Орта ғасырлардағы Жапон, Корей және Вьетнам әдебиеттері

Home » Рефераттар » Орта ғасырлардағы Жапон, Корей және Вьетнам әдебиеттері
Рефераттар Комментариев нет

Шығыс Азия елдерінің арасында иероглиф жазуы әдеби шы­ғар­ма­шылықта алғаш рет Кореяда Когурё, Пэкче және Силла мем­ле­кеттіктері тұсында қабыл­данады. Кореяның ханмун тіліндегі жеке әдебиеті ежелгі қытай әдебиетінің жал­ғасы болады. Ең ежелдегі корей әдебиеті де бізге жетпеген (тек б.з. I ғ. жал­ғыз төрт шумақ өлең ғана). Алғашқы корейлік жазбалар сана­латын хянга өлеңдері YI-YII ғ. жатса, корей поэзиясының тарихында осы күнге дейін өз маңыздылығын жоймаған IX ғ. өмір сүрген ақын Чхва Чхивон­ның ханмун жазуымен жазылған өлеңдері кейінгі уақытта да пейзаждық лириканың дамуына әсер етеді.

Нағыз корейлік жазу XY ғ. ортасында ғана құрылған. Сондық­тан X-XII ғ. біз білетін ханмун жазуындағы поэзиямен қатар басқа да поэзия болған деп пайымдаймыз. Осы дәуірде Чон Джисан (XII ғ.), Ким Бусик (XI-XII ғ.) секілді ақындар жазған өлеңдерден фео­далдық қоғамдағы Корея­ның өмірі мен ғалым-әдебиетшілердің конфуций, буддизм, даосизм бағы­тын­дағы көңіл-күйін көре ала­мыз. Уақыт ағымымен бірге корей поэзиясының тақырыптық ауқы­мы да кеңейе түседі. XIII ғ. моңғол шапқыншылығы Корея жерінде даостық ойдың туу­ы­на және тақуа­шыл­дыққа әкеп соқтырғаны да поэзияда көрініс тапбады.

Ханмун жазуымен жазылған корей поэзиясында Ли Гюбоның (XII-XIII ғ.) шығармала­ры жоғары бағаланады. Оның өлеңдерінде ақынның еліне, табиғатқа деген махаббаты, әді­лет­сіздік жай­лы толға­ныстары, өткен күндер жайлы поэти­калық повесть те беріледі. Ханмун жазуымен жазылған корей поэзиясы Ли Гюбо шығармала­рымен аяқталады да. Ал Корё кезеңінде кең етек жайған каё өлең­дерінен 20 ғана сақталған.

Ұлттық өлең жанры сиджо – үш жолды, ұйқассыз өлеңмен жа­зыл­ған шығармалар тек XIY ғ. пайда болады. Ең бастысы ханмун /Корей/, камбун /Жапон/, ханван /Вьетнам/ иерог­лифтік поэзия айтылуындағы сыртқы ұқсас­тығына қарамастан таза корейлік, жа­пон­дық және вьетнам­дық болып бөлінеді. Олардың үлкен жетістік­ке жеткен қытай поэзиясымен қатар өмір сүруі форма­сының нәзік­ті­гі жағынан ғана емес, сонымен қатар мазмұнының күрделігі жағы­­нан да жоғары дәрежеді тұрғанын көрсетеді.

Жапония — Y ғ. Корея арқылы қабылдаған иероглифтік жазуды көп өзгеріс­сіз ІХ ғ. ойлап табылған буындық жазумен қоса сақтаған жалғыз мемлекет. Камбун жазуындағы «Кайфусо» деп аталатын ең алғашқы өлең­дер жинағы 751 жылы құрас­тырылған. Негізінде, YІІІ ғ. Ака­хито, Яманоэ, Окура сынды ұлы ақындардың шығарма­шылығы жапон әдебиетінің тарихи жүйесіне бастау болады. Дәл Нара кезеңінде көзқарасының терең­ді­гімен, жанашырлығы, талғамы­ның нәзіктігімен сипатталған жапон поэзиясының негізі қаланады.

