Операциялық жүйе

Home » Рефераттар » Операциялық жүйе
Рефераттар Комментариев нет

Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.) басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс) орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге,  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.

ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:

  • Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
  • Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;

Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген программаны  іске қосу, қажетті   жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерден тұрады.

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша өзгешеленеді. ОЖ:

Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын қолданушылар саны);

Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп шығарыла алатын есептер саны);

ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);

Адрестік шинаның разрядтарының саны (16,32 немесе 64);

Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.

Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды. Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер үшін 32 разрядтық ОЖ-ні  қолданудың үлкен мәні бар:

  • IBM фирмасы үшін OS/2;
  • Microsoft фирмасы үшін Windows;
  • Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix;

IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін белгілері:

  • 32-разрядтілі архитехтурасы;
  • Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
  • Графикалық қолданушы интерфейсі;
  • Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғыларды қосу;
  • Виртуальды жадты қолдану;
  • Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
  • Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
  • Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
  • Интернет глобальды желімен интеграциясы;

Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады. Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:

  • Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
  • Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
  • Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
  • Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
  • Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
  • Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.

Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:

  • объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
  • объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.

Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады. Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек.  Файл аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін параметрлер:

  • Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
  • Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
  • Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
  • Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
  • Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;

Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:

  • Файлды ашу;
  • Файлды сақтау;
  • Файлды қиып алу;
  • Файлды көшіру;
  • Дискіден файлды өшіру;
  • Файлдың атын өзгерту;
  • Файл үшін жарлық құру;

Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді  сақтау қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға жылжыту, буманы ашу және жабу.

Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады. Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б. бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде болады.

Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар болып саналады.

Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word  текстік процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.

Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер, дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер құжаттар  деп аталады.

Интерфейсқұрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс  қолданушы  интерфейсі деп  аталады.

Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық  қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.

Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе – экранда монитордың шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.

Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін көрсетеді: бос емес немесе бос.

Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.

Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні “алып бару” және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару” әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту  әрекеттерін де орындауға болады.

Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару” әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет. Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:

  • Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды. Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
  • Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша «+» таңбасы арқылы белгіленеді.

Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен негізінде орындалады:

  • Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;
  • Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект алмасу буферіне орналасады;
  • Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;
  • Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная вставка командалары көмегімен орындалады.

Windows программалық жабдықтарына:

  • Проводник программасы – ДК жергілікті және желілік ресурстарын көру-программасы, осы программа көмегімен қолданушы файлдық жүйеден кез-келген объектіні (бума немесе файл) іздейді және олармен қажетті әрекетті орындайды;
  • Windows-тың басқару саймандарыПанель управления бумасында орналасады. Бұл бума Пуск→Настройка→Панель управления командасы бойынша іске қосылады.
  • Қолданбалы мазмұндағы стандартты қосымшалар – Paint графикалық редакторы, WordPad мәтіндік редакторы, Блокнот, Калькулятор, Мультимедия, Связь комплекс программалары;

Стандартты  қосымшалар  дегеніміз – дискіні тазалау, дискіні тексеру, дискіні дефрагментациялау, дискімен жұмыс жасау мастері және т.б.

        Windows Commander – бұл файлдық менеджер, яғни программа Windows ортасында файл мен жұмыс жасау үшін арналған. Өз мүмкіншілігіне қарай ол Сілтеуіш программасындағы файлдық менеджерден жақсырақ тұрғызылған  және оның сыртқы көрінісі мен интерфейсі Norton Commander-дағы MS-DOS программасына ұқсас, осы программаның ең жақсыларын қосып атқарады.

Windows Commander-дың мүмкіншілігі:

  • Windows Commander көп командаларын қарапайым пернелерді басу арқылы орындауға болады, Norton Commander-ге ұқсас;
  • Drag & Drop қолдауы, сілтемеге ұқсас (бар объектіні тышқан сілтемесі арқылы апару);
  • көшірімді кеңейту, ауыстырушылық, атын өзгерту және файл мен ағаш каталогын жою;
  • файлдық архивпен жай директория сияқты жұмыс жасау, файлды тез арада архивке көшіруге болады немесе архивті дискке және файлды архивтен жоюға болады (ішіндегі архивті модификациялау);
  • Windows Commander меню командасына өз программасын жіберіп қосуға болады;
  • программа жіберу үшін командалық жолға MS DOS-тағыдай әр түрлі параметрлер көрсетіледі;
  • файл іздеудегі функцияның кеңеюі;
  • текстегі файл тұрғызуын қарау (F3 пернесімен шақырылады) және он алтылық форматтағы DOS кодының мүмкіншілігін Windows-тағыдай;
  • ZIP форматындағы файлды орамдау;
  • сыртқы программа жіберу үшін панель аспабын күйге келтіру және Windows Commander-дың орындалуы;
  • Windows Commander программасындағы негізгі меню программасын жөнге келтіру;
  • ZIP, ARJ, LZH, GZ, TAR, RAR және ACE архиві сыртқы программа үшін қосылуы;
  • желілік, локальдық және Интернет ресурстарымен сізді компьютеріндегі диск секілді жұмыс.

