Оқытудың психологиялық негіздері

Главная » Рефераттар » Оқытудың психологиялық негіздері

Психология ғылымы тұрғысынан алғанда, оку үдерісінде тұлға тәжірибесіне қатысты сыртқы нәрселердің оның ішкі қасиеттеріне айналуы болып табылатын білімдерді меңгеру жүреді. Іс-әрекеттің психологиялық теориясы психикалық, яғни ішкі іс-әрекет — ол материалдық, яғни сыртқы іс-әрекеттің нәтижесі деп тұжырымдайды. Әлеумегтік тәжірибенің ішкі жоспарға, гүлғаның психикалык жаңа белгілеріне айналу үдерісі интериоризация деп аталады. Бүл оқу, оқыту үдерісінің психологиялық негізін қүрайды. Меңгеру — ішкі үдеріс, ал оқу, оқыту — меңгеруді басқару үдерісі, педагогикалық үдеріс.
Интериоризация құбылысын негіздейтін психологиялық теория -ақыл-ой әрекеттерін кезеңдеп қалыптастыру ілімін П.Я. Гальперин түжырымдаған. Бұл теория окытуды басқаруда алдын ала белгілі қасиеттері бар акыл-ой эрекеттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін жағдайларды анықтайды.
Білімдерді меңгеру үдерісінің қүрылымы оқыту теориясының маңызды мәселелерінің бірі — оку үдерісі логикасына байланысты. Оқу үдерісі логикасы — оку мәні логикасы мен оқушының оқу материалын меңгеру психологиясы жиынтығы деп карауға болады.
Білімдерді меңгеру үдерісі құрылымын таным сызбасы анықтайды. Таным сызбасы: накты бакылаудан (сезімдік тану) абстрактылық ойлауға және әрі қарай күнделікті тэжірибеге өту бөліктерінен түрады.
Сезімдік тану — сезім органдары арқылы нэрсенің мэнін аныктау деп түсінуге болады. Сезімдік тану негізінде жатқан танымдык үдерістер: түйсіну, қабылдау. Түйсінуге қарағанда қабылдау нэрсенің, құбылыстардың барлык қасиеттерін толык, түтастай бейнелейді. Сондықтан танымда басты рөл қабылдауға тиеді.
Қабылдауда көру анализаторының өте көп мүмкіндігі бар. Ал бірак негізгі реттеуші ми, сондықтан бір акпарат бірлігіне екі түсіндірме, яғни қосымша ақпарат беріп отыру кабылдау мүмкіндігін жоғарылатады.
Кабылдауға көп факторлар эсер етеді. Ақпарат беру жиілігі, жылдамдығы, оқушының көңіл-күйі, апта уакыты, сабақ уақыты т.с.с. Қабылдау мазмұны оқушының қойған мақсатына, іс-әрекет мотивтеріне, түсінігіне, эмоциясына байланысты.
Қабылдау гүлғаныа өткен тәжірибесіне, барлық психикалык өмі-ріне, түлға ерекшеліктеріне байланысты. Мүны апперцепция деп атайды.
Мүнан кейінгі таным үшін маңызды мәселе абстрактылы ойлау болып табылады. Абстрактылы ойлау қүрамына кіретін компоненттер: гүсіну, саналы меңгеру, жалпылау. Абстрактылы ойлау деген қабылдау іс-эрекеті нэтижесі ретінде алынған бейнелер мен мағлұматтардың мэндік маңызын ашып тұжырымдау болып табылады. Себебі қабыл-дау ойлаумен тығыз байланысты. Пэнді саналы меңгеру — ол ойша атау, яғни белгілі бір топқа, пэндер класына жатқызып, сөзбен жалпылау деп психолог ғалымдар В.П. Зинченко жэне П.И. Зинченко анықтаған.
Түсшу — пэндер, құбылыстар жэне үдерістер арасындағы жалпы-ланған байланыстар, олардың құрамын, қызметін, себептері мен кызмет көрсету көздерін анықтау арқылы жүзеге асады.
Саналы меңгеру — оқу материалына қатысты қатынасын қалып-тастыру, элеуметтік мэнін, практикалық жағын жэне тұлғалык маңыз-дылығын анықтауы болып табылады. Бүл анализ, синтез, салыстыру және катар қою, жіктеу жэне жүйелеу сияқты ойлау операциялары көмегімен жүзеге асады.
Жалпылау пэндер мен құбылыстарға тән маңызды жалпы белгілерді анықтау жэне жүйелеуден түрады. Бүл саналы меңгеруге қарағанда нақтыны абстракциялау сатысы, мәнін түсінуден үғымга көшу кезеңі деп қарастыруға болады.
Оку үдерісі логикасы бойынша окыту индуктивті-аналитикалық та, дедуктивті-синтетикалык та болады. Индуктивті-аналитикалық жолмен окыгу жалпылаумен аяқталады, ал дедуктивті-синтетикалык окытуда жалпыланған ұғымдар, анықтама. теория, заңдар такырыпты оқып-үйрену барысында беріледі.
Таным сызбасы практикамен аяқталады. Бүған қатысты компо-ненттер меңгеру үдерісінде өзара байланысты білімдерді бекіту жэне қолдану болып табылады. Білімдерді бекігу — кайтадан саналы меңгеру жэне оқу магериалын гүлғаның жеке тәжірибесіне енгізу мақсатында бірнеше рет жаңғырту арқылы жүзеге асырылады.
Білімдерді колдану жаттығулар жүйесін орындау арқылы жүр-гізіледі. Білімдерді колдану негізінде абстрактылыдан нақтыға карай кері жүру, яғни нақтылау жатады.
Сонымен таным үдерісі мен білімдерді меңгеру удерісі арасындағы байланысты сызба түрінде төмендегіше көрсетуге болады: Сезімдік тану абстрактылы ойлау, практика Қабылдау түсіну, саналы меңгеру, жалпылау бекіту, қолдану

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.