Оқыту нысандары

Главная » Рефераттар » Оқыту нысандары

Оқыту нысаны ұғымы. Білім беру мазмұнын меңгеру бағытындағы окушылардың іс-әрекеті әр түрлі окыту нысандарын қолдану арқылы ұйымдастырылады. Бұл оқыту нысандары оқыту мақсаттары мен міндеттеріне, оқушылар санына, оқу жұмысы орны мен жасалу уақытына, оқулықтар және оқу кұралдарымен қамтамасыз етілуіне байланысты анықталады. И.М. Чередов дидактикадағы оқыту нысандарын — мазмұн, әдістер, тәсілдер, кұралдар, оқушылардың іс-әрекеті түрлері сипатымен байланысты окыту үдерісінің ерекше күрылымы деп анықтаған. Ал оқулықтарда оқытуды үйымдастыру нысаны — белгілі бір ретпен және белгілі бір режімде жүзеге асырылатын мүғалімдер мен оқушылардың үйлесімді іс-әрекетінің сыртқы байқалуы деп сипатталады. Оқытуды үйымдастыру нысандары әр түрлі критерийлер бойынша жіктеледі. Оқушылардың саны бойынша: жаппай, үжымдық, топтық, шагын топтық және жекелеген оқыту нысандары болып бөлінеді. Оқу орны бойынша: мектептік сабақ, шеберханадағы және тәжірибе алаңындағы жүмыс т.с.с. мектептен тыс, үйдегі өз бетінше жұмыс, экскурсия, мекемелердегі сабақтар болып бөлінсе, оқу уақыты ұзақтығы бойынша сабақ — 45 минут, жұпталған сабақ — 90 минут, жұпталып, қысқартылған сабақ — 70 минут, оқу уақыты толық анықталмаған сабақ болып бөлінуі мүмкін.
Қандай да бір оқыту нысандарына басымырақ мән берілуіне байланысты оқытудың турлі жүйелері айқындалады.

Оқыту жүйелері және сынып-сабактык жүйе ерекшеліктері. Адамзат қоғамы қалыптасуының алғашқы кезеңінде жекелеген оқыту жүйесі қолданылды. Орта ғасырларда оқушылардың саны артуына байланысты топқа жастары біркелкі оқушыларды жинауға мүмкіндік туды. Бұл кезеңде Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінде тұжырымдалған сынып-сабақтық жүйе қолданылды. Сынып-сабақтық жүйені әрі қарай К.Д.Ушинский, А. Дистервег жетілдірді. XIX ғасыр соңында бір мезгілде 600-ден астам оқушыларды қамти отырып, ересектеулерін өзі оқытып, олар кішілеулерін оқытатын, көмекшілер дайындау арқылы жүретін оқыту жүйесі пайда болды. Бұл оқыту жүйесін ендірушілер дін қызметкері А.Белл мен мұғалім Д.Ланкастер болды, сондықтан Белль-Ланкастер жүйесі деп аталды. Бұл жүйенің пайда болуы бір мезгілде көбірек жұмысшылар арасында білім таратып, оқытуды ұйымдастыру мен мұғалімді дайындауға жүмсалатын шығынды азайту мақсат болды.

Сонымен қатар бұл елде оқушылардың қабілеттіліктеріне қарай бөліп оқыту қарастырылатын, сынып-сабақтық жүйеге ұқсас Мангейм жүйесі де қатар жүрді. Сабақтың кемшіліктерін азайту мақсатында басқа да оқыту жүйелері пайда бола бастады. Америкада Е.Паркхерст жүзеге асырған Дальтонжоспар жүйесі дүниеге келді. Бұл жүйеде сабақтар жүргізілмей, оқушылар жекелеген жоспар бойынша жазбаша тапсырмалар алып, оқытушыдан кеңес алғаннан соң өз бетінше жүмыс жасау жүзеге асырылды. Дальтон-жоспар негізінде оқытуды бригада-лабораториялық окыту жүйесі, яғни ұжымдық жұмысты бригадалық және жекелеген жұмыстармен байланыстыра жүргізу қарастырылды. Мұғалімнің рөлінің төмендеуі, барлық оқушылардың бірдей жұмыс істемеуі бұл оқыту жүйелерінің де жойылуына алып келді. Жоғары оқу орындарында дәрістік-семинарлық оқыту жүйесі жүзеге асырылды. 60-жылдарда Америка профессоры тұжырымдаған Трамп жоспары кеңінен қолданылды. Бұл жүйеде үлкен оқу аудиторияларында 10-15 адамнан тұратын топтармен және жекелеген жүмыстармен ұштастыра жүргізу идеясы жүзеге асты. Үлкен топтармен жұмыс істеуге уақыттың 40%-ы, кіші топтарға — 20%, қалған уақыттың 40%-ы өз бетінше жұмыстарға берілді.

