Қой өсірудің ұйымдастырылуы мен техникасы

Главная » Рефераттар » Қой өсірудің ұйымдастырылуы мен техникасы

Қой шаруашылығын қарқындату малдардың биологиялық және өнімділік қасиеттеріне, олардың өміршеңдігіне, пайдаланылуының ұзақтығына, ауруға төзімділігіне өскелең талаптар қойып отыр. Осыған байланысты қойлардың өнімділігін арттыруды және өнім сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін неғұрлым жетілген селекциялық тәсілдерді қолданудың маңызы зор.
Біздің елімізде көптеген өнімділігі жоғары асыл тұқымды шаруашылықтар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының кең жүйесі, материалдық-техникалық жағынан жақсы жабдықталған қызметтер бар, жаңа ЭЕМ бар қуатты есептеу орталықтары жұмыс істейді, қойлардың жетекші тұқымдары бойынша селекциялық орталықтар құрылған.
Ірі масштабты селекцияның негізін қой тұқымын қарқынды түрде жақсартуға бағытталған, барлық категориядағы шаруашылықтардың қызметін біріктіретін селекциялық процесті ЭЕМ көмегімен орталықтан басқаруға, жақсартушы қошқарларды іріктеуге, өсіруге, бағалауға және қарқынды пайдалануға негізделген асылдандыру жұмыстарының жүйесі құрайды.
Қойларды іріктеу және бағалау. Қысқаша іріктеуді былай анықтауға болады: іріктеу — мақсатқа орай тұқымды, отарды және малдардың жекелеген топтарын қалаулы типтерді қалдыру және қалаулыға жатпайтынын жою арқылы жақсартудың зоотехникалық әдісі.
Қойларды өсіру үшін іріктеуді: шыққан тегі, тұрпаттық-өнімділік көрсеткшітері және ұрпағының сапасы бойынша жан-жақты бағалау негізінде жүргізеді. Шыққан тегі бойынша іріктеу. Шығу тегі — қойларды өсіру кезінде іріктеу үшін маңызды көрсеткіштердің бірі. Шығу тегін білудің линиялар бойынша өсіруде маңызы бар, өйткені шығу тегі — басты көрсеткіш, онсыз әйгілі малдарды да линияға жатқызуға болмайды.
Экстеръері жэне өнімділігі бойынша іріктеу. Жап-пай іріктеудің негізгі мәнісі — өсіру үшін өнімділігі жо-ғары және экстерьері жаңсы малдарды қалдырады, ал ңалаулы еместерін ақауға шығарады. Өзінің негізінде іріктеудің бүл өдісі таңдаулы генотиптер таңдаулы фе-нотиптердің ішінде болатынын мойындауға негізделеді. Қой шаруашылығының бағытына байланысты іріктеу кезінде басты назар жүн өнімділігі мен сапасына, неме-се тез өсіп жетілетіндігіне немесе төлдегіштігіне, неме-се елтірі сапасына аударылады. Демек, барлық жағдай-ларда дене қүрылысын, денсаулығын, түрпатын ескеру қажет. Бүл көрсеткіштер өнеркәсіптік технология жағ-дайында өте маңызды, өйткені үзаң және ңатал цайда-лануды тек денсаулығы және түрпаты мыңты малдар ғана көтере алады. Ұрпақтың салалары бойынша қошқарларды іріктеу. Үрпағы бойынша қошқарларды тексеру үшін 2,5 жас-тағы I класты үрғашыларымен жүптайды. Әр қошңар-дың үрығымен бір мерзімде ешбір іріктеусіз 75-100 шақ-ты әр түрлі сапалы үрғашыларды үрыңтандырады. Әр қошңардан кем дегенде бір жынысты 50 қой алып өсіру ңажет. Тек сонда ғана тексерілетін ңошқарлардың түңымдың сапасын дүрыс бағалауға болады.
Таңдау — бүл іріктеумен бірге негізгі зоотехниялың әдіс болып есептеледі. Малдарды таңдау дегеніміз — ал-дын ала көзделген сападағы үрпаңты алу мақсатымен белгілі үрғашыларды белгілі ңошқарлармен жүптау, іріктеу мен таңдау бір-бірімен тығыз байланысты, олар-ды бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін емес. Бүл зоо-техниялық әдістер бір-бірін толықтыра түседі, алайда бір-бірінің орнын баса алмайды. Іріктеу таңдауды толың-тыра түседі.
