Педагогиканың əдiснамалық негiздерi

Главная » Рефераттар » Педагогиканың əдiснамалық негiздерi

Педагогиканың əдiснамалық негiздерi. Оның басқа ғылымдармен байланысы жəне зерттеу əдiстерi.  1. Педагогикалық теориялардың əдiснамалық негiздерi.

Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрiстеуiне арқау болған əдiснамалық шарттар. Ғылым əдiснамасы бұл — табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негiз болған, əрi сол құбылыстардың теориялық түсiндiрмесiне шешiмдi ықпал етушi философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бiр бөлiгi болған педагогика екi негiзгi философиялық əдiснама: идеалистiк жəне материалистiк тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды жəне қазiрде дамып отыр. Ежелгi грек философияпедагогикалық ой-пiкiр саласында идеалистiк бағытты ұстаған Сократ пен Платон адам дамуының шешушi факторы бiр табиғат екенiн мойындаса, материалистiк бағыттағы Гераклит, Демокрит жəне Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсiндiрiп, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырады.

Педагогикалық теорияның бұдан былайғы да етек алуында осы екi əдiснамалық бағыттың маңызы зор болды. Осының салдарынан батыстық педагогикада қазiргi кезеңге дейiн адамның дамуы мен тəрбие мəселелерi бойынша белгiлi бiр қауымдастықтың мүддесiн жақтаған идеалистiк ойшылдар бар. Солармен қатар оқыту жəне тəрбие теориясына елеулi үлес болып қосылған, əрi жалпы адамзаттық маңызға ие болған материалистiк идеялардың иелерi де баршылық.

.

Көп əдiснамалық алғышарттардың iшiнде аса маңыздыларының бiрi тəрбиенiң барша табиғи жəне қоғамдық құбылыстар сияқты себептi-салдарлы бай-ланысты сипатта екендiгi. Тəрбие əрқашан, бұрында атап өткенбiз, қоғамның жəне оның даму бағытының қажетi-нен туындаған. Осыдан материалистiк бағытқа негiзделген педагогика өз зерттеулерiн тəрбие мен оның теориялық тұғырнамасына ықпал жасаушы өндiрiстiк -экономикалық жəне əлеуметтiксаяси факторларға байланыстыра жүргiзедi. Материалистiк педагогика өткен дəуiрлердегi қоғамда көрiнiс берген теориялық тұжырымдарға, бүгiнгi күнi өзгерген саяси-əлеуметтiк талаптарға орай қалыптасып жатқан тəрбиелiк ой-пiкiр ауқымын дəл осы тұрғыдан зерттейдi, əрi өрбiтедi.

Материалистiк тəрбие теориясының шешiмi үшiн ең маңызды идея — бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзi тiршiлiк иесiнен сыртта, əрi оның қалыптасуы »əлеуметтiк бағдарламаға» сəйкес, қоғамдық ықпалдың, соның iшiнде тəрбиенiң нəтижесiнде iске асады. Сонымен қатар бұл əдiснама, адам дамуының көзi, одан тыс екенiн айта отырып, оның қоғамдық тұлға болып қалыптасуында өзiнiң iшкi жан дүниелiк белсендiлiгiнiң де маңызды рөл атқаратынын алға тартады, əрi зерттеушiлерге осы өзiндiк жан белсендiлiгiн көтерудiң жолдарын табудың қажеттiгiн түсiндiредi. Материалистiк философия мен педагогика қоғамдағы əлеуметтiк жəне рухани қатынастардың жетiлуiмен адамның өзi де жетiлiп, əрi дамып отырады, оның өзiндiк қасиеттерi мен сапаларын ұнамды бағытта өзгертiп жəне жақсартып отыруы үшiн зор табиғи мүмкiндiктерге ие екендiгiн жария етедi. Сонымен қатар, бүгiнгi педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объектив заңдылықтарына жүгiне отырып, қоғамдық iлгерлеуге қызмет ету қажеттiгiн, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды өз мiндетi деп санайды.