.

Дегенмен сынып-сабақтық оқыту жүйесінің басқа формаларға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: қатаң ұйымдастыру құрылымы бар, бір мезгілде мұғалім үлкен оқушылар тобымен жұмыс жасау мүмкіндігіне байланысты үнемді, өзара оқыту, ұжымдық іс-әрекет жасау оқушыларды тәрбиелеу және оқыту үшін жақсы жағдайлар жасауға болады. Сонымен бірге сынып-сабақтық жүйенің кемшіліктері де байқалады, мысалы оқушылармен жекелеген оқу-тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін емес, ол орташа оқушыға бағдарлана жүргізіледі.

.

Оқытудың негізгі нысаны ретіндегі сабақ. Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақтык жүйесінің маңызды компоненті — сабақ. Сабақ — нақты анықталған уақыт ішінде оқушылардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, тікелей оқу пәні негіздерін меңгеру жағдайын жасау, танымдық қабілеттіліктері мен рухани дамуын камтамасыз ету үшін жүмыс құралдары мен әдістерін қолдана отырып, оқушылардың топтық танымдық және басқа да іс-әрекеттеріне мұғалімнің жетекшілік етуі жүретін, оқытуды ұйымдастыру нысаны. Анықтамада көрсетіліп тұрған сабақтың негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты тобы, окушылардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, іс-әрекетіне жетекшілік ету, оқытылатын пән негіздерін тікелей сабақта меңгеру

Әрбір сабак білім, білік, дағдыларды меңгеру құрылымына сәйкес мұғалім мен оқушылардың түрлі іс-әрекеттерімен сипатталатын элементтерден құрылады. Сабақ құрылымы күрделі не қарапайым болуы мүмкін. Бұл оқу материалы мазмұнына, сабақтың дидактикалық максаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктері мен ұжым ретіндегі сынып ерекшеліктерімен анықталуы мүмкін. Құрылымына қатысты әр түрлі сабақ типтері анықталады. Сабақ типтері:
— аралас сабақ;
— жаңа білім беру сабағы;
— білімді бекіту және қайталау сабағы;
— жалпылау және жүйелеу сабағы;
— біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және бекіту сабагы;
— білімді тексеру сабағы.

.

Сабақтан басқа да оқытуды ұйымдастырудың қосымша нысандары бар. Олар: экскурсия, үй жұмысы, оқу конференциясы, қосымша сабақтар, семинар, лекция, практикум, сынақ, емтихан. Бұлардан басқа оқытудың көмекші нысандары бар. Олар: факультатив, үйірмелер, клубтар, олимпиада, конкурс және т.б. Сабақтың тиімділігі мұғалімнің мұқият дайындығы және өткізу шеберлігі сиякты екі кұрамды бөлікке байланысты болады.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы үш кезеңнен тұрады: диагностикалау, болжамдау (прогноздау), жобалау (жоспарлау). Сабаққа дайындық алгоритмі диагностикалаудан басталады. Диагностика сабақ өткізуге қатысты оқушылардың мүмкіндіктерін, іс-әрекет пен мінез-құлық мотивтерін, сұраныстары мен бейімділіктерін, қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін, қажетті оқытуға даярлығы деңгейін, оқу материалының сипатын, ерекшеліктері мен практикалық маңыздылығын, сабақ құрылымын анықтау болып табылады. Сонымен бірге тіректік білімді бекітуге, жаңа білім алу, бекіту мен жүйелеу, бақылау мен білім, біліктерді түзетуге кететін уақытты да талдау жүреді. Болжамдау өткізілетін сабақтың түрлі тиімді нұскаларын бағалауға арналады. Барлық оң және теріс әсер ету факторлары мен критерийлерді қанағаттандыру негізінде келесі кезең — жоспарлауға өтеді. Жобалау (жоспарлау) — сабаққа дайындықтың соңғы кезеңі және ол оқушылардың танымдык іс-әрекетін басқару бағдарламасын жасаумен анықталады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.