Ой төріндегі Оралхан (Оралхан Бөкей)

Home » Рефераттар » Ой төріндегі Оралхан (Оралхан Бөкей)
Рефераттар Комментариев нет

Дос аға! Аға дос — Орағам! Не істей аларсың бұл зымырап өткен уақыт екпініне?! Қалай тосқауыл қоярсың?! Ортамыздан кеткеніне де, сонау жердің түбіндей көрінер Үндістан елінен суық хабар жеткелі де, жиырма жылдың жүзі болыпты… Өмір дегеніңіз — тым тез тарқар той секілді екен ғой… Көбі — күйбең тіршілік… Соның ішінде есте қалары жастық кезеңдері ғана… Айтары жоқ, жарқын сэттер. Албырт та алаулы шақтар. Бэрі де көрген түстей. Қып-қысқа секілді. Қалғаны…қалғаны — тек жылап-сықтау… Бір-біріңді сағына іздеп күйзелу, күңірену Жоғалту…Жоқтау… Өмір заңы осы болар. Шыли таусыла сөйлеуім жөн емес те шығар. Мына жасанды жалған дүниеде мың жылға бергісіз, ойын-күлкіге толы, ғажайып күндер де болғаны һэм болары да бек рас. Жә, жиып-теріп айтар болсақ, айта алсақ, эрине, талай тарих жадымызда жатыр ғой. Оралхан ағамның көзі тірі болғанда дүрілдетіп түрып жетпіс жылдығын тойлар түсқа да тақап қалыппыз. ¥шкыр уақыт ырқына ілесер шама жоқтығын мойындамасқа не шара?! Лаж жоқ. Жауап тапшы! Өткен ғасыр! Сонау жетпісінші жылдар! Сағат (Әшімбаев) маркүм таныстырып, табыстырып еді екеумізді. Кірпияздау, кіді жігіт желкесін таласа жапқан қоп-қою қалың қара шаштарын энтек сілкіп тастап, сол кездергі сәнге сәйкес тігілген балағы далиған, жоғары жағы қуықтай шал-барының алдыңғы қалталарынан, екі қолын суырмаған қалпы, әзер амандасқандай болған. Ерні ғана жыбыр еткені болмаса, салған беттен ет жүрегі елжіреп, елпілдей кеткен Орекеңді көре қойғаным жоқ. Қолдан қашалған тас мүсіндей тіп-тік денесін тәкаппарлау үстап, қыртысты қабағының астына қиялай біткен қысыңқы көздерімен түла бойымды тінте, сынай қарағаны элі есімде. Сағат досым салдырлай сөйлейтін ежелгі әдетімен мені таныстырып, қайда оқитынымды, келешекте кім болатынымды тэптіштей айтып баяндап, элекке түсуде. Орекең үнсіз. Өңі қуқыл тартып, танауы тарыла түскендей көрінді маған. Ұқпадым. Әйтеуір, мені жақтырмай түрғандай. — Несіне сүрланып, несіне бүлданады бүл дударбас, — деймін мен де іштей сол сәт ширыға түсіп. Әркімнің ішінде жатқан өзіндік «мені» бар емес пе? Сол «мен» ояна бастағандай. Консерваторияны, қазақтың маңдайындағы жалғыз өнер оқу орны ғой, аяқтауға таяқ тастам жер қалып, шалқып жүрген шалдуар шақ! Кіміңе болса да, бас үра қоймас батыр кез, батыл дәурен. Осылай іштей тартысып, ойша арбасып түрған сүреңсіздеу сэтте біресе сақылдай, біресе сықылықтай күлген Оралханның тосын күлкісі көңілсіздеу ортаның эңкі-тэңкісін шығарғаны. Сағат та, мен де абдырап, эбіржіп қалғандай болдық. Сағат сырмінезділік танытып, кейінірек қосыла күліп жатты. Мен не істерімді білмей, ал-далмын. Осыдан біраз уақыт бүрын ғана «Лениншіл жас» газетінен (қазіргі «Жас Алаш») «Ардақ» деген әңгімесін оқып, жас жазушының асқан шеберлігіне әбден риза болған басым, мына көріністерге қандай мінез көрсетерімді білмей, асып-састым.

