Педагогиканың объектісі, пәні және функциялары

Главная » Рефераттар » Педагогиканың объектісі, пәні және функциялары

Педагогиканы жеке ғылым саласы ретінде бөліп қарау оның арнайы зерттейтін мәселелерін, объектісін нақтылауды қажет етеді. Әрбір ғылымның өзінің зерттейтін обьектісі мен пәні болады.
Педагогика адамның дамуымен байланысты педагогикалық құбылыстар жүйесін қарастырады. Яғни педагогика объектісі ретінде қоғамның максатты іс-әрекеті барысындағы адамның дамуын камтамасыз ететін шындык дүние құбылыстарына жататын білім беру құбылыстарын қарастырады. Демек, педагогика ғылымының объектісі педагогикалык құбылыстар болып табылады.
Ал педагогиканың зерттейтін пэніне кіретіндер: педагогикалық немесе дидактикалық жүйелер, педагогикалық үдеріс, педагогикалық іс-әрекеттер.
П.Беспалько мен Н.В.Кузьминаның анықтамасы бойынша педа-гогикалық немесе дидактикалық жүйелер дегеніміз — «ұйымдасқан, мақсатты түрде түлға дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық әсер етуге қажетті өзара байланысты құралдар, әдістер және үдерістер жиынтығы».
Ғылымда педагогикалық жүйенің өзара байланысты алты құрылымдық әлементі бөлініп көрсетіледі. Олар: оқушылар, тэрбиелеу (оқыту) мақсаты, тәрбиелеу (оқыту) мазмүны, педагогикалық (дидак-тикалық) үдерістер, мүғалім және (немесе) оқытудың техникалыіс қүралдары, педагогикалық жұмысты үйымдастыру формалары. Педа-гогикалық жүйелер әр түрлі масштабта болады: тұтас қоғамдық, жеке білім беру мекемесіне, жеке пәнге қатысты педагогикалық жүйелер болып бөлінуі мүмкін.
Ал педагогикалық жүйе шеңберінде жүретін педагогикалық іс-әре-кет те педагогика ғылымы пэні ретінде бірнеше элементтерден түрады. Олар: жобалаушы (мақсат), конструктивтік (мазмүн), коммуникативтік (оқушы-мүғалім), үйымдастырушы (үдеріс жэне формалары) гнос-тикалық (мүғалім). Басқаша айтқанда, мүғалім өзінің кэсіптік іс-эрекетінде мақсат қояды, мазмүнды анықтайды, құралдарды таңдап алады, оқыту (тәрбиелеу) үдерістері мен оларға қатысушылардың өзара әсерлесуін ұйымдастырады. Педагогика педагогикалық іс-әрекетті құруға қажетті теорияны жасайды.
Педагогика ғылымы бірнеше функциялар атқарады.
Түсіндіру функциясы: педагогика гылым ретінде педагогикалық фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді бейнелеп, олардың қандай заңдар бойынша, қандай жағдайларда, қалай жүру ерекшеліктерін анықтайды. Нәтижесінде педагогика заңдары, принциптері, теория-лары, тұжырымдамалары зерттеліп, тұжырымдалады. Диагностикалау функциясы: педагогикалық құбылыстар күйін, педагогтер мен оқушылардың іс-әрекеті тиімділіктерін, сол сияқты бұл тиімділікті қамтамасыз ететін жагдайларды анықтаумен байланысты анықталады.
Болжамдау функциясы: алдын ала даму барысындагы педагоги-калық шындықтың түрлену нэтижесін көре отырып, ойша, яғни теория жүзінде болашақ жүйелер негізін түжырымдаумен сипатталады.
Жобалау функциясы: теориялық тұжырымдамаларды қамтитын және педагогикалық іс-әрекет жоспарын, мазмұнын, сипатын анық-тайтын оқу жоспарлары, багдарламалары, оқулықтар мен оқу құрал-дарын, педагогикалық нұсқаулар, әдістемелік материалдар жасаумен байланысты анықталады.
Түрлендіру функциясы: іргелі білімдер негізінде педагогикалық практиканы жетілдіру жүреді және кажетті тәрбиелік нэтижеге қол жеткізу мүмкіндігін беретін жаңа педагогикалық жүйелер, технологиялар пайда болуына көмектеседі.
Рефлексивтік жэне түзетушілік функциясы: ғылыми зерттеу нәтижелерінің оқыту мен тәрбиелеу практикасына тигізетін әсерін багалау, ғылыми теория мен практикалық іс-эрекеттің өзара әсерлесуі барысында түзетулер енгізумен байланысты анықталады.
Тәрбиелік функциясы: кез келген тэсілмен алынған білімдер сол білімдерді меңгерген тұлғаның дамуына, тэрбиелік қалыптасуына алып келеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.