Полиция мен қоғамның өзара іс-әрекеттестігі

Главная » Рефераттар » Полиция мен қоғамның өзара іс-әрекеттестігі

Азаматтық қоғамды дамыту құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құру үшін қажет. Әлеуметтік прогрестің, демократиялық дамудың, экономикалық өрлеудің қоғам тарапынан белсене қатысу болмаса, іске асуы қиынға соғады. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, көптеген салаларда әлеуметтік саясатты іске асырудан мемлекеттік басқару саласына дейін нақ осы қоғамдық қатысу үлкен тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен қоғам қатынасының мәселелеріне жаңа көзқарас нақ осыған бағдарланған. Демек, осындай көзқарастың бейімделуі, заңнамалық, институттық, кадрлық және басқа базаларды талдап жасау ол үшін бүгінде Қазақстанның саяси дамуының негізгі бір мақсаты болып табылады.

Құқықтық тәртіпті қорғау органдары қылмыспен күресу бойынша артылған міндеттер шегінде, қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалауды орындау және т. б. мемлекеттің механизмінде ерекше орын алады. Осы мақсаттарды шешу үшін мемлекет оларды жұмыстың бекітілген қажетті әдістерімен, мәжбүрлеудің әр алуан құралдарымен, құқық бұзушыларға қатаң күш көрсете әрекет етумен тіпті атыс қаруы мен арнайы құралдар қолдануға дейінгі тәсілдермен ерекше мемлекеттік-биліктік өкілеттіктермен қамтамасыз етеді. Сондықтан аталған органдардың қызметі адамның өміріне қол сұғумен қабаттасады және де оның құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін шектеуге апарады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары әрдайым қоғамның назарының ортасында болады, ал олардың қызметінің тиімділігі қоғамдық қолдаусыз және құқықтық тәртіп органдарының халықпен тығыз өзара іс-әрекетінсіз мүмкін емес.

Құқық қорғау органдарының қызметінің тиімділігі қоғамдық қолдаусыз және құқықтық тәртіп органдарының халықпен тығыз өзара іс-әрекетінсіз мүмкін емес. Қазіргі таңда осы мәселені іс жүзінде барлық елдердің құқық қорғау ведомстволарының басшылары түсінеді, алайда ХІХ ғасырдың басының өзінде британия полициясы үшін сэр Роберт Пилмен құқық қорғау органдарының қызметінің ұйымдастырылуының қазіргі заманғы тұжырымдамасына ұқсас негізін қалаушы идеялар баяндалған. Сонымен қатар осы құжатта «әрбір полиция қызметкері қылмыскерді ұстағанмен бірдей, сондай-ақ азаматтарды қорғау және көмек көрсетуде оның борышы екендігін білуі қажет». Демек, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді ұстау бойынша белсенділік таныта отырып, полицейлік өзін жұртшылықтың көмекшісі және қорғанышы ретінде байқатып және барлық адамдарға өзгеріссіз шыдамдылық пен сыпайылық көрсетіп, қандай да бір кемсітушіліксіз араласуы қажет.

.

80-жылдары Канадада жаңа көзқарастарды ескере отырып, полиция қызметіне реформалау жүргізілді. Осы мақсатта көптеген жылдар бойы канадалық полиция қызметінің негізгі бағытын белгілейтін KAPRA доктринасы жасалды. Оның негізінде келесі принциптер қаланған:

  1. Полиция және халық серіктес болып табылады, яғни құқықтық тәртіп пен қылмыспен күресу жағдайына бірдей жауапкершілік артады. Полицейлікті даярлау кезінде адамдарға өрескел және ықылассыз қарау, өкілеттігін асыра пайдалану, негізсіз күш қолдану халықпен серіктестік қатынаста бөгет болатындығын түсіндіру қажет.
  2. Полицияның жұмысының негізіне құқықбұзушылықтың алдын алу, әділеттілікті қалпына келтіру, азаматты қылмыстық әрекетке тартуға жол бермеу жатқызылуы қажет.
  3. Полиция қызметінің тиімділігі ең алдымен халықпен, ал соңынан үкіметпен және жоғары тұрған басшымен бағаланады.

