Орта ғасырлардағы музыка мәдениеті

Главная » Рефераттар » Орта ғасырлардағы музыка мәдениеті

Орта ғасырлардағы еуропалық музыка мәдениеті VI ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңнен жеткен музыка үлгілерінің барлығы дерлік христиандық шіркеумен байланысты еді. Бұл жағдай 12-ғасырға дейін созылып, бір жағынан шіркеу, екінші жағынан халықтық музыка қатар өмір сүрген. Тек ХІІ-ХIIІ ғасырлардан бастап азаматтық рухтағы музыкалық-поэтикалық шығармашылық туып, олар шіркеу музыкасынан бөліне бастады. Батыс Еуропа үшін антикалық дәуірден орта ғасырларға өту үлкен қоғамдық өзгерістер тудырды. Сол негізде ежелгі грек мәдениетінен өзге христиандық музыка өрістеп, діни сюжеттерді негізгі тақырып етті. Ендігі жерде өмірге деген махаббат пен жігер, жеке тұлғаның дамуы емес, дінге табыну үстемдік құра бастады. Сол себепті орта ғасырлардағы музыка шығармаларының мазмү-ны, тақырыптары мен сюжеттері шіркеумен байланысты болды. Әрине, христиан дінінің таралуынан оның Еуропа елдерінде қабылдануына дейін талай уақыт өткен. Бірте-бірте үстемдік құра бастаған христиан дінінің Римнің мемлекеттік дініне айналғаны да белгілі. II-VI ғасырлар шегінде шіркеулік музыканың жаңа үлгісі туа бастайды. Ол Римнің шіркеулік ән айту үлгілерінің жиынтығы — григорян хоралы ретінде танылған. Әрине григорян хоралының христиан шіркеуінің салтәні ретінде қалыптасуы ұзақ мерзімге созылған. Псалма, гимн, мелимзмдікән салудың бәрі де шіркеулік музыканың түрлі жанрлық негіэдерін құраған. Сол негізде шіркеулік хорал жанры туған. Шіркеу шеңберінде туған гимн үлгілері туралы мәліметтер арғы ғасырлардан белгілі. Мұндай гимндерді тудырушылар қатарында Арий, Ефрем, Иларий, епископ Амвросий, Августин, Пруденций есімдерін атауға болады. Григорян хоралы туған кезеңце шіркеулік ән салудың тәжірибесі Болон, Кремон, Равен, Неалол, Галли, Ирландия монастырлерінде қалылтасып үлгерген еді.
IV ғасырдың соңына қарай Рим империясы батыстық және шығыстық болып жіктелгені белгілі. Осы негіэде христиан шіркеуінің екі түрлі орталығы туып, олар өзара үстемдік қүру үшін таласқа түседі. Осы кезеңде Рим мәдениетіне Бабылдың (Византия) тигізген ықпалы орасан зор болған. Рим папасы I Селивестр заманында Римде ән салу мектебінің негізі қаланған. IV-VI ғасырлар бойы римдік өншілер шіркеу шеңберінде туған көптеген ән-әуендерді тәжірибеге енгізіп, өңдеген. Бұл бағыттың орныға түсуі Дамазий, I Целестин жөне I Григорий заманына дәл келеді. Дәл осы І Григорий Рим шіркеуіне ортақ, міндетті түрде орындалуға тиіс ән-әуендер тізбегін орнықтырған. Рим шіркеуінің басшысы I Григорий құрастырған антифораний түпнұсқасы бізге жетпесе де, оның кейінгі көшірмелері бар. Сол негізде григорян хоралының латын тілінде болғанын көреміз. Орта ғасыр жазбаларының барлығы дерлік осы латын тілінде еді. Григорян хоралдарының жиынтығы аса келемді. Оның құрамына шіркеудегі ән салу салтына қатысты шығармалар енген. Рим шіркеуі өз ықпалын Еуропа жеріне тигізген сайын, григорян хоралы да одан әрі тарай берді. XI ғасырда Рим папаларының ықпалымен католиктік шіркеу құдайға қызмет көрсетуге арналған шіркеулік ән-әуендердің ортақ формаларын қалыптастырды. Бұл кезеңде Батыс Еуролада григорян хоралының үстемдік құрғанына қарамастан онда шіркеуден тыс музыка өнері де бірте-бірте бой көрсете бастады. Римнен алыс жерлерде григорян хоралының тағдыры қиындау болды. Оның ел санасына терең сіңуіне тіл өзгешелігі, музыкалық әуеннің жергілікті дәстүрден алшақтығы, шіркеудегі жыл бойындағы ән салу процесінің қатаң тәртібі кедергілер тудырды. Бірақ қалалы мәдениеттің әлсіздігі, жанындағы ғылым мен білімнің діни сипаты монастірлердің ортағасырлық мәдениет ошақтары ретінде қалыптасуына ықпал етті. Монастірде жазба мәдениеті дамыса, монахтар антикалық дәуірден жеткен жекеленген жазбаларды игеріп, музыка мәдениетіне жол ашты. Олардың арасынан белгілі композиторлар да шықты. Сондай ортағасырлық композитордың бірі — Ноткер Занка (Бальбулус). Оның музыкалық-поэтикалық туындылары григорян хоралынан бастау алып, секвенция деген атауға ие болған.
