Плеврит ауруы (Кеуде астарының қабынуы)

Главная » Рефераттар » Плеврит ауруы (Кеуде астарының қабынуы)

Өкпе үстін орай жауып тұрған жұп-жұқа тыс кілегей қабықша бар. Осы тыс қан және лимфа капиллярына, нервтік талшықтарға. бай келеді. Сол кілегейлік жұқа қабықша өкпеден асып, кеуде қуысын (қабырғаларды да) астарлап тұрады. Міне, осы өкпе тысын және кеуде астарын ғылым тілінде плевра дейміз. Өкпені жапқан плевра етегін ішкі қанаты десек, кеуде астарын сыртқы қанаты дейміз. Екі қанаттың арасында ешбір органмен қатынаспайтын ине жасуынан да тар қуыс бар. Плевраның үсті дымқыл әрі әйнектей тегіс болғандықтан дем алғанда үлкен немесе дем шығарғанда кішірейген өкпе соның ішінде кедергісіз қозғалып тұрады. Плеврада организмге енген микробтар мен олардың улы токсинін зиянсыздандыратын қасиет бар. Бірақ плевра бұл міндетін үнемі атқара бермейді. Организмде болған сәл өзгеріс плевраға күшті әсер ететіндіктен ол қабынғыш келе-ді. Сөйтіп оның тұтас немесе кейбір бөліктерінің қабынуы мүмкін. Плеврит, көбінесе өкпе туберкулезінде жиі кездеседі. Өйткені туберкулез бен ревматизм организмнің қорғаңыш күшін әлсіретеді. Сондықтан организм микробтар уымен басқа да қоздырғыштарға қарсы тұра алмай ауырады, аурудың процесі плевраны да қамтиды.

Плеврит, әсіресе өкпе қабынып іріңдегенде, өкпе инфарктында, өкпе ұрасында және өкпе мен кеуде жарақатында жиі кездеседі. Плеврит көбінесе білдірмей басталады, сбндықтан адам кейде қашаннан бастап ауырғанын сезбейді де. Бірінші дүние жүзілік соғыста жарақаттанып өлгендердің кеудесін ащып қарағанда көбінің плевра қанаттары өзара жабысқаны байқалған. Плевраның өзара жабысуы, әсіресе 40 жастан асқан кісілерде көбірек кездеседі, бұл плеврит ауруының жиі кездесетінін дәлелдейді.

Плевра организмде басқа бір ауру барлығын білдіреді. Сондықтан плевриттің алғашқы белгілері білінісімен ауырған адам дәрігерге көрініп, оның негізгі себепшісін ашқан жөн. Плеврит сездірмей, жанға батпай басталса да, дене қызуы аздап көтеріледі, сәл жөтел пайда болады, дем алғанда кеуде аздап шаншады. Осы белгілер жанға онша батпаған соң адам ауруды елемей аяқ үстінде өткізеді.

Бірақ дем алғанда адамның өкпе тұсы шаншып ауыруы күшейсе, оның үстіне құрғақ (қақырықсыз) жөтел қосылса, ол құрғақ плевриттің алғашқы белгілері болады. Кейінірек, ауру созылған сайын дем алу жиілейді, өкпе тұсы шаншып демді терең алғызбайды. Температура 38 градусқа дейін көтеріліп, бірнеше күнге созылады. Қабыну процесімен келеміне және орнына қарап шаншу орны да өзгереді. Егер өкпенің жоғарғы жағында (бұғана асты) плевра қабынса, шаншу нервіні қуалап қолды да ауыртады. Бауырдың көк етіне (диафрагма) жақын плевра қабынса, шаншу оң жақ сүбе астынан басталады, сол жақ бүйір плевритінде шаншу жүрек тұсынан шығады.

Қеудені тыңдағанда құлаққа қытырлаған дыбыс естілсе, құрғақ плеврит болғаны. Өйткені қабынған плев-раның беті бұдырланады, ал адам дем алғанда бір-бірін тырнап дыбыс шығарады. Құрғақ плеврит онша қауіпті емес. Құрғақ плевритті кезінде емдемесе сулы (выпотной) плевритке айналады. Кеуде қуысына сұйықтың жиналу себебі плевра қабынғанда оның қан тамырлары кеңиді, қанға толады… Елжіреген қан тамырының қабырғалары қанның сарысуын сүзіп, кеуде қуысына шығара бастайды. Кеуде қуысын-дағы сарысу 100 грамнан 2—3 литрге дейін жетеді, ал кейде онан да көбейіп кетеді. Бірақ сарысудың мөлшері кабыну процесіне және оның ұзаққа созылуына байланысты. Әрине, сарысу плевра куысына аз-аздап жиналады. Қеле-келе ол плевра куысын кернеп өкпені қысады, дем алғанда шаншу кем-кемнен азаяды, кейін тіпті сез-дірмейді. Бірақ сарысу өкпені қысқандықтан адам катты ентіге бастайды, температура 38—39 градусқа жетеді. Кейде қабыну процесі тоқтаса да плевраның ішкі (өкпе тысы) және сыртқы (қабырға астары) канаттары қабы-сады, өкпе қозғалысын қиындатады. Соның салдарынан кеңірдек тармақтары -кеңейіп, өкпені дәнекер тканьдер басады және өкпенің үлкеюіне жағдай туады. Осындай адамға зиян келтіретін асқынуларды болдырмау үшін плевритті кезінде жете емдеген жөн.

