Педагогикалық технология туралы жалпы ұғым

Home » Рефераттар » Педагогикалық технология туралы жалпы ұғым
Рефераттар Комментариев нет

Қазіргі кезде Қазақстандағы педагогикалық білім беру жүйесі, технологиясы қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Бұған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени факторлар әсерін тигізеді. Мектепті бұл тоқыраудан шығарудың жолы сол халыктың өмір сүру жағдайын сапалы, жаңа биікке көтеру деген сөз. Сонымен қатар мектептің және білім беру жүйесінің аса үлкен жалпы әлемдік сипатта болуы.
1967 жылы АҚШ-та ЮНЕСКО-ның атынан осы мәселеге арналған халықаралық конференция болып өтті. Форумда айтылғандай, әлемнің бірде бір мемлекеті білім беруде дағдарыссыз болмаған, әр елде әр түрлі қиындықтар болған. Білім беруде тоқырау реформалардың қабылдауына қарамастан тереңдей түсуде. Ол дамушы мемлекттерге, Қазақстан сонымен бірге кәсіпорынның дамуына да тікелей қатысты. Экономикасы дамыған АҚШ, Жапония еліндегі мектептерде жалпы білім жоғары деңгейде өткізе алмағандықтан, ата-аналар бірінші сыныптан-ақ репетиторлардың кызметін қажет ететіндігін айта кету керек.
II дүниежүзілік соғыстан кейін барлық елдерде өзгерістер болды, ол ғылыми-техникалық революцияның саяси-экономикалық аймақтағы демографиялық әлеуметтік жағдайдағы өзгерістерге байланысты еді. Бұл өзгерулер мен қозғаулар білім беру жүйесінде қамтиды. Бірақ ол өте жай қозғалуда болды. Сол себепті, білім беру мен қоғамның өмір сүру арасында алшақтық пайда болып, білім берудегі әлемдік дағдарысты туғызды.
Әлемдегі мектептер мен білім беру жүйелері дамыған қоғамға сай бола алмады. Өйткені жоғарғы дәрежелі білімді мамандардың болмағандығынан. Соңғы жылдарда коғамнын даму деңгейі мен жылдамдығының арасындағы алшақтық жалпы алғанда азаймады, керісінше өсіп келеді.
Сонымен мектептің және білім беру жүйесінің әлемдік дағдарысына себеп болған экономикалық немесе саяси факторлар емес, біріншіден педагогикалық, яғни оку-тәрбие үрдісінің ескірген технологиясы. Осы себеп ұлттық білім беру жүйесіне де тән. «Педагогикалық (білімділік) технология» ұғымы қазіргі уақытта психологиялык-педагогикалық әдебиеттерде ең кең колданып, таралған. Білімділік технологиясын қолдану мен жасау мәселелеріне жеткілікті арнайы әдебиеттер арналған, ғылыми-тәжірибелі форумдар өкізіледі. Педагогикалық технологияның келелі мәселелері Туран университеті 1997 жылы өткізген «Дүниежүзілік білімділік технологияның негізгі тенденциялары, білімділік және тиімділік мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында қаралып, талқыланды. Көпшілікке белгілі болған ұғымды әртүрлі түсіндіреді. Бір зерттеушілер ағымға сай осыған сүйенеді, екіншілері тәрбие мен оқытудың жоғары нәтижесіне жету кұралы ретінде бағаласа, үшіншілері (бұл категорияға біз өзімізді жатқызамыз) — жаңа педагогикалық технологияны құру мен оған көшу — бұл келе жаткан ақпараттык өркениетті білім берудің алдындағы көкейтесті және перспективалық міндеттерді шешудегі зандылық үрдіс.
