Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі

Home » Рефераттар » Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметі
Рефераттар Комментариев нет

Ортаңғы ми сопақша ми мен көпір сияқты ми сабағының құрылымы болып табылады. Ол көпір мен аралық мидың арасында жатады, сегменттік сипаттан толық айрылады. Сүт қоректі жануарларда ортаңғы ми дорсальдық және базальдық (негіздік) бөліктерден құралған. Дорсальдық бөлікте төрт төмпешік орналасады. Бұл құрылымдарда есту мен көрудің бағдарлау рефлекстерінің орталықтары орын тебеді. Алдыңғы екі жұп төмпешіктерде көрудің бағдарлау рефлекстерінің, ал артқы жүп төмпешіктерде естудің бағдарлау рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ және бас бейнелер көрінген немесе дыбыс шыққан жаққа бұрылады.

Ортаңғы мидың базальдық бөлігін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш бөліктен — бүркемеден, кара төсеміктен және табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро мен шырлық, көзқимылдың жүйкелер ядролары орналасады. Демек, ортаңғы мидан III және IV ми жүйкелері басталады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелеп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Қызыл ядро — дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлынның мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро үлкен ми жарты шарларының қозғағыш аймақтарының қыртыс асты түйінен, мишық ядроларынан және қара төсемік нейрондарынан қоздырғыш сигналдар алады. Өз кезегінде ол сопақша ми орталықтарының (Дейтерс торшаларының) қызметін тежей реттеп отырады. Оның қатысуымен дененің кеңістіктегі қалпына қарай бұлшық ет тонусы өзгеріп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын рететейді. Жалпы алғанда, тонустың (дене қалпын сақтау) рефлекстер ми сабағының, сопақша ми мен ортаңғы мидың, басқаруымен атқарылады. Дене қалпын сақтау рефлекстері тепе-теңдік (статикалық) жэне кимыл-қозгалыс (статокинетикалық) рефлекстері болып, екі топқа бөлінеді. Тепе-теңдік рефлекстері тыныштық кезін-де, мал тұрған немесе жатқанда дененің қалыпты кейпін, тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл әрекеттер. Статокинетикалық рефлекстер — дене қозғалысы кезінде байқалатын қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қалпын сақтау) және тұлға түзеу (мацсаттыц) болып екі топқа бөлінеді.

Кейіптену рефлекстері. Бұл рефлекстер дененің тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз етеді. Олар әсер көзіне байланысты мойындық және вестибулалық (сағалық немесе лабиринттік) болып бөлінеді. Мойынның қалпын сақтау (тонустық) рефлекстері бастың кейпінің өзгеруінің салдарынан мойын бұлшық ет проприоре-цепторларының тітіркенуімен басталады. Бұл рефлекстерді алғаш рет Голландия физиологы Р. Магнус мидың сопақша мидан басқа барлық бөлімдері алынып тасталған мысыққа тәжірибе жасап, зерттеген. Мысықтың басын шалқайтқанда алдыңғы аяқтардың жазғыш бұлшық еттерінің тонусы жоғарылап, артқы аяқтардың жазғыш еттерінің тонусы төмендеген. Басты төмен иген кезде алдыңғы аяқтың жазғыш еттерінің тонусы төмендеп, артқы аяқ еттерінің тонусы жоғарылайды. Басты оңға не солға бұрғанда, бас бұрылған жақтың аяқтарының жазғыш еттерінің тонусы жоғарылаған.

Оптикалық тұлға түзеу рефлекстерін атқаруда ми қыртысы қатысады, ал бүл рефлекстің басқа түрлері жүлынның, сопақша және ортаңғы мидың қатысуымен атқарыла береді. Статокинетикалық рефлекстер. Рефлекстердің бұл түрі айналмалы, үдемелі, түзу сызықты қозғалыс кезінде іркілу салдарынан туындайды. Айналмалы қозғалыс кезіндегі статокинетикалық рефлекстер жартылай дөңгелек түтіктер рецепторларының тітіркенуі нэтижесінде туындайды. Бұл рефлекстердің орталығы ортаңғы мидың қызыл ядросында орналасады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.