Онтогенез

Home » Рефераттар » Онтогенез
Рефераттар Комментариев нет

Онтогенез сатылары. Онтогенез — бір тірі ағзаның туған сәттен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Жыныстық жолмен түзілетін ағзалар үшін ұрықтану онтогенездің басталуы болып табылады. Яғни онтогенездің алғашқы сатысы ұрықтанған жұмыртқажасуша — зигота. Біржасушалы өсімдіктердің де, сондай-ақ жануарлардың да митоз жолымен бөліну нәтижесінде туындаған жаңа жасушаның пайда болуын онтогенез деп есептеуге болады. Партеногенездік түрлер үшін жұмыртқажасушаның митоздық жолмен бөліне бастауын онтогенез дей аламыз.

Онтогенез үдерісі ағзаның өлуімен аяқталады. Бірнеше тірі тіршілік иелеріне онтогенез терминін қолдануға болмайды. Онтогенез дербес ұғым.

Ұрықтық жасушалармен өткен үдеріс ретінде ұрықтың дамуын анықтап қарайық. Оны бір сызбанұсқаға былай орналастыруға болады: Жасушалардың бөлінуі —> жасушалардың өсуі —> жасушалардың жіктелуі —> органогенез.

Ұрық қатпаршақтары былай орналасады: сыртында — эктодерма, оның астындағы ортада — мезодерма, ал ең ішкісі — энтодерма болып жайғасады. Ал олар біршама өзгеше ретте түзіледі. Ең алдымен сыртқы эктодерма оқшауланады да, ішкі энтодерма жайғасады. Ал бұлардан соң солардың аралығына ортаңғы мезодерма орналасады. Энтодерма гаструлалық қуысқа (ішектерге) төсеніш болады. Енді осы ұрық қатпаршақтарынан түзілетін мүшелер мен жүйелерді анықтап қарастырайық.

Белгілі ұрық қатпаршақтарынан мүшелердің қалыптасуында айқын эволюциялық қисын бар. Яғни ұрықтың бөліктері мен мүшелерінің дамуында жануарларда эволюциялық даму үдерісінде осы мүшелер мен жүйелер байланыс болады. Эктодерма. Сыртқы ұрық қатпаршағы ретінде эктодерма теріге, басқа жабындарға жөне соларға байланыстылардың барлығына бас-тама берді. Сүт бездері де тері туындылары. Сүтқоректілердің көне класс тармағына — клоакалыларды еске түсіріп көріңдер. Бұлар -қалыптасқан сүт бездері жоқ үйректұмсық және түрпі. Олардың балалары сүтті тікелей аналықтың жүнін жалап қоректенеді. Алғашқы сүт бездері тер бездері негізінде шыққан.

Мезо — латынша аралық деген сөз. Демек, мезодерма эктодерма (жабын) мен энтодерма (ішек) аралығында болады. Сонымен, тері және ішек құрылысы аралығында болатын мүшелердің барлығына жуығы мезодермадан тұрады. Дегенмен ұқсастығы бойынша есте сақтаудың оңай және сенімдірек жолы бар. Мезодермалар мен бұлшық ет М өрпінен басталады. Бұлшық ет болатын жерлерде сүйектер, байламдар, шеміршектер және сіңірлер де болады. Қаңқа бұлшық еттерінен басқа қатты бұлшық етті мүше жүрек болып табылады. Ал жүрек болатын жерде қан да, тамырлар да болады. Жүрек және қаңқа бұлшықеттерінен басқа қуатты бұлшық етмүшелері — жыныс мүшелері болып саналады. Өйткені, жатыр бала туу кезінде орасан күшпен жиырылып, нәрестені жылжытып жарыққа шығарады.

Энтодерма гаструла қуысын шектейді, соған сәйкес асқазан жолын қалыптастырады. Дене ішіндегі теріге байланыссыз эволюциялық алғашқы бездер асқорыту бездері болды. Бауыр және ұйқыбез қарын мен ішектердің сілемейлі қабықшаларынан түзілетін дөл сол жасуша қабаттарынан пайда болған. Ал кейінірек барлық сөлденіс (секреция) бездері: қалқанша без, бүйрекүсті безі және басқалары пайда болды. Сонда ішектің өкпемен қандай байланысы бар? Атап айтқанда, балықтың торсылдағы алғашқы қарапайым қосмекенділер өкпесіне бастама болды. Ал торсылдақтың өзі ішектің тармағы ретінде туындады. Сөйтіп осы кезге дейін кейбір балықтар түрінде торсылдақ ішекке қосылған қалпында қалды. Сонымен өкпе де, кеңірдек те және ауатамырлар да ұрық қатпаршағының дөл сол асқорыту жүйесі пайда болған энтодерманың туындылары болып табылады.