Қойларды сцрыптпау (бонитпировкалау). Сүрыптау дегеніміз — қойларды түрпаты, экстерьері және өнімділік сапасы бойынша кешенді бағалау. Оның маңсаты таңдау-лы малдарды аныңтау және нашарларын ақауға шығару. Әдетте қойларды негізгі селекцияланатын белгілері толық көрінгенде бағалайды. Сүрыптаудың екі түрін: же-келей және кластысын қолданады. Жекелей сүрыптау кезінде әрбір малды бағалаудың барлың көрсеткіштерін сүрыптау кілтінің көмегімен арнаулы журналға жазып отырады. Класты сүрыптауды жекелеген малдардың са-пасын жазуды жүргізбейді, белгілі бір класқа жатқыз-ған малдардың санын есепке алып отырады. Түрпаттық-өнімділік сапасын бағалау нәтижелері бойынша қойлар-ды класқа бөледі. Оны жүргізгенде ңойларды сүрыптау жөніндегі нүсқаулардың талаптарын басшылықңа ала-ды. Сүрыптағанда биязы жүнді ңойларды үш класқа: элита, I және II кластылар, биязылау таза түқымды етті-жүнді және цигай қойларын үш класқа, будандарды бес класңа, ңүйрықты ірі қылшыңты түңымдарды үш клас-ңа, дегерестік және ңазақтың ңылшық жүнді ңойларын төрт класқа бөледі. Сұрыптау техникасы. Бүл жүмысты ңой ңорадан шыға берісте жүргізеді, ал дала жағдайында ол үшін уаңытша ңора салады. Қораның ішінде ңақпаға шыға беріске ңарай, сүрыптау жүргізілетін жерді үзындығы 8-9 м, көлденеңі 60-70 см тақтаймен бөліп қояды. Шыға берісте (тамбурда) бір-біріне ңарама-ңарсы үзындығы 1 м, көлденеңі 60-70 см және тереңдігі 70-80 см (жүмысшы-ның бойына ңарай) екі шүңңыр қазылады. Шүңқырлар-дың арасына өтетін жерге тақтай төсейді. Кейбір шаруа-шылықтарда шүңқыр қазбайды, оның орнына белгілі бір биіктіктегі, кіретін тесігі бар стол ңояды, сол арқылы ңойды столға шығарып, түсіріп түрады.
Сүрыптаушы (бағалаушы) жүмыс процесінде оң жаң-та, ал қойды үстаушы жүмысшы сол жаңта түрады. Сүрыптаушының қасына стол қояды, онда техник неме-се есепке алушы жекелей сүрыптау нәтижелерін неме-се тиісті класңа бөлінген қойларды есепке алуды жазып отырады.
Жекелей жөне класты сүрыптауды жүргізгенде қой-лардың оң ңүлағына класын қысңышпен белгілейді.
Қойларды таңбалау және тұқымды есепке алуды жүргізу. Қойларды темір немесе пластмасса сырғалармен татуировкалау, мүйіздерін күйдіру арңылы таңбалайды. Аң ңойларды татуировкалау арңылы таңбалайды. Қүла-ғының ішкі жағына нөмір іледі. Татуировканы спиртте немесе 3% -ы карбол ңышңылында ерітілген голландия-лың күйе ңоспасынан әзірлейді. Татуировканы туған-нан кейін бір тәуліктен соң жүргізіп, жарамсыз болған жағдайда ңайталау үшін 15-20 күннен кейін тексеріп отырады. Жүні бір түсті емес қозыларды тек сырғалар-мен таңбалайды.
Қойларды таңбалауды және түңымды есепке алуды барлың шаруашылыңтарда міндетті түрде жүргізеді.
Пайдаланылатын отарларда үрғашыларды есепке алу карточкасын жүргізбейді, мүнда тек ңошқарларды же-келей есепке алу жүргізіледі. Үрғашылардың өнімділігін және оларды пайдалану нәтижесін төл алу үшін топтап есепке алу арқылы бағалайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.