Орта ғасырлардағы ақша жүйесі

Главная » Рефераттар » Орта ғасырлардағы ақша жүйесі

Орыстың В. Вакуров деген зерттеушісі « деньги» сөзі XII ғасырда түркі тілінен алынған, ондығы бір кездері айырбас құралы болған аң (белка) атауы «тиын», «тиін» сөздерімен төркіндес келеді дейді. «Деньги» де содан шыққан. Сондықтан «теңге» атауының түп тегі мен мағынасын да сол түркі тілдерінен іздеу керек. «Теңгенің» түбірі, «тең», «теңеу» болуы да ықтимал. Сауда- саттық үстінде балама (эквивалент) ретінде падалатыны да соған мензейді.

«Ақша» атауының қайдан шыққаны туралы да орагытып айтылған пікірлер басым. Біздің пайымдауынша, бұл желде ликгвистикалық талдауға жүгінсек- бұлтарпас дәлел табамыз. Түбірі «ақ» сөзі, ал «ша»- сөз түрлендіруші (бұл жерде түбір сөзге « сияқты», «секілді», «соған ұқсас» деген мағыналық рең қосу арқылы жаңа сөз тудырып тұр) жұнақ. Ягни, жаңа сөз түсі ақ нәрсеге ұқсас айырбас құралы ( күміс теңгеге ұқсайтын қагаз ақша) деген мағынаны білдіреді жэне даму процесінде түсіп, жалпылық сипатта абстрациялана келе, ұлтгық валюта атауына айналған. ҮІ-ІХ ғасырлада сауда мен ақша айналысы қалалар аумағьшдағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ. Сонымен бірге сауда да жасады, бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады. Қалада тауар айырбасының негізгі үш бағыты: елдер арасындағы, қала мен оның төңірегі арсасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы бағыттары тоғысып жатты. Сол кездегі халыхаралық керуен жолымен сауда жасау кеңінен өрістеді. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өткен. Оньщ Суяб, Тараз, жэне Испиджаб қалалары арқылы өтетін учакесінің суреттелгені мәлім, Испиджабта одан солтүстік- батыс жақтағы Фарабқа, Шаугарға жэне одан эрі Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан даласына кететін тармақтары шыққан.

Ұлы Жібек жолы бастапқьща кытай жібегін Батыс елдеріне шағаруға қызмет етті. Өз кезеңінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, зл кейінірек те Еуропа мен Русьтен осы елдерде өндірілетін тауарлар тасылды. Бұл ітжайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бүлар- мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, бояулар минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма қүміс пен сом алтын, аң терілері мен тещелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар жэне басқа да көптеген заттар. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып қала берді.Алтынмен бірге жібек халықдралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сынға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттгік қарыз ретінде төленді. Орта және Таяу ІІІығыстан, Византиядан Қытайга опа-далап, Вавилон кілемдері, асыл ттстар, інжу- маржандар, шыны, маталар апарылып отырды. Соғдылықтар күміс бұйымдар, түрлі-түсті шынылар, дәрі-дәрмек жэне бояу заттарьш, кілемдер шығарьш, сатумен айналысты. Византиядан, согдылардан, Қытайдан жэне басқа елдерден шыққан эсемдік заттарының бір бөлігі түрік шонжарларының ордаларында, кала түрғындарының үйлерінде қалып отырған.

.