Windows Commander интерфейсі, атап өткендей Norton Commander программасының интерфейсіне ұқсас. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолының астында Windows Commander-дің мәзір қатары орналасқан, мұнда келесі бөлімдер бар: Files (Файл), Mark (бөліктеу), Commands (Командалар), Net (Желі), Show (Көрініс), Configuration (Конфигурация), Start (Бастау).  Start–Change Main Menu команда көмегімен мәзір құрамын қолданушылар қалаулары бойынша өзгерте алады.

File бөлімі файлдармен жұмыс жасауға арналған командалардан тұрады, бұл командалар көмегімен файл атрибуттарын өзгерту, файлдарды орау немесе шашу, оны бірнеше бөлікке бөлу және қайта жинақтау әрекеттерін орындай аласыздар.

Mark бөлімі файлдарды ерекшелеу командаларынан тұрады.

Commands бөлімі Windows Commander-дің қосымша командаларынан тұрады.

Net бөлімі желі мен желілік ресурстармен жұмыс жасауға арналған командалардан тұрады.

Show бөлімі ағымдағы жұмыс терезесін күйге келтіру командаларынан тұрады. Бұл бөлімдегі командалардың көмегімен файлдар бейнеленетін терезе түрінөзгертуге, оларды сұрыптау тәсілін (мысалы, кеңеймесі, мерзімі және уақыты бойынша) бере аласыз.

Configuration бөлімі Windows Commander-ді күйге келтіру командаларынан тұрады.

Мәзір қатарының астыңғы жағында саймандар панелі орналасқан.

Саймандар панелін Configuration→Button Bar мәзір командасының көмегімен күйге келтіруге болады.

Саймандар панелінен төменірек диск таңдау терезесі орналасқан.

Одан төменірек сіздің компьютеріңіздегі дисктер құрамын бейнелейтін терезелер орналасқан.

Windows Commander-дің жұмыс терезесі Norton Commander-дегідей екі терезеге бөлінген.

Жұмыс терезелерінің жоғарғы жағында ағымдағы каталогқа бару жолы көрсетілген. Тақырыпқа екі рет шерте отырып, ағымдағы каталогты жиі қолданатын ресурстар тізіміне қосып, керек каталогқа оның тақырыбына екі рет шерту арқылы тез көше аласыз.

Төменде Name, Ext, Size, Date батырмалары орналасқан. Оларға тышқан көрсеткішін шерте отырып терезе құрамын сәйкесінше файлдың аты, кеңеймесі, өлшемі және құрылу мерзімі бойынша сұрыптай аласыз.

Жұмыс терезесінің төменгі жағында ағымдағы каталогтың файлдарының саны және өлшемі туралы мәліметтерден тұратын қалып-күй қатары бейнеленеді. Жұмыс терезесінің астында командалық жол орналасқан. Пернелерді басқан кезде мәтін командалық жолда бейнеленеді, Enter пернесін басқанда терілген команда орындауға жіберіледі, Ctrl және ↓ пернелер комбинациясын басқан кезде бұрын орындалған командалар тізімі ашылады.

Ең астында Windows Commander-дің кейбір пернелерінің қолданылуын еске түсіретін жол орналасқан.

Windows Commander-дағы көптеген әрекеттерді Norton Commander-дағыдай клавиатураның белгілі бір пернелер комбинациясын басу арқылы орындауға болады.

Windows Commander-де келесі пернелер комбинациялары қолданылады:

 

