Платон философиясы

Главная » Рефераттар » Платон философиясы

Платон философиясы алдымен адам кемелдігін зерттейді: адам дегеніміз не және адамға тән не нәрсе арқылы ол бақытты болады. Ал жағдай солай болса, оған тәннің бәрі де — әлдебір кемелдік болып табылады. Содан кейін ол адам кемелдігі тек оның жетілген мүшелерінің болғандығынан ба, әдемі келбеті, жұмсақ терісі барлығынан ба, немесе, бұған қоса, ол ата-анасының, шыққан тегінің атақ-даңқына ие екендігінен бе, немесе көптеген туыс, дос-жаран және жора-жолдастарының атағын иеленгендіктен бе, немесе ол әлгінің барлығына қоса асқан бай болғандығынан ба әлде қауым немесе қала басшысы лауазымына ие болгандығынан ба, сөйтіп, оларды өз билігімен басқарып, ал олар оны жақсы көргендіктен де оны қорғайтын болғандықтан ба — осылардың қайсысының арқасында адам кемел екендігін зерттейді. Адамға адамның кемелділікке жетуі үшін қажетті нәрсесінің ішІндегі ең шектісі болып табылатын бақытқа қол жеткізуі үшін оның бір бөлігін әлде оны толықтай иелену жеткілікті ме?!
Платон бұны қарастырғанда мынадай ойға келеді, [жоғарыда аталған заттардың әлдебірін иелену] шынайы бақыт емес, бірақ ол туралы бүл бақыт деп ойлайды немесе бұның бәріне әлде оның белгілі бір бөліктеріне қандай да бір нәрсе қосылмаса, онсыз адам-ға бақытқа жету мүмкін емес деп ұғынады.
Бұдан кейін ол [адамды бақытты] ететін сол әлденені зерттейдІ. Платонға адамды бақытқа жетелейтін әлдененің қандай да бір білім және әлдеқандай өмір салты екені айқындалады. Бұның бәрі оның «БіріншІ Алкивиад» деп аталатын кітабында жазылған. Ол кітап «Адам [табиғаты туралы]» деген атауымен де танымал.

2. Платон сол білімді, оның не екендігін және оның ұмтылатын білімінің қандай екендігін зерттейді. Бұл — қоршаған заттардың мәнін білу деген сөз. Ол [мән] — адам кемелдігінің ең ежелгісі және оның ең биік те ұлы мақсаты. Бұл туралы оның «Теэтет» деген кітабында айтылған.
3. Ол, бұған қоса, шындығында бақыт болып табылатын бақытты, оның не екендігін, оның қандай білімге жататындығын, қандай қасиеті мен қандай амал-әрекеті барлығыи зерттейді және осының бәрінен осы бақыт болып табылады-ау деп есептелінетін мен он-дай емес деп есептелінетінді бөліп шығарады. Ол ізгілікті өмір салтын бақьттқа жету құралы деп түсіндіреді. Бұл туралы оның [Платонның] «Филеб» деген кітабында жазылған.
4. Платон адам бақыты бастауын алатын білім мен өмір салтының нені білдіретінін түсінгенде, ол, алдымен, сол білімді зерттеді және де адамның дүниедегі бар заттар туралы білімІ адамның өзі-нің қалаған деңгейінде альтнады ма, жоқ па — осыны білмек болды. Әлде, Протагор айтқандай, адам дүниедегі бар заттар туралы білімге жете алмайды, ол тек тумысынан [жаратылысынан] бар білімді ғана иеленеді ме — міне, осыларды Платон зерттейді. Бірақ бұл қоршаған заттарды [танудан] туындаған білім емес.
Пайымдаушылар [бұл] сұрактарды, бүл білімді жеке-жеке қарастырады, өйткені олар әлгілердің әрқайсысына жекеше көз жеткіз-гісі келеді. Адамның тумысынан [іштсн туа] бар білімі оның өзінің көзі жетіп, әбден сенген әрбір жеке алынған [бІлІмге] сәйкес келеді. Әрі бұл білім — оған талпынуды да, оған жетемін деп тырысуды да қажет етпейтін білім. Платон Протагор айтқанды, яғни қайшылық мәселесін [проблемасын] қарастырған соң, қасиеттері «Теэтет» кітабында айтылған білімге жетуге де, алуға да болады және осы білім — адам кемелдігінің көрінісі әрі бұл білім Протагор айтқан білім емес дегеиді түсіндіреді. Бұл оның «Протагор» деген кітабында бар.
5. Платон философиясында қол жеткізуге болатын білімді қарастырады: оған кездейсоқ әлде зерттеу, оқу немесе үйрену арқылы жете ме, әрі, бұл білімге жету үшін қажетті зерттеу [тәсілі] бар ма, әлде, Менон айтпақшы, бүндай білімге жету үшін зерттеу, оқу немесе үйрену мүмкін емес пе — міне, осыны зерттейді. Ол оқу, зерттеу, үйрену бекер, өйткені олар пайда әкелмейді және еш білімге жеткізбейді деп тұжырымдайды. Керісінше, не адам затты оқу, зерттеу немесе үйрену арқылы емес, тумысынан бар білІмі арқылы әрі кездейсоқ таниды, не ол — білімсіз надан, сондықтан оны не зерттеу, не оқу, не үйрету көмегімен оқыту мүмкін емес деп есептейді. Сондықтаи білімсіз надан мәңгілік білімсіздік күйінде қалмақ, Ол, тіпті, таным туралы айтушылардың кемелдікке жету амалы — оқу, үйрену немесе зерттеу деп айтқанына қарамастан, солай болмақ. [Бұдан ары қарай ол] зерттеу күшімен және практикалық кабілет көмегімен білім алуға болады дейді, себебі тек солардың арқасында ғана бұл зерттеу мүмкін болмақ. Осы туралы оның «Менон» деген кітабында айтылады.

