Педагогика ғылымы туралы

Главная » Рефераттар » Педагогика ғылымы туралы

Ең алдымен ғылым атауы ретінде педагогика термині мәнін ашып алайық. Педагогика — «пайдагогос» (грек тілінде «пайд» — бала, «гогос» — жетектеу деген сөздерден құралған) — бала жетектеу деген мағынаны береді. Бұл терминнің шығу себебі ежелгі грек елінде баланы тамағын тойғызып, ойнатып, жалыққан кездегі бос уақыттың аз бөлігінде жазу, музыка ойнау, айналаны танып-білу сияқты жұмыстармен айналыстырып, қолынан жетектеп жүріп қажетті өмір сүру іс-әрекеттеріне үйретуге жалданған құлды педагог деп атайтын болған. Бертін келе педагог деп балаларды оқыту және тәрбиелеу ісімен тікелей айналысатын адамдарды атаған. Бірте-бірте бала тәрбиесіне қатысты білімдердің жинақталуы ерекше сала ретінде педагогика ғылымының пайда болуына алып келді.
Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мэні бойынша қазіргі кезде адам тәрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Себебі алғашында ғылым ретінде тек бала тэрбиесіне қатысты мэселелерді қарастырғанмен, қазір ол жас кезеңдеріне сәйкес жалпы адам тэрбиесі туралы зерттейді. Қандай ғылымның болмасын даму деңгейі оның ғылым ретінде жеке-жеке тарамдалу (дифференциациялану) дәрежесі мен басқа ғылымдар арасындағы байланыс сипатының көпқырлылығымен анықталады.
Педагогика ғылым ретінде күрделі жүйе және ол мынадай ғылымдардан құралады:
жалпы педагогика — тәрбие, оқыту және дамыту үдерістерінің негізгі заңдылықтарын зерттейді;
жас ерекшеліктері педагогикасы — балалық шақ педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика жэне мектеп педагогикасы, сонымен бірге жалпы білім беретін мектеп педагогикасы жэне жоғары мектеп педагогикасы болып бөлінеді. Бұл бағыттар эрбір жас кезеңдеріне сэйкес тэрбиелеу ерекшеліктерін зерттейді; арнайы педагогика (дефектология) — сурдопедагогика (естуі нашар балаларға білім беру), тифлопедагогика (көруі нашар балаларға білім беру), олигофренопедагогика (ақыл-есі кем балаларға білім беру), логопедия (тілі кемістігі бар балаларға білім беру) сияқты салалардан тұрады; педагогика тарихы — педагогикалық идеялар, ойлар мен әр түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбиелеу практикасы ерекшеліктерін зерттейді;
жекелеген дидактика (эдістеме) — оқытудың жалпы заңдары мен заңдылықтары негізінде түрлі пэндерден сабақ беру эдістемесін зерттейді; кәсіптік педагогика — нақты кэсіптік іс-әрекетке багытталған адамга білім беру мен тэрбиелеу заңдылықтарын, принциптерін, тех-нологиясын зерттейді; салыстыру педагогикасы — айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстыру жолымен түрлі елдердегі білім беру жэне тэрбиелеу жүйелерінің жүмыс істеу ерекшеліктері мен дамуы заңдылықтарын зерттейді; әлеуметтік педагогика — балалар мен ересектерге мектептен тыс білім беру мен тэрбиелеу салаларына қатысты мәселелерді зерттейді; Түрлі әлеуметтік тэрбиелеу институттары (клубтар, музыкалық жэне көркемдік мектептер, спорттық секциялар, театр және музыка студиялары, изостудиялар) мэдениетті дамыту, арнайы білімдер беру, балалардың шыгармашылық қабілеттіліктерін дамыту, алған білімдерді іс жүзінде қолдану жэне дамыту құралдары болып табылады;
еңбектік түзету педагогикасы — қылмыс істеп жазасын өтеушілерді қайта тәрбиелеу практикасын теориялық негіздеу мэселелерін қарастырады.
