Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Главная » Рефераттар » Педагогиканың пайда болуы мен дамуы

Тәрбие тәжірибесі өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия және басқа ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан. Барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғышарт — өмір қажеттігі. Бертін келө тәрбие адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Әрқандай қоғам өсіп келе жатқан әулетке берген тәрбиесіне орай жылдам немесе баяу дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қортындылау, арнайы оқу — тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
.Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесін бір арнаға келтіріп, теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталып, сол ғылыми аумақта алғашқы педагогикалық тұжырымдар дүниеге келді. Барша замандарда адамдардың рухани және тән-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуатты халық педагогикасы жа-сап келген. Инабаттылық, еңбектік, тән-дене тәрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.
Еуропалық тәрбие жүйесінің бесігі ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 ж.ж. б.э.д.) — балалар тәрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Ол сол уақыттың өзінде: «Табиғат және тәрбие ұқсас. Дәлірек айтсақ, тәрбие адамды қайта жасайды және оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тәрбиеге көбірек тәуелді». Адам тәрбиесіне және тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі Грек ойшыларды Сократ (469-399 ж.ж. б.э.д.), Платон (427-347 ж. ж. б.э.д.), Аристотель (384-322 ж.ж. б.э.д.), Төртуллиана (160-222 ж.ж. б.э.д.) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дәуірінде шіркеу қуатқа мініп, тәрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Ғасырдан ғасырға Эогматикалық оқу принциптері шыңдала берді. Бұл бағыт Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік етті. Солай болса да, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430 жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап, іске қосқан Лойола (1491-1556) және оның ізбасарлары.
Қайта тіктелу заманы аса жарқын ойшыл педагог-гума-нистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италиялық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Раб-ле (1483-1553) және Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбөктерімен әйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі бо-лып келді, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазы-мына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысты. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның 1654 жылы Амс-тердамда жарық көрген «Ұлы дидактика» атты басты еңбегі алғашқы ғылыми — педагогикалық кітаптардың бірегейі бол-ды. Ондағы айтылған идеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейтестілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емөс. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сәйкестік принципі, сынып-сабақтық оқу жүйесі және басқа да оқу принциптері, әдістері, формалары педагогикалық теорияның алтын қорынан орын иелөді. «Оқу негізіне басқалардың зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс»; «Естігенді — көргөнмен, сөзді — қол әрекетімен байланыстыру қажет»; «Әрқандай үйрету сыртқы сезім және ақыл-парасат байланысы негізіндегі дәлелдерге сүйенуі қажет»… ұлы педагогтың осы тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сәйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жәнө педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін тәрбие теориясына бағыштады. Өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» атты басты еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-сенім-дерін сұлу мәнерлікпен ұштастыра білген адам — джентельмен тәрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда бастауыш мектеп педагогикасы бойын-ша өз шығармаларымен танылған француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-1771),/7.Гольбах(1723-1789),әсіресеЖ.Ж.Руссо(1712-1778) болды. «Затқа назар! Затқа! Мен ешқашанда біздің мылжың тәрбиемізбен сөзге аса көп маңыз беріп, құрғақ сөзді адамдар-ды жасайтынымызды қайталап айтудан жалықпаймын», — деп ұрандаған ол.
Бастауыш мектеп педагогикасында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса құрметпен аталады. «О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жәрдем беремін» — деп, ол жан айқайын салды. И.Г.Песталоций өз дегеніне жетті. Ол мұғалімдерге балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
» Өзгерістерден басқа тұрақты ешнәрсе жоқ», — деп үйреткен неміс педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға тән тәрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары және жазушыларының арасында педагогикалық шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848), А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-1561). Бүкіл әлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары әйгілі болды. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып, халықтық тәрбие са-ласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тәлім-тәрбиелік жүйесі ұланғайыр да мәуелі. Бұл салада халқымыздың тәлім-тәрбиелік қорына елеулі үлес қосқан арыстарымыз Абай, Ы.Алтынсарин, С.Торайгырұлы және т.б. Олардың тәлім-тәрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында — «Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. … Әуелі біз елді түзетуді, бала оқыту ісін түзетуден бастауы-мыз керек. Here десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі»- деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда.
Орыс педагогикасын әлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871). Ол оқу-тәрбие теори-ясын түбегейлі өзгеріске келтіріп, педагогикалық тәжірибеде төңкеріс жасады. Ушинскийдің педагогикалық жүйесінде же-текші орын тәрбие мақсаттарына, принциптеріне және оның мәніне берілген. «Тәрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тәрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс» — деп жазған еді ұлы ғұлама.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.