Педагогикалық үдеріс кезеңдері және оны ұйымдастыру

Главная » Рефераттар » Педагогикалық үдеріс кезеңдері және оны ұйымдастыру

Педагогикалық үдеріс бірнеше маңызды кезеңдерден тұрады: дайындық кезең; негізгі кезең; қорытынды кезең. Дайындық кезеңінде қойылған мақсаттарга сәйкес үдерістің толық жүріп өтуіне қажетті жағдайлар жасалады. Мақсат тұжырымдалады, диагностикалау жүреді, болашақ нәтиже болжамдалады.
Диагностикалаусыз мақсатты дұрыс анықтау мүмкін емес. Мұнан соң педагогикалық үдеріс барысы мен нәтижесін болжамдау жүргізіледі. Бұл кезең жұмыс жоспарын жасаумен аяқталады.
Негізгі кезеңде педагогикалық үдеріс тікелей жүзеге асырылады. Педагогтер мен оқушылардың өзара эсерлесуі, өзара байланыс формалары, әдістері, қүралдарын қолдану, тиімді өзара эсерлесу жағдайларын жасау, тәрбие үдерісін ынталандыру жүреді. Педагогикалық бақылау өткізіледі.
Педагогикалық үдерістің қорытынды кезеңінде қол жеткізген нәтиже талданады.
Педагогикалық үдерістің ішкі қозғаушы күші қогам тарапынан қойылатын талаптар мен оны орындаудағы тэрбиеленушінің нақты мүмкіндіктері арасындағы қарама-кайшылыктар болып табылады. Бүл қарама-қайшылықтарды шешу педагогикалық үдерісті дамыту-дың көзі.
Педагогикалық үдерістің қозғаушы күші — оқушыларға қойы-латын талаптар мен олардың даму деңгейі арасындағы карама-қайшылықтар.
Даму деңгейі екіге бөлінеді: актуальды даму деңгейі аймағы — педагог көмегінсіз әрекет жасай білу күйі; таяу даму деңгейі аймағы — педагог көмегімен жаңа нэрсені меңгеруге қабілетті күйі.
Аймақтар арасындағы айырмашылық педагогикалық үдерістің бірлігі — педагогикалык ситуацияны тудырады. Сондыктан педагогикалық үдерістің негізгі бірлігі, кіші қүрамдык бөлігі, клеткасы -педагогикалық ситуация деп қарастырылады.
Педагогикалық үдеріс тиімділігі — тәрбиеші педагогтің түрлі педагогикалык ситуацияларды шығармашылыкпен құра білуінде болып табылады. Педагогикалық ситуация мақсатты, мазмүнды, қызықты түрде педагог пен тэрбиеленуші арасында, балалардың өз арасында жүретін өзара әсерлесу ретінде байқалады.
Педагогикалық ситуация тұлға дамуында жоспарланған өзгеріс тудыра алады; дүниетанымын калыптастырады; материалды жэне рухани қүндылықтарды жасай алады; мотив, мінез-қүлык, қасиеттерді калыптастыра алады. Педагогикалық ситуация шегінде тәрбиелік-педагогикалык қарама-қайшылыктар шешіледі.
Педагогикалык карама-қайшылыктар — түлганы қалыптастыру, да-мытуды іс-жүзінде үйымдастыруга қатысты ескірген педагогикалық көзқарастар, түжырымдамалар мен өмірдің өсіп келе жатқан адамға койып отырған жаңа талаптары арасындағы келіспеушілік, сэйкес-сіздік.
Қарама-қайшылықтар екіге бөлінеді: элеуметтік-педагогикалық; меншікті-педагогикалық.
Меншікті-педагогикалық қарама-қайшылық өз кезегінде объектив-тік жэне субъективтік болып бөлінеді.
Объективті қарама-қайшылықтар: 1) баланың белсенді-эрекеттік табиғаты мен оның жүретін өмірлік жағдайлары арасындағы сэй-кессіздік; 2) бала түлғасына қойылатын қоғамдық талаптар мен оның өз қызығушылықтары арасындағы сэйкессіздік; 3) табиғаттағы, коғамдағы жаңа пайда болған көзқарастар, өзгерістер мен оларды түсінуге қажетті тәжірибе аздығы; 4) ғылыми білімдердің үздіксіз дамуы мен оқу-тэрбие үдерісі мүмкіндігінің шектеулілігі.
Субъективті қарама-кайшылықтар: 1) баланың интеллектуалдық-эмоционалдық іс-эрекетінің түтас табиғаты мен педагогикалық үде-рістің бір жақтылығы; 2) рухани қүндылықтарға қызығуы аріуы меп ескірген көркемдік-эсгетикалық тэрбие жүйесі; 3) оқушыларды окыту, тәрбиелеудің бай элеуеті мен педагогикалық үдерістің тэрбиелік тиім-ділігінің нашарлығы т.с.с.
Өзара байланыс диалектикасы екінші маңызды белгі ретінде педагогикалык үдерістің мақсатына, мазмүнына, әдіс-тэсілдеріне де эсер етеді. Мысалы: оқыгуда ғылыми білімдердің, дүниетанымның қалыптасуымен катар, түлғаны тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Ал тәрбиелеуде сенім, ереже, идеал, қүндылықтарды қарастыру арқылы мәліметтер, білімдер, дағдылар қалыптастырылады.
Демек, екі үдерісге де жалпы алғанда түлғаны қалыптастыру жүреді.
Педагогикалық үдерістің үшінші ерекшелігі — мақсатка жетудің формалары мен әдістерін таңдауда байқалады.
Оқытудың негізгі формасы сабақ болып табылады, ал әдістер интеллектуалдық сфераға эсер етеді.
Тэрбиенің формалары: қоғамдық пайдалы еңбек, спорт ойындары, мақсатты қоғамдық еңбек болып бөлінеді. Тәрбие эдістері мотива-циялык, эмоционалдык сфераға эсер етеді.
Педагогикалық үдеріс педагогикалық жүйеде жүзеге асады. Ал педагогикалық жүйе (ПЖ) — өзгерістер барысында түрақты қалатын (бөліктер) компоненттер бірлігі.
В.П. Беспальконың анықтауы бойынша педагогикалық жүйенің эле-менттері төмендегідей.
1) оқушылар;
2) тәрбие мақсаты (жалпы және жекелеген);
3) тэрбиелеу мазмүны;
4) тәрбиелеу үдерістері (тәрбиелеу жэне оқыту);
5) мүғалімдер;
6) тәрбие жүмыстарын үйымдастыру формалары.
Сонымен бірге ПЖ компоненттеріне «нэтиже», «оқу-тэрбие үдерісін басқару», «технология» үғымдары да кіреді. Мақсат пен нэтиже бір-біріне қатысты анықталады және өзара түйық циклды қүрайды. Мақсат пен нәтиженің сэйкестігі, толықтығы педагогикалық үдеріс тиімділігі критерийін аныктайды.
Қазіргі кезде педагогикалық жүйенің жүйе қүраушы компоненті ретінде оқу-тәрбие үдерісі технологиясын процессуалдық факторлар жиынтығы ретінде де аныктайды.
Педагогикалық жүйенің түрлері:
1) балабақша;
2) жалпы білім беретін мектеп;
3) кэсіптік білім беру орындары.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.