Плазмалық мембрана

Home » Рефераттар » Плазмалық мембрана
Рефераттар Комментариев нет

Плазмалық мембрана, немесе плазмалемма (гректің plasma — пішін, Lemma — қабықша) мембраналардың ішінде ерекше орын алады; клетканы сыртынан қоршап, оның сыртқы ортамен тікелей байланысуын қамтамасыз етеді. Плазмалемманың қалыңдығы 7,5 нм. Жарық микроскопының шешуші қабілеті кем болғандықтан, плазмалық мембрана электрондық микроскоп пен электрондық микроскопиялық зерттеулерге материалды дайындау әдістері шыққаннан кейін ғана байқалды. Электрондық микроскоп шыққанға дейін клетканың бетінде заттарды таңдап өткізетін ерекше қабықша барлығын жанама әдістермен жорамалдаған болатын. Бұндай жорамалдың пайда болуына өте жіңішке инемен клетка бетін тескенде оның ішкі құрамының ағып кетуі, қайсыбір заттардың клетка ішіне өтіп таралуы мен молекулалардың бәрі бірдей жылдамдықпен енбеуінің байқалуы негіз болды. Электрондық микроскопта плазмалық мембрана үш қабатты болып байқалады: сыртқы және ішкі электрондарды сіңіретін тығыз қабаттардың арасында ақшыл зона жайғасқан. Тығыз қабаттар белоктық компоненттерге, ал ақшыл зона липид молекулаларының екі қабатына сәйкес келеді. Плазмалық мембрананың негізгі құрамды бөлігі липидтер (40% жуық), белоктар (60% жуық) және көмірсулар (10% жуық). Плазмалемма басқа мембраналарға қарағанда холестеринге бай келеді; оның фосфолиптерінде қаныққан май қышқылдары басым болады. Плаз-малық мембрананың құрамына кіретін белоктардың құрамы атқаратын қызметтерінің көп түрлі болуына байланысты алуан түрлі болады. Плазмалық мембрананың құрамыңда 30-ға жуық түрлі фермент-тер анықталған, ал жиі кездесетіндері Na+ және К+ иондарымен бел-сенділігін артыратын Mg-ге тәуелді АТФ-аза, 5а-нуклеотидаза, сілтілі және қышқыл фосфатаза, аденилатциклаза, РНК-аза. Эукариондық клеткалардың плазмалық мембранасында тыныс алу тізбектерінің ферменттері мен гликолиздеуші ферменттер болмайды, ал прокариондық клеткаларда тотықтырып фосфорлау мен электронды тасымалдаушы тізбектің элементтері плазмалық мембранасында орналасқан. Аталған ферменттердің ішінде ең маңыздысы Na+ және К+ йондарымен белсенділігін артыратын Mg — ге тәуелді АТФ-аза, себебі иондардың плазмалық мембранадан иондардың өтуінде маңызды рөл атқарады. Плазмалемманың сыртқы бетінде мембрананың құрамына кіретін белоктармен байланысқан күрделі қосылыстарды — гликопротеидтер мен гликолипидтерді құрайтын көмірсулардың молекулалары болады. Бұл мембрана үстіндегі комплекс, немесе гликокаликс (грекше каlух — қабықша), бір және көпклеткалы жануарлардың клеткаларында жақсы жетілген. Сол сияқты өсімдіктердің клеткаларында да кездеседі. Гликокаликс сыртқы ортамен тікелей қатынаста болғандықтан, клеткалардың беткі аппаратының рецепциялық функциясында маңызды рөл атқарады. Плазмалық мембрананың бос беттерінде гликокаликстін көмірсу компоненті гликозильдік топтар антенналарға ұксас тармакталған олигосахаридтік тізбектер құрап, сырттан келген сигналдардың ажырауын қамтамасыз етеді. Гликокаликс деген терминді 1963 жылы Беннет ұсынған болатын. Гликокаликсте түрлі заттардың диффузиясының жылдамдығы кемиді. Са++ немесе Мg+ иондарының көмегімен гликокаликс зонасымен байланысқан, клеткадан бөлінген ферменттер болуы мүмкін. Бұл ферменттер түрлі заттардың (полисахаридтердің, белоктардың, майлардың тағы басқалардың) клеткадан тыс ыдырауына қатысады. Осы ыдырау өнімдері мономерлер күйінде плазмалық мембрана арқылы етіп, клеткаға сіңеді. Плазмалық мембрана клетканың ішкі құрылымының құрамын да реттейді. Барлық клеткаларда плазмалық мембрана жаңарып отырады. Плазмалемманың ішкі бетіне жанасып, цитоплазманың беткі бөлігі немесе кортикалық (грекше соrtех — қабық) қабат жатады. Кортикалық қабатта органеллалар болмайды, оның есесіне цитоплазманың фибриллалық элементтері — микрофиламенттер мен микротүтікшелер көп кездеседі. Кортикалық қабаттың негізгі фибриллалық компоненті актиндік микрофибриллалардың торы. Кортикалык кабат клетка бетінің түрлі өсінділерін құрайды. Жарык микроскопында тегіс болып көрінетін клеткалардың бос беті шынында ирек — ирек болады. Кейбір клеткалардың бетінде саңылаумен ойыстар, екіншілерінде псевдоподиялар (жалған аяқтар) деп аталатын өсінділер, үшіншілерінде микт робүрлер мен кірпікшелер болады. Бетінде қатпарлар болатын клеткалар да кездеседі, Тірі клеткалардың беті толқындалып үнемі қозғалып тұрады, дірілдеп тұрған сияқты болып байқалады. Плазмалық мембрана көптеген маңызды биологиялық функциялар атқарады. Олардың ішіндегі еңбастылары — қорғау функциясы мен тасымалдау функциясы. Тасымалдау функциясына су мен иондарды және төменгі молекулалық заттары пассивті түрде тасымалдау мен осы заттарды концентрацияның градиенттеріне қарсы белсенді түрде өткізу және жоғары молекулалық  қосылыстар мен комплекстерді тасымалдаудың түрлі формалары жатады; клеткада пайда болған өнімдерді плазмалық мембрана клеткалардан сыртқа шығаруға қатысады. Сонымен бірге биополимерлердің клетка ішінде ыдырау процесіне де қатысады. Плазмалемманың бетінде клетканың ішіне хабар өткізетін түрлі рецепторлар орналасқан. Көпклеткалы организмдерде плазмалық мембрана клеткааралық қарым — қатынасқа да қатысады. Жануарлардың мамаңдалған клеткаларында плазмалық мембрананың жеке учаскелер — микробүршіктер, кірпікшелер, рецепторлық өсінділер сияқты, клетканың арнаулы өсінділерін құрауға қатысады. Клетканың бөлінуінде де маңызды рөл атқарады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.