Қой шаруашылығының өнімдері

Главная » Рефераттар » Қой шаруашылығының өнімдері

Жүн. Қойдың негізгі өнімдерінің біріне жүн жатады. Еліміздің халық шаруашылығында көптеген үй малдарының (түйенің, ешкінің, үй қоянының, қодастың, жылқының, т.б.) жүндері пайдаланылады, алайда жүн шикізатының негізгі бөлігі (90 пайыздан астамы) қой жүнінің үлесіне тиеді. Қой жүнінен жасалған бұйымдар түрінің әдемілігімен, беріктілігімен ерекшеленеді және әрқашанда үлкен сұранысқа ие. Табиғи жүнге, сонымен бірге, ескірген маталардан, тоқымалардан өңдеу арқылы алынған жүн де жатады.
Жүннен жасалған бұйымдарға деген үлкен сұраныс, табиғи жүн өндірудің жоғары бағасы өзінің белгісі мен қасиеті жағынан табиғи жүнге жақын химиялық талшықтарды дайындаудың тәсілдерін іздестіруге себепші болды.
Шикізатына байланысты химиялық талшықтардың біреуін жасанды, екіншісін — синтетикалық деп атайды. Жасанды талшықты құрамы жасұнықтан немесе ақуыздан тұратын (ағаш, мақта, бұршақ, соя, т.б.) табиғи жоғары молекулярлық қоспаларды химиялық-технологиялық өңдеумен алады. Целлюлозадан, ағаштан талшық алу кеңінен тарап отыр, синтетикалық талшық газ бен мұнайдан алынады.
Жүн талшығы мақтамен, жібекпен және кендірмен бірге тоқымалы талшықтардың органикалық түріне жатады. Табиғи жүн жылу сақтаушылығы, боялатындығы, қышқылға төзімділігі, жанбайтындығы сияқты бірқатар артықшылығымен ерекшеленеді. Қой көп мөлшерде жүн өндіруге қабілетті, бұл оның маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі болып саналады, ең алдымен эволюция үдерісі барысында адам ағзасының термореттегіштік қасиетіне байланысты.
Қылшыңтың пайда болуының және ол үдерістерге әсер ететін факторлардың морфологиялың негіздерін білу қойдың жүн өнімділігін, сапасын арттыру жұмысын маңсатқа сай жүргізуге мүмкіндік береді.
Жүн талшысының өсуі. Қозының туған кезінде жүнді түгі болады. Бүл түктің жатырда жатқан-да пайда болатындығын көрсетеді. Түктің алғашқы пайда болуы 50-70 күндері іште жатқанда өтеді. Фолликулалардың саны түқымына, малдың нәсіл ңуалаушылық ерекшелігіне, сонымен бірге аналықты буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты бо-лады. Қозы үшін қажетті жагдай жасалмағанда онда пайда болған фолликулалар жетілмей қалуы мүмкін. Осыған байланысты буаз аналықтарды дүрыс азықтан-дырмау, төлді өсіруге жағдай туғызбау фолликулаларға әсер етеді, бүл жүн өнімділігін арттыруға кері әсерін тигі-зеді деп ңорытынды жасауға болады.
Қылшық өсіп түрған тері учаскесін жүнді бөлігі, ал талшықтың төменгі бөлігін буылдығы деп атайды. Мұнда жүннің өсуі басталады. Жүн талшығы буылдығының жасушалары ңан тамырларынан ңорек алады, жа-сушалар бөліну жолымен көбейіп, бірте-бірте үрпіктен бөлініп, мүйізденеді. Жүн талшықтарын қүрайтын солар.
Талшықтың терідегі бөлігін тамыры, сыртына шығып тұрғанын сабағы деп атайды. Талшықтың тамыры еніп түрған жер жүн талшығының ңынабы деп аталады. Қынаптың сыртңы жаңтарына май бездері орналасады (әдетте екеу болады).
Олардың шыратын жолдары қынаптың ішінің жоға-ры бөлігіне еніп түрады. Осылайша ңүрылуының арқасында түктің тамырлы бөлігі май бездерімен майланып тұрады.
Жүннің өсуі көптеген факторларға: қойдың тұқымына, азықтандыру және бағу жағдайларына, жасына бай-ланысты. Мәселен, биязы жүнді қойдың жүнінің үзын-дығы айына — 0,5-1 см артады, ал биязылау, үяң және ірі ңылшықты қойлардікі қарңынды, айына — 1-3 см өседі. Жүннің өсуіне азыңтандыру көп әсер етеді. Жыл басында қойды жүғымды азыңпен дүрыс азьщтандыру үзын-дығы мен жуандығы біркелкі жүн алудың бірден-бір шарты болып табылады.
Жүні біркелкі емес қойларда жүннің өсуінің маусымдық түлеуіне байланысты кезеңділігі байқалады.
Жас шамасына қарай, 5-6 айларында биязы жүнді қозылардың түлеуі байңалады. Түлеудің нәтижесінде жүн қабаты биязы жүнге тән емес ірі ңылшықтан ары-лады, оның орнына түбіт шығады. Ірі қылшықты қозыларда түлеу болмайды.