Қазіргі уақытта американдық мамандармен «Қоғам ішіндегі полиция қызметі» атты доктрина өңделген. Оның идеялары әртүрлі елдердің көптеген полиция ведомстволарымен қолданылуда. Аталған тұжырымдаманың мәні полицияның билігі заңмен негізделеді, халықтан шығады және халық үшін әрекет етеді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметінің ұйымдастырылуына байланысты осы көзқарастың негізінде бірнеше элемент бар:

.
  1. қылмысты болдырмау;
  2. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамның түбегейлі мәселелерін шешуге қатысуы;
  3. полиция қызметіндегі салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды есепке алу;
  4. құқық қорғау органдарының қызметіне қоғамдық бақылау жасау;
  5. полиция әрекетінің жұртшылыққа есептілігі.

Құқық қорғау органдарының қызметі демократизм принципінде, қоғамның сұранысымен және онымен серіктестік қатынас негізінде құрылуы қажет. Осыған байланысты полицейліктердің мүмкіншілігі әжептәуір кеңеюі қажет, олардың жауапкершілігі мен өкілеттігі, оның ішінде әлеуметтік мәселелермен жұмыс атқаруы да ұлғаюы қажеттілік танытады. Қылмыстың ұлғаюы және қоғамның мәселелері арасында тығыз және тікелей байланыс бар. Мысалы, мынадай мәселелер: халықтың шоғырлануы, көші-қон, жұмысыздық, әлеуметтік бөлшектену және басқалар. Кез келген жаңа көзқарастардың оңайшылықпен жүзеге аспайтыны сөзсіз. Бұған құқық қорғау органдарының басшылық құрамының кертартпалықтары, полиция қызметкерлерінің шамадан тыс жұмысының көптігі, жалпы алғанда қоғамның бірыңғай еместігі кедергі жасауы мүмкін және т. с. с.

«Демократия» — халық басқару нысаны, онда халық жоғары билікпен қамсыздандырылған және билікті тікелей не болмаса еркін сайлау жүйесі кезінде өзінің сайланған өкілдері арқылы жүзеге асырады. Көптеген анықтамалар бар, оның ішінде А. Линкольннің сөзі бойынша «халық басқаруы, халық үшін халықпен жүзеге асырылады» деген. Демократияның көшбасылары: халықтық билік; билік бөлу принципі; көпшілік басқаруы; азшылықты қорғау, негізгі құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі; заң мен сот алдындағы теңдік; еркін және адал сайлау; әділетті сот ісін жүргізу; жариялық; әлеуметтік, экономикалық және саяси плюрализм (пікір алуандығы), татулықтың, ынтымақтастықтың, ымырашылдықтың құндылығы және т. б.

«Азаматтық қоғам» — азаматтық қоғамның көптеген анықтамасы бар. Бірақ оларды келесі жобада қарастыруға болады: әлеуметтік қорғау және азаматтардың өзаралық көмегі; мемлекеттің қызметін бақылау, оның ішінде адам құқықтарын қорғау; жергілікті, ұлттық, халықаралық деңгейдегі басқаруға қатысу; гуманистік және демократиялық құндылықтардың үстемдігі.

«Полиция» — азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, сонымен бірге заңмен белгіленген шекте, мәжбүрлеу нормаларын қолдануға құқық берілген қоғам мен мемлекеттің қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғудан мүддесін қорғауға жұмылдырылған атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесі. «Қоғамдық бірлестік» — қоғамдық бірлестіктің жарғысында көрсетілген жалпы мақсатты іске асыру үшін, мүдделердің ортақтығына негізделе бірлескен, азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамашылығы бойынша құрылған ерікті, өзін-өзі басқарушы және коммерциялық емес құрылым. «Бұқаралық ақпарат құралдары» — жариялық таратуға арналған және кемінде үш айда бір рет шығатын газеттер, журналдар, бюллетендер және басқа да мерзімдік баспалар, сондай-ақ ақпараттық агенттіктердің теледидарлық және радиожелілік, кинохроникалары, хабарламалары, аудио және аудиовизуалдық баспалар мен бағдарламалар.

