Орта ғасырлардағы Араб елдері

Главная » Рефераттар » Орта ғасырлардағы Араб елдері

Сауд Аравиясы — орта ғасырлардағы Араб елдерінің бірі, Оңтүстік-Батыс Азияда, Аравия түбегінің едәуір бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Иордания мен Иракпен, солтүстік-батысында Кувейт, Катар және Біріккен Араб әмірлігімен шектеседі. Оңтүстігінде Оман және Йеменмен шекарасы анықталмаған. Жер көлемі 2,24 млн. км кв. Халқыныың саны 23 млн., негізінен арабтар тұрады. Діні -ислам. Астанасы — Эр-Рияд. Ірі қалалары: Джидда, Мекке, Медина. Мемлекеттік тілі — араб. Мемлекеттік және саяси құрылысы — абсолюттік теократиялық монархия (корольдық). Мемлекет 13 әкімшілік аудандардан тұрады. Мемлекет басшысы король. Заң шығаратын король билігі мен Консультативтік Кеңес. Экономикасы — мұнай және газ өндірісі болып келеді. Ақша бірлігі — саудтық риал.

Араб — мұсылман мемлекетінің құрылуы. Арабтар Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін — исламмен біріктіріліп, Аравия түбегінен (көлемі 3 млн. км кв.) тарих сахнасына шықты. Пайғамбардың ізбасарлары — халифтер тұсында арабтар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор мемлекет құрды.

.

Аравияның оңтүстік және солтүстік облыстарының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы әртүрлі болып келеді. Оңтүстіктегі Йеменде дамыған егіншілік мәдениеті болды. Отырықшы ақсүйектер қалалар мен бекіністерде тұрды. Сауда қатынастарында Йемен қалалары зор рөл атқарды. Йеменге Үндістаннан әкелінген тауарлар түйелерге артылып, керуен жолымен Сирия, Египет, Палестинаға жеткізілді. Йемендегі соңғы мемлекет — Химьяриттік патшалықты (300-525 жж.) Эфиопия, кейін Иран жаулап алды. Иран наместниктік билігі орнады (575-628 жж.). Олар Үндістан тауарларын Иран арқылы Византияға өткізуі, Йемен сауда жолын қысқартты. Осы жағдай, сондай-ақ әлеуметтік жіктеліс пен тайпа аралық қақтығыстар Аравияда әлеуметтік-экономикалық дағдарыс тудырды. Араб тайпалары этникалық жағынан оңтүстік арабтың немесе йемениттік (кахтан және кахлан тобы) және солтүстік арабтың (мудар және рабия тобы) тобына бөлінді, олар рулар мен тайпаларға жіктелді. Оңтүстік араб тайпаларының көпшілігі бұрыннан солтүстікке қоныстанған еді. VІІ ғ. басында солтүстік арабтардың едәуір бөлігі түйе, қой, ешкі өсіретін көшпенділер (бедуиндер) еді. Солтүстік және Орталық Аравия патриархалды-рулық қоғамда өмір сүрді. Оның қойнауында таптық қоғамның алғышарттары қалыптасты. Мүлік теңсіздігі пайда болды. Сириядан Египетке дейінгі керуен жолындағы Хиджаз алқабында Мекке орналасты. Грек географы Птоломей жазбаларында «Макораба» аталған, «Макраб» оңтүстік-араб сөзі — «светилище» — «шам-шырақ» мағынасын береді. Мұхаммед кезінен Кааба аталады. Бұл шам-шырақ қыс айларында Аравияның әртүрлі бөлігінен келген діншілдер адамдарды тартты сонымен қатар мұнда жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Мекке Сириядан Йеменге баратын керуен жолында маңызды рөл атқарды.

.

