Педагогика — тәрбие жөніндегі ғылым

Главная » Рефераттар » Педагогика — тәрбие жөніндегі ғылым

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне, сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика дел аталады. Ол өз атамасын грек сөздері “пайдес” — балалар және “аго” — жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында “педагогика” сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал “педагог” сөзі бала жетелеуші мәнін білдіреді. Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудыңтиімдіжолдарынтауып,оларға көмектесумен келеді. Мың жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пай- далы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Үзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман пе- дагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

Педагогикалық басшылық барша адамдарға өте қажет. Бірақ мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы тәрбие мәселелері әрдайым көкейтесті болып қалуда, себебі бүл дәуірде адамның барша негізгі қасиет-сапалары қаланады және дамиды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тәрбиесімен педагогика ғылымының арнайы саласы — бастауыш мектеп педагогикасы шұғылданады. Кейде бұл пән бірнеше өзара байланысқан салаларға бөлініп қарастырылады: отбасы педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика жене бастауыш мектеп педагогикасы. Бастауыш мектеп педагогикасының негізгі мәселесі — мектепке дейінгі жэне бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу.

.

Педагогика муғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу, тәрбие үдерісін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие үдерісін ұдайы жетілдіріп оты- ру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаюда, адамға қойылған талаптар жыл сайын күрделене түсуде. Қоғамның мұндай талаптарына пе- дагогтар өсіп келе жатқан әулиетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.

.

Бүдан бүрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан бастауыш мектеп педагогтары мәңгі мәселелер құрсауында келеді. Олар ірі қоғамда баланы адамаралық қатынастар дүниесіне енгізуді өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін тәрбиелік қызмет мүншама қиын, күрделі және жауапты болып көрінген емес. Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-қатерлердің кейбір түрлері тіпті болған емес. От басында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, бастауыш мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, оның болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тәуелді болып тұр.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілде- уі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер — адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық тәлім-тәрбиөде бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбиенің тиімді соңғы технологиялары.
Сонымен, бастауыш мектеп педагогикасы — арнайы ұйымдастырылған бастапқы тәрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тәрбиесі женіндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелестіру. Бастауыш мектеп педагогикасы адамдарды тәрбиелеу, білім беру және оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылган мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.