Орыс философиясы

Главная » Рефераттар » Орыс философиясы

Орыс философиясы адамзат тарихында ғасырлар бойы қалыптасқан әлемдік философияның ажырамас құрамдас бөлігі екені белгілі. Күні кешеге дейін бұл тақырыппен байланысты мәселелердің барлығы мұқият бақылауда болып, көбісі тыйым салынған дүниелер қатарында келгені баршаға аян. Өйткені, социализмнің ұстанымдары тек бір коммунистік идеяның төңірегіне шоғырланғандықтан, оған сәйкес келмейтін басқаша түсініктердің барлығын жоққа шығарып отырды. Тіптен, бүл тақырыппен айналысамыз деген зерт-теушілердің әрекеттеріне өткен қоғам «ұлтшылдықтың жалауына көтеру» деген үстірт бағалаулар беруге асыққаны рас. Тоталитарлық қоғам қазақ философиясымен айналысамын деген азаматтардың осы мақсатта ұлттық ойлау жүйесін жандандыруға ұмтылғандарын да осындай жолмен шектеп отырды. Міне, осындай идеологиялық тұмшалаудың салдарынан тарих сахнасында әр түрлі рухани терендіктердегі өздерінің даналыққа толы тұжырымдарына бұқара халыққа жеткізген ойшылдардың шығармаларының мәтін түрінде қоғамда кең тарамай және ғылыми зерттеулер түрінде өз бағаларына алмай, ондаған жылдар бойы уақыт өткізгені белгілі. Енді, міне қазіргі уақытта жаңа заманның тарихи кезеңі келді, рухани дүние де демократиялана бастады, яғни ойлау еркіндігінің ұстанымдары қоғамдық санада беки түсуде. Сөйтіп, бұл басқа мәдени, саяси дәуір орыстың философиялық даналығының, қазақ халқының және басқа да халықтардың ой-тұжырымдарының тарих доңғалағының астында жоғалып кетпей, олар халықтың рухының терең тамырларын-да бойлай орналасқанын, өмір сүргенін байқатты. Мәңгіге жабылған шығар деген тарихтың «ақтандақтары» бірте-бірте ғылыми кеңістікте күн санап ашылу үстінде. Сол рухани күштердің еркіндікке шығу кереметін қазіргі заманда өз көзімізбен көріп, байқап отырмыз. Орыс ойшылдарының өз заманында айтқан терең ойлы тұжырымдары жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық сананың белгісіндей, халықтың қайталанбас даралығын білдіретін құбылыстай көрініс береді. Біздің қазіргі ұрпақ орыс ойшылдарының көптеген жарияланымдарының цензурадан өтпей келген мәтіндерін жаңадан ашып жатыр. Бұл құбылыс шын мәнінде қазіргі тарихи кезеңнің дәуірлік сипаттамасы болып табылады.
Орыс философиялық мұрасының қайта оралуымен бірге орыс мәдениетінің және орыс халқының ұлттық өзіндік санасы дами және беки түсетіні белгілі. Ол процестер болса өз кезегінде басқа халықтарға да рухани ықпал етіп, түбінде оң нәтиже беретінінен үміттенеміз. Орыс ойшылдарының философиялық еңбектері қазақ тіліне осындай тұтастанған кейіпте, антологиялық принциппен кешенді түрде аударылуы елімізде алғашқы рет жүзеге асып отыр. Әрине, халқымыз аға ұрпағы және қазіргі жастар орыс жазушыларының, ақыл-дарынын көптеген шығармаларымен қазақ тілді оқырман ретінде бұрыннан таныс екенін айта кету керек. Ал, енді жоғарыдағы орыс халқының философиялық ойымен танысу сияқты маңызды іс еліміздегі көп этностық ортада, әсіресе, Қазақстанда жүзеге асқаны ондағы халықтарды өзара жақындата түсуі үшін рөлі зор.
