Ортаазиялық хандықтардың қоластындағы қазақтар XIX ғ. ортасында

Home » Рефераттар » Ортаазиялық хандықтардың қоластындағы қазақтар XIX ғ. ортасында
Рефераттар Комментариев нет

XIX ғасырдың ортасындағы Ресей құрамына негізінен Кіші жүз және Орта жүздің солтүстік-батыс жерлері кірді. Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысында көшіп жүрген қазақ Шөмекей, Шекті, Төртқара руларын және Үстірт ауданындағы Адайларды Хиуа хандығы жаулап алды. XIX ғ. 30-жылдарында Хиуа күшті мемлекетке айналып, солтүстікте шекарасы Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасынан оңтүстік-шығыста Ауғанстанмен шектесті. Әсіресе қазақ жерлерінің хиуалықтардың қатты шап-қыншылықтарьша ұшырауы Мүхаммед Рақымның (1806-1825) кезінде болды. Бүл кезде Хиуа хандығының бірігуі аяқталып, жоғарғы кеңес қүрып, салық реформаларьш жүзеге асырып, көршілес жатқан қарақалпақ және арал манаиын-дағы қазақ жерлерін басып алды. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы құнарлы егіндік және шабындық жерлерін басып алып қана қоймай хиуалықтар Жемге (Эмбаға) дейінгі қазақ жерлеріне ұмтылды. 1812, 1816, 1820 жылдардағы Мұхаммед Рақым қазақтардың жайылым жерлерін қаталдықпен тонап, үлкен зардап шектірді. Әсіресе 1820 ж. шапқыншылығы өте ауыртпалық әкелді. Онда бірнеше жүздеген қазақтар өлтіріліп, 1 мыңдай әйелдер тұтқынға, 65 мың қой, 15 мың түйе, 7 мыңнан астам жылқы айдап әкетті. Қазақ жұршылығында Хиуа ханы Мұхаммед Рақымға де-ген жек көрушілік арта түсті. «Мұхаммед Рақымға деген жек көрушіліктің шектен шыққаны сонша тіпті өлімші ханның қаның жерге тамызбай кезектесіп, сорды» — деп бір қырғыз (қазақ) өзінің көргені жайында Бутаковқа айтқан.
Хиуаның күшті атты әскерлеріне қарсы қазақтардың әскери дайындығы бар күштері болмады. Жау жағы зеңбіректермен қаруланды. Хиуалықтар бекіністер салу өнері бар епті атқыштарын орналастырып, өте дәлдікпен қарсыластарьщ жойып отырған. Тіптен мергендіктің ұшталуын бір хиуалық мақтанышпен: «Мергендер қүмырсқаның көзіне дәл ата алады», — деген екен. Ал қазақтардың бекіністері де, түрақты әскері де болмады. Мұхаммед Рақымның мирасқоры Алла-Құлдың кезінде Хиуа хандығының қазақ жерлеріне тонаушьтлық шапқыншылықтарьш одан әрі жалғасты. Өкінішке орай қанша қазақ руларының Хиуа қоластында болғандығы туралы мәлімет жоқ. Егерде XIX ғасырдың басындағы Хиуа хандығының жаулап алушылық саясаты феодалдық ақсүйектердің мүддесіне байланысты болса, ал 40-50 жж. басқаша мақсат көздеді. Хиуа ханы бұл уақытта қазақ жерлерінің Ресейге қосылуына барынша қарсы шараларды жүзеге асырды. Ұлы жүз бен Орта жүздің территорияларын басып алып, өздерін Ресейден бөліп түрған қорғаныс бекеттерін салуды көздеді.
Қокан ханының әскерлері бейбіт қазақ жерлеріне үнемі шабуыл жасап түрды, Қоқан хандығы XVIII ғ. аяғында өзінің қалыптасу жағдайында көлемі жағынан Фергана мен Ходжент алқаптарындағы жерлерді ғана иленген еді. Қоқан хандығын біріктіруші Әлімхан (1799-1809) болды. Ол күшті біртүтас мемлекеттің болуын көксеген» еді. Өзінің билік жүргізген түсында Әлімхан үздіксіз соғыстар жүргізді. Өзінің басып алушылық әрекетін үсынып ¥лы жүздің жайылымдық жерлерін, Шымкент, Сайрам және Қүрама қалаларының маңайындағы далалық аудандарды тартып алды. Оған жүртшылық тарапынан «Зүлым», «қорқау барыс» деген жаман ат тағылды. Айлакер, баққүмар және қатал феодал Әлімхан өзінің қатал (деспоттық) үкіметін жаулаушылықпен нығайтпақ болды. Оның қоластына түскен халықтар зорлық-зомбылық көрді. Бүқар жылнамашысы: «қанауға түскендердің ыңыранған дауыстары көктегі шоқ жүлдызға дейін жетіп, барлығы құдайдан ханға өлім тіледі, — деп жазды.
