Орталық атқарушы билік органдары

Home » Рефераттар » Орталық атқарушы билік органдары
Рефераттар Комментариев нет

Орталық атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері негізінен 1995 ж. 18 желтоқсандағы «ҚР Үкіметі туралы» Конституциялық заңда, ҚР Президентінің 1993 ж. 9 маусымдағы «Атқарушы өкіметтің орталық органдарының жүйесін ретке келтіру туралы», 1999 ж. 22 қаң-тардағы «ҚР Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 ж. 13 қазандағы «ҚР мемлекеттік органдарының қүрылымын жетілдіру жэне олардың қүзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы», 2000 ж. 13 желтоқсандағы «ҚР жекелеген мемлекеттік органдарын қайта үйымдастыру, тарату және құру туралы», 2004 ж. 29 қыркүйектегі «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан эрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», 2006 ж. 27 наурыздағы «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан эрі ретке келтіру жэне оның тиімділігін арт-тыру жөніндегі шаралар туралы» және басқа жарлықтарында көрініс тапқан.
1. ҚР министрлігі тиісті мемлекеттік басқару саласына бас-шылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектесалааралық үй-лестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Сонымен бірге ҚР Үкіметінің 1999 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекеме (мемлекетгік орган) туралы Ереже эзірлеу жөніндегі Нұсқаулық-та» ҚР заңнамаларымен белгіленген тэртіппен қүрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уэкі-леттік берілген мемлекеттік мекеме мемлекеттік орган болып табылады делінген. Бұл Нұсқаулық ҚР Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге бағынысты жэне есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылады. Бүл жерде тек атқарушы билік органдары турасында ғана айтылған болу керек.
Нүсқаулық бойынша мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын жэне өкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады. Дэл осындай органдар болып ең алдымен ҚР министрліктері саналады. ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңда министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады деп бекіткен. Ал Үкіметтің әр министрлік туралы бекіткен ережесінде олардың толық атауында «мемлекеттік мекеме» деп көрсетілген.
Министрдің функциялары мен өкілеттіктері ҚР Үкіметі ту-ралы Конституциялық заңның негізінде ҚР Үкіметінің 1999 ж. 29 сәуірдегі қаулысымен бекітілген «ҚР Министрі туралы» Ере-жемен және әрбір министрлік туралы Үкіметтің бекітетін Ереже-сімен айқындалады.
Соларға сәйкес, Министр Министрліктің жүмысын үйымдас-тырады және оған басшылық жасайды, министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы жэне оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
1. ҚР агенттіктері. Республика Премьер-министрінің үсы-нысы бойынша ҚР Президенті қүратын ҚР агенттігі Үкіметтің күрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқару және рүқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айырмашылығы, бі-ріншіден, олардың Үкіметтің қүрамына кірмейтіндігі жэне екін-шіден, олардың арнайы атқару жэне рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Агенттік мемлекеттік мекеменің үйымдастырушылық — қүқық-тық нысанындағы заңды түлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, соңдай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
2. Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республика-ның орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктің қүрылымдық бөлімшеле-рі ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің қүра-мына кіреді. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган бас-шысының үсынуымен ҚР Үкіметі қүрады, қайта үйымдастырады жэне таратады.
ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан эрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығында министрліктердің қүрамына кіретін комитеттерге -мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялар, бақылау жөне қадағалау функциялары бекітілсін делінген. Осыған орай Комитет тиісті министрліктің қүзыретінің шегінде мемлекеттік басқару саласында арнайы атқару жэне бақылау- қадағалау функ-цияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Ведомствоның қүрылымы, негізгі міндеті мен қүзыреті жэне басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тэртібі эрбір Комитет туралы ҚР Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бүл Ереже Комитеттің қүрылтай қүжаты болып табылады.
ҚР Конституциясының VIII-бөлімінің (85,87-баптардың нор-малары бойынша тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді жэне атқарушы органдар жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар ҚР атқарушы органдарының бірынғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін үштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мем-лекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті атқару-шы органдардың қарауына мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық жэне элеу-метгік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу жэне олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайыңдау жэне қызметтен босату, жергілікті атқарушы орган-дардың жүмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелер-ді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай заңдармен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Жергілікті атқарушы органдардың қүзыреті, үйымдастырылуы жэне олардың қызмет тэртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 ж. 23 қаңтардағы заңмен жэне басқа заңдармен, Президенттің жэне Үкіметтің нор-мативтік кесімдерімен белгіленеді.
Аталған заң бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жер-гілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган жергілікті атцарушы орган (экімдік) болып табылады. Әкімдікті экім орынбасарларынан, экім аппаратының басшысы-нан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан тиісті аумақтың экімі қүрады. Әкімдіктің дербес қүрамы тиісті аумақтың мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшы-лары да жоғары түрған тиісті органдар басшыларымен келісім бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық ) Әкімдіктің мүшелері болуы мүмкін. Жергілікті мемлекеттік басқару қыз-метінің экономикалық жэне қаржылық негізін жергілікті бюджет; коммуналдық заңды түлғаларға бекітілген мүлік; заңдарға сэйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік қүрайды.
Әкімдіктердің қүзыретіне жататын мэселелердің тізбесі жо-ғарыдағы заңның 27 жэне 31 баптарында бекітілген.
Әкімдіктер мен экімдердің міндеттері мен өкілеттіктері «ҚР кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мэселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 11 мамырдағы; «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара-жігін ажырату жэне бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 ж. 20 желтоқсандағы; «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2004 ж. 21 желтоқсандағы заңдармен нақтыланып, кеңейте түсілген.
Әкім — ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол қүрылған жағдайда) басқаратын жэне тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Республиканың орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйле-сімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқа-рушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтық элеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.