Біздің елімізде әр түрлі халықтар арасында мәдени кірігу үрдістері жалғасын табуда, әсіресе, қазақ пен орыс ұлттары арасындағы осы геосаяси кеңістіктегі қатынастар маңызды, әрі жетекші басымдылықтарға ие екені белгілі, Міне, сондықтан бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан орыс халқының философиялық ойының қазақ тілінде жариялануы бұл екі халықтың өзара тарихи байланысын нығайтарына, қоғамымызда этносаралық қатынастар келісімін орнатарына сенімдіміз. Өйткені, мәдениеттер байланысы алдымен даналық сөздер денгейінде, философиялық ойлар саласында болғаны өте маңызды. Екі халықтың философиялық ойлау жүйесінен рухани туысқандық байқалады, екеуінде де батыстық үлгілерден бөлек әлемді игеру барысында туындаған философиялық ойларды жеткізудің өзіндік типтері бар екені анықталды.
Шынымен де, егер қазіргі замандағы «шынайы» философияның өлшемі ретінде тек батыстық модельді алатын болсақ, онда оған ұқсамайтын, сәйкес келмейтін барлық ұлттық философиялар «философия» деп аталудан қалады. Олар классикалық неміс философиясындай носеологиялық және логикалық мазмұнның, теориялық құралдардың және категориялық безендірудің жоқ екенін желеу етеді. Бірақ бұндай дәйектеудің негізі күйреген. Өйткені әлемді рухани игеруде, зерделеуде қатып қалған бір ғана философиялық үлгі болуы мүмкін емес. Жалпы адамзаттың рухани әлемінде ақиқатқа қарай ұмтылудың даналыққа толы пайымдаулары сан түрлі формада көрініс бермей ой-саналық даму туралы жартымды сөз қозғау болмасы анық. Сондықтан әрбір халықта өзіндік философия қалыптасқан және бар деген жөн. Олар болашақта әр қайсысы өз шамасы келгенше адамзаттың жалпы мәдениетіне шығармашылық тұрғыдан өз үлестерін қоса беретініне күмән келтіруге болмайды. Бүл тұжырымдарды толығымен орыс пен қазақ философиясына да байланысты айтылары хақ.
Орыс философиясы орыс тарихының әр түрлі кезендеріне сәйкес келетін жақтарынан туындаған идеяларды айтып келді. Киев Русі, моңғол кезеңі, Мәскеу патшалығы, Петр реформалары, орыс ағартушылығы, орыстың әдебиетінің алтын және күміс кезеңдері, XX ғасырдағы орыс философиясының жарқырауы орыстың ой тарихында әр қилы сипатта көрініс берген. Осы тарихи және мәдени мұраның көптүрлілігін бір жинақта толығымен көрсету өте қиын. Дегенмен оқыр-манға орыс ойшылдарының атақты шығармаларының ең маңызды қүндылықтары сүрыптальш берідді, олар жүмыста антологиялық мағынада қордаланды жөне бүл томның қүрас-тырылуьшда белгілі бір логикалық желі басшылыққа алынып, тарихи сабақтастық принципі сақтальшды.
Оқырманға үсынылған томның бастапқы бөлімі П. Чаа-даевтың шығармасынан басталады. Себебі, XIX ғасырдың соңында орыс халқы өзінің тарихи санасын терендеп қарас-тырумен айналыса бастады, яғни басқша айтқанда философиялық «мұзжарғыш» кезеңі туындады, ұлттық мәселе философиялық тұрғыдан сарапталып, поэзиядан философиялық астарлар іздеу байқала бастайды. П.Чаадаев осы әрекетті жасауға қадам жасаған алғашқы орыс ойшылдарының қатарында болатын.
Бұл тарихи кезең орыс мәдениетіндегі жаңа дәуірдің басталғанын білдіреді, ол тарихи кезенді ашқан тұлғалар Петр Чаадаев пен А. Хомяков десе де болады. Сонғысының шығармашылығы үшінші бөлімде жинақталған мәселелерге көбірек жақындық танытқандықтан ол сол белімде қордаланған тарихи туындылармен қатар оның мәтіндері беріледі. Дегенмен олар философиялық шығармашылық әлемінде керемет қайраткерлер болып танылған деп қорытынды жасауға болады. Себебі, олар философиялық зерделеудің алғашқы жемістерін қомақты етіп ұсынған дербес орыс ойшылдарының қатарында. Ал, енді орыс мәдениеті оларға дейін өзінің рухани қажеттілігін, ой-санаға деген мұқтаждығын діни дүниені пайымдаулармен қанағаттандырып келген болатын. Философия болса қоғамда өзінше дербес дамуға мүмкіндіктер алмаған еді, өйткені ол заманда қоғамдық болмыста азаматтық өмірдің формалары қалыптаса қоймаған болатын және ақиқатты тек таққа отырғандар айтып, барлық еркін ойлаушылар қуғынға ұшырап отырған.