Маусымдыц тулеу — көктемде едәуір мөлшерде түбітті талшыңтары мен қылшыңтарының түсуі. Жуан және өлі қылшыңтар аз түлейді. Ол ірі қойларда көктемде түлеген кезде байқалады.
Маусымдың түлеу биологиялық үдеріс сипатында, жыл маусымында температураның өзгеруінен ағзада термореттеу үдерісінің жүруі малдарда қалыптасқан. Әйтсе де жүннің жаппай түлеуіне жол бермеу керек, бүл жүн өнімділігінің төмендеуіне соңтырады. Осыған байланысты ірі қылшықты ңойларды маусымдың түлеуі басталар алдында ңырықңан абзал. Жеткілікті мөлшерде азыңтандырмау маусымдың түлеу үдерісін кешеуіл-детеді. Егер қойлар ашықса, патологиялың түлеу — таз қотырболады.
Патологиялыц тулеу — азықтандыру мен бағып-күту-ге байланысты. Ол ашықтырғаннан және аурудан болуы мүмкін. Мысалы, қойлар қотырмен және маститпен ауырғанда патологиялың түлеуге үшырайды. Мүндай жағдайда терісінің едәуір бөлігінің жүні түсіп ңалады, ал ауыр жағдайда — түтастай сыдырылып түседі.
Мерзімсіз тулеу — жыл бойында байңалмай, жүн талшыңтарының біртіндеп түлеуімен сипатталады. Жылына үяң жүнді және ірі ңылшықты қойларды екі мәрте ңырқып отыру жүн талшыңтарыньщ толық өсуі-не жеткізбейді, сөйтіп мерзімсіз түлеу байңалмайды.
Қой шаруашылығында «жүннің сирексуі» деген тер-мин бар, бүл жүннің терімен байланысының нашарлауы. Жүн сирекси бастағанда жүн түбі жіңішкеріп біртіндеп түсе бастайды. Түлеудің басталғаны байңалады. Жүннің терімен байланысының нашарлауы, терінің бетіндегі жүн талшығының жіңішкеруі қой ңырңуды жеңілдете түседі. Ірі қылшықты ңойларды түлейтін кездері ңырқады.
Биязы жүнді қойлар көктемде тойдыра және жүғым-ды азықтармен азықтандыруға көшіргенде едәуір мөлшерде шайыр бөліп шығарады, ол жүн талшыңтарын майлауда жетекші рөл атқарады және қырықңанда қарсылығын жеңілдетеді. Осыған орай, биязы жүнді қой-ларды күн әбден жылығаннан кейін қырқады.
Талшыцтардың құрылымы. Жүн талшығының өзіндік гистологиялық құрылымы бар. Түбіт талшығы ңабыршаңты және ңыртысты ңабаттан түрады, ал басңа жүндерде өзекті ңабаттар болады.
Қабыршацты цабапг — талшыңтың сыртңы қабығы, ол оны сыртқы ортаның бүзатын әсерлерінен ңорғайды. Ол әр түрлі пішіндегі жасушалардан түрады. Мысалы, түбіттің қабыршақты ңабаты қыртысты ңабатты ңоршап түрған сақинага үқсас. Талшыңтары жуанының жасу-шалары жайпақ келеді, бір-бірінің үстіне жабылып жа-тады. Қабыршақтарының бүзылуы жүннің мықтылы-ғын, беріктігін және басңа физикалың ңасиеттерін нашарлатады.
Қыртысты цабапг — талшыңтың негізгі массасы. Ол қабыршақты қабаттың астында. Талшықтың беріктілігі, созылғыіптығы, серпінділігі соның ңасиетіне байланысты, қыртысты қабаттың жасушаларында бояғыш заттар -пигмент болады, олар жүнге түс береді.
Өзекті цабат ірі, өлі және аралың ңылпіықтарда болады. Ол болбыр байланысңан жасушалардан түрады. Жасушалардың арасы ауамен толтырылған. Өзекті қабат жүн таліпығының орта бөлігінде орналасңан. Бүл қабат неғүрлым күшті дамыған болса, таліпықтар солғүрлым нәзік болады. Мүндай таліпықтардың беріктігі онша емес, кейде морт үзіледі.
Талшыцтардың типтері. Сыртқы түрі және техникалық ңасиеті бойынша жүн талшықтарының мынадай негізгі типтері: түбіт, қылшық, аралың, өлі, қүрғаң қылшық және қысқа болып ажыратылады.
Тцбіт. Жүннің ең ңүнды бөлігі. Биязы жүнді қойдың жүні тек түбіттен түрады. Түбіт талшығының жуандығы 14,5-25 мкм дейін, үзындығы б-дан 15 см -ге дейін болады.
Қылшық — жүн жамылғысының қүндылығы төмен-деу бөлігі. Ол біркелкі емес ірі және қылшьщты жүннің қүрамына кіреді. Қылшықтың ирегі аз. Ұзындығы түбіттікінен (романов қойларынан басқа) үзын келеді. Жуандығы 50-ден 150 мкм-ге дейін және одан да көп болуы мүмкін.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.