Бiздiң ойымызша, адам тəрбиесiнiң күнделiктi практикасында болсын, теориялық тұғырнама пайымдауда болсын жоғарыда айтылған бүгiнгi педагогика тұжырымдамаларын негiзге ала отырып, идеалистiк бағыт-ты да, имандылық шарттарын да өз орнымен үйлесiмдi пайдаланып отырған қажет.

2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Педагогиканың дамуында оның басқа ғылымдар-мен байланысы ерекше маңызды рөл атқарады. Педагогика өзiнiң ғылыми қалыптасуында философия , əлеуметтану, этика, эстетика, психология, анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, этнография, математика, кибернетика жəне т.б. ғылымдардың идеяларын пайда-ланып жетiлуде. Аталған жəне басқа ғылым салаларынан көптеген идеяларды педагогика өзiнiң зерттеу аймағы тұрғысынан өңдеп тəрбиенiң мəн-мағынасын тереңiрек түсiнуге жəне соның көмегiмен тəрбиенiң теориялық негiздерiн нақтылауға пайдаланады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, философия педагогикалық теорияларды бағыттауда əдiснамалық тараптан жəрдемдеседi, яғни ғалымдарға педагогикалық құбылыстардың сырын ашуда бастау жолды көрсетедi. Педагогикалық зерттеулердiң осындай əдiснамалық бастаулары əлеуметтану, этика, эстетика жəне т. б. ғылымдардан алынады. Ал басқа ғылымдардың идеялары тəрбиенiң нақты саласындағы педагогикалық проблемаларды шешуде тiкелей негiз бола алады. Мысалы, психология деректерi педагогика үшiн адамның жеке тұлғалық ерекшелiктерiмен оның iшкi жан-дүниелiк заңдылықтарын балаларды оқыту процесiнде дұрыс пайдалануға бағдарлайды. Физиологиядағы iс-əрекеттiң шартты рефлекстiгi жөнiндегi идеялар адамда сыртқы əсерлердiң ықпалымен болып жататын өзгерiс-тердiң жəне тəрбиеленушiде ептiлiк, дағды мен əдет қалыптасудың ғылыми негiздерiн ашуда өз себiн тигiзедi. Сонымен, адам жөнiндегi басқа ғылымдардың идеялары педагогикаға тəрбие заңдылықтарын терең жəне жан-жақты зерттеуге мүмкiндiк ашады. өз дəуiрiнде К. Д. Ушинский »Педагогикалық антропология» еңбегiнде »Егер педагогика адамды əр тараптан тəрбиелегiсi келсе, онда ол ең алдымен сол адамды жан-жақты танып алуы тиiс» — деген. Мұнысымен көрнектi ғалым педагогика үшiн адам зерттеушi антропологиялық ғылымдардың бəрiмен де терең таныс болу қажеттiгiн баса айтып отыр.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екiншi тарапы — олардың зерттеу əдiстерi мен тəсiлдерiн үйрену жəне шығармашылықпен игерiп, пайдалану. Нақтырақ айтсақ, психология, социология жəне т.б. ғылымдар педагогикалық құбылыстарды эксперименталды зерттеудегi əдiстердiң аумағын кеңейтуде себебiн тигiзедi, ал математика педагогиканы статистикалық тəсiлдермен байытады. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жөнiнде айта отырып, оның сол ғылымдарға жасаған əсерiн де елемеуге болмайды. Мысалы, педагогикада негiз тапқан ұжымның тəрбиелiк рөлi хақындағы идея осы проблема бойынша психология, философия, этика, социология жəне т. б. ғылымдар аймағында жүргiзiлiп жатқан зерттеулерге үлкен ықпалын тигiзiп отыр.

3. Педагогикадағы зерттеу əдiстерi

Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу əдiстерiнiң көбеюi мен ұдайы жетiлiп отыруы. Айта кетерлiктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бiр кезеңдерде педагогика үстiрт философия-лық-əлеуметтiк бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттелiп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметiнiң нəтижесiнде ғана туындап келдi. Ал ХIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық iзденулердi практикалық тəрбие iстерiмен байланыста жүргiзген ғалымдардың белсендi үлесi болды. Бұл тəрбиелiк ой мен iстi бiрiктiрiп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың iшiнде бүгiнге дейiн танымал Я. А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды. ХIХ ғ. оқыту жəне тəрбие теориясының бұдан былай тереңдеуiне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер едi. Қазiргi кезеңде педагогикалық зерттеулер əртүрлi əдiстердiң бүтiн бiр жүйесi жəрдемiмен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, əңгiмелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тəжiрибенi үйрену жəне қортындылау, əлеуметтiк талдау (сұрақ, анкета жүргiзу, тестен өткiзу, рейтингтiк сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткiзу жəне т.б. əдiстер.

