Педагогикалық информатиканың зерттеу объектісі және пәні

Главная » Рефераттар » Педагогикалық информатиканың зерттеу объектісі және пәні

Педагогакалық информатиканың методологиялық құрылымының негізгі компоненттері оның мақсаттары мен міндеттері болып табылады. Педагогикалық информатиканың мақсаты — білім беруді акпараттандыру жағдайындағы оқыту заңдылықтарын зерттеп, оны теориялық тұрғыдан негіздеу, оқыту әдістерін, түрлерін, құралдарын жасау. Педагогикалық информатиканың міндеттері:
— қоғамды ақпараттандырудың қазіргі деңгейіне және оқушының мүмкін болатын интеллектуалдық даму деңгейіне сәйкес келетін білім мазмұнын, кұрылымын және көлемін анықтау;
— оқушының объективті шынайылықтың заңдылықтарын тануға дербес мүмкіндігін ашу;
— білім беру мен білім алудың қазіргі деңгейіне бара-бар оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жасау.
Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеуді, олардың бірлігі мен тұтастығында, қоғамдағы өмірге өскелең ұрпақтарды үйрететін ерекше әлеуметтік, тұлғалық және белгілі бір мақсатты көздейтін іс-әрекет ретінде қарастырады. Бұл іс-әрекетті егжей-тегжейлі, әрі нақты қарастыру үшін педагогикалық пәндер оқыту теориясы және тәрбиелеу теориясы болып бөлінеді. Өз кезегінде, оқытуды теориялық деңгейде қарастыратын педагогикалық пән дидактака деп аталады. Басқаша айтқанда, дидактика білім беру мен оқыту теориясы ретінде анықталады. Бұл жөнінде басқа да тұжырымдарды кездестіруге болады. Біз дидактикаға байланысты мәселелерді әрі практикалық іс-әрекеттік теориясы, әрі оқу іс-әрекетінің теориясы ретінде қарастырамыз. Дидактиканы әрбір педагог білуі тиіс, өйткені ғылымға, теориялық білімге сүйенбей, практикалық мәселелерді табысты шешу мүмкін емес. Дидактика практикаға оқытудың жаңа әдістерінің, жаңа оку материалдарының енгізілуін алдын-ала айту, оның салдарларын болжау тәсілдерін қарастырады. Ал, мұғалімдер өздерінің жасаған жұмыстарының ғылыми негізделуін және оның ғылыми тұрғыдан түсіндірілуін талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы дидактика (И.В.Роберт) — оқыту нәтижелерін өңдеу процесін автоматтандыруды, білім беруді, оның ішінде, оқудағы ілгерілеуін қамтамасыз ететін, индивидтің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайтын, оқушының жеке тұлғалығын дамыту процесі жайындағы білімдер жүйесі ретінде қарастырылатын білім беру мен оқыту теориясы. Тұтасымен алғанда, педагогикалық информатика білім беру мен информатиканың өзара әрекеттесу процесін қарастырады, осы өзара әрекеттесудің заңдылықтары мен тенденцияларын ашады. Педагогикалық информатика — информатика мен бірқатар педагогикалық ғылымдардың түйілісінде қалыптасып келеді, оның өзінің ұғымдық аппараты, мақсаты, әдістері, принциптері мен заңдылықтары бар.
Педагогикалық информатика — теориялық ғылым, ал теорияның пәні қатынастар жүйесі ретінде беріледі. Оқу іс-әрекетінде пайда болатын қатынастар жан-жақты болып келеді: мұғалім-оқушы, оқушы-оқу материалы, оқушы-басқа оқушылар, оқушы — оқыту құралы. Педагогикалық әдебиеттерде екі іс-әрекеттің арасындағы — оқыту мен оқу — қатынас басты мәселе болып есептелетін көзқарас кеңінен таралған. Оқыту мен оқудың бірлігі дидактикалық, оның ішінде, танымдық қатынастар жүйесін анықтайды. Бұл өзара байланысқан іс-әрекеттер тек оқыту процесінде ғана өтеді. Сөйтіп, білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы дидактиканың немесе педагогикалық информатиканың зерттеу пәні: оқыту (мұғалімнің іс-әрекеті) мен окудың (оқушының танымдық іс-әрекеті) өзара әрекеттесу процесі, ал оның негізгі мақсаты — білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы осы өзара әрекеттесудің зандылықтары мен тенденцияларын ашу. Дидактиканың зерттеу пәні тұтасымен алғанда, білім беру мен оқыту процесі болып табылады: оқу-әдістемелік әдебиеттерде, ақпараттық технология құралдарының мазмұнында және білім беру құралдарында жүзеге асырылатын, қоғамды ақпараттандыру денгейі мен оқушының жеке тұлғалық дамуының мүмкін болатын деңгейіне сәйкес келетін білім беру мазмұны.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.