Педагогикалық қызмет ретiнде тəрбиенiң мəнi

Главная » Рефераттар » Педагогикалық қызмет ретiнде тəрбиенiң мəнi

Педагогикалық қызмет ретiнде тəрбиенiң мəнi жəне оның жалпы заңдылықтары мен принциптерi.  1. Тəрбие — арнайы ұйымдастырылған жəне саналы жүргiзiлетiн педагогикалық қызмет. Тəрбие түсiнiгi мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тəрбиенi өсiп келе жатқан əулеттi тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты арнайы ұйымдастырылған тəрбие қызметiнiң барысында iске асыруға болады, сонымен бiрге ол балалардың күнделiктi үлкендермен араласа жүрiп, тұрмыстық iс-əрекетке үйренумен де орындалуы мүмкiн. Бiрақ аталған екi жағдайдағы тəрбиелiк əрекеттер əртүрлi мағынаға ие болатыны сөзсiз. »Қоршаған орта тəрбиеледi», »Отбасының тəрбие жемiсi», »Мектеп тəрбиесi адам қылды» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бiр мақсатты сияқты əрекеттердiң өзара теңгерiлмейтiнiн байқаймыз. »Қоршаған орта тəрбиеледi» немесе »Отбасы тұрмысы тəрбиеледi» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына əлеуметтiк-экономикалық жəне тұрмыстық жағдайлардың күнделiктi жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсiнемiз. Ал ендi »мектеп тəрбиесi» десек, əңгiме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған жəне саналы iске асырылатын тəрбиелiк қызметтi бiлемiз. К. Д. Ушинский: »Педагогикадағы тəрбие – алдын-ала ниеттелген жəне арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» — деп тұжырымдаған.

Тəрбие мəнiн дəлiрек топшылау мақсатымен американ психологы жəне педагогi Эдвард Ли Торндайк былай деген едi: »Тəрбие сөзiне əркiм əртүрлi мағына бередi, бiрақ ол қашанда өзгерiс дегендi аңдатады. Егер бiреудi өзгерiске келтiре алмасақ, бiз оны тəрбиелемегенiмiз». Ал ендi осы өзгерiстер жеке адам дамуында қалай көрiнедi? Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс »Адамның қоғамдық тұлға ретiнде дамуы мен қалыптасуы азаматтық болмысты игеру жолымен iске асады»- деген едi. Бұл тұрғыдан тəрбиенi өсiп келе жатқан əулеттiң адамзаттық болмысты игеруге пайдаланатын құрал-жабдығы деп бiлу қажет.

Ал ендi осы болмыстың өзi не жəне оны игеру қалай өтедi? Адамзаттық болмыс дегенiмiз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегi жəне жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тəжiрибе. Бұл тəжiрибе өз iшiнде келесi құрылым бiрлiктерiн қамтиды: 1) адамдардың табиғат жəне қоғам жөнiнде жасаған бiлiмдерiнiң жиынтығы, 2) еңбектiң əрқилы саласында қажет ептiлiктер мен дағдылар жəне шығармашылық iс-əрекет əдiстерi, 3) əлеуметтiк, рухани қатынастар.

Аталған тəжiрибе көп ұрпақтың еңбегi жəне шығар-машылық күшiмен жасалатындықтан бiлiмдер де, тұрмыстық ептiлiктер мен дағдылар да, сондай-ақ ғылыми жəне көркемдiк туындылар мен рухани-əлеуметтiк қатынастар да адамдардың əртүрлi танымдық, көркем шығармашылық, əлеуметтiк жəне рухани қызметiнiң нəтижелерiнен қалыптасады. Ендi осы тəжiрибенi өз »игiлiгiне» айналдырып, »меншiктеп» алу үшiн жаңа əулет қайтадан бұл »затты» ақыл-саналық сипатқа келтiруi тиiс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған iс-əрекеттi (еңбектiк, танымдық, əлеуметтiк, көркемдiк-эстетикалық) шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзiнен кейiнгi ұрпаққа жеткiзуге борышты. Тек өз қызметiнiң күшiмен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тəжiрибенi жəне оның құрылымдық бiрлiктерiн игеруi мүмкiн. Осыдан тəрбиенiң негiзгi қызметi – жас адамды қоғамдық тəжiрибенiң əр тарапын заттықтан саналылыққа айналдыру iсiне жұмылдырып, өткен тəжiрибенi өзi қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттердi өзi баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерiлуiне көмектесу. Бұдан тəрбиенiң терең астарлы күшi үгiт-насихаттық құрғақ сөзбен жас адамды iске бағдарлауға емес, ал оның өзiн жеке адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын қоғамдық тəжiрибенiң əр түрлi тарапын игеруге, пайдалы қызметке қосуда.