Философия осындай жағдайларда өзіндік ерекше құбылыс ретінде пайда болуы мен өрбуі арқылы қоғамда және адами ойлау жүйесінде өмір сүрудің басқа мүкіндіктерін ашуға әрекеттенетіні анық. Орыс тарихи болмысындағы қасиеттілердің өмірі, олардың қанатты сөздері, жылнамалар түрінде ғана емес, ол басқа сөздік емес формаларда, яғни иконалық жазу, ежелгі славяндық сәулет түрінде көрініс беріп келген болатын. Олардың барлығы философиялық ойдың пайда болуына негіздер болатьш алғышарттар ретінде тарихи процесте болғандығын көрсетті.
XIX ғасыр орыс философиясының терең ойлы сөз түрінде байқала бастаған тарихи кезеңі болды. Алдымен ол философиялық хаттар мен мақалалар формасында байқала басталып, сосын Гоголь, Толстой, Достоевский сияқты орыс жазушыларының көркем шығармашьшығында жалғасын тапты. Одан кейін Вл. Соловьев пен XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы орыс ойшылдарының керемет салиқалы тобы келеді. Міне, осындай керемет тарихи тұлғалар әлемдік философиялық жұртшылықтың алдында философияның ұлттық кейпін жасауға өздерінің қайталанбас үлесін қосқанын атап өтуіміз керек.
П.Чадаев шығармаларының үзінділерін енгізген прологтан кейін оқырман орыс философиясының сол кезендегі даму логикасына сәйкес келетін үш бөліммен танысады. Бірінші және екінші бөлімдер орыс философиясының тарихындағы таңғажайыптар жөнінде, яғни қосылмайтын нәрселердің қосылуы туралы, келіспейтін нәрселердің келісуі жайында, өлшеуге келе қоймайтын екі тарихи кезеңнің өзара қатысуы туралы түсініктер береді, философиялық баяндаулар жасайды;
Бір жағынан — орыстың ұлттық өмірінің бастауларына сәйкес келетін, ашықтықты, әмбебаптылықты, ақиқаттың, жақсылықтың және сұлулықтың бірлігін байыптайтын барлығының бірлігі философиясы болса, екінші жағынан ~ экзистенциализм мен персонализм, орыстың рухани типінің деконструкциясы, Ницше мен Кьеркегор мақамындағы дарашылдық пен адам болмысының бірегейлігінің бойлауы байқалады. Үшінші бөлім орыс халқының өзіндік ұлттық санасы мен этностық төлтумалығы тақырыбына арналған мәтіндерді енгізді. Бұл тақырып жоғарыда айтылғандарды қорытындылайды. Оның үстіне ол тұтастай орыс философиясын түсінудің тетігі, технологиясы болып табылады. Орыс ойшылдары не туралы ой-толғаулар жасаса да олардың барлық ізденістері біртұтас ниеттен туындайды, яғни дүниежүзілік тарихтағы орыс халқының ерекше міндеті, тағайындылығы Н.Бердяевтің сөзі бойынша «Ресей туралы жаратушы не ойлаған?» деген тұжырымынан туындайды. Орыс мәдениеті мен философиясы оның өзіндік санасының формасы ретінде о бастан діни тамырларға арқа сүйеген.
Бұл православиялық философия және онда өзіндік екі түрлі сенімнің ізі бар: православияның пүтқа сезіну кезеңінің мифологиясымен және халық поэзиясымен бірігуін атап корсетуге болады (осы жерде салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, онда қазақ халқының тарихында ислам ежелгі түркілік түсініктермен, ділмен, Тәңіршілдікке деген сеніммен тығыз байланыста өмір сүрген шақтарын атауға болады). Орыс идеясы сондықтан православияның арнасында дамиды. Орыс философиясының барлық тарихын Н.Бердяев қалыптастырғандай орыс идеясының тарихы ретінде қабылдауға толық құқымыз бар. Оның атақты «Орыс идеясы» өзінің мағыналық орталығының айналасына қордаланған кеңейтілген түрдегі орыс ойы болып табылады.
