Парабиоз және оның стадиялары

Home » Рефераттар » Парабиоз және оның стадиялары
Рефераттар Комментариев нет

Н.Е. Введенский 1901 жылы өзінің «Қозу, тежелу және наркоз» деген еңбегін жазып, парабиоз жөнінде классикалық теория ашады. Бұл теория қозу шамадан тыс жоғарлағанда тежелуге, ал ол одан әрі күшейгенде қайтымсыз тіршілік процессінің токталатындығын дәлелдеді. Етті нерв препаратының белгілі бір белігін күшті электр тоғымен тігіркендіргенде оның қозғыштығының төмендейтіндігі анықталған. Осындай нервтің немесе организм қозғыштығының төмендеуі кезіндегі жағдайын Н.Е.Введенский парабиоз деп атаған (гректің Paza, bios) деген сөзінен алынған өлі мен тірінің арасы деген мағынаны білдіреді яғни парабиоз кезінде нервтің бірқалыпты қызметі бұзылады, Н.Е.Введенский өзінің классикалық тәжірибесін бақадан дайындалған етгі-нерв лрегіаратына жұргізеді, Етті-нерв препаратының белгілі бір бөлігін (А) альтерация құбылысына ұшырытылады яғни белгілі функциональдық өзгеріс туғызатын химиялық (эфир. хлорофррм, хлорлы калий) заттарымен тітіркендіріледі. Содан кейін етті-нерв препаратының сау бөлігіне (Б) электрод арқылы тоқ беріледі, пайда болған қозу импульстары нервтің бойымен таралып оның альтерацияға ұшыраған бөлігімен бұлшық етке дейін барады. Осы уақьгггағы қозудың нерв арқылы өтуінің дәрежесін Н.Е.Введенский препарат етінің тартылып жиырылуымен сипаттаған. Парабиоз бір-бірімен алмасып отыратын стадиялық процесс яғни оның үш стадиясы болады; Теңесуші стадия- Бұл стадияда нервтің сау бөлігінен келіп түскен әлсіз немесе күшті қозу толқындарына препарат еті бірдей биіктікте тартылып жиырылады. Осының нәтижесінде етті-нерв препаратының әлсіз және күшті тітіркендіргіштердің әсеріне кері қайтаратын жауабының эффектісі теңеседі. Яғни берілген әлсіз тгтіркендіргіштің әсеріне де, күшті тітіркендіргіштің әсеріне де етті-нерв препаратының бірдей жиырылуымен жауап береді. Ол былай түсіндіріледі, етті-нерв препаратының альтерацияға ұшырып жатқан бөлігі күшті қозу жағдайында болады (химиялық заттың әсерінен), Сондықтан нервтің альтерацияға ұшыраған бөлігі оның сау бөлігінен келіп түскен қозу импульстарын қабылдап, жаңадан қозу импульстарын туғыза алмайды яғни улы химиялық заттың әсерінен қандай эффектімен жауап берсе сол эффект күйінде сақталады. Парадоксальды стадия- Парабиоз құбылысының негізгі сипаттаушы стадиясы. Етті-нерв препаратының сау бөлігінен күшті тітіркендіргіш берілсе, онда етті-нерв препаратының тартылып жиырылуы төмендейді, ал әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен оның тартылып жиырылуы кушейеді яғни керісінше эффекті байқалады. Күшті тітіркендіргіштің әсеріне күшті қозу импульстары пайда болады, олар нервтің альтерацияға ұшыраған бөлігіне жеткеннен кейін онда қозу импульстарының көпшілігі тежеліп, қозудың дәрежесі төмендейді және соған сәйкес етті -нерв препаратның кері қайтаратын жауабының эффектісі мендейді, әлсіз тітіркендіргіште әлсіз қозу пайда болады және нервтің альтерацияланған бөлігіне келгенде ондағы қозу импульстарымен қосылып, қозудың дәрежесін біршама жоғарлатады, осыдан етті-нерв препаратының жауабы күшейе бастайды. Тежеуші стадия- Етті-нерв препаратының альтерацияға ұшырағанына бірталай уақыт болды деп есептесек, етті-нерв препаратының қозғыштығы мен өткізгіштігі біртіндеп нашарлайды да нерв өле бастайды. Нервтегі химиялық улы заттар алынып тасталынса, онда нервтің қызметі қайтадан бұрынғы қалпіне келе бастайды. Нерв қызметінің бұрынғы қалпіне келуі альтерация құбылысына ұшырыратын улы химиялық заттардың тітіркендіру ұзақтылығына байланысты. Егер нервтің альтерацияға ұшырауы ұзақ мерзімге созылса, онда оның қызметінің қалпына келуі жай жүреді немесе келмеуі де мүмкін. Сонымен парабиотикалық процесс патологиялық құбылыс емес, ол организмнің берілген тітіркендіргіштің әсерін кері қайтаратын бірқалыпты физиологиялық жауабы, яғни лаборатория жағдайындағы организмнің немесе етті -нерв препаратының кері қайтаратын реакциясы.