Меккеде солтүстік араб тайпасы «курейш» ерекшеленді. Курейш тайпасының Омейяд руы молшылықта өмір сүрді. Кедейленген Хашимид руынан ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед шықты. Ислам пайда болған кезде Мекке құл иеленушілік құрылыста еді. Эфиоптар мен негрлерден тұратын құлдар қатыгездікпен қаналды. Меккеде полис (қала-мемлекет) пен мемлекеттік биліктің белгілері енді қалыптаса бастаған еді. Рулар дербес әрекет етті. Сот, полиция, түрме сияқты мемлекеттік органдар болған жоқ. Кейіннен ру ішіндегі маңызды мәселелерді шешу үшін Кааба («жиналыс үйі») маңына ру ақсақалдары — шейхтар кеңесі шақырылды. Алайда, бұл кеңесте халықты бағындырудың құралдары болмады. Меккенің солтүстік жағында (300 км. қашықтыкта) Ясриб (Медина) қаласы (арабша «қала») орналасты. VІІ ғ. Мәдина егіншілік алқабы, бау-бақшасымен ерекшеленді. Мұнда дербес бес тайпа қоныстанды: Аус және хазрадж тайпалары пұтқа табынушылық, қалған үшеуі иудаизм дінін ұстанды. Біздің дәуірімізге дейін-ақ арабтардың едәуір бөлігі Аравия жарты аралынан тыс Палестина, Сирия, Месопотамияға қоныстанды. V-VІ ғғ. Иордания жерінде Византияға тәуелді Гассанидтер әулеті, Сирия мен Месопотамия шекарасында Иранға тәуелді Лахмидтер әулеті, Арабияның орталығы Неджде Кинда патшалығы өмір сүрді. Бұл патшалықтар V-VІ ғғ. Еуропадағы варварлық мемлекеттер сияқты әскери жорықтарымен ерекшеленді. Бұдан кейін керуен саудасы арқылы түсетін табыс көзінен айрылған арабтар өмір сүрудің басқа жолдарын іздестіре бастайды. Өйткені, мұнда егіншілікке қолайлы құнарлы жерлер аз болды. Жақсы өмір сүрудің бірден-бір жолы дінге бірігу деп есептеді. Араб тайпалары бір дінге — ислам дініне біріктіріле бастады. Бұл идеяның басында курейш тайпасынан шыққан Мұхаммед пайғамбар (570-622 жж.) тұрды. Бет-жүзіне «рисалат нұры» (жамандықтан айртылушы сәуле) құйылған Мұхамедтің әкесі Абдаллах, анасы Әмина. Ол 25 жасында Хадишамен, кейін Айшамен бас қосады. Оған 40 жасында 114 аяттан («өленді сөз жолдарынан») тұратын Қасиетті кітап «Құран» (арабша «оқу», «кайта оку») 23 жыл бойы жіберіле бастаған. Қазіргі кезде Меккелік 90 сүре, мединелік 24 сүре сакталған. 610 ж. бастап Мұхаммед пайғамбар көзі тірісінде «Алланың сөздерін» ауызша уағыздаған. Алайда, 622ж. Мәдинеге көшуге мәжбүр болды. Сондықтан мұсылмандардың жыл санауы осы Хиджра («көшу») жылынан бастау алады. Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір құдайға табынуға, өзара қырқыстарды тоқтатуға, бірігуге шақырды. Мұхаммед пайғамбардың аманаты бойынша хатшысы Зәид Ибн Сәбит «Алланың сөздерін» жинақтап кітап құрастырды. Үш халиф тұсында 4 дана кітап жарыққа шықты. Осман халиф тұсында 4 дана кітап «Құран» аталып, Мәдине, Дамаск, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға бұйрық шығарылған.

Араб халифаты. Омейядтар. Аббасидтер. Мұхаммед өлгеннен кейін Мединада мухаджирлер мен ансарлардың билікке таласы Омардың араласуымен шешілді. Араб мемлекеті мен мұсылман қауымының басшысы ретінде Әбу Бәкр мойындалды. Бірақ, жер-жерлерде сепаратистік көтерілстер (Йеманда Муслим) бой көтерді, олар салық төлеуден бас тартты. Бұл қозғалыстар басып-жаншылды. Әбу Бәкр бедуиндерді бағындырудың жолы жорықтар ұйымдастыру, жаңа жерлерді басып алу арқылы оларды әскери олжаға кенелту керектігін түсінді.

30 жылдық биліктегі алғашқы төртхалиф: Әбу Бәкр халиф (632-634 жж.) Омар халиф ибн ал-Хаттаба (634-644 жж.) Ш Осман ибн Аф-фана халиф (644-656 жж.) ІV Әли ибн Аби Талиба халиф (656-661 жж.) тұсы — кең көлемді араб жорықтарының кезеңі болды. Араб мемелекетінің (халифат) теократиялық сипаты («Құран» мен пайғамбар сүрелеріне негізделген) басым болды. Халиф билігінің қызметі — діни (имамат) және діни емес (шират) болып кейіннен ажыратылды. Осы кезде патриархальды-қауымдық құрылыс пен әскери демократияның ыдырау процесі жүрді. Бұл процесті арабтардың басқыншылық жорықтары тездетті. Мұхаммедтің (Хашимидтер) туған-туыстарынан, мухаджирлар мен ансарлардан және бұрынғы ру-тайпалық ақсүйектерден (Омейяд) жаңа ақсүйектер тобы пайда болды.