.

Педагогикалық бақылау əдiсi. Бұл əдiс педагогикалық зерттеудiң қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебi педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушiге педаго-гикалық жұмысқа қатысы бар деректердi үйренiп, жинақтап, белгiлеп алуды қажет етедi. Мысалға, ғалым сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалiм сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейiндi тыңдайтынын аңғарады. Одан əрi зерттеушiге аян болатыны: бiр оқушылар өзiн сабақта белсендiлiкпен көрсетiп, мұғалiмнiң сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгiзедi, өздерi сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келедi жəне т.б. Ал кейбiреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейiнсiздiгiн байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушiге алғашқы болжам-дарын қортындылауға мүмкiндiк бередi. Оның мəн-мағынасы келесiдей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейiндiлiгi сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейiндiлiк жəне белсендiлiк танытқан оқушы-лардың бiлiмi бiршама жоғары дəрежеде. Бақылау əдiсi, осылайша, нақты теориялық ойпiкiрлерге нəр берiп, кейiн олар басқа да əдiстердiң көмегiмен тереңдете зерттелiп, тексерiледi.

Əңгiмелесу əдiсi. Бұл əдiс те ғалым-тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң екеуiнiң де бiрдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жəрдемiн тигiзедi. Соның арқасында ол көрiнiс берген құбылыстардың мəнi мен септерi жөнiнде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтiрiлген оқушылардың сабаққа деген əртүрлi мiнезқұлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеушi бұл құбылыстың себептерi жөнiндегi өзiнiң пiкiрiн мұғалiмнiң ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшiн ол мұғалiммен əңгiмелесудi бiрден-бiр жол деп, сабаққа кезiккен құбылыстардың себебiн түсiндiрiп беруге мұғалiмдi ойыстырып, оның пiкiрiн бiлуге ұмтылады. Белгiленген сұрақтар бойынша, мұғалiм мен оқушы пiкiрлерiнiң өзара сай келуi немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркiнiн айқындауға себiн тигiзерi, əлбетте сөзсiз.

Мектептiк құжаттар мен оқушылардың шығарма-шылық өнiмдерiн зерттеу əдiсi. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық iс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделiктi сабақ бағаларының олардың жалпы үлгерiмiне ықпалын бiлу үшiн мектеп жорналымен, өткен жылдар-дағы табельдерiмен танысып шығу орынды. Мектеп кiтапханасындағы балалардың оқырман карточкесiмен танысу олардың қызығу өрiсiнен хабар бередi. Үй тапсырма дəптерлерiн көре отырып, зерттеушi баланың үйге берiлген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгiлi бiр тақырыпта еркiн шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкiн жəне т.б.

Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдас-тырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгiленген мұғалiм мен оқушылардың педагогикалық iс-əрекетi. Бұл сипаттағы эксперименттер əртүрлi: жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттерi. Жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау эксперименттi- зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерт-телiнуi тиiс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негiз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шəкiрттердiң өзiн бақылауы зерттелiнуi қажет болса, осы эксперимент арқылы жəне басқа əдiстердi (əңгiмелесу, анкета) қолдана отырып, ғалымоқушылардың өзiндiк бақылау əдiстерiн қаншалықты бiлетiнiн анықтайды. Нəтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзiндiк бақылауының мүмкiндiктерi жөнiнде қорытынды жасайды. Егер зерттеушi бұл проблеманың мектеп iсiнде керi сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеудi одан əрi жалғастырып, дамыту-қайта жасау экспериментiне кiрiседi, яғни алдын-ала түзiлген жоспар бойынша оқушылардың бiлiм игеру тəжiрибесiнде өзiндiк бақылаудың тиiмдi тəсiлдерiн ендiредi. Егер нəтиже ұнамды болып шықса, алынған көрсеткiштер теориялық талдаудан өтiп, бұл əдiстiң мектеп жұмысында қолданылуы жөнiнде қажеттi қорытындылар жасалады.