Педагогика үшiн жəне бiр маңыздысы – жеке адамдық даму тұлғаны тəжiрибе игеру қызметiне қосумен ғана шектелмейдi, ең бастысы, оның сол сəттегi iсте белсендiлiгiне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты. Жеке адамның дамуы үшiн оның ұйымдастырылған iс-əрекеттегi белсендiлiгiнiң бағытбағдар сипаты да бiршама маңызға ие. Мысалы, сынып пен мектептiң жалпы табысы еңбектегi белсендiлiк пен өзара байланысқан көмек болуы мүмкiн. Ұйымдастырылған iс-əрекет барысында əрдайым оқушылардың белсендiлiгiне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды жəне шынайы адамгершiлiк қатынас қалыптастыру қажет. Келтiрiлген пiкiрлер, бiздiңше, тəрбиенiң мəнiн жеткiлiктi əрi түсiнiктi де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негiз болуы мүмкiн. Сонымен, тəрбие — бұл жеке адамның қоғамдық тəжiрибенi (бiлiмдi, ептiлiктер мен дағдыларды шығармашылық iс-əрекет тəсiлдерiн, əлеуметтiк жəне рухани қатынастарды) игеру үшiн бағытталған белсендi iс-əрекетiн қолдап, қуаттаушы əрi ұйымдастырушы мақсат бағдарлы əрi сапалы орындалатын педагогикалық процесс.

Тəрбие заңдылықтары туралы түсiнiк

К. Д. Ушинский ескерткендей, тəрбие заңдылық-тарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Себебi, оның айтуынша, педагогикалық ережелердi қара дүрсiн жаттау ешбiр пайда бермейдi. Сол ережелердi туындататын ғылыми негiздердi зерттеу мiндеттi iс. Ұлы педагогтың кеңесi: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыс-тардың заңдарын ашып, өз iс-əрекетiңдi сол заңдарға жəне оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн. Тəрбиенiң астарлы терең заңдылықтарын бiлместен, оны жетiлдiруге ұмтылудың өзi бос əрекет. өмiр шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы жəне кемелденуiндегi қайшылықтарды тану ғана белгiлi бiр дəуiр тəрбиесiндегi күнделiктi шараларды iске асырудың жəне сол процестi ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-əдiснамалық негiзiн бере алады. Сонымен, тəрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсiнiктiң мəнi: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиiмдi нəтижеге жеткiзетiн тəрбиелiк процестегi орнықты, қайталап отыратын қажеттi байланыстар. Мұндай заңдылықтарды бiле отырып, тəрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға жəне ол iске терең мазмұндық, əрi əдiстемелiк мəн-бағдар беруге болады.

Тəрбиенiң жалпы заңдылықтары

1. Барша тарих кезеңдерiнде тəрбие объективтiк-қоғамдық қажеттiлiктен туындайды жəне ол қоғамға қызмет етедi. 2. Тəрбиенiң мақсаты, мазмұны жəне тəсiлдерi бiртұтас байланыста, бiрбiрiнсiз нəтиже бермейдi. 3. Бiртұтас педагогикалық процестегi оқу мен тəрбие (тар мағынадағы) өзара кiрiге ұштасқан. Келтiрiлген заңдылықтар тəрбиенi ұйымдастырудың жалпы негiздерiн құрайды, ал ендi сөз болатын заңдылық-тар тiкелей тəрбиелiк процестi iске асырудағы педагогика-лық құрал ретiнде танылуы тиiс. Олардың қатарына кiретiндер: 1. Дамушы жеке адамның тəрбиесi сол адамды тiкелей iс-əрекетке қосу барысында орындалады. 2. Тəрбие — ұйымдастырылған iс-əрекеттегi жеке адамның белсендiлiгiн арттыруға ықпал етушi фактор. 3. Тəрбие барысында тəрбиеленушiге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға мiндеттi. 4. Тəрбие барысында оқушыға алдағы жетiстiктерiн көрсете отырып, табыс қуанышына ере бiлуге көмектесу. 5. Тəрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет. 6. Тəрбиелеуде оқушылардың жастық жəне даралық ерекшелiктерiн ескеру орынды. 7. Тəрбие ұжымда жүргiзiлiп, ұжым арқылы iске асырылуы қажет. 8. Тəрбие барысында мұғалiмнiң, мектептiң, отбасының жəне қоғамдық мекемелердiң педагогикалық ұмтылыс-тарының бiрлiгi мен келiсiмi қажет. Мектептегi оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапаларды тəрбиелеу де осы заңдылықтарды ескеру негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.

Бақылау сұрақтары
1. »Тəрбие» түсiнiгiнiң педагогикадағы анықтамасы қандай?
2. Тəрбиенiң мəн-мағынасы неде?
3. Тəрбиенiң жалпы заңдылықтары қандай жəне олардың мəнi мен психологиялық негiзi қалай
түсiндiрiледi?
4. Тəрбие заңдылықтары деп ненi түсiнемiз?
5. Не себептi жалпы заңдылықтар оқытуға да, тар мағынадағы тəрбиеге де бiрдей қатысты?

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.