Бұқаралық ақпарат құралдары мерзімдік баспа редакциясымен, теле және радиохабарламалармен, ақпараттық агенттіктермен, бұқаралық ақпараттың шығуын жүзеге асыратын өзге де мекемелермен іске асырылады. Демократиялық, құқықтық мемлекет әділеттілікті, ізгілікті, сонымен бірге жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, ал оның қалыптасуы мемлекеттің азаматтың алдында және азаматтың мемлекеттің алдында жауаптылығымен, заңның беделін жоғарлатумен және оны барлық мемлекеттік органдармен қатаң сақтауымен байланысты болады. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалпынан жеке тұлғаның бостандық дәрежесі байланысты болады, тиісінше, демократияның деңгейі мен нақтылығы. Қоғамдағы тәртіпті ұстану полицияның маңызды функцияларының бірі болып табылады.

Құқықтық тәртіпті қорғау органдарының әрбір қызметкері осы негізгі принциптерге сүйенулері қажет:

  1. адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  2. қылмыспен ымырасыз күресу;
  3. қоғамдық тәртіпті қорғау, әділеттілікті және заңдылықты сақтау;
  4. халыққа қызмет ету, халық үшін және халық мүддесіне қызмет ету.

Соңғы көрсетілген принциптен шыға отыра, құқықтық тәртіпті демократиялық ұстану талаптарының бірі болып – құқық қорғау органдарының қызмет ететін қоғамына есеп беруі болып табылады. Қоғамның көпшілік бұқара топтарына арқа сүйемей қандай да бір демократиялық мемлекетте заңдылықтың және әділдіктің жеңісін орнату мүмкін емес. Қазіргі полиция билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың, халықтың ерікті жасақтарының, жастардың жедел отрядтарының, штаттан тыс қоғамдық қызметкерлердің және жалпы жұртшылықтың сенімін және қолдауын қажет етеді. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша полицейлік департаменттердің басым көпшілігі жұртшылықпен өзара іс-әрекеттестікте 2 көзқарасты ұстанады:

.
  1. Құқықтық тәртіпті қорғау органдары мен азаматтардың арасындағы қоғамдық мәселенің кең шеңберін шешуге бағытталған байланыстың зор жүйесін орнату (қылмыстың деңгейінің төмендеуіне алып келеді).
  2. Құқық қорғау қызметінің нақты мәселесін шешуге азаматтарды тарта отырып бағытталған, құқық қорғау органдарының жұртшылықпен өзара іс-әрекеттестік мәселесіне шағын көзқарас.

Бірінші және екінші көзқарасты іске асыру кезіндегі бағыт-бағдар:

  1. құқықтық тәртіпті қорғау органдары жұртшылықпен өзара іс-әрекеттестік орнатуға бастамашылық жасауы қажет, өйткені құқық қорғау қызметі құқықбұзушылық жасауға апаратын себептерді, адамдарды жақсы білуі қажет, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік мәселесі негізінде құрылады;
  2. халықпен жұмысты ұйымдастыра отырып, полицейлік департаменттер қоғамның қандай таптарымен және қандай бағытта құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге дайын екендіктерін білулері қажет және де оған құқықтық тәртіпті қорғау органдарының өздері дайынба;
  3. құқықтық тәртіпті қорғау органдарына мемлекетпен кең өкілеттік берілгенін ескере отырып, олардың әрекеттеріне қоғамдық бақылау туралы мәселе өте өзекті тұр, әсіресе ұстау, қамауға алу, тінту секілді мәселелер;
  4. қызметтік міндетті орындау барысында құқықтық тәртіпті қорғау органдарының қызметкеріне жиі жиі жеке сезімді елемеушілік, құштарлық, жан толғанысына бару керек. Себебі азаматтармен табысты ынтымақтасу үшін ол тиісті кәсіптілік пен тәжірибелікке ие болу керек.

Осыған орай, құқықтық тәртіпті қорғау органдарының құрылымы өздері қызмет ететін қоғамның барлық тобына жеткілікті дәрежеде әсер беруі қажет. Сонымен, құқық қорғау органдарында тиісінше әділетті және кемсітушіліксіз кадрлық саясат жүргізілуі қажет.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.