Қойдың шығу тегі, бітімі және сыртқы пішіні

Главная » Рефераттар » Қойдың шығу тегі, бітімі және сыртқы пішіні

Қойлар сүтқоректілер класына, қос тұяқтылар және күйіс қайыратындар тобына жатады.
Олардың арғы тектері жабайы муфлоннан, арқардан, аргалиден және жалды қошқардан шыққан. Қойдың жабайы түрлері қазір де бар. Оларды үй қойларымен будандастыруға пайдаланады. Қойлар бұдан 9-10 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Муфлондар Кавказдың, Иранның, Түркияның таулы аудандарында, Жерорта теңізінің аралдарында мекендейді. Олардың дене бітімі шағын ширақ келеді, ал түсі қоңыр-жирен. Жүні біркелкі емес, ірі қылшықты және қысқа түбіттен тұрады. Үй қойларымен шағылыстырғанда муфлондар өсімтал ұрпақ береді. Тау мериносы — асканияновада академик М.Ф. Ивановтың басшылығымен биязы жүнді асканиялық қойларды муфлондармен шағылыстыру арқылы аралас тұқым. Қойлар сыртқы бітімі бойынша муфлондарға ұқсас болғанымен, жүні біркелкі биязы, жақсы технологиялың қасиетке ие.
Муфлондардан солтүстік қысқа құйрықты қойлар шыққан деген жорамал бар. Арқарлар Арал мен Каспий теңіздерінің арасындағы далалы аудандарды мекендейді. Экстерьері жағынан муфлондарға ұқсайды, бірақ ірі, аяқтары ұзын келеді. Жүні жирен-қоңыр, біркелкі емес. Арқарлардан май құйрықты және ұзынқұйрықты қойлар, соның ішінде мериностар тараған.
Аргали — ең ірі жабайы қой, тірілей салмағы 240 кг тартады. Қошқарларының мүйізі ірі, иір-иір келеді, салмағы 16-18 кг. Жүні біркелкі емес, ңара-ңоңыр түсті. Аргалилар Тянь-Шаньның таулы аудандарында, Станов жотасында, Камчаткада, Канада мен АҚШ-тың жартас-ты тауларында мекендейді. Аргалидің түрлеріне Қазақстандағы арқарлар, Сібірдегі чубукилер (немесе қар қой-лары), Канададағы жуан мүйізділер жатады. Арңарлар үй қойларымен өнгіш түңым береді. Олар Қазақстанда биязы жүнді қойлардың жаңа түңымы — қазақтың арқар-мериносын шығаруға пайдаланылды. Бүл малдар Қазаңстан мен Қырғызстанның биік тауларындағы жа-йылымдарға бейімделген. Қүйрыңты ңойларды аргали-ден шыққан деп есептейді.
Жалды қойлар Солтүстік Африканың таулы ауданда-рын мекендейді. Алдыңғы жағы ешкіге үңсас: мүйіздері эллипс тәрізді, саңалы бар, көз ойығы мен түяңтарының арасындағы кішкентай безі жоқ. Артңы бөксе жағы, керісінше, қойдікіне үңсас. Құйрығы едәуір үзын, тұяқтарының арасында кішкентай бездері бар. Жалды қойлар еуропалық және азиялық үй ңойларымен шағы-лыспайды, жабайы ңойдың бүл түрі — африкалың түқым-ның арғы тегі.
Жабайы қойларды қолға үйретудің және олардың ежелгі түңымдарын шығарудың бірнеше ошаңтары: Оңтүстік-Батыс және Орта Азия, Оңтүстік Еуропа мен Солтүстік Африка болғаны белгілі. Алгашында қойлар ңылшық жүнді келген. Бүдан екі мың жыл бүрын ңүл иеленуші мемлекеттерде Кіші Азияда (Ассирия, Вави-лония) және Закавказьяда (Колхида) алғашқы биязы жүнді, жүні біркелкі түбіттен түратын ңойлар шығарыл-ды. Қойдың мүндай түрін шығару үлкен жетістік бол-ды. Еуропаға биязы жүнді қойлар Кіші Азия елдерінен әкелінген. Ірі қылшыңты ңойларды биязы жүнділермен шағылыстыру нәтижесіндө биязы және биязылау жүнді түңымдар алынды.
Үй ңойларының эволюциялың даму процесі ңолдан және табиғи іріктеудің ыңпалымен жүріп келеді. Айта кету керек, қолдан іріктеу жетекші анықтауыш болып саналады.
Кей жағдайларда қолдан және табиғи іріктеу бір ба-рытта жүргізілді де, шаруашылың қажетіне және ортаның нақтылы жағдайларына жауап беретін болғандық-тан, қой түқымдарын шығару жөніндегі адамдардың еңбегін жеңілдете түсті.
Қүйрыңты және майқүйрықты қойларды шығаруда осылай болды. Малдардың денесінің белгілі бір жерінде майды жинақтай білу ңасиеті адамға да, ңойға да тиімді болды, өйткені ол шөл және шөлейт аудандарда өсіру төзімділігін арттыра түсті.
