Оқытудағы диагностика

Главная » Рефераттар » Оқытудағы диагностика

Білімділік нәтижесін диагностикалау. Диагностика — дидактикалық үдерістің өту жағдайларын, оның нәтижелерін дәл аныктау болып табылады. Диагностикасыз дидактикалық үдерісті тиімді басқару, жасалған жағдайларға сәйкес оңтайлы жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес. Диагностикалауға қатысты екі ұғым мәнін ашу қажет. Білімділік — оқытуда қол жеткізген нәтиже, ал білім алуға даярлық — оқушының оқытудағы әлеуеттік мүмкіндіктерін сипаттайды. Сонымен бірге білімділік диагностикалау жүрген кездегі қол жеткізген мақсаттардың жүзеге асырылу деңгейін де сипаттайды. Дидактикалық диагностикалау мақсаты оку ұдерісті тиімділігіне байланысты жүру барысын дер кезінде анықтау, бағалау, талдау болып табылады.
Диагностика — оқушылардың дәстүрлі білім, біліктерін тексеруге қарағанда кеңірек және тереңірек ұғым. Тексеру тек соңғы нәтижені ғана көрсетсе, диагностикалау нәтижеге қол жеткізудің жолдары және тәсілдерімен бірге, олардың қалыптасу динамикасын да анықтауға мүмкіндік береді. Диагностикалауға бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мағлұматтарды жинақтау талдау, әрі қарай даму жағдайларын болжамдау кіреді.
Оқушылардың білім, біліктерін бақылау, бағалау диагностикалаудың қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Жаңа демократиялық мектепте бақылау жалаң түрде жүрмеуі керек. Дидактикалык бақылау өзіндік оқыту әдісі ретінде үйретуші, дамытушы бағытта болып, өзін-өзі бақылаумен ұштаса отырып, оқушы үшін қажетті және пайдалы болуы керек.

.

Оқушылардың үлгерімін бақылау. Окыту тиімділігі бақылаудың саны мен сапасына, толықтығына, өз уақытында жүруіне, тереңд ігі мен объективтілігіне тікелей байл анысты. Бақылауды іс жузіне асыру үшін онда қолданылатын ұғымдар мәнін, тиімділігіне әсер етуші факторларды анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға «бағалау», «бақылау», «тексеру» «есепке алу» т.с.с. жатады. Бақылау — оқушылардың білім, біліктерін анықтауды, өлшеуді және бағалауды сипаттайтын жалпы ұғым. Анықтау мен өлшеу тексеру деп аталады. Сондықтан тексеру бақылаудың кұрамдық компоненті болып табылады. Тексерудің негізгі дидактикалық функциясы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу материалын меңгеруі жайлы ақпараттар алу, дер кезінде оқушылар біліміндегі кемшіліктерді анықтап отыру болып табылады. Тексеру максаты — оқушылардың білім деңгейлері мен сапасын ғана емес, олардың оқу еңбегінің көлемін де анықтау. Тексеруден басқа, бақылаудың құрамына үдеріс ретінде бағалау және нәтиже ретіндегі бағалар кіреді.

Оқушылардың үлгерімдерін бағалау негізі бақылау нәтижелері болып табылады. Бұл жерде оқушылар еңбегінің сандық және сапалық көрсеткіштері ескеріледі. Білімділіктің сандық көрсеткіші бағаны меңгерілуі тиіс білім мен меңгерілген білім арасындагы қатынас ретінде анықтайды. Бұл қатынас өрнегі: 0=Ф/Пх 100%; Мұндағы: О — үлгерім бағасы (білімділігі, өнімділігі) Ф — меңгерілген білім, біліктер көлемі; П — меңгерілуге ұсынылған білім, біліктер.

.

Бағалау функциясы тек білімділік деңгейлерін анықтаумен шектелмейді. Баға мұғалім үшін окуға ынталандыру, оң мотивация тудыру, тұлғага әсер ету кұралы болып табылады. Объективті бағалау негізінде оқушыларда сәйкес өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сынай қарау қатынастары қалыптасады.
Білімділікті диагностикалау мен бақылаудың маңызды принциптері объективтілік, жүйелілік, көрнекілік (жариялылық) болып табылады. Объективтілік диагностикалық тестілер мазмұны, диагностикалық процедуралары, педагогтің барлығына бірдей тең қатынасы, білім, біліктердің деңгейін сәйкес дәл сипаттау критерийлерін анықтаумен байланысты. Жүйелілік принципі дидактикалық үдерістің барлық кезеңдерінде білімді қабылдаудан практикалық түрде қолдануға дейін диагностикалық бақылау жүргізу қажеттілігімен анықталады. Бұл принцип диагностикалауға түрлі бақылау формаларын, әдістерін, құралдарын өзара байланысты кешенді қолданумен де сипатталады. Көрнекілік (жариялылык) принципі бірдей критерийлер бойынша ашық түрде диагностикалау жүргізуге негіздейді. Бақылау нәтижелерін дер кезінде жариялап, талдауды қажет етеді. Диагностикалау, бақылау, тексеру және бағалау логикалық ретпен бөліктерге бөліне отырып жүргізілуі қажет. Тексеру жүйесіндегі бірінші кезең — оқушылардың білім деңгейлерін алдын ала анықтау. Бұл тексеру жьш басында немесе жаңа бөлімдерді оқып-үйренуге кірісер алдында өткізіледі және мұнда оқушылардың курстың не бөлімнің маңызды элементтерін меңгеруі дәрежесі анықталады. Екінші кезең әрбір такырыпты оқып-үйрену бойынша жүргізілетін ағымдық бақылаумен анықталады. Ағымдық бақылаудың басты функциясы — үйретуші. Үшінші кезең қайталай тексерумен анықталады. Бұл да тақырып бойынша жүргізіледі, жаңа материалдармен қатар бұрын өткен білімдер де тексеріледі. Төртінші кезең кезеңдік тексеру бүкіл бөлім не көлемді материал бойынша жүргізіледі. Бұл тексерудің мақсаты — курстың әр бөлімдерінде оқып-үйренген оқу материалының құрылымдық элементтері арасындағы өзара байланыстарды оқушылардың меңгеру сапасын анықтау үшін өткізіледі. Басты функциялары — жүйелеу мен жалпылау. Бесінші кезең барлық дидактикалық үдерістегі білім, білік, дағдыларды анықтайтын қорытынды тексеру болып табылады. Қорытынды тексеру тоқсан немесе жыл соңында жүргізіледі. Ерекше түр ретінде кешенді тексеруді бөліп көрсетуге болады. Бұл тексеру оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін іс жүзінде колдана білу кабілеттілігін анықтауға арналады.

