Педагогикалық ағымдар

Главная » Рефераттар » Педагогикалық ағымдар

бағыттары жасап келуде: 1) балаларды қорқыту мен бағындыру арқылы тәрбиелеу қажет және 2) балаларды қайырымдылық және әлпештеумен тәрбиелеу керек. Егер өмір осы көзқарастардың қайсы бірін қаламаған күнде, ол қашан-ақ қолданымнан шығып қалған болар еді. Мәселенің қиындығы сонда: бір жағдайларда үлкен қоғамдық пайданы қатаң ережелер мен тәртіп құрсауында тәрбиеленген, өжет, қайтпас пікірлі адамдар келтіреді, екінші жағдайларда — мұндай қоғам мүдделерін жұмсақ, қайырымды, зиялы, Алланы мойындаған және барша адамға құшағын аша білген тұлғалар орындайды. Халықтың жасап жатқан жағдайларына, мемлекеттің ұстанған саясатына тәуелді тәрбие салт-дәстүрлері қалыптасады. Ұзақ мерзім бейғам, тоқ өмірмен жасап жатқан қоғамда тәрбиенің ізгілікті (гуманистік) бағыты үстем болады. Ал үдайы күрес жүргізіп жатқан қауымдардың тәрбиесі қатал сипатта болып, ересектердің бедел, абыройына және өсіп келе жатқан әулөттің көзсіз бағыныштылығына нөгізделеді. Соғыс, аштық, әлеуметтік соқтығыстар мен жоқшылық жағдайларында да балаларды жұмсақ тәрбиеге алу мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда әлпештеп өскен бала өз тіршілігін қорғай алмайды. Сондықтан да балалар тәрбиесі жайлы мәселе тек ғылымдық қана емес, ол тікелей әмірге байланысты шешімін тауып барғаны жөн.
Әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) тәрбие өз сипатына сай ғылыми дәлелдерге негізделеді. Бұл бағытты ғылым сахнасына келтірген И.Ф.Гербарт (1776-1841) балаға туған күнінен бастап «жыртқыштық бітістер» тән деген тұжырымды алға тартып, мүмкін болғанша тәрбиені қаталдықпен жүргізуді талап етті. Тәрбие тәсілдері ретінде ол қорқыту, балалар ізіне бақылау қою, бұйрықтаржәне шектеулерді пайдалануды орынды деп есептеді. Әміршіл тәрбие ережелерін толығынан құптап қолданған елдердің ішінде Ресей ерекше ынта танытты.
Әміршіл тәрбиеге тікелей қарсылық білдіріп, еркін тәрбие теориясын ұсынған француз педагогы Ж.Ж.Руссо болды. Ол және оның ізбасарлары өсіп келе жатқан балада болашақ тұлғаны танып, оны сыйлауға шақырды. Оның табиғи даму мүмкіндіктерін тәрбие барысында пайдаланып, оған барынша қолдау көрсету қажеттігін талап етті. Біздің дәуірімізде жақсы нәтиже беріп, барша дүниеде өзіне көптеген тараптарлар тартып, бұл теория гуманистік педагогиканың күшті де қуатты ағымына айналды. осы көзқарастардың қайсы бірін қаламаған күнде, ол қашан-ақ қолданымнан шығып қалған болар еді. Мәселенің қиындығы сонда: бір жағдайларда үлкен қоғамдық пайданы қатаң ережелер мен тәртіп құрсауында тәрбиеленген, өжет, қайтпас пікірлі адамдар келтіреді, екінші жағдайларда — мұндай қоғам мүдделерін жұмсақ, қайырымды, зиялы, Алланы мойындаған және барша адамға құшағын аша білген тұлғалар орындайды. Халықтың жасап жатқан жағдайларына, мемлекеттің ұстанған саясатына тәуелді тәрбие салт-дәстүрлері қалыптасады. Ұзақ мерзім бейғам, тоқ өмірмен жасап жатқан қоғамда тәрбиенің ізгілікті (гуманистік) бағыты үстем болады. Ал ұдайы күрес жүргізіп жатқан қауымдардың тәрбиесі қатал сипатта болып, ересектердің бедел, абыройына және өсіп келе жатқан әулөттің көзсіз бағыныштылығына нөгізделеді. Соғыс, аштық, әлеуметтік соқтығыстар мен жоқшылық жағдайларында да балалар-ды жұмсақ тәрбиеге алу мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда әлпештеп өскен бала өз тіршілігін қорғай алмайды. Сондықтан да балалар тәрбиесі жайлы мәселе тек ғылымдық қана емес, ол тікелей әмірге байланысты шешімін тауып барғаны жөн.
Әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) тәрбие өз сипаты-на сай ғылыми дәлелдерге негізделеді. Бұл бағытты ғылым сахнасына келтірген И.Ф.Гербарт (1776-1841) балаға туған күнінен бастап «жыртқыштық бітістер» тән деген тұжырымды алға тартып, мүмкін болғанша тәрбиені қаталдықпен жүргізуді талап етті. Тәрбие тәсілдері ретінде ол қорқыту, балалар ізіне бақылау қою, бұйрықтар және шектеулерді пайдалануды орынды деп ееептеді. Әміршіл тәрбие ережелерін толығынан құптап қолданған елдердің ішінде Ресей ерекше ынта танытты.
Әміршіл тәрбиеге тікелей қарсылық білдіріп, еркін тәрбие теориясын ұсынған француз педагогы Ж.Ж.Руссо болды. Ол және оның ізбасарлары өсіп келе жатқан балада болашақ тұлғаны танып, оны сыйлауға шақырды. Оның табиғи даму мүмкіндіктерін тәрбие барысында пайдаланып, оған барынша қолдау көрсету қажеттігін талап етті. Біздің дәуірімізде жақсы нәтиже беріп, барша дүниеде өзіне көптеген тараптарлар тартып, бұл теория гуманистік педагогиканың күшті де қуатты ағымына айналды.
Гуманизм (адамгөршілікті) — әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, оныңеркіндігін танужәне мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, еңбектік, оқу және т.б.) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм — бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебап маңыздылығына қолдау-қуаттау беретін идеялар мен құндылықтаржиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау-көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа айналып отыр.
Барша кезеңдердегі педагогтар қауымы гуманистік тәрбиемен дүниені қайта жасау үмітін ешбір жоғалтқан емес. Егер барлық адамдар қайырымды, адал, әділетті болған жағдайда, олар арасындағы дау-дамай өршімей, соғыс, қақтығыс, қарсы тұру себептері әлдеқашан жойылған болар еді. Әлемде тоқшылық, жылылық пен жақсылық жайлаған бо лар еді. Бірақ бұл үшін адамның өзін өзгерту қажет. Мұның бірден-бір жолы — тәрбие. Бүгінгі заман бағытын жұмсартып, бала пайдасына орай гуманистік тәрбиеге бет бұрады. Бірақ мектепті ізгілестіру істері әлі орнына қойған жоқ, бүл бағыттағы ұнамды ізденістер жүргізілуде.
Ізгілікті (гуманистік) педагогика — бүл өз мүмкіндіктеріне орай тәрбиеленуші балаларды оқу-тәрбие үдерісінің бел-сенді, саналы, тең құқықты қатысушылары ретінде та-нытатын ғылыми теориялар жүйесі. Гуманизм тұрғысынан тәрбиенің ізгі мақсаты — әрбір тәрбиеленушіні іс-әрекеттің, таным мен қатынастың толыққанды субъекті деңгейіне көтеріп, еркін, өзіндік басқарымға ие тұлғаны баулу. Тәрбиелік үдерістің гуманизациялық өлшемі тұлғаның өз мүмкіндіктерін іске асыра алу дәрежесімен, оған берілген барша табиғи нышандардың ашылуымен.оның еркіндікке ұмтылу қабілеті мен жауапкершілігі жәнә шығармашылығымөн бағаланады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.