Қойлардың эволюциясында және олардың тұқымдарын шығаруда мал шаруашылығының бағыты мен өркендеу ңарңынын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық жағдайлар шешуші фактор болып келді.
Қүл иеленушілік және феодалдық құрылыс дәуірінде қойлардың тұқымы онша көп шығарылған жоң. Капитализмнің прогрессивті даму кезеңінде (XIX ғ.) қойлардың бірнеше ондаған тұқымдары, солардың ішінде Ресейдің, Франция мен Австралияның әйгілі биязы жүнді түңымдары, сондай-ақ Англияда тез жетілетін етті тұқым шығарылды.
Қойлардың тұрпаты (конституция). Үзаң уаңыт бойы адамның іріктеу жүмысын мақсатңа сай жүргізуі, сонымен бірге өмірдің әр түрлі жағдайлары қойлардың түрлі типтері мен тұқымдарын қүруға жеткізді.
Басқа типтерден өзгешелейтін, әрбір шаруашылың типінің конституциялық (интерьерлік және әкстерь-ерлік) ерекшеліктерін адам тұқым мал жұмысына пайдаланады. Мұнда ең алдымен экстерьерлік ңасиеті, ңүрылысы пайдаланылады.
Алайда ңойды бағалағанда ағзаның экстерьерлік қасиеттерін физиологиялың (интерьерлік) ңасиеттерінің жиынтығынан бөле-жарып пайдалану ңателік болареді. Өткенде мүндай ңателіктерге жол берілді. Олар әрқашанда мал шаруашылығына зиянын тигізді.
Малдардың экстерьері жөніндегі ілім ертеде-ақ пайда болған. Бүдан 10-11 жүздеген жыл бүрын арабтар өздерінің аттарын сыртқы дене бітіміне ңарап бағалаған болатын. Біраң «экстерьер» терминін әдебиетке XVIII ғасырдың соңында малдың дене бітімін (пішінін) оның денесінің же-келеген мүшесінің өсуінің сандың дәрежесіне сәйкес ай-қындауға талпынған француз Буржел.
Қойлардың түрпаты деп басңа ауылшаруашылық мал-дары сияңты, ағза ңүрылымында пайда болатын негізгі анатомиялың-физиологиялық ңасиеттерінің жиынты-ғын және оның сыртқы ортаның әсер ететін-факторларына реакциясын айтады. Қойлардың тұрпатын зерттеу, аныңтау және бағалау экстерьерлік, сонымен бірге интерьерлік зерттеу әдісімен немесе екі әдісті біріктіру жолымен жүргізіледі. Зоотехниялың іс-тәжірибеде ең сенімді әдіс — ол қойлардың «конституциясы» — сыртқы пішіні, экстерьері бойынша бағалау. Малдардың экстерьері жөніндегі ғылыми ілімнің негізін қалаушы П.Н.Кулешов былай деп жазды: «Білгірлікпен экстерьер-ді бағалай білу, салыстырмалы-морфологиялың талдау әдісімен малдардың анатомиялық-физиологиялың ңасие-тін бағалау болып табылады».
Қойлардың түрпатын зерттеудің селекциялық жүмыста және саланы жүргізудің технологиясында үлкен мәні бар. Қандай технологияда болмасын негізіне еңбектің тірі (жанды) объектісі мен өндіріс ңүралы — ңой пайдаланылады. Бүл қойлардың конституциясы қандай (әлсіз немесе мыңты, бос немесе тығыз) болса, өнімнің саны мен сапасы, малдарды пайдалану үзаңтығы, вете-ринарлық-сауықтыру шаралар жүйесі, өндірістік процес-тер мен операцияларды үйымдастыру және іске асыру соған байланысты болмақ. Түқымдардың конституция-сына және жекелеген ңой отарларына немңүрайдылық-пен ңараудың ңой шаруашылығының түтастай бір ба-ғытын жойып жіберген мысалдарын мал шаруашылы-ғының тарихы біледі. XIX ғасырдың ортасында Ресейдің оңтүстік даласында талантты ңой өсірушілер, ағайын-ды П.Д. және Г.Д.Мазаевтар шығ8ірғав.мазаевтық тццым соның кебін киді.
Кең көлемді биологиялың ой-өрісі болмағандықтан, ағайынды Мазаевтар мериностарды іріктеуді тек жүннің үзындығы мен жіңішкелілігіне орай жүргізді. Соның нәтижесінде, салыстырмалы өзгеріс заңының әсерінен, мазаевтың қойлардың сүйектері жүңарып, конституциясы әлсізденіп, жүлын ауруына үшырады. Мазаевтың қойлардың бір тобы тұтастай қырылып қалды, тек II.Н. Куле-шовтың таланты мен күш-қайраты орыстың меринос қой шаруашылығын апаттан саңтап қалды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.