Буддизм мен конфуций ілімі Жапонияда YІ ғ. бастап кең тарала бастайды. Сол уақытта Корея мемлекетімен мәдени қарым-қатынасы нығайып, Қытаймен миссия алмасу үдерісі жүргізіліп жатты. Жапония қытайлық конфуций ілімінің әлеуметтік схемасын қабылдай отырып, өзінің мемлекеттік тәжірибесінде жапон қоға­мын­дағы таптық бөлініске шек қойыл­майтындай етіп оның бастап­қы негізіне өзгерістер енгізеді. ҮІІІ ғ. өзінде жапондықтар қытай поэзиясын, кейінірек корей поэзиясын да өте жақсы білген. «Кайфусо» пайда болуынан бір­не­ше жыл өткен соң, өзінің әдеби күшінің ерекшелігі және өлең шумақтары саны жағынан өзгеше, өткен ғасыр­лардағы жапондық өмірдің энциклопедиясына айнал­ған, жапондық поэзияның ұлттық антоло­гия­сы «Манъесюдің» пайда болуы да таңқаларлық құбылыс емес. Ортағасырлық корей және въетнам­дық әдебиетте алғашқы орынды иеленген иероглифтік /ханмун-ханван/ поэзия­сына қара­ғанда, камбунның ықпалымен тек Жапонияда ғана кең тараған өлең үлгісі танка басым орынға ие болады.

Х ғ. Микадоның бұйрығы бойынша «Манъесюдан» кейін «Кокинсю» антологиясы құ­рас­тырылған болатын. «Кокинсю» жина­ғын­да жапондық өлең үлгісі танка дамудың шарық­тау шегіне жетсе де, «Манъесюдағы» өлеңдермен салыс­тыр­ғанда өзіндік ерекше әсемді­гін жоғалтып алады.

Корея мен Жапония секілді Вьетнам да ежелгі мәдениет орта­лығы саналға­нымен, онда­ғы әдеби «санақ» салыстырмалы түрде кеші­рек, яғни Х ғ. вьетнам­дықтардың тәуелсіздік алып, өзіне тиесі­лі мәдени мұраны бөлуге мүмкіндік алғаннан кейін басталады. Феодалдық Вьетнам мемлекеті Ли (1010-1225 ж.) — Чан (1225-1400 ж.) дәуірі деп аталатын төрт ғасыр аралығында негізі қаланып, нығая түседі. Ли-Чан кезіндегі әдебиеттің өзінде вьетнам әде­биетінің тарихында белгілі бір маңыздылыққа иеленуге мүмкіндік беретін сыртқы және ішкі ерекшеліктері бар. Бұл көбінесе ханван жазуы­мен жазылған әдебиет. Ал ұлттық жазу (ном) әдебиеті кейі­ні­рек ХІІІ ғ. пайда болады. Ханван жазуының номнан кейін де, ХYІІ ғ. енгізіл­ген латындық жазудан кейін де өз құндылығын жо­ғалт­па­ға­ны атақты Хо Ши Миннің ханван жазуымен жазылған өлеңдерінен байқалады.

Соғыстарда өз тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында үлкен ба­тыл­­дық көрсеткен Вьетнам тарихы мәдени құндылықтардың сақта­лып қалуына өз септігін тигізген жоқ. Вьетнамға Ли-Чан кезеңінде, ХІІ ғ. қытайлық Сун әскерлері, ХІІІ ғ. моңғолдардың қол астында болған Қытай­дың юань әскері басып кіреді. ХY ғ. басында Қытай­дың мин әскерінің жаулаушылық соғыстары нәтиже­сінде жоғарыда аталған басқыншылар кезінде сақталып қалған мәдени құндылық­тардың көбі жойылып кетеді. Осылайша Вьетнам әдебиетіндегі шығармалар мен өнер құртылып, қолжаз­балар түрінде сақталып келген бірең-сараң ескерткіштер әлі күнге дейін толық табыл­маған. Қолда бар шығармалар ортағасырлық вьетнам қоғамының өмірі мен күрестері, рухани айқындылық пен халықтың сана-сезімі, ішкі жандүниесі мен өмірге көзқарасын биік дәрежеде жеткізушілер (авторлар) жайлы айтарлықтай мағлұмат береді.

