Педагогиканың негізгі ұғымдары

Home » Рефераттар » Педагогиканың негізгі ұғымдары
Рефераттар Комментариев нет

Ғылыми тұжырымдарды аңдататын негізгі педагогикалық ұғымдарды педагогикалық категориялар деп атау қабылданған. Олардың қатарына тәрбие, оқу, білім категориялары кіреді. Педагогика сонымен бірге даму және қалыптасу деген жалпы ғылымдық категорияларды да кеңінен қолданады.
Тәрбие — тұлға қалыптастыруға бағытталған-мақсат бағдарлы және ұйымдастырылған үдеріс. Педагогикада тәрбие ұғымы әлеуметтік және педагогикалық мәнде қолданылады.
Әлеуметтік мәніндегі тәрбие — бұл аға ұрпақ жинақтаған тәжірибені кіші әулетке өткізу. Тәжірибе — тарихи даму үдерісінде түзіліп, адамдарға бөлгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, адамгершілік, этикалық, құқықтық қалып талаптары, бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихының тұңғиығынан бізге дейін жөткен рухани мұра. Дүние есігін ашқан әрбір адам өркениет табыстарына қол жеткізді, ал бұл тәрбиеге орай орындалады. Бүкіл адамзаттың тіршілігін сақтап қалуы, қатаюы және бүгінгі даму деңгейіне жетуі — бәрі тәрбиеден. Өткен әулет жинақтап, өңдегөн мұра келесі әулеттің еңбегімен байи түседі. Кейбір замандарда тәжірибе жойылып, тәрбиенің кері кеткен жағдайлары да тарихтан белгілі. Адамзат өзінің да-муында бірнешеғасыр кері шегініп, бұрынғы білген-көргендерін жоғалтып, кейін оларды қайта тіктеуге мәжбүр болған. биік жетістіктерге жетіп отырған. Тәрбие — қоғамдық үдерістің қозғаушы күші.
Тәрбие тарихи сипатқа ие. Ол адамзат қоғамыменөн бір-ге пайда болып, оның ажырамас өмір және даму бірлігіне ай-налды. Қоғам тірлігі сақталатын болса, онымен бірге тәрбие де мәңгі. Сондықтан да тәрбие — жалпы және мәңгі кате-гория.
Тәрбие жұмыстарымен мектепке дейінгі және мектеп мекемелөрінде тек кәсіби педагогтар ғана айналыспайды. Қазіргі қоғамда өз күш-қуатын тәрбиеге бағыштаған бірнеше ұжымдық құрылымдар бар, бұлар — отбасы, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет, өнер, еңбек ұжымдары, құқық сақтау ор-гандары. Осыдан, әлеуметтік мәндөгі тәрбие әңгіме болғанда, қоғамдық мекемелер тарапынан нақты білімдер, көзқарастар мен нанымдар, адамгершілік құндылықтар, саяси бағыт-бағдар мен тұрмыс дайындығын қалыптастыруға бағытталған арнайы ықпал — әрекеттер үдерісін түсінеміз.
Көптеген тәрбиелік күштер болып тұрған жағдайда да та-быс тәрбиеге қатысты әлеуметтік мекемелердің бәрінің бірдей ортақтасу әрекетінен жетіледі. Тәрбиелік ықпалдар арасында көлісім болмаса, бала әрқилы күшті әсерлерге беріліп, жал-пы мақсаттың орындалуына кедергі жасайды. Тәрбиеге оқу-тәрбие мекемелері бағыт-бағдар береді.
Кең педагогикалық мағынадағы тәрбие — бұл оқушыда көзделген мақсатқа орай нақты сапа-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталып, отбасы мен оқу-тәрбие меке-месінде арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды ықпал-әрекеттер үдерісі. Tap педагогикалық мәндөгі тәрбие — бұл нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған тәлімдік істер мен олардың нәтижесі.