.

Оқушының жетістіктері мен білім алуға даярлығын тестілеу. Оқыту үдерісіндегі оқушылардың жетістіктері мен дамуын тестілеу арқылы анықтауға болады. «Тест» — ағылшын сөзі «сынау», «тексеру» деген мағынаны береді. Білімділік тестілері — окыту мазмұнының белгілі бір аспектілерін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Тестке қойылатын талаптар: көп уақытталап етпеуі қажет, жауаптары бір мәнді, яғни дұрыс жауабы біреу ғана болуы керек, қысқа дәл жауапты талап етуі қажет, өлшеу шәкілін (шкаласын) қолдану, математикалық өндеуге мүмкіндік беріп, бір мезгілде неғүрлым көбірек оқушыларды қамтып, бірдей деңгейлер мен көлемдегі білімдерді анықтау болып табылады. Тест өңдеуде олардың қаншалықты жобаланған оқыту, білім беру, дамыту мақсаттарына сәйкестігі маңызды. Білімділікті диагностикалаудың маңызды критерийлері: әсерлілігі (валидтілігі, көрсеткіштілігі), сенімділігі (ықтималдылығы, дұрыстығы), дифференциалдылығы (айырмашылыгы) болуы. Әсерлілік немесе оның синонимдері валидтік не көрсеткіштік мазмұны барлық оқып-үйренетін материал бойынша білім, білік, дағдыларды қамтуы болып табылады. Тест әсерлілігі статистикалық әдіспен анықталады. Егер 0,7-0,9 болса — әсерлілігі жоғары, 0,45-0,55 болса — канағаттанарлық, ал одан төмен болса қанағаттанарлықсыз деп саналады.

Сенімділік — дәл сол тестпен немесе тең мағыналы тестпен қайта тексергенде алынған көрсеткіштің тұрақтылығы болып табылады. Тест сенімділігі оның орындау қиындығымен байланысты. Қиындық тест сұрақтарының дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарының қатынасымен анықталады. Егер тест құрамына барлығы бірдей дұрыс немесе дұрыс емес жауап беретін тапсырмалар кіргізілсе, оның сенімділігі төмендейді. Барлық жауап берушілердің 45-80 пайызы дұрыс жауап беруі мүмкін тапсырмалар практикалық жағынан құнды болып табылады. Дифференциалдылығы (айырмашылығы) болуы дұрыс жауапты бірнеше мүмкін нұсқалар ішінен таңдап алуды негіздейтін тапсырмаларды қолданумен анықталады. Егер оқушылар бір сұраққа жауапты катесіз тауып, екіншісіне барлығы бірдей дұрыс жауап бере алмаса, бұл сол тестті жетілдіру, яғни айырмашылығы болатындай етіп дифференциациялауды қажет етеді. Сонымен бірге тест тиімділігі критерийін де қолдануға болады. Тең жағдайларда бірлік уақыт ішінде көбірек жауап алуды қамтамасыз ететін тест тиімдірек деп саналады. Мысалы: 10 минут ішінде әр түрлі әдістерді қолдана отырып, 5, 8, 10 жауап алуға мүмкіндік бар.

Ең көп жауап алуға мүмкіндік беретін тест тиімді деп есептеледі. Тест көмегімен алдын ала, ағымдық, тақырыптық және корытынды бақылаулар, үлгерімді, академиялық жетістіктерді есепке алуды жүзеге асыруға болады. Білімділікті диагностикалау білім алуға даярлықты диагностикалаумен тікелей байланысты, себебі қол жеткізген нәтижелер жайлы мағлұматтар оларға қол жеткізу жағдайларымен, жолдарымен байланысты. Білім алуға даярлық — оқушының берілген окыту мазмұнын меңгеру қабілеттілгі (жарамдылығы). Білім алуға даярлық ұғымының синонимдері — «бейімділік», «оқуға қабілеттілігі», «әлеуеттік мүмкіндіктері», «қабылдағыштық» т.с.с. оқушы тұлғасы қасиеттерін сипаттайтын ұғымдар. Білім алуға даярлық ұғымының компоненттері: оқушының әлеуеттік мүмкіндіктері; әсерлі білімдер қоры (тезаурус); ойлау (ойлау үдерісі) жалпылығы; оқытудағы жылжу қарқыны (білімді меңгеруі). Оқуға даярлығын қарқыны бойынша сипаттауда біркатар көрсеткіштер қолданылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.