Көбінде буддистік монахтар болған авторлар тегі жағынан жай қарапайым халықтан, жоғары тап өкілдерінен, әскер басылары, басшылар мен мырзалардан шығуы әбден мүмкін. Мұнда да Корея немесе Жапониядағыдай монахтар мемлекеттің ең алғашқы ақын­дары болған. Буддизм Вьетнам территориясына ІІ–ІІІ ғ. Үнді елінен Қытайға баратын діни адам­дар арқылы тараған, олардың арасында санскритті жақсы меңгергендері де болған делінеді. Олар Қытай және Үнді монахтарына аудармашылық қызмет көрсеткен, Х ғ. өзінде-ақ Тхиен (қытайша-чань, жапонша-дзэн) буддистік мектебі жұмыс істей бастаған. Монахтар патша­лардың кеңесшілері болған, ал патшалар мен олардың мұра­герлері монах бола бастайды. Мо­нах­тар өлеңдері буддистік уағыз бен ақыл-кеңестер ретінде қолда­нылған. Олар нәпсіге салынбауды және даосизмдегі жалғызда­ну­ға да шақырған. Бірақ поэзияның өзі және оның образдық жүйесі монах­ты табиғатты тамаша­лауға жетелеп, тамаша сәттерді көркем ой тәлке­гінен өткізуге итермелейді. Осы кезде буддизм мен дао­сизмнің заңдылық­тарынан тыс вьет­намдық поэтикалық суреттеме­лер мен зиялы қауымның шығар­ма­лары пайда болады.

Жапония, Корея мен Вьетнамға қарағанда иероглифтік жазуды басқа жазумен алмас­тырмай, тек буындық әліпбиді ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар Жапония Корея мен Вьетнамға қарағанда, айтарлықтай ерте кезден камбун жазуымен жазылған шығарма­лар­ды төл әдебиетінен кейінгі екінші орынға қояды. Бұл құбылыс, әсіресе, прозада ерекше байқа­лады. Камбуннан бөлініп шыққан, ең алғашқы және ең керемет үлгілер Х ғ., яғни фольк­лорлық негізде қалып­тастасқан ең алғашқы «Такэтори моногатари» атты ұлттық повестьтен екі жүз жылдан кейін пайда болған. Жапондық проза­ның ерекшелігі де осыда. Ауқатты тап өкілдерінің ішінде ер адам­дар камбун жазуымен жазып, танка өлеңдерін шығарған, ал жа­пон­­дық көркем проза қытай мәдениетінің ықпалымен әйелдерге тиесілі болған.

Осылайша, жанры бойынша «қытайлық нақыл сөздерге» туыс­тас жапон әдбиетіне тән танымал шығармалар, оның ішінде Сей Сенагонның «Жастық астындағы хаттар» еңбегі пай­да болды. ХІ ғ. басында сарайдағы ақсүйектер қатарына жататын Мурасаки-Сики­бу атты әйел­дер жазған Жапон классика­сының ұлы кітабы «Гэндзи моногатари» романы жарық көреді. «Гэндзи моногатари» өзінің бақылау нәзіктігімен және өмірге деген шынайы көзқара­сымен кейінгі әдебиеттің жетістігі ретінде оқырмандарды тамсан­дырған. ХІІ ғ. бастапқы кезе­ңінде «Кондзяку моногатари» атты әңгімелер жинағы кеңінен таралады. Бұл жапон әдебиетінде демократиялық тендециялардың көрініс тапқанының бірден бір белгісі бола оты­рып, тек қана сауатты қауым емес, қара­пайым халық та қол жеткізе алатын әнгімелерді қам­тиды. Кейін осы шығар­маның халықара­лық құндылығы да мойындалады. ІІІ-ХІІІ ғ. аралығы Корея мен Вьетнам үшін поэзия­ның ең гүлденген дәуірі болады.

Келесі ғасырларда осы мәдени аймақтарда әдебиетте Қытайда юань жан­рын­дағы дра­маның және ханмун мен ханван иероглифтік прозаның, Жапонияда дзуйхицу жанры мен Но маскалар театрына арналып жазылған бір актылы поэтикалық драмалар және камбун жазуымен жазылған шығармалардың дамуы сияқты жаңа құбы­лыстар орын алады.

794-795 ж. 80 жылдан астам уақыт бойы Нара қаласында орна­ласқан Жапония астанасы, император және зиялы Фудзивара тегінің басшылығымен оның жанындағылардың мекеніне айналған басқа (Киото) қалаға көшіріледі. Жаңа астана Хэйан («бей­біт­шілік пен тыныштық») деп аталған және сарай ақсүйектерінің басшылық еткен ХІІ ғ. соңына дейінгі кезең жапон тарихында Хэйан дәуірі деп аталады. Осыдан соң билік басына әскери-фео­далдық тап пен ел басқару ісі әскербасының (Сегун) қолына көшеді. Осы кезеңде пайда болған әдебиет жапон мәдениетінде классикалық кезеңді құрайды.