Бұл проблема жөнiнде зерттеу барысының келесi кезеңi аталған эксперимент бойынша жетiскен көрсеткiштер мен қорытындыларды жалпы көпшiлiк мектеп тəжiрибесiнде тексеру. Бұл мiндет бақылау экспериментiнiң жəрдемiмен шешiледi. Бұл мектепте сыналған əдiс басқа мектептер мен мұғалiмдердiң тəжiрибесiнде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негiздесе, зерттеушi ең соңғы деректердi бiр ғылыми тұжырымға жеткiзiп, оларды педагогиканың теориялық жəне методикалық қорына өз жаңалығы етiп қосады.

Озат педагогикалық тəжiрибенi үйрену жəне жинақтау. Бұл əдiс оқыту мен тəрбие жұмыстарын табысты өткiзiп жатқан озат мектептер мен мұғалiмдердiң тəжiрибесiн үйрену жəне оны теориялық пайымдауға негiзделген. Көп жағдайларда мұғалiмдер күнделiктi сабақ тəжiрибесiмен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалық-тарға жетiп отырады, бiрақ олардың бұл пайдалы iстерi педагогикада танылмай, тиiстi зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшiлiкке жетпей, қалып кете бередi. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой-пiкiрi ме, əдiстемелiк қорытындысына жетпейдi. Оқыту-тəрбие-леудiң озат тəжiрибесi теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесiнде орнығуға мүмкiндiк алады.

Педагогикадағы əлеуметтiк зерттеу əдiстерi. Жоғарыда қарастырылған əдiстер бiршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулi кемшiлiкке ие: ғалым ол əдiстердi қолдана отырып, тар өрiстi деректердi ғана дамытуы мүмкiн, яғни зерттеу қорытындысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбiр мəселелердiң шешiмi ауқымды зерттеудi талап етедi. Бұл ретте педагогтар əлеуметтiк зерттеу əдiстерiн (анкета жүргiзу, рейтингтiк бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мəселенi жылдам əрi көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады. Педагогикадағы əдiстер тiзбегi аталғандармен шектелмейдi.Олардың түрi мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеушi — ғалымдар мен озат мұғалiмдердiң ынта-ықылас iзденуiне байланысты, əдiстердiң жаман, жақсысы болмайды, олардың əрбiрi өз орнында құнды.

Қазiргi кезеңде, егемендi ел-Қазақстан Республика-сы аясында педагогика ғылымында догматизм мен жеке пiкiр үстемдiгiне тойтарыс берiлiп, шын мəнiндегi жаңа-шыл педагогикалық зерттеулерге қажеттi жағдайлар жасалып, халыққа бiлiм беру саласының бүтiндей қайта түзiлуiне, бiздiң қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерiлуiне тиiмдi жолдар ашылуда.

4. Педагогиканың бөлек ғылым салаларына жiктелуi

Қандай ғылым болмасын, дами отырып, өз теориясын байыта түседi, жаңа мазмұнымен толығады, осыдан өз iшiндегi зерттеу бағыттарына орай жiктеле бастайды. Бұл жағдай педагогиканы да айналып өткен емес. Қазiргi кезде »педагогика» түсiнiгi педагогикалық ғылымдардың бiртұтас жүйесiн танытады. өз алдына дербестiк сипатқа ие болған педагогика салаларынан төмендегiлердi атауға болады: 1. Жалпы педагогика (тəрбие бiлiм беру жəне оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейдi). 2. Сəбилер жəне мектеп алды педагогикасы. 3. Мектеп педагогикасы. 4. Сурдотифло жəне олигофренопедагогика саңырау зағип жəне ақылы кем балалардың тəрбиесiн зерттейдi. 5. Жеке пəн əдiстерi. 6. Педагогика тарихы. Жаңадан қалыптасып жатқан педагогика салалары да жоқ емес, олардан: мектептану, отбасы тəрбиесiнiң педагогикасы, басқару педагогикасы, iшкi iстер органдары-ның педагогикасы жəне т.б. Дербес педагогикалық пəн ретiнде əскери педагогика, жоғары мектеп педагогикасы, кəсiби-техникалық бiлiм беру педагогикасы жəне т.б. жедел қарқынмен дамуда.