Орта ғасырлардағы музыкалық-теориялық ой мақам туралы ілімнің дамуы және нота жазуының жаңа жүйесімен тығыз байланысты. Олар музыкалық мақам саладағы ілім негіздерін Боэций, Кассиодор секілді ойшылдардан алып, одан әрі тереңдете түсті. Мысалы, «Музыкалық қондырмалар туралы» деп аталатын еңбегінде Боэций Рим дереккөздері негізінде антикалық дәуір теориясының негіздерін жеткізген. Сондықтан оның жазбасынан Пифагор, Архит, Платон, Аристоксен, Птоломей т.б. ойшылдардың музыка ілімі туралы еңбектері жөнінде мәліметтерді кездестіруге болады. Боэций ұсынған жүйе бойынша музыка өнері әлемдік, адамзаттық және аспаптық болып үш салаға жіктелген. Осы бөлініс орта ғасыр музыкасынан кең орын алған болатын.
Орта ғасыр жағдайында музыка өнеріне қатысты еңбек жазғандардың бірі — Кассиодор. Өзінің «Ғылым мен өнер» туралы деп аталатын еңбегінде ол музыканы үндестік, ырғақ және өлшем деп жіктеген. Бұл да ортағасырлық музыка мамандарының назарына іліккен теориялық жіктеу еді. Августиннің «Музыка туралы алты кітап», Аврелианның «Музыкалық ілім», Репиноның «Үндестікті игеру туралы» деген еңбектері музыка өнерінің түрлі мәселелерін қамтыды. VІІ-IХ ғасырларда шіркеу музыкасына тән мақамдық (ладтық) құрылымдар қалыптаса бастайды. Олардың саны сегіз болды. Бұл махамдар григорян хоралдары негізінде қалыптасып, антикалық дәуір музыкасынан тамыр тартты. Ежелгі грек музыкасына тән мақамдық құрылым да, орта ғасырлардағы шіркеу музыкасы аясында туған мақамдар да бір дауысты монодиялық жүйе құрады. Т. Ливанова оларды дориялық, гиподориялық, фригиялық, гипофригиялық, лидиялық, гиполидиялық, миксолидиялық, гипомиксолидиялық құрылымдар деп жіктеген. Антикалық кезеңде әріптік нота белгілері туған болса, IX ғасырда невм деп аталатын нота жазуы пайда болды. Гректердің әріптік жүйесіне қарағанда бұл жазу кең қолданысқа ие болды. Бері келе невм жүйесі негізінде нота белгілері жасалды. Оны XII ғасырдың алғашқы жартысында жүзеге асырған Гвидо болды. Бұл жүйемен папа XIX Иоанн танысып, өз тәжірибесінде қолданған. Гвидо енгізген екінші жаңа жүйе — алты басқышты дыбыс қатары. Сол негізде қозғалмалы мақамдар жүйесінде тұрақты мажорлы гексахорд пайда болды. Мұның өзі орта ғасырдағы музыка тәжірибесінің дамып, теориялық ілімнің терендей түскендігін аңғартады. XII ғасырдан бастап Батыс Еуропа музыкасында жаңа ағымдар бой көрсете бастайды. Соның бастысы азаматтық музыка үлгісі болатын. Ол Франция, Испания және Германия елдерінде бой көрсетті. Оның тууына аталған елдердегі қалалы мәдениеттің дамуы, сол қалалардың ірі мәдени ошақтарға айналуы себел болған-ды. Бұл процестердің бір қанатында рыцарлық, екінші қанатында халықтық дәстүр тұрды. Азаматтық музыканың дамуына елеулі ықпал еткен құбылыс ретінде көшпелі музыкашылар дәстүрін атауға болады. Жонглер, менестрел, шпильман деп аталған олар азаматтық музыканың апғашқы өкілдері болды. Көшпелі музыкашылардың тәжірибесі негізінде шіркеуден тыс музыкаға тән вокалдық және аспаптық жанрлар туды. Олар қолданған музыкалық аспаптар қатарында үрмелі труба, мүйіз, сыбызғы, флейта, волынка, арфа, ребаб, виела т.