Араб жорықтары 633—751 жж. аралығын қамтиды. Негізгі бағыттары: Иран, Византия, Ирак, Палестина, Сирия, Египет, Ливия, Магриб (Тунис, Алжир, Марокко-647 ж.), Месопотамия, Армения, Әзербайжан, Хорасан. I Әбу-Бәкр тұсында араб тайпалары біріктірілді, өзара қырқыстар басылды. Омар халиф тұсында Византиядан Палестина, Египет, Ливия, Иранның батыс жерлері басып алынды. Ш Осман тұсында арабтар Солтүстік Африканы түгел бағындырып, Атлант мұхитына дейін жетті. Сасанидтік Иран талқандалды. Осман халиф әлсіз болды, төңірегіне Омейяд әулетін тартып, билікке араластырды. Осы кезде Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әли бөлініп, «шииттер» (арабша — «Әли партиясы») тобы пайда болды. Олар халифатта Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы ретінде Әли ұрпақтарының мұрагерлігін сақтап қалуды көздеді. Қарапайым арабтар арасында Әлидің беделі артты. 656 ж. Мединаға келген үш әскери топ (Куфа, Басра, Египет) Осман халифке наразылықтарын білдіріп, тағайындаған наместниктерін ауыстыру туралы талаптарын қойды. Ақыры Осман халифтің үйін қоршауға алып, өзін өлтіреді. Билікке ІV халиф Әли келді. Сирия паместнигі Омейяд Муавийя ІV Әлидің имам-халиф билігін мойындамады.

656-661 жж. азамат соғысы басталды. ІV Әли кеңесшілерінің қысымымен Муавийя жақтастарымен келіссөз жүргізуге келісті. Әлидің бұл әрекеті наразылық көрсеткен 12 мың жауынгері оны тастап кетті, олар қатардағы жауынгерін халиф сайлады. Осылайша арабтар ортасында жаңа ағым — хариджиттер («кеткен көтерілісшілер») пайда болды алғашқыда саяси топ ретінде құрылып, кейіннен діни сектаға айналды. VІІ ғ, ортасында мұсылман қауымы сунниттер, шииттер және хариджиттерге бөлінді. Омейядтармен жасалған келіссөздер нәтиже бермеді. Омейядтар жағы күшейді. 661 ж. Әли хариджиттер қолынан (Куфа мешітінде) қазатапты. Сирия мен Египетке топтасқан араб ақсүйектері Муавийяны халиф жариялады. Билікке Омейядтар әулеті (661-750 жж.) келді. Астанасы Дамаск қаласы болды, халифаттың орталығы Сирияға ауысты. VII-VIII ғғ. Омейядтар тұсындағы араб жорықтарының негізгі бағыттары: Африка (Карфаген), Гибралтар бұғазы, Испания, Кіші Азия (Босфор, Мрамор теңізі), Армения, Картли, Албания, Дербент қалалары, (Кавказ жотасы), Мауеренахр, Орта Азия (Хорезм, Ферғана), Үндістан (Синд, Мультане).

Омейядтар билігін нығайту мақсатында Әли мен Фатиманың үлкен ұлы, пайғамбардың немересі Хасанды биліктен бас тартуға мәжбүр етті. Сондай-ақ, Хасанның інісін Хусеинді қатаң жазалады. Әскер күшіне сүйенген Омейядтар әулеті алдымен, бағындырған жерлерде исламдандыру процесін іске асырды. Арабтар күштеу әдіс-тәсілдерін қолданбастан мұсылман еместерге «джизья» салығын салды. Арабтарға тәуелді халықтар жылдам арабтана бастады. Сирия мен Ирактың негізгі тұрғындары — сириялықтар (арамейлер) семиттіктер араб тіліне жақын тілде сөйледі. Испания, Солтүстік Африка, Египет кейінірек арабтанды. Закавказье, Иран, Орта Азия (Мауеренахр) халықтары арабтана қоймады, көптеген арабтар жергілікті тұрғындармен ассимиляцияланды.

