Оқыту үдерісі ұғымы

Главная » Рефераттар » Оқыту үдерісі ұғымы

Дидактикада қарастырылатын білім беру ұғымынан кейінгі маңызды ұғым — оқыту. Оқыту — жүйелі білім берудің ең маңызды және сенімді жолы. Окыту үдерісі — білім беру мақсаттарына кол жеткізуге мүмкіндік беретін, мұғалім мен оқушылардың ұйымдастырылған өзара әсерлесуі. Оқыту үдерісі ұғымы мәні білімдерді меңгерту, қабілеттіліктерді дамыту, дүниетанымды калыптастыру ретінде анықталады.
Қазіргі дидактикада оқыту қос жақты деп карастырылады. Оқыту үдерісіндегі мұғалімнің іс-әрекеті — сабақ беруден, оқушылардың іс-әрекеті оқудан тұрады.
В.П. Беспалько анықтаған окыту үдерісінің өрнегі:
ДП = М +Аф — Аб
Мұндағы: ДГІ — дидактикалык үдерісі; М — окушыны окуға моти-вациялау; Аф — функния алгоритмі, оқушының оку-танымдық іс-әрекеті; Аб — баскару алгоритмі, мұғалімнің окуды баскару іс-әрекеті.
Білім беру максаттарына сәйкес, оқыту бірнеше кызмет атқарады. Оқыту үдерісінің аткаратын қызметі: білім беру, дамыту, тәрбиелеу, ынталандыру ұйымдастыру.
Білім беру функциясының мәні оқушыларды ғылыми білімдер жүйесімен қаруландыру, білік, дағдыларды қалыптастырып, оларды прак гикалык түрде қолдануға үйрету болып табылады.
Білім беру функциясын жүзеге асыру кітаппен жұмыс істеу, косымша эдебиеттер мен аныктамалықтарды колдану жэне өзіндік жүмыстарды үйымдастыру дағдыларын калыптастырумен тығыз байланысты.
Оқы гудың гэрбиелік функциясы қарым-қатынас негізінде белгілі бір көзқарастарды, сенімдерді, қатынастарды, тұлға сапасын тәрбиелеуді көздейді. Тэрбиелеу функциясын жүзеге асырудың маңызды аспектісі оқу іс-эрекеті мотивтерін калыптастыру болып табылады.
Окытудың дамыту функциясы окушының сөйлеу тілі мен ойлау жүйесін, эмоционалдык-еріктік, мотивациялық-кажеттіліктерін, кимыл-әрекеттерін тұтас психикалық жүйе ретінде дамытуға көніл бөлуді негіздейді.
Оқыту үдерісінің құрылымы
Дидактикада окыту үдерісін іс-әрекет ретінде қарастыра отырып, оны мынадай компоненттерге жіктеуге болады:
— бастапкы ситуацияны талдай отырып, окыту мақсаттарын анықтау жэне түжырымдау, оларды окушылардың қабылдауы;
— жүмысты жоспарлау, алдына қойған мақсатына жетудің мазмүны мен құралдарын іріктеп алу — оқу материалының жаңа фрагментін түрлі жолдармен үсыну жэне саналы кабылдау;
— үйретуші және оқу амалдарын орындау, мұғалімдер мен оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру (жаңа оқу материалын тиімді қолдану үшін оқушыларды ұйымдастыру жэне өзін-өзі ұйым-дастыру);
— кері байланысты ұйымдастыру, бақылау және материал мазмұнын меңгеру жұмысын реттеу және өзін-өзі бакылау;
— оқушылардың мектептен тыс дайындығы және жұмысы.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.