Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық сипаты

Главная » Рефераттар » Орталық жүйке жүйесінің құрылымдық сипаты

Кез келген организмнің тіршілік әрекеті қоршаған орта жағдайларына қарай қалыптасады. Ал сыртқы орта жағдайы әркез құбылмалы күйде болады. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру нәтижесінде организмді қоршаган ортаның өзгерген жағдайларына бейімдейді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі әртүрлі органдардың, үлпалардың, торшалардың қызметін реттеп, оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Демек, жүйке жүйесі жеке органдар мен бүкіл организмнің күрделі эрекетін басқарып, түрлі физиологиялық процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі жан-жануарлар мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде пайда болған және сыртқы орта құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Организм тіршілік ету үшін оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, тұтастығын, жеке қүрылымдары (торшалары, ұлпалары, органдары) әрекетіндегі өзара үйлесімді қамтамасыз ететін ерекше байланыс жүйесінің болуы қажет. Осыдан организмнің эволюциялық дамуы барысында оның байланыс жүйесі жетіліп, күрделеніп отырған.

Организмдегі ең көне және ең қарапайым байланыс түрі «торшадан — торшаға » әсер принципімен қалыптасады. Кез келген торша сыртқы эсерге зат алмасу қарқынын өзгертумен жауап береді. Одан эрі осы торшада пайда болған алмасу өнімдері көрші торшаға әсер етіп, оның эрекетін өзгертеді. Осылай өзара тізбекті әсердің салдарынан бүкіл организм торшаларының функционалдық күйі өзгереді. Әрине, бұл жағдайда әр торшаның әрекетке қосылу шапшаңдығы мен ондағы реакция қарқынының эртүрлі болуы заңды нәрсе. Демек, байланыстың бұл түрі жетілмеген, қарапайым болып табылады. Эволюциялық даму барысында организмнің сыртқы орта эсерлеріне бейімделуі нэтижесінде байланыстың басқа түрі -гуморальдық реттеу тетігі пайда болады. Бұл жағдайда жеке торшалар мен үлпалардың физиологиялық күйінің өзгеруіне байланысты пайда болған алмасу өнімдері ұлпалық сұйыққа, лимфаға, қанға сіңеді де, осы биологиялық сүйықтар арқылы басқа торша мен үлпалардың қызметіне әсер етеді.

Организмнің сыртқы әсерге бейімделуінің одан эрі жетілуі нэтижесінде жүйкелік байланыс механизімі пайда болған. Жүйке жүйесі организм реакциясын шапшаңдатады және сыртқы орта эсерінің нақтылы бір мүшеге, немесе мүшелер жүйесіне тікелей бағытталуын қамтамасыз етеді.
Ең алғашқы қарапайым жүйке жүйесі ішек қуыстыларда (медуза, актиниялар) пайда болады. Оларда жүйке элементтері эпителий астында орналасады да, қүрылымы жағынан толық жіктелмей, организмде тор қүрайды. Гаглийлер (түйіндер) осы торда шашыраңқы орналасады. Бұл жүйке жүйесінің диффузиялы (шашыраңқы) түрі.

Эволюциялық қатарда пайда болған жүйке жүйесінің келе-сі күрделірек түрі — түйінді (ганглийлі) жүйке жүйесі. Ол был-қылдақ денелілерде, құрттарда, буынаяқтыларда кездеседі. Бүл жағдайда жүйке торшалары организмнің үзына бойында дененің жеке еегменттерінде түйін қүра орналасады. Аталған түйіндер бір-бірімен және дененің жеке бөліктерімен жүйке торшаларының өсінділері — жүйке талшықтары арқылы байланысады.
Жүйке жүйесінің ең күрделі, жетілген түрі — түтікті жүйке жүйесі. Ол омырытқалы жануарлар мен адамға тән. Жүйке жүйесінің бүл түрі жүйке торшаларының арнаулы түтікшелердің ішінде шоғырлануы нәтижесінде пайда болады да, ол орталық және шеткей бөлімдерге айқын бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұлын мен ми құрайды да, шеткей бөлігі жүйке торшаларының өсінділерінен пайда болады. Аталған жүйке жүйесінің негізін — нейрондар құрайды.

Баяндалған жайлар жүйке жүйесінің кұрлымдық эволюциясы үш принцип негізінде жүргенін көрсетеді. 1. Жүйке торшаларының дененің белгілі бір бөліктерінде шоғырлануы; 2. Жүйке жүйесінің алдыңғы бөлімдерінің басым дамуы; 3. Жүйке жүйесінің нейрондарға бөлінуі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.