Алайда, Муавийя өлгеннен кейін наразылықтар (680-747 жж.) екінші азамат соғысын тудырды. Медина, Ирак, Куфа, Хузистандағы көтерілістердің басынуы — ақсүйектердің ұстанымы мен халифаттын феодалдану процесін нығайтты. Дегенмен Омейядтар билігі тұрақсыз еді. ІІ Омар халиф (717-720 жж.) билікті нығайту үшін шииттер мен хариджиттер көсемімен келісімге келуге талпынды, бірақ нәтижесі болмады. Хишаме халиф (724-743 жж.) тұсында алым-салық мөлшері ұлғайды, қарсыласқандары қатыгездікпен жазаланды. Наразылықтың жаңа толқыны Мауеренахрдағы соғдьлықтар көтерілісі (728-737 жж), Испания мен Магрибтегі берберлер (734-743 жж.), Куфадағы шииттер (744 ж), Қосөзен, Батыс Иран мен Оңтүстік Аравиядағы хариджиттер (744-747 жж), кельбиттер мен кайситтердің өзара қырқыстары өршіді. Соңғы Омейяд халифі—күшті, әрі қатыгез билеуші ІІ Мерван (744-747 жж.) әулеттің билігін ұстауға қауқарсыз болды. Омейядтар билігіне Аббасидтер (Мұхаммед пайғамбардың ағасынан тараған ұрпақ) қарсы шықты. Олар елдегі дағдарысты жағдайды пайдаланып, астыртын үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

747 ж. Хорасанда бүлік ұйымдастырылды (жетекшісі Әбу Муслим), бұл көтеріліс Иран мен Ирак жерін толық қамтыды. 750 ж, Омейядтар әскері қарсыласуды тоқтатты.

749 ж. Аббасид Абу-л-Аббас Саффах Куфа мешітінде халиф болып жарияланған еді. Омеяйдтар әулетінің соңғы халифі II Мерван Египетке қашты. Осылайша Аббасидтер әулетінің билігі (750-1258 жж.) орнады. 945-1132 жж. үзіліс кезінде діни билікті сақтап қалды. Омейядтармен салыстырғанда Аббасид халифатының жер көлемі азайды: арабтық Испания (755ж. омейяд Абдер Рахман билігі — Кордово эмираты), Марокко (Әлилік зейдит әулетінің билігі — 788 ж.) бөлінді. Испаниядағы Омейядтар билігі біртіндеп әлсірей бастады. XI ғ. өзара қырқыстар Кордово эмиратын ьдыратып жіберді. Мұны пайдаланған Испанияның солтүстігіндегі христиандық мемлекетгер (Леоно-Кастилье, Арагон, Португалия корольдігі) арабтарға қарсы азаттық күрес («реконкиста») жүргізді. Осылайша, Испаниядағы Кордово эмираты (1236 ж.) Пиреней жарты аралындағы Гранада эмираты (1492ж.) өмір сүруін тоқтатты.

.

Алғашқы Аббасидтік халифтер-Саффах (749-754 жж.), Мансұр (754-775 жж.) халифат орталығы Сириядан Ирак (Багдад) еліне ауыстырды. Аббасидтер әулеті елді ұзақ басқарғанымен, билігі берік болмады. Айталық, олар жаңа әскери жорықтар ұйымдастырып, жерлерін ұлғайта алмады. Бұл кезде арабтар батыста Пуатье (732 ж.); шығыста -Тараз (751 ж.) қаласына дейін жетті. Аббасид билеушілері бағындырылған жерлерді ұстап тұрды. Сондай-ақ, Хорасаннан Әзербайжанға дейін созылған көтерілістер ішкі жағдайды шиеленістіріп жіберді.

Аббасидтердің мемлекетті басқару аппараты парсылардың әкімшілік жүйесіне негізделді. Билік тетіктері «Ұлы уәзір» құзырына жүктелді. Оған «диуан» — орталық ведомоство бағынды. Бұрынғы бедуиндердің орнына парсылар мен түріктерден құралған тұрақты жалдамалы әскер жасақталды. Арабтардың «таңдаулы» халифат әскері негізінен түрік жалдамалыларынан тұрды. Айталық, Мысырда оларды «мамлюктер» («ақ құлдар») деп атады.

IX ғ. бастап халифаттар жіктеліп, дербес эмираттарға бөлініп кетті. X ғ. басында аббасид халифатында Арабтың Ирак пен Батыс Иран қалды. 945 ж. бұл жерлерді ирандық Буидтер әскері (935-1055 жж.) басып алды. Осы кезден аббасид халифтері тек діни билікті сақтап қалды. Халифат -дін мен саясат тұтастығын сақтауымен ерекшеленді. Ислам діні мұсылман елдерінің жүйелі идеялық негізін қалады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.