«Технология» гректің өнер, шеберлік, кез-келген қызметте затқа ықпал ету іскерлігі, бұнда техника белгіленген мақсатқа тез жетуде көмектесетін жолдар, тәсілдер мен амалдар ұғымынан шығып отыр. Осыдан, технология өндірістік үрдістерінің нақты логикасы, берілген параметрдегі бір нәрсенің өнімдерін жасауды қаматамасыз ету. Технология өндірістік үрдіс ретінде өзара байланысқан элементтер жүйесінен тұрады: мақсат — мазмүны — амал және іс-қимыл — нәтиже. Барлық үрдістік компоненттердің жиынтығы, оның қатал логикалық жүйелігі берілген параметрлердің қажет өнімдерін шығаруға қаншалықты кепіл береді. Технологиялық үрдістерді шешуде релевантты мақсатымызға сәйкес технология деген, физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық заңдылықтарды зерттеп экономикалық жағынан пайдалы өндірістік үрдістердің анықтау мен ең тиімді пайдалану үшін жасалған ғылым да бар, яғни шикізатқа, материалға немесе жартылай өңделген өнімдерге ықпал жасайтын, өндірістің құралдарына сай ғылым.
Өндірістік технология — бұл физикалық, химиялық және басқа табиғат зандылықтарына негізделген материалдық үрдіс. Сондықтанда әлеуметтік саласында «технология» деген ұғым көп уақыт бойы қолданылмады.
Қазіргі кезде «технология» ұғымы былай түсіндіріледі. Ол максатқа сай қызметті реттеу мен ұйымдастыру операциялары мен құралдарының жиынтығы: 1) объектіні өзгерту үрдісінің логикасына сай; 2) бірізділікті белгілеу; 3) кеңістік-уақыт аралығына сәйкестік; 4) берілген техника негізінде. Технология қызметті алгоритмдейтіндіктен болған сон, ол бірдей есептерді шығару үшін көп пайдалануға болады. Ол функцоналды, өйткені:
• үрдістің барысын керек орнына бағыттап, реттейді;
• қызметті (іс-әрекетті) ереже, норма, стандартқа, шартқа сәйкес бақылайды;
• жағдайға сәйкес берілген нәтиженің (өнімнің) көрсеткіштеріне кепілдік жасайды;
• іс-әрекет үрдісінің ұтымдылығын қамтамасыз етеді. Сонымен, технология — тәртіпті, ережені, норманы, операциялар тізбегі,
тыйым, жүзеге асыру кезеңдерін болжайды. Жоғарғы білім, мәдениет және бос уақыт технологиясын қазіргі коғамда, әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ адамдардың өзара іс-әрекет жасауы мен қарым-қатынасын, адамгершілік-этикалық мәселелерін шешуге ықпал жасайды. Кез келген әлеуметтік іс-әрекет технологизациялауға болады.
Сонымен бірге технологиялық емес іс-әрекет бар, ол энтропиялық сипатта болады:
• баскарылмайтын актілер мен операциялардан тұратын аффектілік жағдайдың нәтижесі ретінде іс-қимылдар; техниканы қолданбай немесе аяққы өнімді кұрудағы интенционалды емес қызмет.
Сонымен, технологияны — бір қызмет пәніне ыкпал жасайтын жобасын жеке процедуралар мен операцияларды тиімді бөлшектеу, берілген
параметрлерге сәйкес әлеуметтік жүйені қолдауга немесе өзгертуге багытталған тәсіл — деп түсінеміз.
Технологизациялау — жұмысты тиімді ұйымдастыру, нақты белгілермен сипатталатынын көрсетеді: а) үрдісті операциялар (сатылар, кезеңдер) тізбегіне бөлшектеу; ә) жалпы ақырғы максатқа жетудегі нақты мерзім мен шекті белгілеудегі жұмыс тәртібі; б) операцияларды орындаудың бір мағыналығы -технологиялык тәртіп.
Тар мағынада технологияны әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі жақтарының жекелеген қандайда бір өндіріске, ғылыми зерттеулерге. білімге, оқытуға т.б. аспектілерінде қолданады. Бұл ұғым шығармашылық қызметтің белгілі сферасындағы сол бөлшекті ережеге сай бағындыру.
