Педагогиканың философиялық негіздері

Главная » Рефераттар » Педагогиканың философиялық негіздері

Педагогиканың ең ұзақ және жемісті байланыста болған ғылымы — философия. Философиялық идеялар негізінде педагогикалық тұжырымдамалар, теориялар тұжырымдалды, яғни олар әдіснамалық тұрғыдан негізделді. Педагогикалык білімдер алу философия зерттейтін ғылыми танымның жалпы заңдарына бағынады. Демек, философия педагогикалық тәжірибелерді саналы меңгерудің және педагогикалық тұжырымдамалар жасаудың теориялық базасы болып табылады. Философиялық білімдер қоғамдық және әлеуметтік құбылыс ретіндегі тәрбие үдерісінің мәнін түсіну үшін қажет. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін философиялық білімдерсіз, қоғам дамуы тенденцияларын талдаусыз анықтау мүмкін емес. Философиялық таным теориясы заңдары жалпылығына багіланысты оку-танымдык іс-әрекет заңдылықтарын аныктай алады. Қажеттілік пен кездейсоқтык, жалпылық, бірлік жэне түтастық, заңдар мен заңдылықтар, өзара байланыс пен өзара тәуелділік, даму және оның козғаушы күштері сиякты философиялык категориялар кез келген педагогикалық ойлардың негізіне салынған. Демек, философияны педагогиканың әдіснамалық негізі деп қарастыруға болады.
Әдіснаманың барлық деңгейлері өзара байланысты күрделі жүйені күрайды. Бірак философиялық деңгей кез келген әдіснамалық білімдердің мазмұндық негізі болып табылады және таным үдерісіне. шындыкты түрлендіруге қатысты дүниетанымдык негізді қүрайды. Сондықтан педагогтің кэсіби дайындығының жоғары көрсеткіші оның әдіснамалық мэдениетінің болуы деп түсінуге болады.
Әдіснамалык мэдениеттің негізгі белгілері:
-педагогика ғылымының түжырымдамалык негізін құрайтын философиялык катсгориялар мен негізгі үғымдарға қатысты әрекеттер. амалдар мэнін түсінуі;
— білім алу үғымын абстрактылыдан нақтыға карай көшу сатылары деп түсіну;
— педагогикалық теорияларды танымдық іс-эрекет әдістеріне түр-лендіру бағдарының болуы;
— педагог ойлауының педагогикалық формал ар мен оларды қүрайтын касиегтердің генезисіне бағытталуы;
— педагогиканың үғымдык-термітнологиялык жүйесін жаңғырту кажеттілігі болуы;
педагогикалықбілімдердің даму тарихы бірлігімен сабактастығын анықтауға үмтылу;
— қарапайым педагогикалык сана шенберінде жатқан кағидалар мен негіздеулерге сыни қатынасы болуы;
— өзінің меншікті іс-эрекеті мен педагогикалык үдеріске каты-сушылардың ой қозғалысының алғы шарттарына, жүру барысы мен нәтижесіне ой жіберу;
— адамтану саласына қатысты ғылыми емес позицияларды дэлелді жоққа шығару;
— педагогиканың дүниетанымдық, ізгіліктік функцияларын түсіну.
Әдіснаманы меңгеру аркылы мұғалім оның принциптеріне сүйе-не отырып, ойлауга үйренеді. Бүл оған педагогикалық үдерістің заң-дылықтары мен мақсаттарының, принциптері мен ережелерінің күр-делі сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Ең бастысы, эдіснаманы тек ғылыми зерттеулерге қатысты жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тәрбиелеу және дамыту практикасындағы, түтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мэнін жете түсіне білу қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.