5. Педагогика теориялық ғылым жəне өнер сипатында

Педагогиканың дамуы мен оның мəн-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым ретiнде де көрiнiс беретiн ерекше өзiндiк сипатына көңiл аудармай болмайды. К. Д. Ушинскийдiң пiкiрiнше педагогиканың басқа ғылымдарға ұқсамайтын ерекшелiгi: ол теориялық жағынан, бiрiншiден, өз зерттеулерiнiң нəтижелерiн, қорытындыларын пайдаланады, екiншiден, адам жөнiндегi ғылымдардың теориялық идеяларын бiрiктiрiп, оларды өз теориясын дамытуда негiзге алады. Сонымен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тəрбиесiне бағытталған практикалық iс-əрекеттi, яғни қажеттi болған ептiлiктер, дағдылар мен қабiлеттер жүйесiн қамтиды. Бұл тараптан ол тəрбиелiк шеберлiк, өнермен ұштасып жатады. Педагогиканың мiне осы ғылымдық əрi өнерлiк ерекше сипатына кейбiр үстiрт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай, тəрбие iсiндегi ептiлiктер мен икемдiлiктерге бұра салады. К. Д. Ушинский »Тəрбие iсi бiршама жеңiлдеу көрiнедi. Тəрбиеге шыдамдылық керек екенi баршаға аян, кейбiреу-лер ол үшiн тума дарын қажет деп ойлайды, тек аздаған ғана мамандар шыдамдылық, тума қабiлет жəне ептiлiктерден басқа арнайы бiлiмдердiң де қажет екенiн бүгiнгi күнi мойындап отыр» — деген.

.

Тəрбиелiк қызметте ептiлiк, дарын (талант) жəне теориялық бiлiмдер бiрдей керектi екенiн П. П. Блонский ескерген. Ептiлiк күнделiктi тəрбиеде ұшталады, дарын тəрбиелiк жұмыс барысында шыңдалады, теориялық бiлiмдер адам дамуы мен тəрбиенiң мəн-мағынасын тереңдеп танумен қалыптасады да, ғылыми идеялар түрiнде бiрден бiрге өтедi деген. А. С. Макаренко ықпалды тəрбие жүргiзу үшiн əрбiр мұғалiм-тəрбиешi педагогикалық шеберлiкке бейiмделуi тиiс, ал сол шеберлiктiң астарында мiндеттi түрде игерiлген теориялық бiлiмдер болуы шарт деп өте дұрыс пайымдаған. Адам қызметiнiң əртүрлi саласында теорияның маңыздылығын ежелгi ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор »Практикалық iс-əрекеттiң еркiн өрiстеуi мен үнемдi болуы тек қана теориялық танымнан», -деген. »Əркiм жақсы бiлгенiнен данышпан»,- деп Сократ та текке айтпаған. Теориялық бiлiмдердiң маңыздылығы бүгiнгi ғылым мен техниканың, өмiрдiң барша тарма-ғында кең орын алуына орай ерекше артып отыр. Сондық-тан да, педагогиканың мəнiн түсiнiп, тəрбиеге байланыс-ты негiзгi теориялық идеяларын игеру педагогикалық қызметке дайындалуда өте маңызды.

Бақылау сұрақтары

1. Осы заманға педагогиканың дамуы қндай əдiснамалық шарттарға негiзделедi?
2. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы қандай жəне ол неден көрiнедi?
3. Педагогиканың басқа ғылымдардың дамуына ықпалы қандай?
4. Педагогикалық идеялар жинақтауда жəрдемiн тигiзетiн əдiстердiң түрлерi қандай?
5. Педагогика жүйесiне енетiн ғылыми салалардың түрi мен олардың мазмұны қандай?
6. Педагогиканың ғылымдық əрi өнерлiк мəнi неде? Бұл проблеманы көрнектi ғалымдар қалай түсiндiрген?

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.