Оқыту үдерісіндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті

Home » Рефераттар » Оқыту үдерісіндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
Рефераттар Комментариев нет

Мектептегі оқушыларды оқыту үдерісі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Мүғалімнің оқытудағы іс-әрекеті қызметі оқушылардың белсенді және саналы танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады. Мұғалім окушылардың алдына міндеттер қояды, оларды біртіндеп күрделендіре отырып, балалардың ойлауын, таным жолымен ілгері қарай дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мұғалім оқудың тиімді үйымдастырылуына қажетті жағдайларды жасайды: қойылған мақсаттарға сэйкес мазмұнды таңдайды, түрлі оқыту формаларын ойластырады жэне қолданады, мазмүнның оқушы қол жеткізген жетістікке айналуына көмектесетін түрлі әдістерді қолданады.
Оқыту үдерісін басқарудың мәні оны педагогикалық үдеріс пен педагогикалық іс-әрекет қүрылымына сәйкес келетін белгілі бір кезеңдерден өткізуді негіздейді. Мүндай кезеңдерді оқыту кезеңдері ретінде бөліп көрсетейік: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу (ынталандыру), бақылау, нэтижелерді бағалау мен талдау.
Жоспарлау кезеңінде мүғалім оқушылар дайындығының бастапқы деңгейін, олардың оқу мүмкіндіктерін, материалдык базасы мен эдісте-мелік қамтуын, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін, сабақтың дидактикалық мақсаттары мен сыныитың үжымдық қалыптасуына сэйкес білімдік, тәрбиелік жэне дамыту міндеттерін анықтайды, мазмүнды таңдайды, сабақты жүргізу формалары мен эдістерін ойластырады, жұмыс түрлерін, оқушының, өзінің әрекеттерін таңдайды, нәтижелерді, кездесуі мүмкін қиындықтарды, оку-көрнекілік қүралдарын қолдану орнын, өзіндік жүмыстар орнын және мазмұнын, оқушылар белсен-ділігін ынталандыру тэсілдері меп үй тапсырмалары мазмүнын таңдап алады.
Іс-эрекетті үйымдастыру кезеңшде оқу міндеттерін оқушылардың алдына қоя отырып, оларды шешу үшін тиімді жагдайлар жасайды. Бұл кезеңде нұсқау беру, функцияларды бөлу, алгоритмді үсыну тэсілдерін қолданады.
Мүғалім іс-эрекетке үздіксіз бақылау жүргізе отырып, оқыту үдерісіне түзету енгізу, реттеу әрекеттерін жүзеге асырады. Мүнда бақылау барысында оқушылардың меңгерген білімдері, қолданылған эдіс-тэсілдері тиімділігі жайлы ақпараттар ала отырып, оқу жұмысы каркынын арттыру не төмендету, материалды баяндау ретін өзгерту, ұсынылатын жұмыс көлемін анықтау сияқты жұмыстар қарастырылуы мүмкін.
Оқыту үдерісінің қорытынды кезеңі жүзеге асырылған педагоги-калық міндеттердің орындалу нэтижелерін талдаумен аяқталады. Қол жеткен табыстар мен байқалған кемшіліктер себептері анықталып, оларды жою мүмкіндіктері қарастырылады.
Оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекеті — өзінің құрылымы, даму жэне қызмет көрсету заңдылықтарымен анықталатын ерекше іс-эрекет түрі ретіндегі оқу болып табылады.
Оку мақсаты — таным, яғни ең соңында білім, білік, дағдылар ретінде, катынастар жүйесі мен жалпы дамуда байкалатын қоршаған орта жайлы акпараттар жинау жэне оларды өңдеу
Оқудың маңызды компоненті мотивтер, яғни қандай да бір оқу эрекеттерін немесе тұтас оқу іс-эрекетін жүзеге асыруда окушы же-текшілікке алатын ұмтылулар болып табылады. Оқу барысында эр түрлі мотивтер байқалады. Оларды өзара байланысты үш топқа бөлуге болады:
1. Тікелей-ұмтылдырушы мотивтер. Бұл мотивтер тұлғаның эмо-ционалдық байқалуларына, оң жэне теріс эмоцияларына негізделеді (сабакты қызықты жүргізу, мұғалімнің тартымдылығы, мақтау алу, жазалаудан қорку, талқылау объектісіне айналмау).
2. Перспективтік-ұмтылдырушы мотивтер. Бұл мотивтер білімдер және оку пәні маңыздылығын түсінуге негізделеді (пэннің дүниетанымдык, элеуметтік, практикалық-қолданбалык маңызын түсіну, оку пэнін болашак өмірімен байланыстыру, мамандық таңдау, институтқа түсу, отбасын кұру, мактау алу, өзін мойындату, міндет пен жауапкершілікті сезіну).
3. Интеллектуалды-ұмтылдырушы мотивгер танымдық үдерістің өзінен канағаттануға негізделеді (білімге кызығушылық, білуге ұмтылу, мэдени деңгейін көтеруге ұмтылу, белгілі бір біліктер мен дағдыларды меңгеруге ұмтылу, оқу-танымдық есептерді шығаруға кызығу).
Интеллектуалды-ұмтылдырушы мотивтердің ішіндегі ерекше орын алатын — танымдық кызығушылықтар мен қажеттіліктер болып табылады.
Г.И. Щукин танымдык қызығушылыктардың деңгейлерін және сэйкес оларды калыптастыру жолдарьтн анықтады. Танымдық кызығушылыктың ең төменгі деңгейі нақты фактілерге, білімдерге, бейнелеулерге, үлгі бойынша әрекеттерге зейін аударумен байқалады. Екінші деңгей тәуелділіктер, себеп-салдарлық байланыстар мен оларды өз бетінше анықтауға қызығушылығымен анықталады. Жоғары деңгейі теориялық проблемаларға білімдерді жасампаздық іс-әрекетпен меңгеруге мүдделілігінен байқалады. Танымдық қызығушылықтың жоғары деңгейде қалыптасуы танымдык қажеттіліктер болуы жайлы негіздейді.
Оқудың келесі компоненті — саналы түсінген мақсатқа сәйкес жасалатын оқу әрекеттері (операциялар). Оқу әрекеттері оқу тапсырмаларын орындаудың барлық кезеңдерінде байқалады; сырткы жэне ішкі оқу эрекеттері болып бөлінеді. Сырткы оку әрекеттеріне барлық пэндік әрекеттер (жазу, сурет салу, тәжірибе қою). перцептивтік эрекеттер (тыңдау, қарастыру, бақылау, сезіну), сөйлеу тілімен байланысты қолданылатын символикалық эрекеттер жатады. Ішкі әрекеттерге — мнемикалық эрекеттер (материалды есте сактау, оны реггеу мен ұйымдастыру), қиялдау эрекеттері және ойлау эрекеттері жатады. Ерекше көңіл аударуды қажет ететін ойлау эрекеттері мен ойлау операциялары: талдау, синтез, салыстыру, классификация, жал-пылау жэне т.б.
Оқудың маңызды қүрылымдық компоненттері бақылау, нәтиже-лерді бағалау жэне талдау эрекеттері болып табылады. Мүнда өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі талдау әрекеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Осы мақсатта өзара бақылау, өзара бағалау және өзара талдау үйымдастырудың маңызы зор.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.