Соңғы кезде педагогика ғылымының қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыттары бар. Олар: эскери педагогика; музыкалық педагогика; инженерлік педагогика; отбасылық тэрбиелеу педагогикасы (ата-аналар педагогикасы); балалар мен жасөспірімдер ұйымдары педагогикасы; тэлімгерлік педагогикасы; валеология. Педагогика басқа ғылымдармен де тығыз байланысты
Мүның ішінде педагогиканың физиологиямен байланысын ерекше атауға болады. Физиология адамның денелік дамуы табиғатын, оның ағзасының өмірлік іс-әрекеті заңдылықтарын, оның жеке бөліктерінің қызмет көрсету ерекшеліктерін зерттейді. Жоғары жүйке жүйесі іс-эрекетінің жүмыс істеу ерекшеліктерін білу педагогикада дамыта окытуды модельдеп, оқу-тэрбие үдерісі технологиясын бакылау, тұтас педагогикалық үдерісі тиімділігін, оңтайлылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Сол сияқты, педагогика психология ғылымымен органйкалық бірлікте дамиды. Психология психикалық үдерістер дамуы механизмі мен заңдылықтарын және адамның жекелеген қасиеттерін зерттейді жэне тұлға дамуын басқару заңдарын жасайды. Педагогика оқу-тэрбие үдерістеріне қатысты фактілерді, құбылыстарды бейнелеу және түсіндіруде психологиялық білімдерді қолданады. Сонымен бірге педагогика адамның қасиеттерін, күйін, тұлғасын тәрбиелеу үдерістері ерекшеліктерін зерттейді. Педагогика баланы индивид ретінде зерттейтін ғылымдармен де (биология, анатомия, антропология жэне медицина) тығыз байланысты. Педагогиканың медицинамен байланысы зерттеу пәні дамуында жүре келе, не туа пайда болатын ауытқулары бар балаларға білім беру мәселелері болып табылатын түзету (коррекциялау) педагогикасы пайда болуына алып келді. Коррекциялық педагогика адам тэрбиесінде байқалатын ауытқуларды медицинамен бірлесе отырып түзету бағдарламасын жасайды. Педагогика адамды қоғамда, қоғамдық қатынастар жүйесінде зерттейтін элеуметттану, экономика, мәдениеттану, саясаттану және басқа да әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты.
Педагогика басқару ғылымы ретінде кибернетикамен де бай-ланысты. Себебі оқыту мен тәрбиелеуді басқару кез келген үдерістерді басқарудың жалпы заңдары мен механизмін білуді қажет етеді. Педагогтерге кибернетиканы білу тэрбиелеу мен оқыту үдерістерін зерттеу үшін қосымша мүмкіндіктер береді.
Педагогиканың математикамен байланысы да өте қажетті бағыт. Бұл байланыс оқыту тиімділігін, оңтайлылығын анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту мен тэрбиелеуге қатысты көптеген қүбылыстар ықти^ малдық сипатты болып келеді. Сондықтан бұл қүбылыстар мате-матикалық статистика теориясын да білуді қажет етеді. Бұл байланыс эсіресе сауалнамалар, шығармалар, бақылаулар өткізе отырып, өңдеу жүргізгенде педагогикалық құбылыстар, фактілер, байланыстарға рангтық эдістемелерді, диагностикалық тестілерді, түрлі графиктерді қолдануды негіздейді. Педагогикада математикалық әдістерді қолдану, ғылыми-педагогикалық зерттеулердің терең жэне сенімді жүруіне мүмкіндік береді. Ең нәтижелі, ұзақ қалыптасқан байланыс педагогика мен фило-софия ғылымдары арасында байқалады. Философиялық идеялар педагогикалық тұжырымдамалар мен теорияларды жасауға жэне педагогиканың ғылым ретіндегі әдіснамасын анықтауға көмектеседі. Білімдерді меңгеру философия зерттейтін ғылыми танымның жалпы заңдарына бағынады. Сондықтан философия педагогикальіқ тәжі-рибені саналы меңгерудің жэне педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың теориялық базасы қызметін атқарады. Сол сияқты тэрбие мақсаты мен міндеттерін философиялық білімдерсіз анықтау мүмкін емес. Философиялық таным теориясының өзі қарастыратын заңдары жалпылығына байланысты оқу-танымдық іс-эрекет заңдылықтарын даанықтайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.