Білім беру аясында «технология» ұғымы көп уакыт бойы қолданылмай келді, өйткені шығармашылық және психологиялық үрдістердің оқыту мен тәрбиелеу ретінде түсіндірілуге рұксат етілмейді деп есептелді. Бірақ Т.С. Назарованың айтуынша, С.Т. Шатский, А.А.Ухтомский, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев рефлексология бойынша педагогикалык зерттеулерінде алғашкы рет 20 жылдары атап өтілді. Сонымен бірге «педагогикалык техника» ұғымы қолданып, ол оку сабақтарын ұйымдастыруда тиімді және анық бағытта құралдар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде түсіндірілді. Сондай-ақ педагогикалық технологияға көрнекілік құралдарды қолдану, оқу және лабораториялық кұралдарды жасау іскерлігі жатады. Интеллектуалдық қабілетті дамыту немесе құндылық бағытты қалыптастыру технологиясын жасау әрекеттер катты мінге және дәлелсіз сынға тірелетін. Оқыту мен тәрбиелеудегі технологиялық көзқарас танымдық және басқа үрдістер мен қасиеттердін вульгаризациялау деп есептелді, яғни бір саты төмен, адамды машинамен теңестіруге әкелді.
Білім беру саласында «технология» деген ұғымды қолданудан бас тартқан басқа да себебі бар. Қолданбау себебі мектептің және басқа білім беретін кұрылымдар санасы мен мінез-құлык және еріктігі бар адамға ыкпал ететін объекті болып табылады. Бірақ-та окушы сыртқы ықпалдың пассивті объектісі ғана емес, ол өзі субъект ретінде белгілі дәрежеде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға қатысады.
Ал өндірісте өңдеу мен кайта өндеуге түскен материал, санасы жок деп белгілі мамандар айтады. М.В. Кларинның пікірі бойынша, технологиялық тәсіл көбінесе толық емес. «Его существенные уязвимые черты: ориентация на обучение репродуктивного типа, связанная с общим тяготением к воспроизводимости учебного процесса; неразработанность мотивации учебной деятельности, что связано с более общим и, вероятно, самым крупным недостатком педагогической технологии — игнорированием личности. А ведь именно личность ученика (не одни только учебные цели !) должна находиться в центре учебного процесса». Сонымен қатар, автордың айтуынша, сөз негізінде оқушының жеке ерекшеліктері (кабылдау қасиеті, танымдық іс-әрекеттің стилі т.б,) емес, жеке тұлға туралы ғана болу керек.
Осы және басқа себептер кеңестік педагогикада «технология» ұғымын қолдануда ресми педагогикалық шеңберден қарсылық болған. Ең алғашқы рет «педагогикалық технология» ұғымы АҚШ-да еңгізілді және ол әртүрлі семантикалық түрлері бар: а) педагогикалық тәжірибеде психология жетістіктерін қолдану (Б.Ф.Скиннер); ә) бағдарламалық тәсілді жүйе түрінде қолдану, білім беру үрдісін зерттеу негізінде оку үрдісін жүзеге асыру мен бағалау; б) окытудың ең тиімді жолдарын анықтайтын жалпы дидактиканың бөлімі (Ч. Куписевич, Ф. Янушкевич); в) оку үрдісінің негізгі элементтерінің өзара іс-әрекет жүйесі (Н.Н.Орлов, Г.Л. Таукач, В.К. Лисовиченко); г) оқу қызметін ұйымдастыру тәсілдері, құралдары және әдістерін қолдану теориясы, яғни қолданбалы дидактика (М.Ж. Арстанов, Ж.С. Хайдаров). Сонымен, «педагогикалық технология» ұғымын әр зерртеуші әр қалай түсінеді. Ол оның эволюцияда болған әртүрлі өзгерістерге байланысты. В.И.Боголюбовтың пікірінше, терминнің өзгеруіне — «білімдегі технологиядан» «білімнің технологиясына» қарай, содан сон «педагогикалық технологияға» кешу — оның мазмұнына өзгеруі сәйкес. Осыдан, оқыту технологиясы деп алғашқы уақыттарда оқу-тәрбие үрдісінде техникалық құралдарды, сонымен қатар багдарламалық оқытуды пайдалану деп танитын. Бұл «педагогикалық технология» деген ұғымын қарастырудағы бір аспектісі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.