Перне Амалдар
F1 Анықтаманы шақыру.
F2 Терезе құрамын жаңарту.
F3 Файлды қарау.
F4 Файлды редакциялау.
F5 Көшіру.
F6 Файлдардың атын өзгерту немесе тасымалдау.
F7 Каталогты (буманы) құру.
F8 Файлды немесе каталогты жою.
F9, F10 Windows Commander мәзірін активтеу.
ALT+F1 Сол жақ терезедегі дисктің атын өзгерту.
ALT+F2 Оң жақ терезедегі дисктің атын өзгерту.
ALT+F3 Сыртқы программа қараушының көмегімен файлды қарау.
ALT+F4 Программадан шығу.
ALT+F5 Файлды орамдау.
ALT+SHIFT+F5 Келесі жою арқылы файлды орамдау.
ALT+F7 Файлды іздеу.
ALT+F8 Командалық жолда алдын-ала орындалған командалар орналасқан терезені ашу.
ALT+F9 Файлды ашу.
ALT+F10 Ағымдағы диск ағашының терезесін ашу.
SHIFT+F2 Екі терезе құрамын салыстыру.
SHIFT+F3 Бірнеше файл таңдалған кезде сілтеме астындағы файлды қарау.
SHIFT+F4 Текстік файл құру және оны редакторда ашу.
SHIFT+F5 Осы директорияда файл көшірмесін жасау.
SHIFT+F10 Контекстік менюді көрсету.
SHIFT+CTRL+F5 Ерекшеленген файлдарға жарлық құру.
SHIFT+F6 Файл атын өзгерту.
SHIFT+ESC Windows Commander-ді тапсырмалық жолға   бүктеу.
ALT+left/right Алдыңғы каталогтарға өту.
ALT+down Алдыңғы каталогтан тізімді ашу.
NUM +  Ағымдағы  файлды немесе каталогты бөліктеу.
NUM — Бөліктенген ағымдағы  файла немесе каталогты жою.
NUM * Бөлікті шақыру.
NUM / restore selection
CTRL+NUM + Барлығын бөліктеу.
CTRL+NUM — Бөлікті алып тастау.
ALT+NUM +  Файлды берілген кеңейтулермен бөліктеу.
CTRL+PgUp,  Backspace Аталық каталогқа көшу. (cd ..)
CTRL+\ Түбірлі  каталогты дискке көшу.
CTRL+PgDn Каталогты немесе  архивті ашу.
CTRL+F1 Ағымдық терезедегі  файл турлы ақпаратты қысқаша форматта беру.
CTRL+F2 Ағымдық терезедегі  файл туралы ақпаратты толық форматта беру.
CTRL+F3 Аттарымен сорттау.
CTRL+F4 Кеңеитілуді сорттау.
CTRL+F5 Мерзімімен сорттау.
CTRL+F6 Көлемімен сорттау.
CTRL+F7 Сорталусыз.
CTRL+F8 Ағаш  каталогын көрсету.
CTRL+F9   Сілтеме көмегімен  файлдағы программаны өңдеу және басып шығару.
CTRL+F10 Баолық  файл көрсету.
CTRL+F11 Тек қана  программны көрсету.
CTRL+F12 Анықталған тұтынушыға файлды көрсету.
TAB Программалар арасындағы терезелерге көшу.
Любая Буква Сілтеме  командалық жолға көшеді, ал сонда белгіленеді.
INSERT Файл немесе каталогты бөлу.
SPACE Файл немесе  каталогты бөліктеу, егер каталогты бөліктесе ондағы каталог және жалпы объем ішіндегі жолдар бейнеленеді.
ENTER Каталог ішін ашу /  программаны орындауға жіберу /  программаны сілтеме астындағы  файлды  үшін жіберу /командалық жолда комада орындау /  архив ішіндегі  файл көрсету.
SHIFT+ENTER 1. Командалық  жолға команда жіберу  немесе  MS DOS программасының терезесіне сілтемені апару жұмыс біткеннен кейін программа терезесі ашық қалады  ( жұмыс жасайды егер Windows каталогында NOCLOSE.PIF файл болса. ).

2. Архивтермен басқа терезеде ашады.

ALT+SHIFT+ENTER Каталог пен  подкаталогмәні өлшенеді,нәтежиесі толық режимде бейнеленеді.
ALT+ENTER Объект қасиетін шығарады.
CTRL+B  Бір терезеде каталогтың барлық файлын көрсетеді және оның подкаталогындада.
CTRL+D Жие қолданатын каталог терезесін ашу.
CTRL+F  FTP серверімен қосылу.
CTRL+SHIFT+F  FTP серверімен үзілу.
CTRL+I Терезелер арасына алмасу.
CTRL+L Таңдалған файлдар және оның алатын орны.
CTRL+M  FTP  қосылу режимін өзгерту .
CTRL+N Жаңа  FTP қосылуы.
CTRL+P Командалық жолға ағымдық жолды көшіру.
CTRL+Q Панелдің тез көрсетілуі.
CTRL+R Ағымдағы  каталогішін жаңарту.
CTRL+T Группалық ауыстыру.
CTRL+U Терезе орнын ауыстыру.
CTRL+C (32 bit) Буфер ауыстырудағы файлды көшіру.
CTRL+X (32 bit) Буфер алмастыру файылын қию.
CTRL+V (32 bit) Буфер алмасу файлын қою.