— Сен бітіргелі жатқан консерваторияны біз баяғыда тастап кеткенбіз, — деп салды, кенет қос иығымнан қапсыра қүшақтаған, Орекең, элдеқалай бір артистік мақаммен эр сөзін қүбылта, қүлпырта түсіп. Пішіні де өзгеріп кетті. Манағы кірпияздықтан дэнеңе де қалмаған. — Сенбесең, ана өздеріңнен кеше ғана оқып бітірген Гүлжан Әспетова, Тынымбек Пірімжанов, Шайтүрсын Әбдібаевтардан сүра, солармен бірге түскенмін. Оларға нанбасаң, үстаздарың Рабиға Қаныбаевадан, тіпті атақты Асқар Тоқпановтың өзінен сүрап біл! — деп, төсін қайқаңдатты Орекең, бір иығын тағы да қиқаң еткізіп. Байқағаным, тұла бойы түнған артистік мәнер. Әр қимылы соған саяды.

-Сатираменэзіл-оспақтыңсерілеріОспанханменЕсенжол да актерлік мектепті түгелдей түгесіп, кейіннен жазушылық жолға түсіп кеткендер. Сондай-ақ, Сайын Мүратбеков ағаң да актерлік оқуды Асанэлі, Сәбит, Райымбектермен бірге бастап, мен секілді жарты жолдан тас-сс-тт-ааап кеткен, -деп эндетіп барып, шүңіректеу қысық көздерімен барынша тесірейе қарады маған. «Арқасы бар ма, қүдай-ау?» деймін ішімнен күбірлеп, бірақ онымды сыртқа білдіргім келмей. -Әне, біздің Орагаң осындай, — деп шиқылдай күледі Сағат досым ішек-сілесі қата.

— Қаламға үйір, жазуы тэуір деуіңе қарағанда бү жігітің де біздің эулеттен болды ғой. Түрткендерін тарта бер, тәрбиелеп көрейік. Театрды талдап жазатын кэсіби мамандар өте кемшін. Жаңа қойылымдар жайлы Оралхан мен Сағат еріккендерінен, жетіскендерінен жазып жүрген жоқ болар, — деп түжырды ол, ойларын нығарлай түсіп. Онысы маған қатты үнады. Сол күні үшеуміз едэуір пікірлестік. Орағаңның алдыңғы кірпияздау пішіні уақытша ғана екен, бірте-бірте тым кішіпейілділікке көшіп, Сағат екеумізге қамқорлық таныта сөйлеп, біржола ағалық міндетіне еніп-ақ кеткені бар емес пе? Сол күнгі эңгіме үзаққа созылып, күлкіміз тиылмады. Айтарымыз таусылмады. Солай табысқан едік. Орекең «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі. Сағат досым — сол газеттің білдей бір эдеби қызметкері. Орекеңнің қарамағында. Аталмыш жастар газетінің дүрілдеп тұрған шағы. Оқырмандары көл-көсір. Өнер жөніндегі көш қүлаш мақалаларым қалың жүртшылыққа жол тарта бастады. Жоғарыдағыдай тілекшілері бар кісінің хал-күйі жаман бола ма? Көпшілікке тез таныла бастағаным рас.

Сонымен, қаламы қарымды, зерек ойлы жас жазушы һәм жорналшы Орағаңмен тығыз аралас-күраластық жалғаса берді. Ораға дер едік біз оған еркелей үн қатып. Отбасыаралық барыс-келісіміз де үзілген емес. Әсіресе, алғашқы жары Айман жеңгеміздің жарқын бейнесі жадымызда. Елгезек мінезді пейілі тап-таза, қашан көрсең қонақжай ғажап кісі еді. Сағат (Әшімбаев), Нүрлан (Оразалин), Баққожа (Мұқай-бәріміздің уайым-қайғысыз жас кезіміз. Қыдырма-шылығымыз үстаған сэттерде тэуліктің қай мезгілі екендігіне қарамай, тобымызбен барып Орағаның есігін қаға берер сол күндеріміз-ай! «Тетя Аймаша» (жеңгемізді солай атаушы ек) қабақ шыту дегенді білсейші… Орнынан түра сала ас бөлмесіне жүгіреді. Біздер болсақ, улап-шулап, Орағаңның шағын шаңырағын басымызға көтеріп жатар едік. Әттең, дүние-ай! Сол тамаша «тетя Аймаша» Орекеңе перзент сүйдіре алмағанына өкінген күйі өмірден озып кете барды. Екеуінің де ортақ қасірет-мұңы осы-тын.

Марқүм Орағаң кейде сәби секілді еді. Кісі күлерлік қылықтары жетерлік еді. Сырт көзге ғой, көбінше дүрдиіп, «кербұғыланып» көрінері…Әйтпесе, өзі үнатқан кісіге риясыз ақтарылып, жайма-шуақ жайдары мінез танытып, жанын жайып салатын. Жүзінде күлкі ойнап, көңілденген сәттерінде шешендік шеберлігіне салып, термелей-толғап бір кеткенінде нағыз ақындық шабыттың биігінен көрінер сужорғаның өзі дерсіз!

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.