Басқа да әлеуметтікғылымдардағыдай педагогикада тәрбие ұғымы біртұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлшектерін белгілеу үшін де қолданылады. Мысалы, тән-дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, ақыл-парасат тәрбиесі — деп, бөліп атай-тынымыз осыдан.
Оқу — бұл көздөлген мақсатқа орай нәтижесі білім, ептілік, дағдыларды игөру, дүниетаным қалыптастыру, ақыл-парасат, дарыны мен шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуы болған арнайы ұйымдастырылған, мақсат-бағдарлы және басқарымды мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты ықпал-әрекеттер жүйесі.
Оқу негізі білім, ептілік, дағдылардан құралады. Білім — бұл әрбір адамның шынайы болмысты ғылыми деректер, түсініктер және заңдар формасында бейнөлеуі. Білім жүйөсі адамзаттың ұжымдық тәжірибесін өрнектейді және ол шынайы болмысты танудың нәтижесінде құралады. Ептіліктер дегеніміз адамның өзі игерген білімдері, өмірліктәжірибөсі, қабылдаған дағдылары арқасында тәжірибелік жәнө теориялық іс-әрекеттерге сана-лы және өзбетінше бара алуы. Дағдылар — көп қайталау, жаттығу жолымен жоғары деңгейге жетіліп, қажетті әрекеттерді автоматтанған күйде орындай алу мүмкіндікітерінен көрінетін тәжірибелік қызмет бірлігі.
Оқушыларға нақты білімдерді ұсына отырып, мұғалім әрдайым жол-жөнекей қандай да бір бағыт-бағдарларды ұстанғандай болады, ал шынында, мұғалім әрекетінің аста-рында өзі біле бермейтін шартты маңызды дүниөтанымдық, әлеуметтік, идеологиялық және басқа да көптеген сапа-қасиеттер бағдары оның іс-әрекетіне ықпал етіп отырады. Сондықтан да оқу тәрбиелік сипатқа ие. Оқу барысында — тәрбиелейміз, тәрбиелей жүріп — оқытамыз.
Білім — оқу нәтижесі. Тікелей мағынада, білім жақсы оқыған, тәрбиелі, зиялы адам бейнесін байқатады. Білім — бұл оқушының тәлім алу үдерісінде игеріп жинақтаған білім, еп-тілік, дағды, ойлау тәсілдерінің жүйелі тобы. Білімділіктің басты көрсеткіші — білімдер жүйелілігі және ойлау жүйелілігі. Жүйелі білім алған оқушы дербес ойлауға, өз білім қорының олқылықтарын ой толғастыру жәрдөмімөн жетілдіру қабілөтіне ие. Аса есте ұстайтын жәйт, білім — бұл өзінен- өзі келетін зат емес, оны әр адам өз күшімен, дербес қолға түсіруі қажет. Өз заманында А. Дистервег: «Даму мен білім ешбір адамға сырт-тан хабарланып немесе берілген өмес. Оған қол жеткізем дөгөн әркім өз күші және ерік-қайратын қосуы қажет» — деп жазған өді. Қабылданған білімнің көлөміне, дербес ойлауда жеткізген деңгейіне байланысты білім бастауыш, орта және жоғары болып бөлінеді. Игерілген білімнің сипаты мен бағдарына орай жалпы, кәсіби және политехникалық білімдер ажыралады.
Бастауыш (элементар) білім мақсаты — осы заманда өмір бойы жалғасатын болашақ білімнің бастау негіздерін қалау. Бастауыш мектепте бала оқуға, жазуға, есептеуге, өз пікіріне байланысты және сауатты өрнектеуге, жүйелі ой толғастыруға, дұрыс қорытындылар жасауға үйренеді. Баланың сауат ашу дәуірі қарқынды тәрбиемен ұштасып жатады, яғни бала әріп тануға үйренумен бірге тән-дене, эстетикалық, еңбектік, құқықтық, экономикалық, экологиялық тәрбие бастауларын да алады. Бұл кезеңцегі тәрбие оқу мен білімнен маңыздылау келеді. Себебі, егер адам келелі тәрбие алмаса, оған білім берудің пайдасы жоқ, тіпті зиянды. Тәрбиелілікті арқау етпеген білім — есуас қолындағы суық қару. Өз заманында Әл-Фараби бабамыз көрегендікпен: «Бірінші мәселе білім емес… тәрбие. Тәрбиесізге берген білім адамзатқа апат әкеледі» — деп өсиет қалдырған.