Хэйан дәуірінде жапондық көркем әдебиетінің пайда болуын­да, әсіресе, әйел авторлар үлкен рөл атқарады, бірақ олар қытайлық ақындық мәдениетпен жақсы таныс болғанымен, конфуций ілімінің әдеби қағидаларымен байла­ныстары айтарлықтай күшті болмайды. Ал ер адамдардың көбі шығармаларын әлі де қытай тілінде жазады. Осы әйелдер «легі» Х-ХІ ғ., яғни жапон ортағасырлық әдебиеттің жоғарғы дамыған кезеңіне жатқызылады.

X-XI ғ. Хэйан дәуірінің әдебиеті сарай және аристократиялық ортамен байланысты болады. Хэйандық сарайлар әр түрлі діни салт­тардың, салтанатты әрі сәнді ақсүйек өмірі мен түрлі ойын-сауықтардың, оның ішінде кото аспа­бында ойнаудан музыкалық жа­рыс­тар өткізу мен сурет салу өнерінің ордасы болады.

Хэйан дәуіріндегі буддизмге Нара кезеңіндегі аскетизм, мемле­кет өміріне және мәде­ниетіне деген қызығушылық тән. Хэйан дәуіріндегі жапон ұлттық буддизмі формасының барлық қасиет­тері (синкритизм, пантеизм, адамзатқа Жаратушы күштің әсері бар екендігін мойындау, діни шыдамдылық, эстетизм) әдебиет пен мәдениеттің дамуына әсер етіп, өзінің тарихи маңызы жағынан адам тұлғасының эмансипациясының элементтерімен, батыс еуро­па куртуаз­дық мәде­ниетінің діни догматикасынан бастап салыс­тыруға болады.

Буддизм (барлық тіршілік иесіне деген жанашырлық және карма идеясы, яғни осы және өткен өміріндегі амалдары үшін жа­уап беру) мен синтоизмнің (пантеизм, аграрлық магия мен табиғат күштері) және конфуций ілімінің (пайдалы білімнің көзі, әдеп нормаларының жүйесі) кейбір элементтерінің бірігуі Хэйан мәде­ниетінің идеологиялық негізін құрайды. Өмірді синтоисттік тұрғыда қабылдау, табиғаттың негізі мен буддистік көзқарастардың қиы­лы­сында хэйандық әдебиеттің негізгі эстетикалық тұжы­рым­дамасы пайда болады. Ол атақ­ты формула «моно но аварэмен» («баурап алушы») белгіленеді.

Хэйан дәуірі поэзияның одан әрі дамуына әсер етуін тоқтат­пады, дегенмен бұл дәуір әдебиет­тегі баяндау жанры арқылы, әсіресе өлеңдер мен нақыл сөздерге бай шығарма­лары­мен белгілі болған. Бұл әдебиет түрі көбінесе моногатари деп аталатын нейтралды атаумен ата­ла­ды. Көбінесе ертегілік сюжеттерден бастау алатын денки-моногатари (сиқырлы по­весть) архаикалық сөздерге бай және еркін стильде жазылған. Одан кейін ута-моногатари пайда болады, яғни өлең жолдары арқылы бірте-бірте өрби түсетін әнгіме. Көркем проза ІХ ғ. авторы белгісіз «Такэтори моногатари»[1] («Қарт Такэтори туралы по­весть») атты повестен кейін пайда болды.