Көшпелілер мен айырбас сауда Испиджаб, Отырар, Тараз, Суяб, Невакет, Дех- Нуджикет қалаларьшда жиналатьш жэрмеңкелерде жузеге асырылды. Халыкаралық және аймақаралық саудада Қытайда, Соғдыда, Шағада, Ферғанада, Бұхарада соғылғанн теңгелер пайдаланылды. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда жаппай өз теңгелерін соғу басталады. Олардың бір бөлігі халықаралық және аймақаралық саудада колданылса, басқалары жергілікті саудада ғана қолданылды. Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола геңге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршы садақ және аяқтары бар, конус тэрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалар сияқты белгілер бейнеленген. Сірә, оларды Кангюй мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сырдарияньщ ағысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің эр түрлі билеушілері соқтырған болса керек. Шу аңғарыньщ қалаларында ақша мен сауда жасаудың дамығанын түркештер мен тухустардың теңгелері дэлелдейді, олар ҮІІ-ҮІІІ ғасырларды қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12миллиметрден 20миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тегісі бар, мыстан қүйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер- түркештердің теңгелері мен «Түргеш» жэне «Тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мүны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Қүдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дэлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек жэне сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бүл теңгелер төрт түрге бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап етілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындау тәсілі жағынан эр түрлі- не құйылған не соғылған болып келеді. Ең дағдылысы- «Т. Хум (Бахум?) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған (9) теңгелер тобы анықталды. Арслан, сірә, қарахандардың алдындағы әулет болса керек. Невакет қамалының (Қызылөзен қаласыньщ жұрты) қазған кезде осындай теңге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20-22мм, шеңбер ішінде шаршы тегісі бар, теңгенің салмағы-2,35г. Соғды курсиві мен сағат тіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)», -деп түсінік берілген.

.
.

Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға Караганда неғұрлым ертерек қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мүнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түркештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт гүрі, қүны эр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен. Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияньщ орта ағысындағы қалалардан ғана табылса, Жетісудың түргеш теңгелері Отырарда, Шашта, Ферғанада, Соғдыда, Батыс Сібірде, Шығыс Түркістанда кездестірілді. Алгашкылары аймақтық ауқымдағы ақша бөлінісі болса, Жетісу теңгелері аймақаралық ауқымдағы ақша бөлісі болған. Сондықтан Жетісуға қарағанда, Отырар алқабында халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер элдеқайда көп табылды. Қарахан мемлекетінің теңге-тиындары Шыңжаң жерінен өте көп табьшған жэне күні бүгінге дейін үзбей табылып келеді. Қарахан мемлекетінің екінші бір астакасы болған Қашқардьщ жанындағы Артуш қалаеының іргесіндегі көмбенің бір өзінен 1980жылы бір жолда 17 000 данадан астам мыс теңге табылған, Үрімжі мен Дахэяньиан 4000 данадан астамы жиналған, ал 1990 жылдардың басындағы мәліметтер бойынша тұтас Шыңжаң жерінен табылған қарахандық теңгелердің үзын саны 22 000 данадан астам деп көрсетілген. Теңгелердің басым көпшілігі Қарахан мемлекетін Мухаммед Арслан хан билеп тұрған кезеңде (1056 жылы таққа отырған) соғьшған, ол теңгелердің бет жағына «Алладан басқа құдай жоқ, Мухаммед Алланьщ елшісі» деген, ал екінші бетінде «Алладан қамқоршы болуды тілеген Мухаммед Арслан хан» деген жазулар жазылған. Қытайдың нумизматик ғалымы Цзян Цисянның пікірінше, Қарахан билеушісі Мухаммед Арслан ханның толық аты-жөні Мухаммед ибн Юсуф, ол эйгілі «Түрік тілдері сөздігінің» авторы Махмұт Қанщаридың атасы болуы мүмкін. Қарахан теңгелерінің екінші тобы Сүлеймен Қадыр табғаш ханның атынан согылған. Оның да бірнеше жүз данасы белгілі. Теңгелердің енді бір тобы неғүрлым ертерек кезеңге жатса керек, онда «Алланың сиынушы эрі қулы Насыр оғлы масғүд» деп, ал екі бетінің шет жағалауына өшкін әріптер мен дұғалар, теңгенің соғылған жері мен уақыты жазылған, бірақ танылып оқылмайды, тек бір теңгенің шет жағынан «Қашқар» деген сөзді ногайлап оқуға болады. Қарахандық теңгелердің көпшілігі Қашқарда, Яркендте, сондай-ақ Тараздың және Орталык Азияның баска да қалаларыньщ теңге сарайларында XI ғасырдың басы мен орта шенінде соғьш шығарылған.[3; 46-476] ІХ-ХІІ ғасырлардың басындағы кезеңге тауар- ақша қатынастарының өсуі тэн, ол тауар айырбасын ығыстырып шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында теңге сарайлары болған. Испиджабга теңгелер соғылған, бұл іс бірсыпыра үзіліспен XI ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған. Отырарда теңге соғу жалғастырылды.1967 жылы Самарканд көмбесінен Барабтың 222-223 жылдардағы саманилік теңгелер табылды. Отырар жэне Құйрықтөбе қалаларының жұртын қазған кезде де нақ сондай теңгелер табылған. Бүл қшіада қарахандар мен хорезмшахтар кезінде теңгелер сарайы одан эрі жүмыс істейді. Фарабтан 1164/65-1173/74 жылдарда Қарахан мемлекеті кезінде соғылған теңгелер табылды, зерттеушілердің пікірінше, теңге соғу 1210/11 жылдарға дейін жалғасқаны мүмкін.1210 жэне 1217-1218 жылдарда Отырарда соғылган Мұхаммед ибн Текештің теңгесі мэлім. Яссыда хорехмшах соқтырған теңге табылды. XI ғасырда 20- жылдарының аяғында Мауреннахрда дирхемнің сапасы кұрт нашарлады. Оның құрамындағы күміс 20 процентке дейін қүлдырады. XI ғасырдың аяғына қарай «күміс дағдарысы» бүкіл мұсылман Шығысьш, соның ішінде зерттеліп отырған аймақтың қалаларын да қамтьщы. Сондықтан XI- XII ғасырларда бағамы алтынмен бейнеленіп, ол құнның бұрынғыдан көбірек өлшеміне айналды. Оның айналыс құралы ретінде рөлі арта түсті.[2;476б] XIII- ХІҮ ғасырладағы тауар қатынастарын шет аймақтың көшпелілері тартылды. Мұны көмбелер мен көшпелілердің қабірлерінен, Орталық Қазақстандағы қыпшақтардың қабірлерінен табылған теңгелер дәлелдейді. Монғолдар жаулап алғаннан кейінгі алғашқы он жылдықта шаруашылықтың жай- күйінің нашарлап кеткені сонша, бұл кездегі ақшалы сауда жөнінде айтудын керегі де жоқ. Елді күйзелістен шығарып, шаруашылықты қалпына келтіру жэне акшалы сауданы жандандыру үшін орталықтандырылған ішкі саясат керек болды.Реформаторлық саясаітьщ негізін 1251жылы ұлы хан деп жариялаған Меңгу хан қалады. Деректемелерде халықтың эл-қуатын ойлаудан туды деген бірқатар шаралар соның атьша айтылады. Оньщ тұсында халықты озбырлық міндеткерліктерден қорғаган жан басына салық салу қатаң реттеліп, сынамасы бірдей алтын динарларды үнемі соқтырып отыруға эмір берілді, мұның өзі ақшалы сауданың қалпына келтірілуі мен жандануына себепші болды. Меңгу ханның Мауараннахр мен одан шет жерлердегі саясатына дем берушілер оны іс жүзінде жүргізушілердің бірі моңғолдар кезінде Орта Азияньщ алғашқы іміршісі болған Махмуд Ялваштың ұлы-әмірші-көпес Масұдбек болды. Оньщ күміс шығару бойынша бірінші орында болған қалалары Тараз, Отырар, Кендіж болды.

