек. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Əсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани лəзаттануға мүмкіндік береді. Біз əр адамның адамгершілікті тұлғалық мəнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан əр баланың сезімін нəзіктігін, көркемдікті, əсем нəрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Оқушылардың жалпы мəдениеті, яғни эстетикалық тəрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мəдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мəн берілген. Жеке адамның сыртқы мəдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бəрі сұлу болу керек. Қазіргі кездегі эстетикалық тəрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тəжірибесін меңгеру қажет. Мəдени құндылықтарды жасауда əр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық əрдайым əсемдікті іздеді, қолдан жасады жəне оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан жəне оны əсемдікті сезінудегі тəрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек. Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, əдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек. Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады. Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика жəне тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нəтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек. Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды жігерлендіреді, олардың көңіл-күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат береді. Эстетикалық көзқарасты тəрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып жəне осылар арқылы адам сезімімен санасына əсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жəрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тəрбиелеу тəрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тəрбиесін, зерттелген құбылыстар əсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тəрбиелеу – адамдардағы əсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тəртіп пен мінез-құлықты тəрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ əсемдікке көзқарасты тəрбиелеуді өмірден, белсенді іс- қарауға əрекеттен жəне мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау болмайды. Мектеп оқушыны əсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс- əрекетінен, еңбек нəтижесінен көруді жəне лəззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы əсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тəрбиелейді. Сонымен эстетикалық тəрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан лəззат алу. Эстетикалық тəрбие адамда дүниедегі əдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Эстетикалық тəрбие беретін шығармаларды оқыту мектептің оқу процесімен қатар сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар негізінде жүргізілуі тиіс. Өйткені қабылдаудың психологиялық негізі бойынша баланың эстетикалық тəрбиесі сензитивті деңгейде жүзеге асырылады. Сондықтан тыс оқыту арқылы бала қабылдайтын эстетикалық əсерді, оның рухани мазмұнын қызықты етіп тəрбиелеуге болады. Яғни сыныптан тыс оқытуда жүйелі түрде арнайы бағдарламаларға сəйкес ұйымдастыру арқылы (кездесу, əңгімелесу, сырласу, пікір айту, дискуссия, т.б. жандандыруға болады. Өмірдегі, өнердегі əдемілікті сезу жəне көру адамдарда əртүрлі болады. Біреулер əдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мəн бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Əдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка жəне əн саласынан əр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды əдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Əдебиет: 1. Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат. Алматы, 2000. 2. Əбілова З.Оқушыларға эстетикалық тəрбие беру Алматы, 1986. 3. Əбілова З.Этнопедагогика. Алматы, 1997. 4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. Алматы, 1995. 5. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. Алматы, 2001. 6. Қожахметова Қ.,Ұзақбаева С.Эстетикалық тəрбие берудің ұлттық негіздері Алматы, 1993. 7. Табылдиев Ə. Қазақ этнопедагогикасы. Алматы, 2000.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.