Киев митрополиті Илларион өзінің «Заң және қайырымдылық туралы сөзінде» жақсылықтың ғаламдық күштерінің әлемдік зұлымдықпен күресіндегі орыс халқының ерекше миссиясы туралы діни-тарихи тұғырнамасын баяндаудан әңгімені бастайды. Орыс идеясы XVI ғасырда инок Филофесінің Москва — Үшінші Рим деген ілімінен бастап ол жаңа қырға ие болады: Византия құлағаннан кейін Москва христиандық православияның шығыс бұтағының жалғыз лайықты жалғастырушысы және сақтаушысы болып саналады. Орыс халқының өзіндік міндеті мен тағайындылығы осында деп түсініле бастайды. Бірақ одан кейін орыс тарихын екіге «кесіп», бөлшектеп тұрған Петр дәуірі келеді. Дегенмен бұл керемет алға қарай пәрменді ұмтылусыз орыс мәдениеті өзінің шығармашылық дүмпулеріне қол жеткізбес еді. Петр өзінің батыл әрекеттерімен халық дәстүрінің үздіксіздігін тоқтатты, Русьті Еуропалық өркениетті әлемге енгізуді осыған дейін ашылмаған көкжиектерді ашуды өзіне мақсат етіп қойып, соларға қол жеткізді де.
Бірақ орыстың халықтық стихиясы зардап шекті, дәстүрлер мен салттар, жүздеген жылдар бойы қалыптасып келген ғұрыптар бір сәтте күйреді. Осыдан кейін орыс идеясының жаңаша мақамы пайда болды: біз кімбіз және қайда тұрамыз — Шығыста ма, әлде Батыста ма? Біздің дербес жолымыз қандай? Біз Батысты «қуалауымыз» керек пе? Немесе қайнар көздерге бет бұрып, ұлттық тіршіліктік нәрлерден сусындауымыз керек пе? Міне, сөйтіп, XIX ғасырда кең етек алып, содан бері славяншылдар мен батысшылдардың қазіргі уақытқа дейінгі бітпей келе жатқан пікірталастарының негізгі мәселесі осындай болып келеді.
Славяншылдар ұлт рухының, орыстың ұлттық мәдениетінің төлтумалығының қайта жаңғыруына, батысшылдар болса — өркениеттің еуропалық үйіне енуіне, прогресс пен ғылыми жетістіктерге шақырды. Дегенмен екі жақ та өз Отанын барынша сүйді, оның болашағы туралы шынайлықпен, жанашырлықпен ойланған болатын.
XIX ғасырдың соңыңдағы орыс философтарының ілімдерінде орыс идеясы жаңа келбетке ие болады. Соловьев үшін орыстардың қасиетті парызы христиан дінінің көптеген бағыттары шіркеулерінің, мұсылман және будда діндерінің діни орталықтарының бірлігін қамтамасыз етуге талаптану. Бердяев үшін орыстардың міндеті, яғни миссиясы — Шығыс пен Батыстың синтезін, екі дүниетанымдық парадигманың бірлігін қамтамасыз ету. Еуразияшылдар үшін орыс идеясы — тарих тағдырының бірлігіне негізделген Еуразиялық одақ концепті болып табылады. Орыс философиясының ерекшелігі мен бірегейлігін орыс идеясын іздеу анықтайды. Орыс философиясын тарихта үнемі дербес еместігі, тәуедділігі, еліктегіштігі үшін кіналап келді. Бірақ ондай жағдай да бекер қальштасқан жоқ. Себебі орыс мөдениеті XIX ғасырда неміс класеикасы мен батыстық басқа да бағыттардың күшті ықпалын сезінді. Бірақ орыстың ұлттық типі өзіндік ерекше философиялық ойды туындатты. Кейде бұл бірегейлік оньщ экзистенциалдық сипатында болғаны туралы айтылады. Мүндай түжырымдармен келісе отырып, бірақ атап ететін бірнеше жөйттер де бар. Орыстарды, көбінесе, гаосеология мен логиканың мәселелерінен гөрі өмір мәндік мәселелер: бақыт пен қасірет, махаббат пен жек~ көрушілік, жақсылық пен зұлымдық жөне әрине, әділеттілік пен тендік сияқты құбылыстар толғандырды. Орыс санасы мен орыс жаны қоғамда қайшылықты сипатта көрініс бергенмен олардың үнемі өмірдің мөні мен мағынасын табуға талаптанып, ізденісте болғаны тарихтан белгілі.
