Педагогикалық үдеріс ұғымы

Home » Рефераттар » Педагогикалық үдеріс ұғымы
Рефераттар Комментариев нет

Педагогикалық үдерістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы. Койылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу кажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалык үдеріс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала аныкталған мақсатқа кол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерісгерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық үдеріс — тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық үдерістің ең басты ерекшелігі — оның тұтастығы. Пайда бола бастаған кезден тэрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ — салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты калыптастыруға да мэн беріп отырған. Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.
Қоғамдағы еңбектің әрі карай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеудің жік-телуіне алып келді. XIX ғасырдың өзінде-ак оқыту мен тэрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, П.В. Лесгафт, В.П, Вахтеров г.б.еңбек-тершде талдана бастады. Педагогикалық удеріс тұтас гығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірак 30-жылдары оқыту мен тэрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Тұтас педагогикалык үдеріс мәселесіне 70-80-і жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев және т.б. көңіл бөле бастады.
Ғалымдар мен педагогтер түлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық үдеріс түтастығы негізінде жүзеге асырыла-тындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық үдерісті дамыту мәселесін кеңі-нен қарастырған ғалым-иедагог Н.Д. Хмель жэне оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ғалым-педагогтер еңбектерінде түтас педагогикалық үдерістің барлык мүмкіндіктері зерттелді.
Педагогикалық үдерісте білім беру мен тәрбиелеу максаттары тәрбиеші мен тэрбиеленушілердің өзара эсерлесуі негізінде жүзеге асырылады. Яғни бүл үдерісте алдын ала анықталған нэтижелерге сәйкес жүзеге асырылатын тэрбиешілер мен тэрбиеленушілердің өзара эсерлесуі жолымен оқушы дамуында өзгерістер жүреді.
Педагогикалык үдеріс мәні «оқыта отырып тэрбиелеу, тэрбиелей отырып оқыту» өрнегіне сәйкес анықталады. Яғни тэрбиеші окыта отырып та, сыныптан тыс жүмыстар жасата отырып та білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруы қажет.
Педагогикалык үдерістің қүбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық үдерістің негізгі белгілері: 1) қос жақты іс-эрекет; 2) өзара байланысты жүреді; 3) мақсатты, мазмунды үйымдасқан түрде жүреді; 4) мақсатқа кол жеткізу формалары мен эдістері арқылы сипатталады.
Қосжақтылық белгісі бойынша: 1-жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет; 2-жағы: тәрбие-ленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-эрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-эрекет.
Педагогикалык үдерісте педагог — объект жэне субъект.
Объект ретінде — тэрбиелік әсерлерге түседі жэне өзін жетілдіріп отырады. Бүл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне жэне тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілетті-лігі, өз іс-әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек.
Субъект ретінде — арнайы педагогикалық білім алады, адам тэр-биесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-қүлыктық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
Тәрбиеленуші де педагогикалық үдерісте — объект жэне субъект.
Объект ретінде педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.
Субъект ретінде — табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажет-тіліктерін, кабілеттіліктерін, кызыгушылықтарын, үмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалык эсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы түруға мүмкіндігі бар.
Бүл жерде ескеретін нәрсе, оқу-тәрбие үдерісінің негізі ретінде оқытуда да, тәрбиелеуде де түлганың дамуы жүзеге асырылуы қажет. Демек, педагогикалық үдеріс мэні оқыту мен тэрбиелеу түтастығы негізінде түлғаның дамуын жүзеге асыру болып табылады.
Түтас педагогикалық үдерістегі оқыту мен тэрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері де бар.
Оқыту мазмүнындағылыми мэліметтерді беру, үғымдарды меңгерту басымырак жүзеге асырылады. Ал тәрбиелеу мазмүнында сенімдерін, нормалар мен ережелерді, идеалдарды, күндылық бағдарларды қалыптастыру жүргізіледі. Педагогикалық үдеріс күрамындагы оқыту мен тэрбиелеу біртіндеп өзін-өзі тэрбиелеу мен өз бетімен білім алу үдерістеріне үштасуы кажет.
Педагогикалық үдерістің түтастыгы педагогикалық объектілерді жүйе ретінде қарастыруды қажет етеді. Бүл дегеніміз негізгі компо-ненттер күрамын, қүрылым жэне үйымдастыру ерекшеліктерін, олардың арасындагы жетекші өзара байланысты, жүйенің сыртқы байланыстарын, олардың ішінен негізгілерін бөліп көрсетіп, жүйе функцияларын, рөлін анықтап, түтастық багытындагы жүйенің дамуы заңдылықтары мен тенденцияларын анықтау деп түсінуге болады. Қысқасы түтастық тек жүйелі объектілерге тән.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.