Е.А.Давидовичтің айтуынша, Шағатай ұрпақтары империясының ақша шаруашылығы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең- Орта Азияны моңғолдардың жаулап алуынан бастап, шамамен XIII ғасырдың ортасына дейінгі гасыр ширегі. Бұл кезенде теңгелерді азды-көпті түрақты іиығаруды екі қала -Самарканд пен Бұхара жүзеге асырды. Бұл теңгелерді қолдану аясы тар болды, сондықтан олар ақша дағдарысының жойылуына жэрдемдеспеді. Екінші кезең шығарылған жеріне қарамастан, Шағатай үрпақтарының барлық мемлекеттерінде өтімді болған, сапасы нашар (алтын 60%) анонимдік алтын теңгелердің тұрақты турде соғылуымен сипатталады. Теңгелердің сынамасы алтын теңгелерді сол кездегі нақты сауданың деңгейі мен көлеміне жақындату үшін әдейі төмен тағайындалды. ¥сақ-түйек телемдер кезінде салмағына қарай қабылданатын алтын теңгелердің фрагменттерін пайдалануға болатын еді. Бүхараның, Самарқандтың, Ходжент пен Отырардың теңге срайлары жүмыс істеді. Отырарда хижраның 649 жылынан (1251- 52жылдан) 662 жылына (1264-65 жылға) дейін «меңгу-хандар» немесе «хандар» деген жазуы бар, теңгенің хан теңгесі екенін көрсететін бір үлгідегі күміс жалатылатын мыс дирхемдер жыл сайын дерлік шығарылып түрды.Жақында теңгелердің «йарлы хандар» деген жазуы бар тағы бір түрі табылды. Бұл теңгелер Отырар мен оның теңірегінде ғана емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Ташкент пен Фергана аудандарында да сауда жүрген. Отырарда күміс жалатылып, мыстан соғылған дирхемдердің көмбелері Орта Азияның аумағында да едәуір жиі кездеседі. 1972 жылы Отырардан XIII ғасырдың 50-60жылдарында күміс жалатылып соғылған мыс дирхемдер (190 дана) көмбесі табылды. Онда нақ сол кезенде Отырарда соғылған (19 дана), күміс жалатылған дирхемдерге ұқсас, олардан көлемі бойынша ғана ерекшеленетін мыс фельстер де бар болып шықты. Отырардың ақша айналысында олар майдалайтын ұсақ теңгелер міндетін атқарған, мұның XIII ғасырдың екінші жартысында сауда-ақша қатынастарының кебеюіне байланысты екені сөзсіз. Бүл- өте маңызды факт, өйткені осы кезеңге дейін Шағатай үрпақтарының ақша шаруашылығы ұйымдастырылуының екінші кезеңінде астаналық қала Алмалықта ғана бір мезгілде алтын, күміс жэне мыс теңгелер шоғырланған деп саналып келді. Үшінші кезең Масүдбектің ақша реформасы басталады. Оған хижраның 670 жылында (1271-72ж.) декрет шығарылған еді, бірақ оны толық жүзеге асыру үшін XIII ғасырдың тағы да жиырма жылы керек болды. Реформа Орта Азияның, Қазақстан оңтүстігінің жэне Жетісудьщ көптеген қалалары мен облыстарында бағалы күміс теңгелерді түрақты соғып түратын етті. Кез-келген жеке адам теңге сарайына белгілі-бір ақы телеп, теңге құйдыру үшін күміс әкеле алатын еді. Қазір XIII ғасырдың соңғы ширегінде жүмыс істеген 15-тен астам тенге сарайлары мэлім болып отыр. Реформадан кейін күміс теңгелер соғу Орта Азияның түрлі облыстары мен аудандарының эконом икалық жай-күйін салыстыра отырып сипаттау үшін аса маңызды деректеме болып табылады. Нумизматикалық деректер ақшалы сауда тұргысынан алганда Қазақстанның оңтүстігі оңтүстік-батыс Жетісу мейлінше қолайлы жағдайда болған деп қорытуға мүмкіндік береді.

