Қозудың рецепторларда туындауы

Главная » Рефераттар » Қозудың рецепторларда туындауы

Рецепторлар деп ішкі және сыртқы орта тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдап, оларды ерекше электрохимиялық сигналдарға — жүйке импульстеріне айналдыратын арнаулы сезімтал жүйке ұштарын айтады (латын тілінде recipo — қабылдау деген мағына береді). Рецепторлар сезім жүйесінің бастапқы буынын құрайды, сондықтан олар жануарлар организміндегі әртүрлі ақпараттардың көзі болып табылады. Рецепторларда туындаған тітіркеніс жүйке талшықтары арқылы шартты белгі — импульс түрінде орталық жүйке жүйесінің нейрондарына жетеді де, сол жерде талдаудан өтеді. Рецепторлар орналасу орнына, морфологиялық ерекшеліктеріне, мамандану сипатына қарай бірнеше топқа жіктеледі. Орналасу орнына қарай олар сырткы (экстеро-) және ішкі (интеро-) рецепторлар болып бөлінеді. Экстерорецепторлар тітіркендіруді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты алшактық (дистанциялыц) және жанаспалы (контактъщ) болып жік-теледі. Алшактъщ рецепторлар тітіркендіргіш эсерін белгілі бір арақашықтықтан қабылдай береді (мысалы, көру, есту, иіс тал-дағыштарының рецепторлары). Жанаспалы рецепторлар тітір-кендіргішпен тікелей жанасқанда ғана қозады. Интерорецептор-ларды ішкі ағзалардың висцерорецепторлары мен бұлшық ет проприорецепторлары құрайды.

Мамандану сипатына қарай рецепторлар фото-, механо-, хемо- жэне ноцирецепторлар (ауырсыну әсерлерін қабылдайтын) болып бөлінеді.
Қозу ерекшеліктеріне қарай рецепторлар тікелей сезінетін жэне сатылы сезінетін болып жіктеледі. Тікелей сезінетін рецеп-торлар (тері, бұлшық ет, ішкі ағза, иіс талдағыштарының рецеп-торлары) эсерді тікелей қабылдайды, ал сатылы сезінетін рецепторлар — арнаулы маманданған эпителийлік немесе глиялық рецепциялық торшалар арқылы қабылдайды. Бұл торшалар қозуды негізгі рецепциялық торшаларға синапстық байланыс арқылы бағыттайды. Рецепторлардың бұл түріне есту, дем, көру, тепе-теңдік талдағыштарының қабылдаушы құрылымдары жатады. Ал енді осы рецепторларда тітіркеніс қалай туындап, ол сезімтал жүйке талшықтары бойымен қалай тарайды?

Рецепторлардың барлық түрлерінде сыртқы орта энергиясы (жарық, механикалық әсер, жылу, т.б) рецепциялық торшалар «тіліне» айналады. Адекватты тітіркендіргіштердің әсері рецепциялық торшалар табиғатына байланысты. Мысалы, механикалық тітіркендіргіштер рецепциялық торша мембранасын деформацияласа (пішінін өзгертсе), химиялық заттар мембрана хеморецепторларымен байланысады, жарық сәулесінің эсерімен мембрана фоторецепторларының фотопигменттері өзгереді, жылу мембрана өтімділігін өзгертеді, зақымдаушы әсерлерге бөлінген пептидтер мембрана рецепторларымен бай-ланысады (ноцицептивтік рецепторларда), т.с.с. Барлық жағ-дайда мембрананың иондарға өтімділігі жоғарылап, сезімтал жүйке ұшына натрий иондары өтеді де, мембрана үйексізденіп, рецещиялық потенциал (РП) туындайды. Көздің фоторецепторларында үйексіздену орнына гиперүйектену жүріп, әрекет потенциалы туындамайды. Жарық сәулесінің әсерімен фоторецепторлар мембранасының сыртқы бөлігінің натрий ион-дарына өтімділігі төмендейді де, гиперүйектену жүреді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.