Оқыту заңдылықтары мен принциптері

Home » Рефераттар » Оқыту заңдылықтары мен принциптері
Рефераттар Комментариев нет

«Заңдылық», «заң», «принцип» ұғымдары және олардың арасындағы байланыс. Оқыту теориясы мен практикасын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады. Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды. Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. Педагогикалық принцип нормативті түрде заңның мәнін сипаттайды. Ол тиісті жағдайларда оқытуды дұрысырақ ұйымдастырудың жолын анықтайды. Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдаудың теориялық негізі болып табылады. Жеке алғанда, заңдылықтар мұғалімдер үшін тікелей нұсқаулар бере алмайды. Принциптер анықталған заңдылықтарды бейнелей отырып, іс-әрекет кағидаларын категориялар ретінде тұжырымдайды, оқу үдерісін ұйымдастыруда бастапқы бағдар рөлін атқарады. Оқыту заңдылықтары оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейді, ал олардың негізінде анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал — оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.

Сонымен, заңдылық белгілі бір жағдайлардағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталаныи отыратын өзара байланыс. Қатаң тіркелген заңдылық:
1) егер байланыс анықталған объектілер қатаң тіркелген болса;
2) сол байланыстардың түрі, формасы және сипаты зерттелген болса;
3) байланыстардың байқалу шегі анықталған болса, онда заңға айнала алады.

Педагогика теориясы мен практикасының дамуы барысында әр кезеңге сәйкес заңдылықтарға қатысты алғашқы кездерде ережелер, одан соң заңдар тұжырымдала бастады. Педагогика заңдарын жасауға Коменский, Песталоцци, Селерье, Торндайк, Мейман тағы басқалар үлес қосты.
Қазіргі оқыту үдерісінде диалектиканың жалпы заңдары колданылады. Олар: қарама-қайшылықтар бірлігі мен күресі, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі, терістеуді терістеу т.с.с. Сонымен бірге педагогика гылымының тұжырымдалған педагогикалық заңдары да бар. Қазіргі кезде педагогика ғылымында Ю.К.Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин т.б. зерттеушілер тұжырымдаған заңдарға ерекше мән беріледі:
— мақсат, мазмұн және окыту әдістерінің әлеуметтік шарттылығы заңы;
— тәрбиелей жэне дамыта оқыту заңы;
— оқыту мен тәрбиенің оқушының іс-әрекеті сипатымен байланыстылығы заңы;
— педагогикалық үдерістің тұтастығы мен бірлігі заңы;
— оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланысы заңы;
— оку іс-әрекетін жекелеген және ұжымдык ұйымдастырудың бірлігі мен өзара байланыстылығы заңы.
Демек, оқытудың нормативтік элементтері ретінде оның заңдылықтары, заңдары және принциптері арасында өзара байланыс байқалады. Бұларды ескеру оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту заңдылықтары және олардың жіктелуі. Дидактиканың міндеттерінің бірі — оқыту заңдылыктарын анықтау болып табылады. Оқыту заңдылыктарын анықтау оқытудың педагогикалық тұжырымдамасын құрайтын стратегиялық идеяларды тұжырымдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде анықталған идеялар:
— оқыту мен тәрбиелеудің рухани бай, жалпы адами кұндылыктар мен моральды меңгерген, жан-жақты жэне үйлесімді дамыған, жемісті жэне өнімді іс-әрекетке қабілетті дербес тұлғаны қалыптастыруға багыттылығы;
— тұлғаны қалыптастырудың басты шарты ретінде оқу-танымдық, ізденістік, шыгармашылық іс-эрекеттерді ұйымдастыру бірлігі;
— окытуды тэрбиенің арнайы тэсілі ретінде қарастыруды талап ететін оқыту мен тэрбиенің органикалық бірлігі, сондай-ақ оған да-мытушы жэне тәрбиелеуші сипат беру;
— мазмүнды, эдістерді, қүралдарды оңтайландыру, уақыт пен күшті аз жүмсап, ең көп тиімділік алып келетін эдістерді таңдап алуға бағытталу.
Оқыту үдерісіне қатысты заңдылықтар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы заңдылықтар оқытудың элеуметтік-экономикалық, саяси ситуациялармен, мәдениет деңгейімен, белгілі бір типтегі тұлғаға деген қоғам қажеттілігімен жэне білім беру деңгейлерімен байланыстылығын сипаттайды. Ал ішкі заңдылықтар оқыту үдерісінің мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары, формалары арасындағы байланыстарға қатысты анықталады. Басқаша айтқанда, бұл сабақ беру, оқу және оқып-үйренетін материал арасындағы байланыстар. Сонымен бірге оқыту үдерісінде байқалатын заңдылықтарды жалпы және нақты заңдылықтар деп те бөлуге болады. Өз эрекетімен жүйені толық қамтитын заңдылықтар — жалпы, ал тек жүйенің жекелеген компоненттеріне қатысты заңдылықтар жеке, нақты болып табылады.