Бірақ орыстардың экзистенциалдығы дүниеде болып жатқан нәрселердің мағынасын бастан кешірушілік тек жеке, түлғалық, дербес күйде ғана көрініс бермейді, ол орыс халқьь ньщ болмысыньщ мағынасын пайымдау тұрғысынан, тіптен, онан кеңірек алғанда оның тарихи, ғаламдық тағайын-дылығын анықтау деңгейінде зерделенеді. Орыс идеясы сонымен орыс халқының «экзистенциясы». Ол бойьшша өлеуметтік шындық, ар-үят, үждан мөселелері негізгі силат-тамалар алуға тиісті. Н.Бердяевтің айтуынша, орыс халқы философияны үнатады және тіптен, сауатсыз орыс мүжығы өмір мәні, Қүдай туралы, мәңгілік өмір туралы, жақсылық пен зұлымдық туралы, шьшдық пен жалғандық туралы жөне Қүдай патшалығын орнатуға болады деген философиялық сипаттағы сүрақтарды қойғанды жақсы көреді. Орыс философиясында да орыс идеясын іздеудің аясында, міне, осы мөселелер алдьщғы қатарға шығады.
Жалпы, Батыстағындай орыс философиясьш әр түрлі мектептерге бөліп тастау қиын, оның тарихы философиялық ойдың идеалды-типтік бейнелерін жасаумен сипатталғаны байқалады. Соңдықтан олардың бір-бірінен алыстағы жөне қарама-қарсылығы шартты түрде және орыс философиясын іштей біршама біртүтастығы бар қүбылыс деп анықтауға болады.
Енді бұл томда қамтылған тарихи тұлғалардың жеке бастары мен олардың шығармаларындағы кейбір ерекшеліктерге тоқтала кетелік. Алдымен Петр Чаадаев (1794—1856) орыстың гусарлық офицері, кейін отставкаға шыққаннан соң Еуропаны аралап, философияны зерттей бастайды. Сол саяхаттарынан оралғаннан кейін өзінің атақты Е Д. Пановага арнаған хаттарын «Телескопта» жариялай бастайды. Ол хаттарьш келтірген орыс халқыньод өмір салтына байланысты жазған сыни көзқарастары үшін өзінің барлық жақын-жуығынан, достарынан да, қастарынан да түртпекке үшы-райды. Оның хаттары халықтьщ абыройын төгетін дүниелер деп бағаланады. Бірақ шьш мөнінде ақиқаттың бет пердесін ашқаны үшін есі ауысқан деген атаққа ілінеді. (Осы жерде отаңдастары өз заманында жете оңды бағалай алмаған Абайдың тағдыры еске түседі). Ресей өлемге ешнәрсе берген жоқ деп кесіп айтқан П.Чаадаев кейінгі еңбектеріңде өзінің тарихи процесті бағалауда өте қаттырақ кеткенін мойындайды. Әлемге Ломоносов пен Пушкин сияқты дарынды сыйлаған халықтың болашағынан үміт күту керектігін айта келіп, ол үшін алдымен көптеген өлеуметтік мөселелердің шешілу қажеттігін алға тартады. Шыныменде, П.Чаадаевтың заманында Ресейдің өлеуметтік жағдайы Еуропадағы ең төменгі деңгейлерінің бірі болғанын айта кету керек Негізінен халқы ауылда түрған Ресей халқы дінге сенушілердің қатарында болғанмен кәп-теген гуманитарлық мөселелерді игеруде басқа еуропалық еддерден кенжелеу қалғаны байқалды.
Чаадаевты кейінгі зерттеушілердің кейбірлері алғашқы батысшыл деп атайды. Бұл онша дәл айтыла қоймаған сипаттама. Өйткені ол батысшыл болғанмен өз халқының, Отанының тағдырьша барынша алаңдаған, оны өзінің кемшіліктерімен күресуге шақырған ойшыл екенін ескеріп айту керек. Бұл ойшылдың көптеген философиялық тұжырымдары жалпы орыс философиясының қалыптасуына, бағыт-бағдарына өзінің орасан зор ықпалын тигізді. Сөйтіп, Ресей үшін болашақтың траекториясы осы ойшылдың шығармаларынан басталатындай көрініс береді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.