[1] Бұл шығарманың мазмұны айтарлықтай күрделі де емес: қарт ағаш кесуші Такэтори бамбук қуысынан кішкентай қызды тауып алады. Оған «Жарық Сұлуы» деген мағынадағы Кагуя Химэ деп ат қояды. Расында, сұлудың сұлуы болып өскен қыз, шалды байлыққа кеңелтеді. Ол бамбук қуысынан алтын тауып алады. Кагуя Химэға құда түсуге жер-жерден жігіттер келеді. Бірақ қыз оларға қоңыз-ұлу қабыр­шығы мен сиқырланған тышқан терісін, Үндістаннан тастан жасалған тостаған мен Хорай тауынан гауһар тасты бұтақ алып келу сияқты қиын тапсырмалар береді. Келген жігіттердің бірде бірі қыздың тапсырмасын орындай алмайды, ал императордың хабаршысы келіп қызды сарайға алып кететінін айтқан кезде сұлу қыз атасына бар сырын ашады. Өзінің айлы әлемінің тұрғыны екенін және жақын арады жер беті­нен кететіні туралы айтады. Атасы мен әжесінің көз жасы да, сарай күзетшілері де қызды алып қалуға септігін тигізе алмайды, ай тұрғындары қызды өзімен бірге алып кетеді.

Повестің негізі ретінде ертегі алынған және сюжеттің өзі ертегі секілді фантастикалық жүйе­де жазылған. Осылайша, сиқырлы күштердің араласуымен қарт Такэторидың қолына шынайы өмірде қарапайым шаруаның түсіне де кірмейтін байлық түседі. Бірақ бұл шығар­ма­дағы фантас­тикалық элементтер мен сиқыр тек сұлу Кагуя-химэнің бейнесіне ғана қатысты, ал қалғандары, қарт Такэтори мен жолы болмаған жігіттер де шынайы өмірден алынған об­раз­дар. Қарапайым шаруа қарт Такэтори өз пайдасын ойла­май­ды, импера­тор ұсынған бар­лық шендер мен қызметтен ойланбастан бас тарта­ды. Кагуя Химэнің бейнесінде халық­тың сұлу­лық және сыпайылық идеалы көрініс таппады. Сұлу қыз ақылдылық және ұстамдылық таны­тып, танымал, бірақ қорқақ жігіт­терден ақылмен құтыла алады. Шығармада келтірілген тағы бір терең ой: нағыз күшке тек шын еңбекпен қана жетуге болады. Сол себепті жігіттер беріл­ген сынақтан өте алмай қалады.

Бамбуктың түбінен табылған ғажайып кейіпкер-қыз туралы айтылған «Такэтори моно­га­­та­ри» шығармасындағы негізгі мотив­тің отаны Жапония деп санауға болмайды. Шамасы, ол ерте­ректе буддистік аңыздар арқылы жеткен «Манъесю» мен «Фудоки» сияқты фольк­лорлық туын­дылардан алынған болуы әбден мүмкін. Мұхитта мәңгі жүзетін Хорай тауы ту­ра­лы аңыз Қытай­ ғұла­малар мекендейтін мәңгіліктің тауы туралы аңызымен байланысты.

Жапондық прозаның тағы бір шығармасы «Отикубо монога­тари»[1] («Отикубо сұлу жайлы») да фольклорлық негізден бастау алады. Оның авторы деп Минамото-но Ситагауды (903 ж. қ.б.) айта­ды. Повесте халық арасында кең таралған қатал өгей анасының сұлу және ақкөңіл қызын тығырыққа тіреу мотиві қолданылған. Қызды лас киіндіріп, еденсіз қараңғы шағын бөлмеге (отикубо) қамап қояды. Осыдан қызды «Отикубодан шыққан ару» деп атап кетеді. Шығарма­ның атауы да осыған байланысты шыққан.

Ертегілерден бастау алатын фантастикалық жанрдағы шығар­ма­лар қата­рына Х ғ. соңында жарық көрген «Уцубо моногатариді» («Қуыс туралы повесть») жатқызуға болады. Онда сарай өмірі көркем суреттелген. Атақты Фудзивара отбасынан шыққан Тосика­ге Қытайға жіберіледі. Жол­да кейіпкер кеме апатына ұшырап, түрлі шытырман оқиғаларға тап болады. Құдайлар мен мейірімді рухтар­дың көмегімен сиқырлы котоны (музыкалық аспап) үйіне әкеледі. Ол қайтыс болған соң, артынан қалған жалғыз қызы қараусыз қал­ған үйде бір өзі өмір сүріп, котода ойнайды. Сол жерден қызды министрдің баласы Вакако-Кими көреді. Қыз одан бір ұлды дүние­ге әкеліп, ұлымен бірге ағаш қуысында өмір сүреді, оларға мейі­рім­ді маймылдар көмекке келеді. Оқиға соңы сәтті аяқталып, бас кейіпкер аңшылық кезінде ғашығы мен ұлына кез болып, оларды аста­наға алып келеді. Кейін оларға арнап зәулім сарай тұрғызады.