Платон философиясында теоретикалық немесе ақылмен танылар өнерлерді қарастырып, олардан тіршіліктегі заттар туралы әлгі іздеулі білім мен әлгі аталған өмір салты туралы мағлұмат беретін енітеңе таппаған соң, ол практикалық өнерлерді және олардан туындайтын амал-әрекеттерді зерттей бастады. Осылардың бәрін немесе олардың кейбір бөлігі туралы білімді иеленген адам дүниедегі бар заттардың бәрі туралы білім ала ма, жоқ па? Бұл өнерлер ізделініп отырған өмір салтына бастайтын әрекеттер бере ме, жоқ па? Ал бүл өнерлер білімді де, әрекетті де бір басына біріктіргендіктен ол осы өнерлерден алынатын білімді зерттейді, — ол сол білім бе, ал оның туынды әрекеттері — сол өмір салты ма? Ол олардың да сол білім мен сол өмір салтын бермейтіндігін түсін-діреді. Дегенмен, шындығында, білім иеленушілер соларға ұмтылады, бірақ бұл — ең шекті кемелдік емес, ал білім алушылар оларға солардың көмегімен тек пайдалы және қажетті істер жасау үшін үмтылады. Бәлкім, пайдалы нәрсе қажетті де болар, ал пайдалы нәрсе үнемі, қажетті түрде, ең тамаша, керемет нәрсе бола бер-мейді. Олар осы өнерлер арқылы не қажетті заттарды, не тамаша керемет болып табылатын пайдалы заттарды алуға ұмтылады. Сондықтан осы практикалық өнерлердің барлығы туралы сұрақ анықталғанда, Платон философиясы қажетті дегеніміздің не екендігін, пайдалы дегеніміздің не екендігін зерттей бастады. Мәселе оның пайдалы мен таңдаулыны қалай түсінетінінде жатқан жоқ, өйткені олардың бәрі де — түптің-түбінде бір мағынаға барып саятын синонимдер деуге келетін дүпиелер. Ол халықта абырой деп [саналатын] абыройға қатысты қасиеттерді, халық пайдалы деп мойындайтын пайдаға жарамдыны олар шындығында да еолай абыройлы және пайдалы дүниелер ме деп зерттейді. Сол сияқты, ол халық көзқа-расы түрғысынан да пайдалыны зерттейді. Ол, шындығында да, ол туралы біздің ойлағанымыздай, пайдалы ма, әлде жоқ па? Ол жағдайдың ондай емес екенін түсіндіреді, сөйтіп, халық арасында пайдалы жоне тандаулы керемет деп саналатын заттар-дың барлығын зерттейді. Бүл туралы оныд «Екінші Алкивиад» деген кітабында жазылған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.