Әлімхан Ташкент пен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды өзінің таяудағы міндеті етіп қойды. 1809 ж. көп жылдар өзбектер мен қазақтардың саяси-экономикалық орталығы болған Ташкентті алған соң Әлімхан өлтірілді. Қазақ жерлеріне үнемі шабуыл жасау үшін Ташкентті өзіне қаратқан қоқандықтар оны қолайлы стратегиялық база еткісі келді. Ұлы жүздің батыс бөлігі және Кіші жүздің оңтүстік жайылымдары Қоқан хандығына бағынды. Омар ханда (1809-1822) қазақтарға қарсы өршелене жүзеге асырған жаулау саясатын жалғастырды. Қоқан Сайрам, Шымкент, Әулиеата жерлерінде бағындырды. Қоқан билігін Жетісу сүлтаны Әділде мойындады. Омар хан соны-мен қоса Түрікстан қаласын және Сырдария өзенінің орта ағысына дейінгі жерлерді басып алды. Қоқан шапқыншылығына Қазақстанның бүкіл оңтүстік және оңтүстік — шығысының бір бөлігі үшырады. XIX ғ. 20-жылдарында Қоқан хаңцығының қоластына 150 мындай қа-зақ отбасылары қарады . Олар Бестаңбалы, Сиқым, Шымыр, Жаныс сияқты рулардың қазақтары еді. Омар ханның мұрагері Мәделі ханда (1822-1842) оның жаулаушылық саясатын жалғастырды, Оның тұсында Қоқан ауыр жағдайда болды. Ел ішіндегі қанды бәсекелестік және тайпааралық қырқыстар, ақсүйектердің шектен тыс озбырлық қанауының күшеюі, халық бұқарасының бой көрсетуі белең алды. Бас көтерулер өте қаталдықпен басылып отырды. Оның үстіне хандыққа көршілері тарапынан, әсіресе Бұқар эмираты тарапынан қауып төнді. Қоқан басшылары көрші қазақ және қырғыз тайпа-рулары жерлеріне әскери бекіністер салып, жаңа жерлерді басып алумен елдің ауыр экономикалық жағдайын түзетпекші болды. Мәделі хан тұсында қазақ жерлеріне Қоқан үстемдігін орнату үшін керуен жолы бойында Көш қорған, Шым-қорған, Құмыш-қорған, Ақмешіт, Жөлек, Жаңа-қорған, Созақ және басқада бекіністер салды. Қоқандықтар далалы жерлерден таулы жайылымдықтарды кесіп тастап, қазақтарды өздерінің тікелей бағыныштылығына түсірді. Бекініс орындарындағы әскери бөлімдердің сүйемелдеуімен Қоқан әскер басылары, молладары, саудагер алып-сатарлары, алым-салық жинаушылары маңайларындағы қазақтарды адам айтқысыз қанауға түсірді. Құдияр ханның (1845-1875) түсында Қоқан иеліктері солтүстік-батысында Қармақшы алқабынан шығысында Іле өзеніне дейін, ал солтүстікте Ұлытауға дейін жетті. Құдияр хан сонымен қатар Қырғыздардың солтүстік бөлігінде басып алып, Бішкек, Тоқмақ бекіністерін салды. Аса маңызды керуен жолдары өтетін Үлы жүз бен Алатау қырғыздарының жерлері Қоқан хандығының жаулап алу саясатының объектілеріне айналды. Хиуа мен Қоқан жаулап алған жерлерде феодалдық қанаудың қатал жүйесі орнады. Қазақтар Хиуа және Қоқанның сансыз зорлық-зомбылығы мен қыспағына ұшырады. Болмашы қарсылық көрсетіле қолса, жат жерліктер тара-пынан аяушылық болмады: ауылдар тоналды, халықты тұтқынға әкетті, балаларды өлтірді. Әсіресе салық езгісі өте ауыр болды. Хиуа хандығына қараған жерлердегі әр үй басынан 15 тен 45 сомға (орыс ақшасымен) дейін салық жиналды. Ханның жылдық табысы 3 млн. сомға жеткен . Қоқан биелеушілері тек бір ғана Шымкент уалаятынан жылына 80 мың сом күміс түрінде зекет алған. Южковтың мәліметі бой-ынша жылына Бестаңбалы руларынан жылына 8-10 мың қой, сырғеліліктерде 6-8 мың қой, Сиқым, шымыр және жаңыс руларынан 2-2,5 мың қой зекет алған .
Жер шаруашылығымен айналысатын түрғындардан астыққа салынатын. Харадж арқылы қоқандықтар астықтың 1/3 алып отырды. Харадж отындық ағаш, көмір түрінде салынды. Әрбір шаңырақтан жылына 24 қап көмір, 4 тең сексеуіл және 1 мың бау қамыс салынды. Салықтан басқа қазақтар феодал шаруашылығында (барциналық) жұмыстарда атқарды. Олар егін алқаптарында жұмыс істеді, бекініс қабырғаларын жөндеді, атқораларды, т.б. тазалады. Онан басқа соғыс қимылдары жағдайында бектерге әрбір қазақ өзінің атымен, қару-жарағымен келуге міндетті болды. XIX ғ. 40 — 50 жылдарында жергілікті қазақ, өзбек және қырғыз жұртшылығы Қоқан феодалдарына салықтың 20-дан артық түрінен салық төлеп түрды. Далалық және Троицкий бекіністерінің маңындағы Орта жүздің қазақтары өз балаларын қүлдыққа сатуға дейін барған. Көшу кезіндегі «Қоқандықтар жасаған озбырлықтар оған тікелей себеп болды. Әсіресе Құдияр хан тұсындағы оған бағынған елді мекендер тұрғындары әбден зәбір көрді. Ол баю мақсатында Сырдария бойындағы қазақтарға жиі-жиі шабуыл жасап, тонап отырды. Мысалы, 1849 жылы Шөмекей руынан 1 мың от басы тоналды. 1850 ж. осы рудың қазақтары тағы да тонауға түсті. 1852 жылында Шөмекей руының 150 мың қойын айдап әкеткен».

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.