Осы туындыда ең алғаш рет шығарманың бөлімдері «Тоси­ка­ге», «Атэмия» және «Күздің баста­луы» сияқты атаулармен аталады. Шығарманың бөлімдерін атаудың бұл тәсілі кейінірек атақты «Гэндзи моногатари» романында қолданылады.

ІХ ғ. соңындағы ғажайып повестермен қатар өлеңдік циклдегі повестер де пайда болады. Осы сынды шығармалар «аристокра­тиялық» әдебиетпен байланысты. Бұл бағыттың пай­да болуы­на түрткі болған «Исэ моногатари». Бұл шығарманы кейде «өлеңді повесть» деп те атайды, себебі оның 125 кішкене бөлімдерінің әр­қа­йсысы бір немесе бірнеше танкадан жә­не аз ғана проза­лық мәтіннен құралған. Повесте атақты ақын Аривара Нарихиронның махаб­бат хикаялары, тарихы мен өмірбаяны баяндалады. Өлеңдер оның отбасылық жинағынан алынғандықтан, автобио­графия жан­рын­дағы повестің авторы Нарихара деген көзқарас туын­дады. «Исэ моно­гатари» беттерінде, танка және қысқаша прозаикалық мәтін­дерде уақыт­та­рын эстетикалық рахат­тану, музыкамен айналысу, өлең жазу, табиғат сұлулығын тамашалау­мен

[1] Отикубо сыпайы әрі қарапайым, оның жүрегі мейірімге толы, өзіне жамандық жаса­ған­дарды да кешіре салуға дайын тұратын қыз. Повестің соңында автор суреттеген қайырым­ды­лық апо­феозы да халық ертегілеріне тән. Ол өз кейіпкерін аяныш пен жанашыр­лық тудыра­тын қасиеттер арқылы суреттеп, шығармасының соңын­да әркімге өз амалдарына байланысты тиісті жазасын береді: Отикубо жарының махаббатына бөленіп, қуанышты отбасылық өмір сүреді, оның қызмет­шілері көптеген сыйлық алады, ал өгей шеше­сі мен әпкелері кедейлік халге түсіп, тек сұлу әрі мейірімді Отикубоның қайырымды­лығына ғана үміттене алатын бейшара күйге түседі.

«Такэтори моногатариге» қарағанда бұл шығармада ертегілік жанр жанұя­лық повесть ретін­де жобаланған, фантастикадан ары­лып, «жақсылықтың жамандықты жеңуі» сияқты өзіндік идея­лық мағынасын сақтап қалған. Бұл жапондық «Күлбикеш» жайлы повесть қарт бамбукшы тура­лы повесть сияқты хэйандық дәуір әдебиетінде аса маңызды орынға ие болады. Бұл жерде конфуций іліміндегі адамгершілік құндылықтарын ұстанушылық қатты сезі­леді, онда қоғамдағы қатал тәртіп, қарапайымдылық пен күнделікті өмірдегі сабырлылық суреттелген және отбасылық жанашырлар сарай аристократия­сында басты рөл атқарған идеалдардан әлдеқайда өзгеше болған.

«Исэ моногатари» және Х ғ. пайда болған әңгімелер жинағы «Яматао моногатари» әлі бас­­тапқы сатыда болғанымен, хэйан дәуі­ріндегі әдебиетке тән сипаттарға ие болады. Бұл сипаттар күнделік жанры мен көлемді романдарда айқын білінеді.

Хэйан дәуірінің атақты ақыны Ки-но Цураюки (865-945 ж.) өзінің «Тоса никки» («То­садан жеткен саяхат күнделігі», Х ғ.) атты шығар­масын «Күнделік­терді ер адамдар жазады деген пікір қалып­тас­қан. Ал қазір бұл іске әйел адамдар да талпынуда» деген сөздер­мен бастайды. Неліктен автор өзін «әйел» ретінде бейне­легісі келеді? Мүмкін Ки-но Цураюки шығармасының бұл жанр­дағы басқа шығармалардан айырмашылығын мойындағандықтан шығар. Өйткені ол сарайдағы әдет бойынша күнделікті болған істі жазып отырған жоқ, ол лирикалық хаттарды жазған. Ки-но Цураюки 930-935 ж. аралығында губернаторлық қызмет атқарған Таса провин­ция­сынан (Сикоку аралы), Киото астанасына қайтып келеді. Саяхат кемемен жүзеге асырылады, жолаушылардың көз алдында табиғат­тың керемет көріністері өтіп жатады, бірақ «күнделік» мұң мен зарға толы, өйткені Тосада ақынның кішкентай қызы қайтыс бола­ды. Жолаушылардың ақынның көңілін көтеру үшін айқан әзілдері, қойған ойын-сауықтары, құрастырған өлеңдеріне қарамастан, Ки-но Цураюкидің ойынан қайғылы оқиға кетпейді.