Оқытудың жалпы заңдылықтары:
1. Оқыту мақсаттарының заңдылығы
Окытудың мақсаты: а) қоғамның даму деңгейі мен қаркынына; б) қоғамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне; в) педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен мүмкіндіктеріне байланысты.
2. Оқыту мазмұнының заңдылығы
Оқыту мазмұны (білім беру): а) қоғамдық қажеттіліктер мен оқыту мақсаттарына; б) әлеуметтік және ғылыми-техникалык прогресс қарқынына; в) оқушылардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктеріне; г) оқыту теориясы мен практикасын дамыту деңгейіне; д) оқу мекемелерінің материалдық-техникалық және экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
3. Оқыту сапасының заңдылығы
Окытудың әрбір кезеңінің тиімділігі: а) алдыңғы кезең өнімділігі мен онда қол жеткізген нэтижелерге; б) оқып-үйренетін материал сипаты мен көлеміне; в) оқытушылардың ұйымдастыру-педагогикалық әсерлеріне; г) оқушылардың өзара даярлығына; д) оқыту уақытына байланысты.
4. Окыту әдістерінің заңдылығы
Дидактикалық эдістердің тиімділігі: а) әдістерді қолдану білімдері мен дағдыларына; б) оқыту мақсаттарына; в) оқыту мазмұнына; г) оқушы жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне; е) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге; ж) оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты.
5. Оқытуды басқару заңдылығы
Окыту өнімділігі: а) кері байланыстың қаркындылығына; б) түзетуші әсерлердің негізділігіне байланысты.
6. Оқытуды ынталандыру заңдылығы
Окыту өнімділігі: а) оқытудың ішкі стимулдарына (мотивтеріне); б) сыртқы (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық) стимулдарға байланысты.

Ал жекелеген нақты заңдылықтар оқу үдерісінің жекелеген компоненттеріне қарай анықталады.
1. Дидактикалық компоненттер
Құрамы: оқыту мақсаты, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, тәсілдері.
Дидактикалық заңдылықтар:
— окыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқыту ұзақтығына тура пропорционал;
— берілген көлемдегі білім, біліктердің меңгерілу тиімділігі мұғалім тудырған оқу ситуациясы сипатына байланысты т.с.с.
2. Гносеологиялық компоненттер оқушылардың мұғалім жетекшілігімен объективті шындықты, табиғат пен қоғамды және өзіне қатысты фактілер мен заңдарды танып-білуі аспектісімен анықталады
Гносеологиялық заңдылықтар:
— оқыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың оки білуіне тура пропорционал;
— окушылардың ақыл-ойының дамуы меңгерілген өзара байланысты білім, білік, жасампаздық іс-әрекет тәжірибесі көлеміне тура пропорционал (И.Я. Лернер) т.с.с.
3. Психологиялық компонент оқыту үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетінің ішкі психикалық жағына басымырак қатысты.
Психологиялық заңдылықтар:
— оқыту өнімділігі (белгілі бір шекте) оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызыгушылықтарына тура пропорционал;
— нақты оқу материалын меңгеру нәтижесі оқушылардың нақты білім, біліктерді меңгеруі қабілеттілігіне, олардың жекелеген бейімділіктеріне байланысты.
4. Кибернетикалық аспект оқу үдерісіндегі әр түрлі байланыстарды, ақпараттар ағынын, ең бастысы — акпараттарды меңгеруін басқаруды бейнелейді.
Кибернетикалық заңдылықтар:
— оқыту тиімділігі (белгілі бір шекте) кері байланыс жиілігі мен көлеміне тура пропорционал;
— білім сапасы бақылаудың тиімділігіне байланысты.
5. Әлеуметтік компонент оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы қатынастарды қамтиды. Мұнда әлеуметтік өзара байланыстар -бағыттылық, оқытудың әлеуметтік маңыздылығы т.с.с. бейнеленеді.
Әлеуметтік заңдылықтар:
— индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама қарым-қатынаста болатын барлық баска индивидтердің дамуымен байланысты;
— дидактогения (мұғалімнің оқушыларға дөрекі қатынасы) тұтастай алғанда әрбір оқушының, сыныптың, жекелей алғанда жеке оқушының оқыту тиімділігін томендетеді.
6. Ұйымдастыру компоненті оқу үдерісін интеллектуалдық еңбек аспектісінде бейнелейді. Оған: оку үдерісін және мұғалім еңбегін ұйымдастыру, материалдык-техникалық жабдықтау, ынталандыру, өнімділік, рентабельділік мәселелері жатады және т.с.с.

Ұйымдастыру заңдылықтары:
— оқыту тиімділігі ұйымдастыруға байланысты. Тек оқушыларда оқуға қажеттілікті дамытып, танымдық қызығушылықты қалыптастыратын, қанағаттану сезіміне жеткізетін, танымдық белсенділігін ынталандыратын ұйымдастыру ғана дұрыс.
— окыту нәтижесі (белгілі бір шекте) оқушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне тура пропорционал т.с.с.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.