Плевритті қалай емдеуге болады? Алдымен ауру адам салаксымай дәрігерге қаралуы керек. Маман дәрігер ауырған адамды клиникалық зерттеумен бірге кеуде қуысындағы органдарды рентгент арқылы тексереді. Мұның өзі клевриттің түрін және себебін ашуға жәрдемдеседі. Ауру диагнозы анықталса, дәрігер оны тез емдеп, жазады. Сонда плеврадағы сұйыктың өзі-ақ бойға тарайды, жоғалып кетеді. Бірақ кейде басқа жағдай да кездеседі. Кезінде емделмей, асқындырып алғандардың талайын кездестірдік.

Казақ арасында плевриттің қауіпті ауру екенін ертеден-ақ біле түрса да, кейде бұған «шаншу» деп немқұрайды қарайды. Плевритті «жеңіл-желпі ауру» деп түсінгендік. Сондықтан кезінде дәрігерге көрініп, оның айтқанын орындап, дұрыс емделсе, адам тез жазылады. Сөйтіп ауырған адам, витаминге бай сіңімді тамақ ішіп, таза ауада ұзақ жүріп, әсіресе плевриттің негізгі себепшісі туберкулез, ревматизм, т. б. секілді ауруды кезінде емдетсе, организм ауруды тез жеңеді. Кеуденің шаншуын басу үшін ауырған жерге горчичник қояды, шанышқан жерге йод ерітіндісін және басқа да дәрі жағады, жөтелді басу кодеин немесе дионин ұнтағын ішкізуге болады. Егер плевра куысында сұйық көбейіп кетсе, ол кеуде қуысындағы қан тамырды, Жүректі және өкпені қысады. Сондықтан дәрігер кеудені тесіп, сұйыкты азайтуға ты-рысады. Кейде ревматизм асқынып плевритке ұшыратады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Бұл асқыну орта есеппен ревматизммен ауырғандардың 2—8 про-центінде ғана кездеседі. Сұйық жалғыз плевра қуысында ғана емес, кейде іш және үлпершек қуысына да жиналады.

Егер плевра қуысындағы сұйыққа қан қосылса, оны геморрагиялық плеврит дейді. Кейде өкпе іріңдеп бронхы кеңіген жағдайда, өкпе жылауығында іріңді плеврит басталады. Плевриттің бұл түрі өте қауіпті. Оны тек хирург емдеуі тиіс. Адамның ден саулығын қалпына келтіріп, өкпенің қызметін жақсарту мақсатымен дем алдыру гимнастикасын жасағаны пайдалы. Гимнастиканы адам температурасы қалпына келгеннен кейін жасайды. Дене шынықтырудың түрін, оның ұзақтығын және әдісін тек дәрігер көрсетеді. Құнарлы тамақ, еңбек пен тынығу режимін сақтау аурудың жазылуын тездетеді. Ауру адам ішетін тағамда белок, май, углевод, витаминдер жеткілікті болсын. Науқас адам тәулігіне 0,7—0,8 литрден артық сұйық тағам ішпеуі керек, ал тұз 5—6 грамнан аспасын. Плевритті емдеуде жұғымды тағам дәрі-дәрмектен кем әсер етпейді. Плевриттен жазылған адам кемінде бір жыл салқыннан (суға түсу, ылғал жерде, т. б.) тұмау-сүзектен және басқа жұқпалы аурудан сақ болуы керек.

Жергілікті санаторийлерде дем алу денсаулықты жақсартуға көмектеседі. Әсіресе Шафраново, Бурабай және қымызбен емдейтін басқа да санаторийлерге бару, таулы жерде (Теберде, Оңтүстік Қырым) болу ете пайдалы. Плевритпен ауырмау үшін алдымен туберкулез, ревматизм және өкпе қабынуынан сақтаныңыз, егер бұл аурулар бастала қалса асқындырмай, әбден емделіңіз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.