Х ғ. соңында тағы да осындай шығарма «Кагэро никки» («Баян­сыз өмір күнделігі») пай­да болады. Авторы сұлулығымен даңқы көк­ке шыққан хэйандық дәуірдің ұлы ақыны болға­нымен, оның нағыз аты белгісіз. Ол шамамен 60 жасында, 995 ж. қайтыс болған. Оны әдетте Митицуна-но хаха, яғни «Митицу­наның анасы» деп атайды. Автордың күйеуі атақты Фудзивара әулетінен шығып, импе­ра­тор сарайын­да министрлік қызмет атқарған, бірақ ақын отбасылық өмірде бақытсыз болып өтеді. Күйеуі мен басқа әйел­­дер­дің ара­сындағы махаббат ойынынан шаршаған ақын өмірінің көп бөлігін жал­ғыз­дықпен өткізеді.

21 жылға (954-974 ж.) созылған уақыт аралығында болған оқиғалар баян­далған бұл күн­делік өлеңдерге толы және онда автор­дың өмірдің баянсыздығы туралы мұңды ойлары кел­­тірілген. Ақынға қоршаған орта «түсініксіз» болып көрінеді, барлығы да тұман­мен қап­тал­ғандай көмескі, ал өткен жайды еске алу, күйеуі­мен бірге өткізген шақты еске алу тек көз жасын жамбырдай жау­дырады. «Барлық дүниенің қаншалықты тұрақсыз екендігі жай­лы ойлана бастасаң, оның бар-жоқтығын түсінбей қаласың» сөздер­мен «Дегелек күнделігі» жазылған.

Біз көптеген көлемді үлкен күнделіктердің авторлары атақты ақындар, әсі­ре­се әйел ақындар болғанын көре аламыз. Олардың күнделіктері өлең үстеме­леріне бай және осы арқылы хэйандық күнде­ліктің лирикалық сипатын арттыра түседі. Осылайша, қарас­тырылып отырған кезеңдегі Жапон әдебиетінде түрлі жанрлар дами түседі. Тұрмыстық жайларға негізделіп жазылатын повесть ертегі­ден бөлініп шығады. Жеке адамның өміріне, ішкі сезімдеріне, толға­ныс­тарына деген қызығушылықтың нәтижесінде лириканың бай тәжірибесін өзіне сіңірген күнделік жанры пайда болады. По­вес­термен қатар күнделіктер де кейіннен романның пайда болуына жол ашады.

Хэйан ақсүйектерінің билік ету кезеңі 4 ғасырға созылады. Ақсүйектердің сарай өмірі­мен ғана тұйықталып, шектелуі олардың тарих сақынасынан кетуіне әкеліп соқтырады. Оған қоса ақ­сүйектер тарапынан қанауға ұшырап, ел дамуының экономикалық негізі болған ша­руа­лар елдің солтүстік-шығысында пайда болған жеке жер иеліктеріне қарай жаппай көше бастайды. Бұл жерлерде самурайлардың әскери-феодалдық табы қалыптаса бастайды. «Бей­біт­­шілік пен тыныш­тық» дәуірі деп аталған Хэйан дәуірі, шын мәнінде, билік басындағылар мен шаруалар арасын­дағы қырқыс­тар­ға толы болады. Орталық билік пен феодалдар ара­сындағы қарым-қатынаста қиын жағдайда еді. ХІІ ғ. соңында самурайлар ежелгі ақсүйек­тердің билігін жойып, Жапония билігін өз қолда­рына алады. Қоғамдағы осындай аласапыран оқиғалар мен түбегейлі өзге­ріс­тердің нәижесінде әде­биет те айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.