Ритмальдык козу. Организмді тітірқендіргенде белгілі бір жиілікпен бірінің артынан бірі жалғаса беретін көптеген қозу импульстары пайда болады. Адам терісінің беті индукциялы тоқпен бір-ақ тітіркендірілсе, сезімтал нерв талшықтарының ұштарында бір емес, бірнеше көптеген (импульстар) ритмальды импульстар пәйда болады. Сол сияқты орталық нерв системасының организмнің әрбір органдарына нерв импульстары түсіп отырады. Лаборатория жағдайында етті-нерв препаратын индукциялы тоқпен бір рет тітіркендіргенде жекеленген жиырылу толқындары пайда болады, ал былайша физиологиялық жағдайда ритмальды қозу импульстарына жауап ретінде организмде тетаникалық жиырылу байқалады, яғни еттің тартылып жиырылу активтілігі нерв импульстарының ритмімен сипатталынады. Нерв талшығын бір рет тігіркендіргендегі пайда болған қозу толқындарының биіктіктері тұракты болады. Қозу толқындарының биіктіктері тітіркендіргіштің күші мен жиілігіне байланысты өзгеріп отырады; Мысалы: жиілігі секундына 30-50 нерв импульстарын туғызатындай дәрежеде тітіркендіргенде қозу толқындарының биіктіктері бірдей болып қалып отырады, ал жиілігі одан жоғары тітіркендіргіш берілсе, онда бастапқы қозу толқындарының биіктігінен кейінгілерінің биіктіктері төмен болып отырады. Организмде тұрақты және ұзақ мерзім қозу ритмі пайда болу үшін оған жеткілікті жиілігі мен күші бар тітіркендіргіш берілуі керек. Мысалы: бақаның нервісіне жиілігі секундына 100 импульс туғызатындай тітіркендіргіш берілсе сол жиілікке толықтай сәйкес келетін және ұзақ мерзімге сақталатын ритмальды қозу пайда болады. Жоғарғы жиілікпен тітіркендіргенде организмнің ұзақ мерзімге дейін қозу ритімін сақтау қабілетін яғни тітіркендіру уақытымен сәйкес келуін органның оптимальды ритмі деп атайды. Мысалы: секундына 20 импульс жиілікпен тітіркендіргенде нервте соған сәйкес келетіндей жай қозу ритмі пайда болады. Егер күші жоғары немесе жиілігі шамадан тыс жоғары тітіркендіргішпен әсер етілсе, онды соған сәйкес күшті қозу пайда болады да одан әрі оның дәрежесі төмендей бастайды яғни орган шамадан күшті пессимальды ритммен жауап береді (пессимум-латынша организмге қолайлы емес). Бұл жағдайда етті-нерв препараты етінің тартылып жиырылуының эффектісі төмендей бастайды. Олай болса белгілі күші бар тггіркендіргішпен тітіркендіргенде орган немесе организм өзінің оптимальды ритмімен жауап береді, яғни жай қозу ритмімен жауап береді. Организмнің ритмалдық қозу жөнінде әртүрлі көзқарастар болады. Кейбір физиологтар мынадай пікір ұсынды- егер организмге әлсіз тітіркендіргіш берілсе, онда организмде ешқандай қозу пайда болмайды. Немесе етті-нерв препаратын тітіркендіргендегі пайда болатын қозудың дәрежесі тұрақты болады және ол сол тітіркендіргіштің жиілігі мен күшіне байланысты болмайды. Көбіне олар қозу процессін жарылу реакциясымен салыстырған.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.