Темірдің және Темір ұрпақтарының тұсында ХҮІ ғасырдың соңғы ширегінен ХҮ ғасырдың орта шеніне дейін Отырарда теңгелер шығару бұрынғысынша жарғастырыла берді. Табылған олжаларға қарағанда, ХІҮ ғасырдың екінші жартысы- ХҮ ғасырдың бірішні жартысында Самарқандта, Шахрухияда, Бұхарада, Әндіжнда шығарылған мыс теңгелер де ақша айналысында болған. Бұл теңгелер облысаралық жэне жергілікті саудада пайдаланылған. 1430-1431 жылдардан кейін Отырарға Ираннан немесе Хоросаннан әкелінген «танга-и шахрухи» күміс теңгелер (219 дана) көмбесі Отырардың кең көлемділігі сыртқы сауда байланыстарының көрсеткіші бола алады. Ол Астрабад, Герат, Йезд, Қашан, Кум, Сабзевар, Шираз теңгелерінен турады. Бірнеше теңге Темір мен Махмұдтың, Мухаммед Жаһангер мен Ескендір Қара-Қойынлының эмиссияларына жатады. ХҮ-ХҮІІ ғасырларға жататын теңгелердің кеп олжасы Отырардан шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Йассы (Түркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия қалаларының (Бухара, Самарканд жэне басқалар) теңгелер камтиды. Йассы мен Ташкент ақша сарайлары көрсетілген мыс теңгелер типологиясы жағынан бір тектес кешен болып табылады жэне Түркістан мен Отырардан табылған теңге көмбелерінің негізін қүрайды. Қала жүртында мүндай теңгелердің жекелеген олжалары да аз емес. Оларда билеушілердің есімдері мен соғылған жылдары көрсетілмеген. Алайда синхронды археологиялық материалды ескергенде, теңгелер ХҮІ-ХҮП ғасырларда айналыста жүрген деп санауға болады. Ұсақ мыс тиындардың да Түркістан ақша сарайының өнімі болуы мүмкін. Оларда жазбалардың орнына керамика ыдыста бейнеленген таңбаларға ұқсамайтьш әр түрлі белгілердің салынуы жиі кездеседі. Йассы қаласында II Абдаллахтың әкесі (1560-1583жж) Ескендір ханның атынан күміс теңге шығарылған. Осы ханның екі теңгесі Раң қаласының жүртында табылған. Олжаларда мезгілі XY1 ғасыр деп белгіленетін мыстан соғылған теңгелердің мүлдем көп болуы сол кезеңде Отырардың қалалық базарында мыс айқындаушы рөл атқарган деп санауға мэжбүр егеді. Сол кездегі бүкіл Орта Азияға осындай жағдай тэн. ХҮІ-ХҮІІ ғаеырлар кезеңіндегі мыс теңгелердің айналысы туралы мэселе нумизматикада аз зерттелген мэселе болып отыр. Соңғы орта ғасырлардағы мыс теңгелердің баеым болігінде айқын белгілер жоқ. Отырардағы төрт көмбенің мыс теңгелері негізінен Ташкентте, Йассыда жэне беймэлім жерде соғылған болып табылатын үш топқа беледі: мыс дайыидамаларда штемпель іздері жоқ, оларды ақша айналысының тең қүқықты қүралы деп санауға болады. Ең көп тобын эниграфикалық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында аң, екінші жағында қүс бейнеленген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің екінші жағы тегіс. Ташкент облысы аумағында табылған материалдарда осылай соғылган теңіелер бар. Аталған теңге үлгілерінің кейбіреулерін қазақ хандары Ташкентте жэне Түркістанда соққызған деп санауга болады. Мыс көмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей Михайлович патшаның есімі бар, 1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс тиынының болуы негіз береді. ХҮІІ гасырдың аяғынан басталатын уақыт Отырар, Сауран, Сығанақ, Акқорган, Үзкент өмірінің бітуімен байланысты, бұл қалалардың жұрттарынан табылған нумизматикалық олжаларда көрініс тапқан.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.