б. атауға болады. Бұлар сол кезеңдегі музыка өнерінің дамуына шығыс мәдениетінің тигізген ықпалын да байқатады. Көшпелі музыкашылардың келесі бір легі — трувер, трубадур және миннезингерлер. Олардың музыкалық шығармашылығы бір жағынан қалалы мәдениетпен байланысты болса, екінші жағынан халықтың тұрмыстық музыка дәстүрімен сабақтасыл жатты. Трубадурлар өнері XI ғасырдың аяқ шенінен бастау алатын болса, араға бірер ғасыр салып өнер сахнасына труверлер шығады, Трубадурлар мен труверлер өнерінде альба, пастурель, ән-диалог секілді жанрлар қалыптасты. Олардың музыкалық шығармашылығы халықтық дәстүр мен кәсіби музыка өнерінің арасындағы өткел болды. Миннезингерлер өнері тарих сахнасына араға бір ғасыр салып-барып шыққан еді. Десек те олардың репертуары діни тақырыппен. байланысып, шіркеу әуен-сазымен сабақтасып жатты. ХIІ-ХІV ғасырларда трувер, трубадур, миннезингеслер шығармашылығы жеке дауыстан көп дауысты ән салу дәстүріне өтті.
Батыс музыкасындағы көп дауыстылық жүйені сол кезеңнен жеткен музыка үлгілерінен көруге болады. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда көп дауысты жүйеге өту, 2-3, кейде 4 дауысты жүйемен ән салу тәжірибесі орын ала бастады. Мұның бәрі, әрине, кәсіби мамандар ортасында туған еді. Бұлардың барлығына ортақ бір белгі болды. Бірер ғасыр бойы жасалған көп дауыстылық бұрынғы григорян хоралына қосалқы дауыстарды қосу арқылы жүзеге асты. Олардың музыкалық ырғағы ортақ болды.
Батыс музыкасындағы көпдауысты жүйенің дамуы «Нотр-Дам» кезеңімен де тығыз байланысты. Бұл кезде әлемге мәшһүр архитектура үлгісі соборы салынып, Париж университеті ортағасырлық ғылымның ошағына айналды. Париис мектебіндегі көпдауыстылық бері келе дискант, дистаншы деген атаулар тудырған. Бұл жеке дауыстарды бөлудің алғашқы көріністері болатын. Оны Перотин дамыта түсіп, көпдауысты жүйені орнықтыруға көп еңбек сіңірді.
Көпдауысты жүйе дамыған сайын, оны нота жазуына түсіру ісі қиындай берді. Осыған орай кәсіби нота жазушылары бой көрсете бастады. Оларды «нотатор», «нота жазуын үйретуші», «ағылшын нотаторы». «бургундтық нотатор» деп атаған. Өлшем («мензура») ұғымынан мензурлік нота жазуы туып, ноталар бревис, максима, лонг болып жіктелді. Бір максима үш лонгаға, бір лонга үш бревиске. ал бревис екі семибревиске тең болды.
XIII ғасырдағы мензуралды нота жазуының қалыптасуы кәсіби музыка өнеріндегі елеулі кезең болды. Көпдауысты жүйенің дамуы алғаш шіркеу одан соң жалпыхалықтық музыка өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Сол негізде мотет, кондукт, гокет, рондель деп аталатын көпдауысты музыкалық жанрлар туды. Олардың табиғаты әркелкі болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.