Организм жайлы жалпы түсінік

Главная » Рефераттар » Организм жайлы жалпы түсінік

Организм дегеніміз не? Жалпы организм дегеніміз — сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтас жеке бөлшегі. Организм — күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен затпен және энергиямен үздіксіз алмасып отырады. Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады. Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотрофты жэне гетеротофты болып екі топқа бөлінеді. Автотрофты организмдерге жасыл өсімдіктер мен бактериялардың кейбір түрлері жатады. Олар қоректік заттардың көзі ретінде негізінен бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады. Автотрофты организмдер өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет энергияны күн сәулесінен алады.

Гетеротрофты организмдерге жануарлар, саңырауқұлақтар және әртүрлі микроорганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, көмірсулар, дәрмендэрілер (витаминдер) сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді. Сонымен қатар бүл организмдер түрлі минералдық заттарға да мүқтаж болады. Гетеротрофты организмдер энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығуының нәтижесінде алады. Организм бір және көп торшалы болып та бөлінеді. Кез келген организм өзінің қүрылымдық ерекшеліктерімен сипатталады. Вирус сияқты қарапайым тірі организмге тек оның молекулаларын құратын белоктар мен нуклеин қышқылдарының бірлесу дәрежесі ғана тән. Бұл жағдайда тек молекулалық деңгейде қалыптао қан организм жөнінде ғана сөз болады. Ал бұдан гөрі жоғарырақ сатыдағы бір торшалы организмдер күрделірек құрылысымен сипатталады. Оларда ядро, цитоплазма, вакуольдер, торша қабығы пайда болады және осы құрылымдарға тән функциялар туындайды. Көп торшалы организмдерде эволюциялық даму процесі барысында торшалар тереңірек жіктеліп, олардың көлемінде, пішінінде, құрылысында, қызметінде өзіндік ерекшеліктер пайда болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.