Жалпы білім — табиғат, қоғам, адам жөніндегі ғылымдар негізін үйретіп, дүниетаным қалыптастырады, танымдық қабілеттерін өрбітеді, адамға өзін қоршаған ортадағы үдерістердің негізгі заңцылықтарын түсінуге жәрдем етеді, оқу мен еңбекке байланысты мектеп және еңбөк ептіліктерін, әрқилы тәжірибелік дағдыларды игеруде көмектеседі.
Кэсіптік білім — әрбір адамды қалаған еңбек саласын-да қажөт болатын білімдер, ептіліктер және дағдылармен қаруландырады. Кәсіптік оқу орындары жұмысшыларды дайындайды, ал орта және жоғары кәсіптік оқу мекемелері халық шаруашылығының әртүрлі саласы үшін қажет болған орта және жоғары маманданған кәсіпкерлерді дайындайды.
Политехникалық білім — қазіргі заман өндірісінің негіз-гі принциптерімен таныстырады, тұрмыста және күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым еңбек құралдарын пайдала-ну дағдыларын қалыптастырады.
Қалыптасу — адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретінде жетілу үдерісі. Мұндай жетілуде адам шексіз жағдаяттар ықпалына түседі: экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. Тәрбие тұлға қалыптасуында себепші көп шарттардыңаса маңыздысы. Қалыптасу-адам тұлғасының белгілі бір кемелденген деңгейін, нақты тұрақтылыққа келу жағдайын байқатады.
Даму — бұл адамда жүріп жататын сандық және сапалық өзгерістердің желісі мен нәтижесі. Даму үдерісі тұрақты да үздіксіз өзгерістермен, бір жағдайдан екінші жағдайға өту, қарпайымнан күрделігө, төменгіден ең жоғары деңгейге ауысулармен байланысты келеді. Адамның дамуында сандық өзгерістердің сапалыққа және кері жүрісінде көрінетін әмбебап философиялық өзара ауысу заңы іске қосылып барады.
Тұлға дамуы — шынайы болмыстағы аса күрделі үдеріс. Бұл үдерісті тереңдей зерттеу үшін қазіргі заман ғылымы дамуды құрайтын бірліктерді жіктеу жолына түсті, яғни дамуға байла-нысты тән-дене, психикалық, рухани, әлеуметтік және басқада сапа-қасиеттер дараланып, өз алдына қарастырылуда. Ал пе-дагогика болса, негізінен түлғаның рухани даму мәселесін зерттейді, бірақ оны басқа даму жағдаяттарымен орайлас-тыра үйренеді. Негізгі педагогикалық ұғымдар қатарына, сон-дай-ақ жалпы мағынадағы «өзіндік тәрбие», «өзіндік даму», «педагогикалық үдеріс», «педагогикалық ықпалдастық», «педагогикалық қызмет өнімдері», «әлеуметтік қалыптасу», «педагогикалық технология», «оқу-тәрбие инновациялары» сын-ды ұғымдар да кіреді.
Сонымен, басты педагогикалық ұғымдар қатарында қолданылатын түсінік сөздер: тәрбие, оқу, білім, даму және қалыптасу. Олар өзара байланысты келеді. Нақты педагогикалық үдерісте олардың бәрі бірдей іс-әрекетте көрінеді: оқыту барысына тәрбие қосылады, тәрбиелей оты-рып, тұлға қалыптастырамыз, білім алу үдерісінде барлық қажетті қасиет-сапаларды қалыпқа келтіреміз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.