Офицерлер қызметіндегі әскери педагогиканың міндеттері

Home » Рефераттар » Офицерлер қызметіндегі әскери педагогиканың міндеттері
Рефераттар Комментариев нет

Әскери педагогика ғылым ретінде төмендегідей міндеттерді шешеді: әскери педагогикалық үрдістің функциясың құрылымың мәнін зерттейді; әскери-оқыту мекемелерінде білім беру үрдісін ұйымдастыру мен жетілдірудің мәселелерін зерттейді; әскери қызметшілер мен әскери ұжымдарға әсер ететін әдістер мен әскери-педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың тиімді формаларын жасайды; әскери-педагогикалық үрдіс пен әскери қызметті ізгілендіруге әсер етеді;
әскери қызметшілердің оқу, тәрбие, даму және психологиялық дайындығының мазмұны мен технологиясын негіздейді; әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің қағидаларын қалыптастырады және заңдылықтарын анықтайды; әскердің тегі мен түрлерін ескере отырып, жауынгерді оқытудың әдістемесі мен психологиялық дайындығын негіздейді; әскери қызметшілердің өзіндік білім алуы мен өзіндік тәрбиесінің мазмұны мен әдістемесін жасайды;
әскери педагогтің қызметінің мазмұны мен ерекшеліктерін және оның педагогикалық мәдениеті мен шеберлігін қалыптастыру мен дамытудың жолдарын жасайды; оқыту мен тәрбиенің озық тәжірибелерін кеңейтеді, ендіреді және таратады, әскери-педагогикалық зерттеу әдістерін жасайды;
әскери педагогиканың тарихи мұраларын шығармашылықта қолдануға ғылыми кеңес береді.
Әскери педагогиканың міндеттерін шешу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери қуатын нығайту үшін командирлерде қазіргі заманғы педагогикалық ойлар қалыптастыру, әскери ұжымдарда жолдастық атмосфера тудыру, беріктік, әскери тәртіп пен тәртіп сақтау, заң бұзушылыққа қарсы тұру, құрылымдық міндетін сапалы атқаруды өз жауапкершілігіне алу, азаматтар белсенділігін арттыру жолдарын іздестірумен байланысты.
Офицерлердің қызметтік міндеттерін орындауы бірқатар педагогикалық функцияларды жүзеге асырумен көрінеді.
Ең алдымең офицер оқытумең бағыныштыларының дайын-дығымен, олардың әскери шеберлігің ұрыстық дағдысын жетілдірумен айналысады. Болашақ өз бағыныштыларының тікөлей басшысы болатын ол әскери қызметшілердің Отан қорғаушылық сапасына, тәрбиесіне, жарғылар мен заңдардың талаптарын сақтауына, олардың интеллектуалдық және дене тұрғылық сапаларын дамытуға жауап береді. Бұдан басқа офицер прапорщиктерді (мичмандарды), сержанттарды (кіші командирлерді) бағыныштыларын оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесіне оқытады, олардың педагогикалық қызметін ұйымдастырады және бағыттайды.
Әскери-кәсіби қызметтің нәтижелілігі офицердің, яғни әскери ұжым жетекшісінің әскери педагогика саласындағы білім, білік, дағдысының қаншалықты дәрежеде екендігімен анықталады.
Офицердің педагогикалық білімі мынадай мүмкіндіктер береді: • бағыныштыларының әскери қимылын шебер ұйымдастыруға, бөлімшенің ұрыстық және мобильдік дайындығын қажетті деңгейде ұстап тұруға;
жеке құрамды әдістемелік жақсы оқытуға, әскери дайындығын үздік басқаруға;
бөлімшеде тәрбие жұмысын өнімді өткізуге, Әскери қызметшілерді Отанды қорғауға психологиялық және моральдық тұрғыда, Қазақстан Республикасы Әскери қызметін атқаруға жауаптылығы мен мақтан тұтуына тәрбиелеуге;
бөлімшенің әскери ұжымын нығайтуға, мықты әскери тәртіп орнату әрекетін нәтижелі жүзеге асыруға; бөлімшеде бағыныштыларының ішкі тәртіпті қатаң сақтауын қамтамасыз етуге, тәуліктік кезекшілік қызмет атқаруға, жан-жақты дайындық ұйымдастыруға және өткізуге;
мақсатты түрде маман бағыныштылармен жұмыс жүргізуге, олардың әдістемелік шеберлігі мен кәсіби қызметін жетілдіруіне қажетті көмек көрсетуге; жеке кәсіби дайындығы мен бөлімшені басқару әдістерін тиімді жетілдіруге; әскери қызметшілермен қатынаста ізгілікті қолдануға.
Командирдің (басшының) педагогикалық білімі, оның жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудегі дағдысы мен білігі үнемі жетілдірілуі тиіс. Бұл педагогикалық әсер ету объектісі (әскери қызметшілер мен әскери ұжым) үнемі өзгеріп, дамып және үлкен дәрежеде (қазіргі бағыттарға сәйкес) педагогикалық өзара қызметтің бір субъектісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар әскери-педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын жағдай да өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасы Әскери қызметіндегі офицерлерді әскери-педагогикалық және психологиялық біліммен қаруландыратын жүйе қалыптасқан. Оның негізгі элементтері:
әскери-оқу мекемелерінде педагогика мен психология оқытылады; командирлік дайындық жүйесіндегі сабақ ең алдымен қоғамдық-мемлекеттік дайындық бойынша өтеді; офицерлермен арнайы әдістемелік жиналыстар мен сабақтар өткізіледі; әскери-педагогикалық үрдісті үйымдастыру бойынша офицерлердің машықтану жұмыстары, сабақты бақылау мен тексеру барысында бағыныштылармен қатынас тәсілі талданады; офицерлерге бағыныштыларын оқыту мен тәрбиелеу бойынша жүмыс тәсілдерімен алмасу, үздік тәсілдер насихатталады; офицерлерге психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу бойынша өзіндікжүмыс, оқыту мен тәрбиелеудің дағдысы мен біліктері жетілдіріледі; офицерлердің кәсіби қайта дайындалу барысында психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру, оқу орталықтарында, курстарда біліктілігін жетілдіру көзделеді. Сондықтаң әскери педагогиканың теориялық негіздерін терең білу, оларды тәжірибелік қызметте орынды қолдана білу офицерлерге әскери-педагогикалық үрдісті, бағыныштыларын оқыту мен тәрбиелеуді сапалы және тиімді үйымдастыруға мүмкіндік береді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.