Биогенетикалың заң. Ғалымдар әр түрлі топтағы ағзалар ұрықтарының құрылысы ұқсастығын әлдеқашаннан байқады. Ұрық ұқсастығының заңын орыс эмбриологі К.М. Бор 1828 жылы тұжырымдады. Ол омыртқалы жануарлар жұмыртқажасушаларының даму сатысын бақылай отырып, ерте кезеңдерде барлығының ұқсастығын тапты. Яғни эмбриогенезде барлық жоғары сатыдағы формалар едәуір қарапайым формадағы кезеңдерден өтеді. Арнайы бағыттық белгілер эмбриогенез соңында біртіндеп пайда болады. Со-нымен бірге алдымен кластың, бұдан соң отрядтың, соңынан туыс пен түрдің белгілері пайда болады. Өкінішке орай, Бір бір жағынан оптикалық техниканың жетілдірілмеуінен өсімдіктердің жөне омыртқасыз жәндіктердің эмбриогенезін зерттеген жоқ. Сондықтан оның қорытындысы тек қана омыртқалы жануарларға қатысты болды.

Биогенетикалық заңды 1864 жылы неміс эмбриологта-ры Ф.Мюллер жөне Э.Геккель тұжырымдады. «Онтогенез -филогенездің қысқаша және тез қайталануы», басқаша айтқанда тірі ағзалардың әрқайсысы өз түрінің қалыптасу тарихын қысқаша қайталайды. Дара даму — онтогенез барысында ағзалар өздерінің ататектерінің белгілерін қайталайды, яғни Жер бетінде тіршіліктің даму тарихын — филогенезі қайталайды. Кейініректе ересек ата-тектер дарақтарының қцрылысы онтогенезде қайталанбайтыны, тек қана олардың црпақтарынікі қайталанатыны дәлелденді; атап айтқанда филогенездің ұрықты сатылары онтогенезде өте дәлме-дәл көшірмеленеді. Мысалы, адамның ұрығының эмбриондық дамуы зигота сатысының басында біржасушалықтарды көшірмелейді, бұдан соң бластула сатысы шоғырлы қарамайымдарға (домалаңғы) сөйкес келеді, ерте гаструла сатысы құрылысы бойынша ішекқуыстыларға ұқсас, ал кеш гаструла жалпақ құрттарға сөйкес келеді. Адамның жүрегі бастапқыда қандауыршадағыдай түтік сатысы сияқты бо-лады да, бұдан соң балықтағыдай екі камералы бола бастайды, бұдан кейін жорғалаушылар мен қосмекенділердікі сияқты үш камераға өзгереді, тек қана ең соңында төрткамералы жүрек пайда болады. Қаңқада ең алдымен шеміршекті желі қалыптаса бастайды да, барлық сүйекті түзілістер бастапқыда шеміршек ұлпасынан құралады, тек соңынан сүйектеніп өзгереді. Желбезек саңылаулары түзіледі (гаструла сатысында), олар соңынан бітісіп кетеді. Адамның қаңқасы қалыптасқан кезде жетінші мойын омыртқада қабырғалар бастау алады, сойтіп 9-жөне 10-құйрық омыртқалары пайда болады. Туғаннан кейін адамның мойын омыртқасында ешқандай қабырға болмайды, ол құйымшақта 4-5 омыртқа қалады. Мұның бұлай болуы бұл мүшені бастамалаушы жасушалар өліп бітеді де, оның генетикалық бастамаланған эволюциялық бағдарламасына сәйкес адам ұрығының дамуына мүмкіндік туғызады.

Тақырып қорытындысы

  • Онтогенез — бір тірі ағзаның ұрық біте бастағаннан өлгенге дейінгі даму үдерісі. Онтогенез екіге бөлінеді: эмбриогенез (тууға дейінгі тіршілік) жөне постэмбриогенез (туу соңынан кейінгі тіршілік).
  • Органогенез — мүшелердің түзілу үдерісі.
  • Адамның, барлық омыртқалы жануарлардың жөне кейбір омыртқасыз жәндіктердің ұрығы реттеліп дамиды. Яғни ұрық денесінің қай бөлігі қай жасушалардан дамитыны кештеу сатыларда (гаструлаларда) анықталады және қоршаған ұрықтық жасушалардың өзара өрекеттесуіне төуелді болады. Бұдан езге ұрықтың теңбілді даму типінің жолы бар, мұнда дененің қай бөлігі қандай жасушадан дамитыны 2-немесе 4-ұрықтық жасушалар сатыларында анықталып та қойған.
  • Ф.Мюллер және Э.Геккель 1864 жылы биогенетикалъщ заңды: «Онтогенез қысқа жөне тез қайталаған филогенез» деп тұжырымдады. Ұрық өз түрінің эволюциясын қысқа қайталағандай болып, жүйелік топтардың ататектік ұрықтық сатыларын қайталайды деген дөлелдемелер өте көп.

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.